сөзіне сәйкес латын графикасын тілдің дыбыстық құрамына
қарай бейімдеп алуға болады деп ойлаймыз.
Оқуға арналған материал
Лингвистикалық және мәдени-әлеуметтік
түрткіжайттардың басымдылығы
Елбасының Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ХІІ сес-
сиясында сөйлеген сөзіне байланысты еліміздің зиялы қауымы
әлемдік өркениетінен аралас-құраластықты дамыту үшін латын
графикасы негізіндегі қазақ әліпбиіне көшудің, дәлірек айтсақ,
оған қайта оралудың қажеттілігін терең пайымдап отыр.
Латын графикасы қазақ тілі үшін мүлде бейтаныс жүйе емес,
кеңестік тоталитарлық жүйе 1929 жылы қазақ халқының ғасырлар
бойы қолданылып келген араб графикасы негізіндегі әліпбиінен
айырды. ХVІІІ –ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың ба-сына дейін араб
графикасы негізіндегі қазақ жазуымен мыңнан астам атпен кітап,
ондаған атпен газет-журналдар шығарылған болатын. Әр үйде
болмаса да, үлкен шаңырақта Құран Кәрім, я болмаса Мұхтасар,
«Қиса-ұл ғибия» түтін сайын болмаса да үш үй, төрт-бес үйдің
біріне «Алпамыс», «Ертарғын», «Қыз Жібек», «Зарқұм», «Сал-
сал», «Бозжігіт» т.б. толып жатқан қисса дас-тандар қазақтардың
қатерлі дүниесі саналатын академик-жа-зушы Ғабит Мүсіреповтің
айтуынша қазақ мұндай кітаптардың біреуін ХХ ғасырдың
басында бір қойға сатып алады екен. Әлгі кітаптардағы жазылған
қисса дастандарды ауыл адамда-ры бір үйге жиналып тыңдап,
тамашалайтын көрінеді. Мұның өзі қазақтың жылқықұмарлығын
ғана емес, кітапқұмарлығын, жазу-сызуға ынтықтығын да
көрсететін мінез болса керек.
Төте жазу деп аталатын ұлттық жазуымен қоштасып, латын
графикасы негізді әліпбиге «әлемдік революция» ұранын көтерген
саясаттың салдарынан қазақтың 1929 жылы латын әліпбиіне
көшуімен байланысты әлгідей мәдени-рухани мұрасынан қол үзіп
қалды. Сөйтіп, қазақ халқы сауатсыз, жазу-сызуы болмаған тек
кирилше әліпбимен сауат ашқан деген пікір қоғамдық са-нада
орнығып, стереотипке айналды. Орыс тілінде білім алып жатқан
қазіргі мектеп оқушылары, жоғары мектеп студенттері, араб
жазуын былай қойғанның өзінде, қазақтар 1929-40 жж. ла-тын
әліпбиін қолданған дегенге таңырқай қарайды.
Латын графикасы негізіндегі әліпбиге халықтың енді ғана көзі
үйреніп, қолы жаттығып келе жатқанда қазақ жазуы өктемшіл
Орталықтың әмірімен кирилшеге көшірілді. Латын графикасы
негізіндегі әліпби қазақ қоғамында он жылдай қызмет істеді.
Ұлтсыздандыру, дінсіздендіру идеологиясының зорлығымен
Орталықтың дегенімен, 1940 жылы «бір күн бір түнде»
кирилше жазуға көшкені мәлім.
Қазақ жазуы арабтан латынға, латыннан кирилшеге
көшкенде де бәріне тоталитарлық тәртіпке негізделген саяси
фактор күшті болды.
Біз бір есептен, латын графикасы негізіндегі бұрынғы
әліпбиімізге, кейбір өзгерістермен қайта оралмақпыз. Ол кез-
дегі жағдай мүлде басқа еді. Қазір қазақтардың әліпби таңдауы
тәуелсіз Қазақстан жағдайында, өтпелі кезеңнің өткелектерінен
өтіп, тұрақты даму жолына түскен жағдайда жүзеге асқалы
отыр. Мұндай мәдени-әлеуметтік шаралардан пиғылы теріс
саясатшылар «орыстан кету», «батысқа бодан болу» деп саяси
астар іздеп әсіресаясиланған факторды алға тықпаламақ бола-
ды. Ал жағдайдың өзі шын мәнінде лингвистикалық, мәдени-
әлеуметтік факторлардың бірінші орынға тұрғанын көрсетіп
отыр.
Жоғарыда біз азды-көпті мәдени-әлеуметтік факторға
тоқталдық, ендігі сөз лингвистикалық фактор туралы.
Қазіргі қолданылып отырған әліпбиімізде 42 әріп бар. Қазақ
тілінің фонологиялық жүйесінде мағына ажырататын негіз-гі
дыбыстардың саны 29 (9 дауысты, 19 дауыссыз) бола тура
әліпбидегі әріптің санының 42 болуы ешбір лингвистикалық
өлшемге сыймайды.
Әріптің саны негізгі дыбыстардың санынан екі есеге жуық
асып кеткен. Бұл – әліпбидің оңтайлы, тиімді екенін көрсететін
лингвистикалық критериймен мүлде үйлеспейді. Әліпбидің
тиімділігін бағалаудың критерийі бойынша, әліпбидегі
әріптердің саны негізгі дыбыстардан соншалықты алшақ кет-
пеуі керек, негізгі дыбыстармен тең түсіп жатса дұрыс, ал әріп
саны негізгі дыбыстардан аздап кем болса, одан да жақсы
болып есептеледі. Мысалы, А.Байтұрсынұлы әліпбиіндегі (төте
жазу) әріптің саны негізгі дыбыстан кемірек. Орыс тілі
әліпбиіндегі әріптің саны негізгі дыбыстардан аз, сол сияқты
ағылшын, не-міс т.б. елдердің әліпбиіндегі әріптің саны негізгі
дыбыстардан әлдеқайда кем:
306
307
Орыс тілінде
негізгі дыбыстар 41
әріп саны 33
Ағылшын тілі негізгі дыбыстар 45
әріп саны 26
Француз тілі
негізгі дыбыстар 35
әріп саны 26
Қазақ тілі
негізгі дыбыстар 28
әріп саны 42
Әліпбидегі әріптердің саны шамадан тыс көп болуы мек-теп
табалдырығын аттаған оқушыларымызға да оңай тимейді. Ана
тілінің дыбыстарын бейнелейтін әріптерді мектепке келген
балдырғандарымыз дыбысқа (уәжге) сүйеніп, тез үйреніп алады.
Сөйтіп дыбыс пен әріптің байланысы оқушы санасында білімге
айналады. Ал ъ, ь, ц, щ, … тәрізді таңбаларды дыбыстық уәжі
болмағандықтан, жаттап алуына тура келеді. Қазақ тілінің дыбыс
жүйесіне қатыссыз әріптерді жаттап, миға салмақ түсіреді. Бұл
– мәселенің лингвистикалық-психологиялық жағы. 42 әріппен
байланысты бұл қайшылықты, әсіресе ұстаздар қауымы жақсы
біледі. Бұл жайт, жоғарыда айтқанымыздай, кирилше әліпбидің
түкке алғысыздығынан емес, я болмаса кирилшені әуелде
тіліміздің жүйесіне сай етіп ұқсата алмаған тіл мамандарының да
кемшілігі емес. Қазақ лингвистерінің кәсіби біліктілік деңгейі қай
кезде де төмен болған жоқ. Әліпбидегі түйткілдің түп-та-мыры
тоталитарлық жүйенің Кеңестер одағындағы тілдерді, ұлттарды
бірте-бірте ассимиляциялау саясатымен байланыс-ты болды.
Кеңестік кеңістікте халықтарды бір тілге көшіріп, Бабыл
мұнарасын орнатып, көктегі коммунизмге қол жеткіз-бек болған
идеологиялық қысымның салдарынан кирилше әліпбиіміз
бұрмалауға түсті. Қазақ әліпбиіне енгізілген в, ъ, ь, ц, щ … тәрізді
әріптер алдымен халықаралық терминдерді, со-ветизмдерді,
онимдерді (жалқы есімдерді) орыс орфографиясы-мен жазу үшін
енгізілген. Сонымен, қазақ әліпбиі таза ұлттық әліпби болмай
қосамжар әліпби болды. Қазақ орфографиясы да сиям егіздері
сияқты қосамжар орфография болып шықты. Қазақ мәтіндерінде
қазақша жазылатын сөздер мен бөтен тілдің бөркін киген сөздер
аралас-құралас жүрді. Сөйтіп, советизмдерді, ин-
тернационализмдерді, онимдерді Орталық орыс орфографиясы-
мен бұлжытпай жазу үшін ч, щ, ю, я, ъ, ь, ц … тәрізді әріптерді
енгізуге тіл мамандарын мәжбүрледі.
Шын мәнінде жазба коммуникация үшін 28 әріп те жеткілікті
еді. Ал 13–14 әріп шеттілдік сөзді орыс орфографиясымен жазу
үшін әліпби құрамына кіргізілді. Сөйтіп, емле жүйесі басқа
тілдің ережесіне кіріптар болып қалды. ¤ркениетті елдердің
әліпбиіндегі әріптер әдетте өздеріндегі негізгі тілдік дыбыс-
тарды (фонемаларды) таңбалайды, ал басқа тілдің сөзін жазу
үшін арнайы әріп сайлап қоймайды. ¤здерінің төл сөздеріндегі
дыбыстарды белгілейтін әріппен шүршіттің сөзі болса да жаза
береді.
Сонымен, қазақ әліпбиіндегі дыбыстардың бір бөлігі қазақ
тілінің, екінші бөлігі орыс тілінің дыбыстарын белгілейтін
құранды әліпби, қосамжар орфография болып шықты. Бұның
салдарынан шеттілдік сөздерді дыбыстық жақтан игерудің тіл-дік
механизмдері жұмыс істемей қалды. Тіл тегершіктерінің бірі
жұмыс істемей қалса, бұл – дабыл қағатын жай. Орыс тілінен
енген сөздер қазақ тілінің дыбыс жүйесімен жымдасып, жара-сым
табудың орнына алабөтен оқшауланып қалды. Бұрынғы кезде
плетен – белетен, купарос – көкбараз, вершок – бершек
деп орыс сөзін өз тілінің тәртібімен бауырына басты. Енді қазақ
тілінің сөздік құрамында дыбыстық тезге түспеген, өңделіп,
игерілмеген өгей сөздердің үйірі көбейе берді, көбейе берді.
Қазақ жазуының ұлттық сипатынан ауытқып, басқа жаққа
бет алып бара жатқанын айқынырақ елестету үшін газет,
журнал, ғылыми кітап, оқулықтардың кез келген бірін алып,
мәтіндегі сөздерді орфографиясына қарай топтастырып,
таразылап көріңіз. Сол кезде таразының бір басына қазақ
тілінің заңдылығымен, екінші басында бөгде тілдің тәртібімен
жазылған алабөтен сөз үйірін байқайсыз. Жыл өткен сайын
«импортталған» сөздердің саны еселеп көбейіп келеді. Мұның
өзі қазақ тілінің ежелден келе жатқан дәстүрлі нормасының
бұзылу қаупін күшейте түседі, ал дәстүрлі нормасынан
айырылған тіл қанаты қайырылған құстай дәрменсіз болып,
қоғамдық қызметін ойдағыдай атқара алмай-ды.
Бұл жерде мәселе қолдан қоюлатылып отырған жоқ. Әрине,
кірме сөзге Қытай қорғанын салса да, тоқтату қиын. Оларды (кір-
ме сөздерді) тілдің өз мүлкіне айналдырып, мағыналық жақтан
ғана емес, дыбыстық тұрғыдан да игеруі қажет. Олай болмаған
жағдайда орфоэпиялық ереже, дыбыстау нормасы да дәрменсіз
күйге түседі. Ұлттық университет, ұлттық академия, ұлттық
әдебиет, ұлттық өнер, ұлттық тәрбие, ұлттық мемлекет,
ұлттық қауіпсіздік деген жиі айтылады. ¤йткені бәрінің ірге-
тасы – ұлттық тіл. Ал оның ұлттық сипатына қаяу түсіп, тіні
ыдырап жататындай болса, ұлттығымызға сын емес пе?
308
309
Достарыңызбен бөлісу: |