формальные элементы, а считать их органической частью осно-
вы.
9. Сокращенные формы терминов, присоединяемые к
другим словам (авто, аэро, авиа и пр.), иметь в сочетании с
казахскими словами: aptocol, aptoqatьnas, ablacana и т.д.
Термины: диктатура, революция, совет, теория, практика,
контрреволюция, милитаризм и пр., употреблявшиеся в казах-
ском языке только переведенными, принимать без перевода в
интернациональной их форме.
10. Ввести в практику казахского словообразования сокра-
щенные сложные слова, широко применяемые в современном
русском языке со времени Октябрьской революции, считая та-
кие образования вкладом, внесенным достижениями револю-
ции (политэкономия – polijtekonomija, райисполком – avatkom
и т.п.).
Однако, при образовании подобных сокращений необходи-
мо увязывать их с законами казахского литературного языка,
используя на практике лишь те из образований, которые были
приняты Государственной Терминологической Комиссией.
Құдайберген Жұбанов
Материал 1936 ж. жарық көрген Қазақ тілі
терминологиялық сөздігінің алғысөзінен де басылған.
14-дәріс. Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы
Қазақ жазуының 1940ж. латын графикасынан орыс графика-
сына көшуінің бірнеше себебі болды:
1) өзге идеология мен саясат ұстанған Түркия мемлекеті мен
кеңестер одағындағы түркі халықтарының араласуына кедергі
жасау;
2) араб және латын графикасына негізделген қазақ
жазуының негізін қалаған қайраткерлердің (Т. Шонанұлы, Қ.
Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, Е. Омаров, О. Жандосов, Н.
Төреқұлов) “халық жауы” болып шығуы;
3) бір мемлекет (ССРО), ортақ астана (Мәскеу) астындағы
халықтардың ортақ мемлекеттік жазуы болуы керектегі (орыс
тілі мен жазуы);
4) термин сөздердің орыс тілі арқылы игерілуі;
5) жазу емлесіндегі ала-құлалық т.б.
1926ж. I түркітанушылардың съезінде де, 1929ж. емле кон-
ференциясында да қатынасқан орыс ғалымдары әр халық өз жа-
зуын өз мүмкіндіктері тұрғысынан шешуі керек деп, бейтарап
позиция ұстанғанмен, термин сөздерді орыс тілі арқылы игер-ген
жөн (К. Юдахин), орыс жазуының да латын графикасынан
кемістігі жоқ (Н. Ф. Яковлев, Жирков), фонетикалық принципке
сақтықпен қарау керек (Л. В. Щерба) деген ішінара, іріткі ойла-ры,
сондай-ақ қазақ оқымыстыларының да ортақ жазу – орыс жазуына
көшкен дұрыс, терминдер орыс тілі нұсқасынша жазы-лу керек (С.
Аманжолов) деген көзқарастары, сөйтіп, ақырында орыс
графикасын қабылдауымызға себеп болды.
Әліпбиі мен графикасы. Бұл жазудың алғашқы әліпби жо-
басында (1939ж. 10-тамыз) 40 әріп болды, ал әліпби тәртібі
төмендегідей: а, ә, б, в, г, д, е, ж, з, и, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р,
с, т, у, ŷ, ұ, ү, ф, х, қ, g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я.
Мұнда дауысты дыбыстар (ә, ө, ŷ, ү) орыс әліпбиіндегі жуан
дауыстылармен (а, о, у) і-и, й жіңішке дауыссыздармен, ы әрпі
жуандық белгісімен қатар келген. Ал қазақ тіліндегі <қ>, <ғ>
фонемаларының таңбасы х-әрпінен кейін орналасқан.
Ал графикасында мынадай ерекшеліктер болды: біріншіден,
дауысты дыбыстардың таңбасы ретінде 14 әріп көрсетілді: а, о,
у, е, ы, и, ә, ө, і, ŷ, ү, я, ю, э.
Әліпбиде ё әрпі болмады, ол әріп кездескен сөз ө-мен белгі-
ленді: слёт – слөт; е, ө, ә, ү, і әріптері сөзді жіңішкертетіндіктен,
бұлар жазылған сөзде ь-белгісі қойылмады; ы, і әріптері сөз
мағынасына әсер етпеген жағдайда, я буын араларында жазыл-
майды делінді: смағұл, рет, ахмет; я әрпі сөз басында, дауысты
дыбыстан соң, қатаңдық, жұмсақтық (ъ, і) белгілерінен кейін
жазылатын болды: Яков, химия, аяғы, таяу, мия.
Мына мәселелер ескерту ретінде берілді: орыс тілінен енген
сөздерде дауыссыздан кейінгі я әрпі ә әрпімен белгіленді (Колә,
желәбов, трансләция). ю әрпі түбір ішінде жазылады да (қою,
аю), түбір мен жұрнақ ішінде йу тіркесі арқылы беріледі (қойу,
сойу). Әліпбиде һ әрпі болмағандықтан, оның қызметін ә, а, х
таңбалары атқарды: қаарман (қаһарман), гауәр (гауһар), аһ (ах).
Қосар дауыссызға аяқталған сөзге қосымша жалғанғанда бір да-
уыссыз түсірілмеді: класс/классқа. Дыбыстық құрамы игерілген
кірме сөздер айтылуынша жазылды: газет, самауыр, қамыт, сиез,
доға. Араб-парсы тілінен енген сөздердің ортақ әдеби ва-
272
273
риантын орфографиялық сөздіктен қарап, жазу керек делінді,
себебі сөз мағынасы дифференцияланып, жазуда айқындала бас-
тады: ғаскер – войска, әскер – армеец, ғылым – мәлім. Біріккен
жалқы есімдер кіріктіріп те Талдықорған, Қожакелді кіріктіріл-
мей де (Амангелді, Қазанғап) жазылатыны көрсетілді.
Бір жылдан кейін 1940 ж. 30-тамызда жаңа алфавит жөнін-
дегі ғылыми конференция 41 таңбадан тұратын жаңа әліпби ту-
ралы жоба ұсынды. Мұнда һ әрпі әліпбиге енгізілді және <ұ>
фонемасы э таңбасымен берілді (5-кесте).
1940 жылғы әліпби жобасын жетекшілік еткен С. Аманжолов
жобаны талқылауда э әрпін қазақ тіліндегі е дыбысының орны-на
қолдануды, ә әрпін екінші буындарға да жаза беруді, я әрпін
қолдануды азайтуды, мысалы, түбір мен жұрнақ позициясына
жазбауды, ы әрпін тек орыс сөздерінде ғана жазып, қазақ тілін-
дегі <ы> үшін басқа таңба алуды ұсынған пікірлердің болғанын
және оларға негізді дәлелдер бар екенін айтады. я, ю әріптерінен
қызметі арқылы жазу үнемділігіне қол жеткіземіз дейді. Автор ь
таңбасын қазақ тіліндегі жер-су атаулары адам есімдерінде
қолдануды мақұл көреді.
Ш. Сарыбаев к әрпімен <қ>, <к>, г әрпімен <ғ>-<г> дыбыс-
тарын белгілеп, іргелес келген дауыстының жуан-жіңішкелігіне
орай <қ>, <ғ>, <к>, <г> екенін айыруды ұсынды. Сондай-ақ
<қ> – къ, <ғ> – къ деп алайық деген де, тіпті <қ> – қ, <ғ> – ғ
деп алу жазу жылдамдығына кедергі, сондықтан q, р таңбасын
қалдырайық деген де пікірлер болады.
А. Ысқақов э әрпінің мәнін е әрпі де бере алады, сондықтан
әліпбиге э-нің қажеті жоқ деп табады.
М. Балақаев керісінше э әрпін сөздің бас буынында
жазайық, сонда тек ч, ц, ъ әріптері ғана орыс сөздерінде
кездеседі де, қалған әріптер ортақ болады дейді. Және қысаң
езуліктердің емле қиындығын азайту үшін мағна, рет сияқты
сөздердегідей анық естілмейтін позицияда ы, і әріптерін
түсіріп, қалған по-зицияда тәуелдік жалғауы жалғанғанда да,
түсірілмегені жөн деді. М. Балақаев сөз бірігіп жазылу үшін
сөздің екі сыңары да атау тұлғада және олар изафеттің III түрі
болмауы керек деді. Ал фразеологиялық тіркестердің барлық
түрі бөлек жазылуы уәжді деп табады.
Сөйтіп, осындай талқылаулардан соң, жаңа әліпби 1940ж. 11-
желтоқсанында түбегейлі бекиді. Әліпби тәртібіндегі қазақ тілінің
төл дыбыстары жұмсалу жиілігіне сәйкес, і, қ, ң, ғ, у, ө, ә,
һ болып реттеледі. Бірінші орыс алфавитінің әріптері, соңынан
қазақ әріптері тіркеледі. Әріп атауы вэ, бэ деп, орыс алфавитін-
дегідей белгіленеді. Әліпбидің жоғарыдағыдай берілуі оның
қосалқы қызметі (санау, инвентарлау) үшін қолайлы делінді.
Графика мен сөйлеу екі басқа, бір-біріне сәйкес келмейді деген
пікірлер де осы кезден шыға бастайды. Жазылған сөздегі әріп
пен дыбыс арасында айырма қай кезде де болады, сондықтан
1940ж. емледе қабылданбай қалған ый, ій тіркестері орнына и
жазу; түбір мен қосымша аралығына ю, я әріптерін салу (кию,
боя), я әрпімен [йа], [йә], [ә], ю әрпімен [йу], [йүу], [ү] дыбыс
тіркестерін беру сияқты пікірлер айтылады.
Алғашқы емле сөздігі. Осы әліпби жобасының негізінде
1941ж. С. Аманжолов, С. Баишев, Ғ. Бұзырбаев, С. Кеңесбаев,
Н. Сауранбаевтардың ұжымдық авторлығымен алғашқы емле
сөздігі жарық көреді. Онда мынадай өзгешеліктер болды: а) ы,
і әріптері түсірілді: жыйлыс, құрлыс, бұйрық, ұрлық, топрақ,
жапрақ, көкрек, ә) жалқы есімдерде [йы] тіркесі үшін и (Баир,
Раис), жалпы есімдерде йы жазылды: айыл, кейін, б) кір-ме
сөздерде я әрпінің алдынан и (пияла, пияз, зияш), ал қазақ
сөздерінде ы жазылады: қыялы, сыяқты, тыянақты, в) йы, йі-ға
аяқталған сөзге көсемшенің й жұрнағы қосылса, и әрпі жазыла-
ды (байыйды емес, баиды).
Сөздікке а) жер-су аттары б) біріккен, қысқарған, кірме сөздер
в) терминдер г) кісі есімдері д) жазылуы қиын сөздер кірді.
Қазіргі орфограммадан өзгеше мына сөздер біріктіріліп жа-
зылды: Алааяқ, алакөлеңке, антатқан, антұрған, асықжілік,
ататек, атсалысу, атшаптырым, атышулы, атқора,
ауажайы-лу, ауылшаруашылық, ахрет, ахуал, ашішек, аяқкиім,
аяқтұзақ, бақайқулық, бейнетхор, бейпілауыз, белкүрек,
белорақ, боссөз, бытра, бытраңқы, біркүні, бірнәрсе,
бұрнағыкүн, дарқан, дастарқан, диқан, емізік (еміздік емес),
етбетінен (етпетінен), жалахор, жандік, жапрақ (жапырақ
емес), жетіата, жый-лыс (жиналыс), жыйырма, кеңпейіл,
күретамыр, көжеқатық, көзбайлау, махлұқ, мағна, мұраб,
мұқыят, мұғаллім, нахақ, суд (сот емес), тәбиғат, тәбиғи,
хажет, хата, хатер, хауіп, хиял, хиянат, хұдды, хұрмет,
ішкиім, қаблет, ғібрат, ұйқтау, өкмет.
Жалпы, 1938ж., 1939ж., 1940ж. ұсынылған әліпби жобаларын-
да қосар [u] дыбысын бір таңбамен беру ұсынылып, ол қолдау
тапқанмен, u әрпінің емлесі айқындалып, шешіле қоймаған еді.
274
275
Достарыңызбен бөлісу: |