Мысалы, М.Балақаев 1940 ж. орфографияда тек 4 параграфта “что
и пишется во всех словах как мягкий гласный, в других слу-чаях
(13 параграф) – буква и пишется для обозначения звуков ый (йық,
иса), в третьих случаях, правда без специального пун-кта правил и
употребляется для обозначения звуков [і] [й] (ки, жи)” делінгенін
айтады. Сондықтан и әрпінің емлесін жүйелеуді ұсынады.
Мысалы, жіңішке сингармотембрде бір әріппен (ки); жуан
сингармотембрде екі таңбамен берілді (қый). Жалпы, Кирил-қазақ
әліпбиінің қабылдану, емле ережелерін жетілдіру тарихына
барсақ, жазуды қазақ тілі табиғатының тұрғысынан (М. Балақаев)
және орыс тілі табиғатына жақындатып, бағындырып жазу
тұрғысынан ұсынатын (С. Аманжолов) екі бағыттың болғанын
көреміз.
Емле мәселелері. М.Балақаев қазақ орфографиясының 40ж.
қиындықтары ретінде мыналарды көрсетті: күрделі сөздер ем-
лесі, и, ы, і әріптерінің емлесі, қ-х әріптерінің емлесі, ә әрпінің
жазылуы, термин сөздердің қосымшалануы, жалпы есімдерінің
жазылуы.
М.Балақаев біріккен сөзге бір зат, бір ұғымның мағынасын
беретін сөз деп анықтама берілген соң ауажайылу, басқатыру
сияқты тіркестердің де бірге жазылып кеткенін, ал аяқ киім,
темір жол анықталғыш-анықтағыш қатынастағы сөз екенін ай-
тады. Кісі аттарының фонетикалық принциппен жазылуы уәжді
деп табады, сондай-ақ жарыя – жәрия – жария, қайтып –
кәйтіп деген сөздердің әдеби вариантын анықтау емле
сөздігінің құзырына тиеді дейді.
Ғалым һ әрпін х-мен беруге, қ, ғ фонемаларын г, к
әріптерімен таңбалауға болады деген ұсыныс айтты. Ал ог, уг,
к-ға аяқталған сөздерге жіңішке қосымша жалғауды (полктік,
педагогке) екі сыңардан құралған біріккен сөздер жігіндегі қ/ғ,
к/г алмасуын таңбалауды ұсынады. Біріккен сөздердің емлесін
орыс тіліндегі баламасының жазылуына қарап анықтаудың
қателігін айтады. Және қазақ әліпби жүйесінің тәртібіне, оны
қабылдаған үкімет қаулысына наразылығын білдіреді.
Ғылым академиясының Тіл, әдебиет институтында (1952 III)
осы ұсыныстар талқыланған жиналыс қаулысы әліпбиден һ әрпін
алып тастауды, әліпби тәртібін өзгертуді, ый, ій, ұу, үу қосарын и,
у таңбаларымен беруді қабылдайды. Бірақ С. Аманжолов
керісінше, қазақ әліпбиін өзгерту “қазақ тілі дыбыс-тарына
арналған әріптердің керексізі бар ма”, “алфавит сиқын
бұзып тұрғаны жоқ па”; “орыс әріптері толық қолданылып жүр
ме” деген бағытта жүруі керек дейді. Автордың ойынша, ә
әрпінің қызметін я әрпі де атқара алады (Куляш, сіря, Жамиля);
к, г-ге аяқталған термин сөздерге соңғы буынның жуандығына
байланысты жуан қосымша жалғау, біріккен сөздерді кіріктіріп
жазбау ақкөңіл, асырасілтеу сияқты сөздерді бірге жазу уәжді.
Сондай-ақ С. Аманжолов әліпби тәртібін өзгертуге қарсы бол-
ды. Ғалым әріп ретін өзгерту алфавиттің қосалқы – нөмірлеу
– қызметіне кедергі болады деді. Және қосар дыбыстарды бір
таңбамен беру морфологиялық принципке сай емес, сөздің ай-
тылуы мен жазылуын алшақтады. к, г-ге біткен орыс сөздеріне
жіңішке қосымша жалғау орыс тіліндегі сөздердің айтылуын
бұзады деді. Осы екі бағыттың соңғысының ұсынысы ескеріліп
һ әрпі әліпбиде қалдырылсын деген пікір, бірінші буыннан
басқа буынға ә әрпін жазбау, орыс тілінен енген сөздердің
соңғы буынына қарап қосымша жалғау сияқты пікірлер
тұрақтана бас-тайды.
Ал э таңбасын ұ таңбасымен ауыстыру туралы ұсыныс
1951ж. 15 тамызында ресми түрде қабылданады (э – ұ).
1957ж. Қазақ тілі негізгі емле ережелері қабылдағанға дейін
қазақ жазуының тарихында бірнеше ұсыныс болған. Оның
алдыңғысы 1939ж. әліпби жобасы, 1940ж. емле жобалары бол-
са, соңғысы 1953ж. 28 ақпанда “Қазақстан мұғалімі” газетінде
ұсыныс ретінде жарияланды. Әліпбиде 40 әріп рет санымен
бел-гіленді, ә әрпі е таңбасынан кейін орналастырса да,
әліпбидің рет санына алынбады. Ал һ әрпі алфавитте болмады.
Әліпбедегі әріп реті қазіргі әліпби тәртібімен бірдей. Ереженің
1953ж. нұсқасы мен қазіргі нұсқасының арасындағы
өзгешеліктерге на-зар аударайық (6-кесте).
6-кесте – Ереженің 1953ж. нұсқасы мен қазіргі нұсқасының
арасындағы өзгешеліктер
1953 ж. нұсқасы
2005 ж. нұсқасы
а, е, о әріптері сөздің барлық
а, е , ы, і әріптері сөздің барлық
буынында жазылады
буынында жазылады
ә, ө, ұ, ү әріптері кінә, күмән,
ә, ө, ұ, ү әріптері кінә, күмән, куә,
куә, мазмұн, мақұл сөздерінде
мазмұн, мақұл сөздерінде соңғы
соңғы буындарда жазылады.
буындарда жазылады.
276
277
ый тіркесі тый, сый сөздерінде ый тіркесі тый, сый сөздері мен
жазылады, бұл сөздерге
туынды сөздерде де жазылады
қосымша жалғанғанда жалаң
( сыйлық, сыйымды, тыйылу).
и жазылады ( силық, сиымды,
тиылу)
я, ю әріптерінен бұрын ы, і
я, ю әріптерінен бұрын ы, і
әріптері жазылмайды, тый, сый әріптері жазылмайды, тый, сый
сөздері тұйық рай тұлғасында
сөздері тұйық рай тұлғасында
тыю, сыю болып жазылады.
тыю, сыю болып жазылады.
Халық, ауыл, әріп, ауыз т.б.
Халық, ауыл, әріп, ауыз т.б.
сөздеріне тәуелдік жалғауы
сөздеріне тәуелдік жалғауы
жалғанғанда соңғы буында ы, і
жалғанғанда соңғы буында ы, і
әріптері жазылмайды.
әріптері жазылмайды.
Йы дыбысына біткен сөзге й
Йы дыбысына біткен сөзге й
жұрнағы жалғанғанда йи болып жұрнағы жалғанғанда йи болып
жазылады ( байиды).
жазылады ( байиды).
Х әрпі халы, хат, қахарман,
Х әрпі халы, хат т.б.сөздерде
гаухар, ухлеу сөздерінде
жазылады. қахарман, гаухар, ухлеу
жазылады.
сөздері Һ әрпімен жазылады.
Алдыңғысы соңғысын
Анықтаушы-анықталушы
анықтайтын екі зат есім бөлек
қатынастан ажырап, бір заттың
жазылады.
атауы болып кеткен сөздер бірге
жазылады ( асқасық, иіссабын).
Екі сөзден біріккен кейбір кісі
Екі сөзден біріккен кейбір кісі
есімдері айтылуынша жазылады есімдері айтылуынша жазылады
( Жанғазы)
( Жанғазы)
Пен, кер, кеш, нікі, паз, қор,
Мұндай ескерту жоқ.
хана, стан жұрнақтары түбірдің
жуан-жіңішкелігіне қарамай осы
тұрпатта жалғанады.
К, г дыбыстарына аяқталған
Бұл ереже 1983ж. емле өзгерісінде
термин сөзге қосымша жіңішке
қабылданды.
жалғанады.
Цифрмен жазылған реттік сан
Мұндай пункт жоқ.
есімнен кейін дефис қойылады
( 1952-жыл, 19-ғасыр)
Бақылау сұрақтары:
1. Кирил-қазақ әліпбиінің алғашқы нұсқасы мен соңғы
нұсқасының арасында қандай айырмашылық болды?
2. Алғашқы емле сөздігінде қазір сақталмаған орфограммалар
қандай?
3. Әліпби мен емлеге қатысты қандай ұсыныстар болды?
1-тапсырма.
1941 жылғы емле сөздігінен алынған төмендегі
орфограммалардың себебін түсіндіріңіз.
Алааяқ, алакөлеңке, ахрет, аяқкиім, боссөз, бытраңқы, жа-
лахор, біркүні, жапрақ, жандік, жыйлыс, жыйырма, махлұқ,
мұқыят , мағна, тәбиғат, хажет, хата, уйқтау, өкмет,
қаблет, хұрмет, хауіп.
2-тапсырма.
«Кирил әліпбиінің қазақ тілі фонологиясына әсері» атты
эссе жазыңыз.
Тест сұрақтары 1. Латын әліпбиінен
орыс графикасына негізделген қазақ
жазуына көшудегі негізгі себепті атаңыз?
a) Орыс графикасының латын әліпбиінен тиімдірек болуы
b)
Латын әліпбиінде қазақтың төл дыбыстарының
таңбаланбауы
c) Латын әліпбиінің қателіктерінің көп болуы
d) ССРО астындағы халықтардың ортақ мемлекеттік жазуы
болуы керектігі
2. 1939ж. алғашқы әліпби жобасында неше әріп болды?
a) 41
b) 39
c) 40
d) 42
3. Кирил-қазақ емлесін жасауда тіл табиғатына жақын
бағытты ұстанған ғалым?
a) Ғ.Бұзырбаев
b) С.Кенесбаев
c) С.Аманжолов
278
279
Достарыңызбен бөлісу: |