Сабақ типі: жаңа сабақ Мақсаты: Жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасай отырып, жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту



жүктеу 18,76 Kb.
бет1/2
Дата21.11.2023
өлшемі18,76 Kb.
#44409
түріСабақ
  1   2
Жобалау лекц


Тақырып : Жобалап оқыту технологиясы
Модуль /пән атауы: Жаңа педагогикалық технолгиялар
Дайындаған педагог:Карымсакова Ж.Д.
Жалпы мәліметтер
Курс: 3
Сабақ типі: жаңа сабақ
Мақсаты: Жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасай отырып, жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту


Жаңа сабақтың жоспары:
1. Жобалап оқытудың идеялары, мақсаты
2. Жобалап оқытудың оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың тәжірибесінен

1.1. Жобалап оқытудың негізіне Дьюи, Торндайк, Лай сынды американдық ғалымдардың идеяларынан алынған.


Негізгі идеялары:
- Бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғарғы қызуғышылқпен орындайды;
- Іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды;
- Балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу соған үйрену;
- Шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де өте маңызды.
Жобалап оқыту жүйесін қалаушардың негізгі ұраны: «Барлығы өмірден барлығы өмір үшін» Сондықтан олар танымдық процестер жүретін қоршаған ортаны бастапқы зертхана ретінде қарастырады. Карл Фрей өзінің «Жобалау әдісі» деген кітабында жобалау әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді. Ең негізгілері:
• Жобаға қатысушылар өмірде бір адамның жобалау бастамасын іліп әкетеді.
• Жобаға қатысушылар оқыту түрі туралы бір-бірімен келіседіү.
• Жобаға қатысушылар өздерін жұмысқа дайындайды, ұйымдастырады.
• Жобаға қатысушылар пікірталасқа қатысады.
Бұдан жоба әдісін автор «жоба жасаудағы оқушы мен мұғалім әрекетінің жүйесі» -деп қарастыратыны байқалады. Әйтсе де, бұл жобалап оқыту технологиясына берілген біршама кеңейтілген түсінік. Н.Г. Чернилова жобалап оқытуға «Базалық технологиялық білімді меңгеру үшін кешенді оқу жобаларын ақпараттық үзілістерімен кезектестіріп орындауға негізделген дамыта оқыту» -деп анықтама берді. Оқыту процесін толығымен жобалап оқытуға көшіру мүмкін. Жобалап оқыту технологиясын- жеке тұлғаға дербес бағытталған технологиялардың бірі деп есептеуге болады.
Жобалап оқыту мақсаты:
1) Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерін оқушылардың өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуіне ;
2) Танымдық және практикалық міндттерді шешуге алған білімді пайдалануына;
3) Әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді игеруге;
4) Жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау ;
5) Зерттеу біліктерін проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау дамытуға.
Оқу жобасын жасау процесінде оқушының нақты жағдайларды бастан өткізуі процестің, құбылыстардың, мәніне терең бойлауы, жаңа нысандарды жобалауы-технологияның негізгі мәні.
1.2. Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар:
- Баланы оқи білуге үйрету
- Баланы ойлауға үйрету
- Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Осыған сай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейңп, үлкен өзгерсітер болып жатыр. Бұл мазмұнды да оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Жобалап оқытудың өзектілігі:
1. Жұмыс зерттеу мақсаты
2. Зерттеу міндеттері
3. Зерттеу әдістері

Жобалау технологиясы 19ғ. 2 жартысында АҚШ ауылшаруашылық мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған –Джон Дьюи атты психолог және педагог, филсоф.20-шы ғасырдың басында жобалау технологиясы Ресей педагогтарының назарын өзіне аудара бастайды. Ы.Алтынсарин «Кел, балалар оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» деген өлең жолдары осы технологияның негізгі ұстанымдарын айқындап тұрғандай. Бұл технологиялық оқытуда мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді. Төмендегі кесте бойынша салыстырып көрейік:


Оқушының іс-әрекеті Мұғалімнің іс –әрекеті
Оқушы –оқыту субьектісі Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы
Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субьект Бағыт-бағдар беруші, кеңесші
Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы Оқушының жетістігін құптаушы
Өнерпаз, жасапмаз еңбектің иесі Ынталандырушы, мақсат қоюшы
Өз ісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға Мақсаттарға жетелеуші
Жобалау технологиясының қолданудағы негізгі мақсат-оқушылардың қызығушылығын ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Технологиядағы жобаның түрлері:
• Ғылыми жоба
• Шығармашылық жоба
• Ойын түріндегі жоба
• Ақпараттық жоба
Уақытқа қарай оқу жобасын 3 түрге бөлінеді:
• Қысқа мерзімді (2-6 сағат)
• Орташа мерзімді (12-15 сағат)
• Ұзақ мерзімді.
Қазіргі кезде жобаны төмендегідей кезеңдерден құру кеңінен орын алған: жобалық тапсырманы дайындау, жобаның өзін құру; нәтижелерді шығару; қоғамдық аныстыру; рефлексия.
Бір жобаны әрбір сынып үшін кешенді қарастыруға болса, әртүрлі жастағы ұжымдары бар мектеп үшін бір оқу жылына 2-3 жоба да алуға болады.
Технологияны пайдаланудағы шектеулер:
- Мұғалімнің аталған ехнологияны пайдалануға деген ықыласының төмен болуы.
- Оқушылардың жобалауға қатысуға деген ықыласының төмендігі.
- Жоба бойынша жұмыс нәтижелерін бақылаудағы баға көрсеткіштерінінің дәл анықталмауы.
Бірінші шектеуге байланысты оқушылардың жобалауға деген қызығушылығын оятатын бірнеше әдістері бар:
1. Жобалау технологиясының мән-мағынасын түсіндіру.
2. Жобалардың мүмкін 10-15 тақырыбының тізбесіне аннотация беру.
3. Орындалған жобалардың нұсқаларын ұсыну.
Жоба сабағының кезеңдері:
І. Дайындық кезеңі.
ІІ. Тақырыпты бөлу.
ІІІ. Тақырыптарды нақтылау.
ІҮ. Мәліметтер жинау, ақпараттар қорын жасау.
Ү. Жиналған мәліметтерді тұсаукесерге даярлау.
ҮІ. Тұсаукесер.
Жобалау технологиясын қолдануда төмендегідей жетісікерге жетеді:
1. Жобалау технологиясы оқушыларды оқыу процесінде және тілдік қатынасқа белсенді жұмылдыра алумен ерекшеленеді.
2. Оқушыны білім алуда, өз ісін ұйымдасыруда жауапкершілікке үйреедіү
3. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушының тілдік дайындығы қалыптасады.
4. Жобалау әдісі оқушының белсенді түрде өз бетінше ойлануына, жұмыс істеуіне, алған білімін есте сақтауға көмектеседі.
5. Жобаны қорғау кезінде оқушы өз әрекетін ұйымдастырып бағалай алатын жеке тұлға ретінде ғана емес, білім алуда, шығармашылықпен жұмыс істеуде өз бойында кездесетін кемшіліктерді жеңуге де үйренеді.
6. Оқушы өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсімдеу мен жобалау арқылы дәлелдей білуге үйренеді.
Жобалау жұмыстарының арқасында ұстаз бен білім алушының арасында шығармашылық байланыс, жаңа көзқарас пайда болады. Мектеп қабырғасында білім алушыда зереу, іздеу, анықтау, синтез, анализ жасау дағдылары қалыптасады.

жүктеу 18,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау