Электрондық банк қызметтері және төлем жүйелері нарығының 2012 жылғы
Талдамалық шолуы
Құрылымы:
I. Электрондық банк қызметтері нарығы
II. Қазақстанның төлем жүйелері
II.I. Банкаралық Ақша Аудару Жүйесі
II.II. Банкаралық Клиринг Жүйесі
III. Резидент банктер арасындағы теңгемен тікелей корреспонденттік шоттар
IV. Төлем құралдары
V. Халықаралық ақша аударымдарының жүйелері
Қосымшалар
Дайындаған: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Төлем жүйелерін қадағалау басқармасы
Алматы, 2013 жылғы ақпан
I. Электрондық банк қызметтері нарығы
Банктердің электрондық терминалдар және инновациялық әдіспен қашықтықтан қол жеткізу жүйелері арқылы төлем және өзге қызметтерді көрсетуі біртіндеп қаржылық қызметтер нарығындағы әсер етудің негізгі факторларының бірі бола түсуде. Мәселен, банктің тармақталған есеп айырысу-кассалық бөлімшелер желісі болмаса да, интернет, мобильді банкинг және электрондық терминалдар арқылы қызметтер көрсете отырып, клиенттерді көптеп тарта алады. Осылайша, төлем жүйелерін қоса алғанда, елдің қаржы секторының ағымдағы жай-күйін және даму перспективаларын бағалау интернет, мобильді байланыс операторлары инфрақұрылымының дамығандығын, сондай-ақ электрондық терминалдардың болуын және олардың халықтың басым бөлігіне қолжетімділігін міндетті түрде ескеруі тиіс.
Қазақстанда электрондық банк терминалдары инфрақұрылымының көрсеткіштері 2012 жылдың соңындағы жағдай бойынша төмендегіше:
- 33 318 POS-терминал, олардың 27 325 сауда және қызмет көрсететін ұйымдарда орнатылған (2011 жылмен салыстырғанда өсу тиісінше 16,5% және 15,3% құрады);
- 8 652 банкомат, олардың 1 040 қолма-қол ақшаны қабылдау функциясымен (өсу тиісінше 6,7% және 13,8%-ға);
- 1 678 банк дүңгіршектері (өсу 18,0%-ға).
Қазақстанда 01.01.2013 жылғы жағдай бойынша 1 терминалға 483 тұрғыннан, 1 банкоматқа 1 860 тұрғыннан келеді. Салыстыру үшін Ресейде 2012 жылдың басында 1 терминалға 270 тұрғыннан, бір банкоматқа 1 007 тұрғыннан келген болатын.
Ел
|
1 терминалға келетін тұрғын саны
|
1 банкоматқа келетін тұрғын саны
|
Қазақстан
|
483
|
1 860
|
Ресей
|
270
|
1 007
|
Англия
|
45
|
960
|
Сингапур
|
58
|
2 053
|
Швейцария
|
51
|
1 188
|
Достарыңызбен бөлісу: |