Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет95/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

ІІ. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ:
ӘЛІПБИ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕМЛЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Біз қазақ халқының қолданған жазу типтерін семасио-
графиялық және фонемаграфиялық деп бөле отырып, зертте-
уге фонемаграфиялық жазу түрлерін нысан етеміз. Өйткені
пиктографиялық жазу мен ДЖ жазудың екі басқа типіне
жатады. Екіншіден, ғалымдар арасында сурет жазуды жазу
түріне сана-майтын көзқарастар басым, үшіншіден,
пиктографиялық жазу өз алдына кең масштабтағы зерттеуге
нысан бола алады. Және қазіргі қазақ жазуының бейнесін,
болашақ “кескінін” тану үшін қазақ жазуы тарихындағы ДЖ
түрлерінің сипатын, әліпбиі мен емлесін анықтау қажеттігі бар.
Қазақ халқының пайдаланған ДЖ түріне көне түркі жазуы
(КТЖ), ұйғыр, араб жазуы және А.Байтұрсынұлының төте жазу
(ТЖ) үлгісі, латын графикасына негізделген қазақ жазуы
(ЛГнҚЖ), орыс графикасына негізделген қазақ жазуы (ОГнҚЖ)
жатады. Аталған әліпби түрлері жекелей зерттеу объектісі
болатындықтан бүгінге дейін аталған жазу түрлері зерттеу ны-
санына алынбағандықтан, жұмысымызда жоғарыдағы әліпби
түрлерінің белгілі бір ерекшелігі мен әліпби құрамы, ондағы
әріп пен фонема сәйкестігі, ішінара емле ережелері туралы сөз
болады.
7-дәріс. Көне түркі жазуы: әліпбиі мен графикасы
Талас, Енисей, Орхон жазуларының табылуы, оқылуы, этно-
генезі, түркі халықтарының тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне
қатысы, графикасы мен грамматикасы, лексикасы, қазіргі түркі
тілдерімен сабақтастығы туралы еңбектер аз емес. Көне
замандағы ауызша сөйлеу жүйесі беймәлім жазу таңбаларын
қазіргі тіл дамуының тұтынушысы бола отырып, аршу, дүдәмал
дыбыстық тілге кодтау, код таңбаларының мәнін көрсету, кодтың
(әліпбидің) кілтін түзу қаншалықты қиын екенін ескерсек, көне
түркі жазуына “барған” ғалымдардың еңбегі өлшеусіз екенін
көреміз. Сондықтан көне түркі жазуы туралы қазақ тіл білімін-де
бірыңғай пікір қалыптастырған Ғ.Айдаров, А.Аманжолов,
Ә.Қайдар, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов сынды ғалымдардың
зерттеулерін жоғары бағалай келе, зерттеушілердің көне түркі
152
жазуының әліпбиін құрастырып, ондағы әріп таңбаларының
мәнін, берілу тәсілдерін, дыбыстық заңдылықтары туралы
жазған еңбектерін пайдалана отырып, көне түркі жазуындағы
дауысты дыбыстардың таңбалану жүйесі мен ішінара дауыссыз
дыбыстардың емлесі туралы сөз қозғағымыз келеді.
Көне түркі жазулы ескерткіштердің табылу аймағы үлкен:
Хакасия, Алтай, Тува, Саян-Алтай, Енисей, Талас, Дмитриевск,
Алта-Бай сайы, Орхон, Қарақорым, Тараз, Павлодар, Есік,
Шемонайха, Ертіс, Қырғызстан Қошқар өңірі. Бұл әр аймақтың
графикасы өзіндік дыбыстық ерекшелігімен көрінеді дегенді
білдіреді. Дегенмен жоғарыдағы ғалымдар еңбектеріне сүйене
отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық
ере-кшеліктерді тануға мүмкіндік бар деп ойлаймыз.
Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған 35
графеманың 4-і ғана дауысты фонеманы, ал 31-і дауыссыз фо-
неманы және үнді қатаң тіркесін бергені бүгінде айқындалған
жайт. Сонда көне түркі жазуы дауысты фонеманың 4 инвариан-
тымен тілдегі 9 вариантын (

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау