«Казкоммерцбанк» АҚ



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет7/17
Дата20.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#22563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

 

12

«Казкоммерцбанк» АҚ төлем карталарын шығару жəне  



оған қызмет көрсету Шартына 

№ 1 Қосымша 

(стандартты жағдайына) 

  

Шартта пайдаланылатын негізгі түсініктер  

 

3D Secure/SecureCode паролі – Карточка  Ұстаушының  Интернет  желісінде  Карточкалық  операцияларын 

жүргізу үшін оны сəйкестендіруге қызмет ететін құпия паролі.  

САР (Chip Authentication Program) – тиісті  Жүйенің  программлық-техникалық  құралдары  мен 

ұйымдастырушылық  шешімдерінің  жиынтық  бөлігі  болып  табылатын  Карточканың  аутентификациялық 

программасының электрондық чипы. САР программасын пайдалану кезінде Карточкалық операциялар PIN-

кодты пайдаланумен астасатын пароль негізінде жүзеге асырылады. САР программасын пайдалану арқылы 

жүзеге асырылатын Карточкалық операциялар, PIN-кодты пайдалану арқылы Карточканы Ұстаушы жүзеге 

асырған  Карточкалық  операция  деп  танылады.  САР  программасын  пайдалану  жағдайы  Банктің  ішкі 

құжаттарымен жəне Жүйенің тиісті тəртіптерімен анықталуы мүмкін. 

Checking Card Картасы – шығарылу  жəне  қызмет  көрсету  ерекшеліктері  Шарттың  №10  Қосымшасы 

арқылы анықталатын Дебетті Карта.     



Homebank.kz  Қаржылық  порталының  Идентификаторын  құлыптап  тастау – бір  немесе 

Идентификаторлар  тобы  бойынша Homebank.kz Қаржылық  порталының  көмегімен  Карточкалық 

операцияны өткізу мүмкіндігін тоқтата тұратын немесе тоқтатын Банктің тиісті шара қабылдауы. 

Homebank.kz  Қаржылық  порталы  –  ақшаны  аудару  мен  төлемдерді  жүзеге  асыру,  сондай-ақ 

Карточкаларды пайдалану арқылы басқа операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын компьютерлік 

желі,  телефон  жəне/немесе  ұялы  байланыс  желілері  арқылы  Банктің  бақылауындағы  Карт-шоттарды 

электронды басқару жүйесі.  



Instant Card Картасы– сыртқы бетінде Карта Ұстаушының аты-жөні жазылмайтын, əбсəтте шығарылатын 

карта.  Аталған  Карта  Ұстаушысының  Шартқа  жəне  Банктің  ішкі  құжаттарына  сəйкес,  Банк  тарапынан 

ұсынылған Карталық опрецияларды жүргізіп, барлық қызмет көрсету түрлерін қолдануға мүмкіндік береді.  

Instant Card картасының  шығарылу  жəне  қызмет  көрсету  ерекшеліктері  Шарттың  №6  Қосымшасымен 

анықталады. 

PIN-код – Карточканы  Ұстаушы  Карточкалық  операцияны  автоматтандырылған  режимде  (соның  ішінде 

САР программасын пайдалану арқылы) өткізген кезде оны тану үшін қызмет ететін 4 белгімен белгіленетін 

Жеке Тану Нөмірі (құпия код). 

POS-терминал – Карточканың  көмегімен  қолма-қол  ақшасыз  төлемдерді  жүзеге  асыру  үшін,  сондай-ақ 

жинақталған Бонустар туралы ақпаратты алу үшін арналған электронды терминал. 



Platinum  Пакетінің  Картасы – Банктің  Шарттың  №3  Қосымшасының 1 бабының  негізінде  Карта 

Ұстаушыға  арналып  шығарған  картасы  немесе  Банктің  Банк  пен  Клиент  арасында  Шарттың  №3 

Қосымшасының 2 бабына  сəйкес Platinum Тарифтері  бойынша  қызмет  көрсетуге  көшірілген  жəне 

бастапқыда жасалған келісім негізінде шығарған төлем картасы.  



Verified by Visa/MasterCard SecureCode бағдарламасы – Карточка  Ұстаушының  Интернет  желісінде 

жүргізетін Карточкалық операцияларының қорғалуын қамтамасыз ететін түпнұсқаландыру технологиясы. 



Авторландыру – Карточканы пайдалану арқылы төлемді жүзеге асыру үшін беретін Жүйеге Қатысушының 

(соның ішінде Банктің) рұқсаты.  



Авторландыру орталықтары – Авторландыруды жүзеге асыратын жəне төлем карточкаларын құлыптауды 

жəне құлыптан ажыратуды орындайтын, Жүйеге қатысушы – банктің құрылымдары.  



Ағымдағы  шот – Банктің ішкі құжаттарына сəйкес Қарыздарды өтеу бойынша операцияны жүзеге асыру 

үшін  пайдаланатын  банктік  шот  шарты  негізінде  Банктің  Клиентке  ашатын  банктік  шоты.  Ағымдағы  шот 

тиісті Несиелік Карточка бойынша Несие ұсынылатын валютада Клиенттің Банкте банктік шоты (ағымдағы 

не  карт-шоты)  болмаған  жағдайда  ашылады.  Əрбір  Ағымдағы  шотты  жүргізу  валютасы,  тиісті  Несиелік 

Карточкадағы Несиелік Карт-шотты жүргізу валютасымен анықталады. Клиенттің/үшінші адамның қарызды 

жабу  сəтінде  құралған  Қарыздың  жалпы  сомасынан  жоғары  Қарызды  жабу  үшін  төлеген  сомасын,  Банк 

Клиентке  сəйкес  келетін  Ағымдағы  шотқа  немесе  Дебеттік  Карточканың  Карт-шотына  ақшаны  аудару 

жолымен қайтарады.  



Арыз – Шарттың  ажырамас  бөлігі  болып  табылатын  Банк  бекіткен  форма  бойынша,  Шартқа  сəйкес 

Карточканы шығаруға Клиент берген арыз. 



Банк – «Казкоммерцбанк» АҚ. 

Банктік  күн  –  сенбі,  жексенбі  жəне  Қазақстан  Республикасының  ресми  түрде  бекітілген  мерекелік 

күндерінен басқа, Банктің жұмыс күндері. 



Банктік  киоск – Карточканы Ұстаушының Карточкалық операцияны өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде 

өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін электронды-механикалық құрылғы. 



Банкомат – Карточканы Ұстаушыға қолма-қол ақшаны алуға жəне Карточканы пайдалана отырып, Банктің 

басқа қызметін пайдалануға мүмкіндік беретін электронды-механикалық құрылғы.  




 

13

Бенефициар  –  Карточкалық  операция  бойынша  ақша  аударымын  алатын,  Клиент  болып  табылмайтын 

алушы: 

•  Сауда жəне қызмет көрсету кəсіпорындары; 



•  кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлға; 

•  коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлғалар; 

•  мемлекеттік билік жəне басқару органдары. 

Байланыссыз  Карточка – байланыспайтын  төлемдер  қызметімен  жабдықталған  Карточка.  Банкпен 

Байланыссыз Карточка ретінде Карточка шығару мүмкіндігі Банктің ішкі құжаттарына сəйкес белгіленеді. 

Карточкалық  операциялар  Байланыссыз  Карточканы  пайдалану  арқылы  Шарттың  шарттарына  сəйкес 

жүргізіледі.  



Байланыссыз Ридер - Карточкалық операцияларды Байланыссыз Карточканы пайдалану арқылы жүргізуге 

арналған, POS-терминалға қосылған, электрондық құрал. 



Бонус – Банкпен  Бонус  Карточкасының  Ұстаушына: (1) Бонустық  жеңілдік  ретінде  Банкпен  Бонустық 

жеңілдік  ұсыну  туралы  шарт  (бұдан  əрі – Бонустық  жеңілдік  ұсыну  туралы  шарт)  жасаған  сауда/сервис 

Кəсіпорнымен; (2) Бонус  Карточкасының  Ұстаушы  Бонустық  карточкасын  пайдаланып  Карточкалық 

операция жүргізгенде өз қаражаты есебінен Банкпен ұсынылатын, ақша сомасын білдіретін шартты бірлік. 

Бонустар Банкпен есептеледі де Карт-шотта шоғырланады жəне Шартпен белгіленген тəртіп пен шарттарда 

Бонус Карточкасының Ұстаушымен пайдаланылады. Шарттың мақсаттары үшін 1 (Бір) Бонус 1 (Бір) теңгеге 

тең болып белгіленеді.     

Бонустық  Карточка – Клиенттің  Шарт  жүзінде  Бонусты  Карт-шотында  немесе  Дебетті  Карт-шотында 

немесе  Несиелік  Карт-  шот  бойынша  ұсынылған  Несие  түрінде  (Бонусты  Картаның  Дебетті  Карта  немесе 

Несие Картасы болуына байланысты) салынған өз ақшасына қол жеткізу құралы ретінде қызмет атқаратын 

Несие Картасы/ Дебетті Картасы. Несиені қолдану арқылы/ Дебетті карт-шоттағы Клиенттің өз ақшасымен 

(Бонусты  Картаның  дебетті  Карта  немесе  Несие  Картасы  болуына  байланысты)  Карталық  операцияларды 

Бонусты Картаны қолдану арқылы жүзеге асыру барысында Карта Ұстаушы Шартта белгіленген жағдайлар 

мен тəртіп негізінде Бонустарды жинау мен қолдануға мүмкіндік алады.                        

Бонусты  шегерім – Бонусты  шегерімдер  ұсыну  бойынша  Шарт  негізінде  белгіленген  көлемдегі  ақша. 

Аталған  қаржы  Банкпен  Бонусты  шегерімдер  жасау  туралы  келісімге  отырған  қызмет  көрсету  жəне  сауда 

Кəсіпорнына  Банк  тарапынан  аударылуы  тиіс  сомадан  ұстап  қалынған  ақша  болып  табылады.  Бонусты 

шегерімдер  Шарт  жасаған  Кəсіпорынынң  қызметін  пайдалану/  тауар  алу  барысында  Несие  шотынан 

Бонусты Картамен/Клиенттің Дебетті Картадағы өз қаржысымен (Бонусты Картаның Несие Картасы немесе 

Дебетті Карта болуына байланысты) төлем жасаған кезде есептеледі. 



Бонустық Карт-шот – Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Шартқа сəйкес, Бонустарды пайдалану 

арқылы Карточкалық операцияларды орындау үшін Банктің Клиентке ашатын теңге түріндегі карт-шоты. 



Борыш  –  Карточканы  Ұстаушының  Шартқа  (соның  ішінде,  бұған  дейінгі  редакциядағы  тиісті  Шартқа 

сəйкес) жəне Несиелік шартқа сəйкес Банкке төлеуі тиіс сомалары. 



Дебетті Карточка – Клиенттің Дебетті Карт-шотындағы немесе Банктің Дебетті Карт-шот бойынша Несие 

ретінде  (Шартта  белгіленген  жағдайларға  сəйкес)  ұсынған  ақшаға  қол  жеткізуге  мүмкіндік  беретін  құрал 

ретінде  қолданылатын  Карта  (дəл  Бонусты  Карта  сияқты).  Ал  Бонусты  Карта  үшін – дəл  осылай,  Шарт 

негізінде Бонусты Карт-шотқа салынған Клиенттің өз ақшасына қол жеткізу құралы.        



Дебетті Карт-шот – дегеніміз Клиенттің Карталық операцияларды жүзеге асыру үшін өз қаражатын немесе 

Несиені (Шартта белгіленген жағдайлар бойынша) қолдануына мүмкіндік беру мақсатында Банк тарапынан 

Клиентке ашылған Карталық-шот. Бұл іс Қазақстан Республикасының заңы мен Шарт жағдайларына сəйкес 

орындалады. 



Жалақы Несиесі – Банктің осыдан бұрын күшіне енген Шарт редакциясы негізінде Клиентің Дебетті Карт-

шотында өз ақшасы жоқ болған жағдайда Карталық операцияларды жүзеге асыруына мүмкіндік беру үшін 

Дебетті Карт-шот бойынша берілетін жаңғырмалы несие. 

Жеке  Кəсіпкер  картасы – Жеке  Кəсіпкер  болып  табылатын  Клиенттің  Карт-шотына  қосымша  ретінде 

шығарылатын Мультивалюталық Карта. Жеке Кəсіпкерлерге арналған карталардың шығарылуы мен оларға 

қызмет көрсету ерекшеліктері Шарттың №9 Қосымшасымен анықталады. 

Жүйенің қатысушылары – Жүйеге қосылу туралы шарт жасасқан жеке жəне/немесе заңды тұлға. Жүйенің 

қатысушылары  аталмыш  Жүйеге  қосылған  банктер,  сондай-ақ  сауда  жəне  қызмет  көрсету  Кəсіпорындары 

мен қолма-қол ақшаны беру пункттері болып табылады. Жүйенің Банк-Қатысушылары, бұлар: 

•  төлем карточкасының нақты түрін эмитенттеуші (шығарушы) жəне/немесе 

•  өздері орнатқан Банкоматтарды, Банктік киосктерді, POS-терминалдарды жəне Импринтерлерге қызмет 

көрсететін банктер болып табылады.  



Идентификатор  – Homebank.kz Қаржылық  порталына  қосылу  үшін  Карточканы  Ұстаушы  пайдаланатын 

Банк  бекіткен  сандардың  (белгілердің)  өзіне  тəн  біркелкілігі  мен  Карточкалық  операцияны  (Электронды 

құжаттар) өткізу туралы көрсету бағыттары.  Идентификаторды Homebank.kz Қаржылық порталына тіркелу 

кезінде  Карточканы  Ұстаушыға  Банк  береді  жəне  Карточканың  Реквизиті  бойынша  Паролмен  астаса 

отырып Карточканы Ұстаушыны белгілі бір түрде танитын болады. 



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау