«Казкоммерцбанк» АҚ



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет17/17
Дата20.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#22563
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 

31

Сертификаттың орнына жаңа Тіркеу куəлігін (жəне тиісінше Сертификатты) алу үшін  қолданыстағы 



Тіркеу куəлігінің жəне Сертификаттың күшінде болу мерзімі аяқталардан 30 (отыз) күн бұрын Банкке 

ЭСҚ  шығаруға  жаңа  Өтініш  беруі  тиіс.  Ол  кезде  Банкке  ЭСҚ  шығаруға  ондай  жаңа  Өтінішті 

қолданыстағы ЭСҚ бекітілген электрондық құжат түрінде жіберуге болады. 

4.6.  Банк Саясатта анықталған жағдайларда, Тіркеу куəліктерін қайтарып алады жəне күшін жояды. Егер 

Тіркеу  куəлігінің  күші  жоюға  бастаманы  Карточка  Ұстаушы  жасаса,  Карточка  Ұстаушының  Тіркеу 

куəлігін  қайтарып  алу  (күшін  жою)  туралы  өтініші  Банке  қағаз  тасығышта  ұсынылуы  тиіс.  Банк 

өтінішті  алған  күннен 1 (бір)  жұмыс  күнінің  ішінде  Тіркеу  куəлігінің  жəне  Сертификаттың  күшін 

жояды. 


4.7.  Тіркеу  куəлігі  қайтарып  алынған  (күші жойылған)  жағдайда,  Банк   Тіркеу  куəлігі  қайтарып  алынған 

(күші  жойылған)  күн  жəне  уақыты  көрсетілген  тиісті  ақпаратты  Тіркелімге  дереу  енгізу  арқылы 

Электрондық құжат айналымы жүйесінің барлық   қатысушыларына ол туралы хабарлайды.  

4.8.  Карточка  Ұстаушы  Электрондық  құжатарды  беру  кезінде  пайдаланылатын,  ақпаратты  жəне  ЭСҚ 

шифрлаудың Келісімде көрсетілген əдістерін мойындайды.  

4.9.  Карточка  Ұстаушы  Электрондық  құжат  айналымының  жүйесімен  Карт-ридердент  жəне    Кілттер 

тасығыштан  басқа  қашықтан  қол  жеткізудің  тиісті  арналарымен  жұмыс  істеу  үшін  пайдаланылатын 

қол  жеткізу  арналарының  жəне  Карт-ридерді  өндірушінің  талаптарына  сəйкес  келетін  техникалық 

қондырғыларды пайдалануы тиіс.  

Берілетін  ақпараттың  шынайылығына  жəне  құпиялылығына  (шифрланған  жағдайда),  үшінші 

тұлғалардың  Электрондық  құжаттармен  алмасу  үдерісіне  араласпауына,  сондай-ақ  байланыс 

арналарындағы  бөгеуілдер  жəне  физикалық  əсерлер  Тараптардың  бастапқы  Электрондық 

құжаттарының    өзгеруіне  алып  келмейтініне  кепілдікті  қамтамасыз  ету  мақсатымен,  ЭСҚ  жасау 

кезінде  Электрондық  құжат  айналымының  жүйесінде RSA алгоритмі (1.2.840.113549.1.1.1 RSA 

алгоритм сəйкестендіргіші) пайдаланылады. 

 

5. 



ТАРАПТАРДЫҢ  МІНДЕТТЕРІ  

 

5.1.  Карточка Ұстаушының міндеттері:  

5.1.1.  Карточка Ұстаушыға тиесілі ЭСҚ Жабық кілтін, Сертификатты жəне ЭСҚ Саясатқа, Пайдаланушы 

нұсқауына жəне Келісімге қатаң сəйкес пайдалану;  

5.1.2.  Банкке  келесі  жағдайларда  Кілттер  тасығышға  рұқсатсыз  қол  жеткізу  қатері  туындағаны  туралы 

дереу жəне кез-келген қол жетімді тəсілдермен хабарлау:  

 - 


Кілттер тасығыштың Pin-коды (Pin-кодтары) жария болған немесе ол (олар) жария болғаны туралы 

күдік бар кезде; 

 - 

Кілттер  тасығыш  жоғалған  немесе  оны  үшінші  тұлғалар  көшіріп  алғаны,  пайдаланғаны    туралы 



күдік бар кезде; 

 - 


Карточка Ұстаушының пікірі бойынша өзге де қажетті жағдайларда; 

5.1.3.  Келісімнің 4.9. тармағында  көрсетілген  техникалық  шарттардың  орындалуын  қамтамасыз  ету, 

Кілттер  тасығышты  жəне  Электрондық  құжат  айналымының  жүйесін  тек  техникалық  жарамды 

қондырғылармен пайдалану;  

5.1.4.  Банк берген  Кілттер тасығышты үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеу; 

5.1.5.  Қызметтер үшін Келісімге сəйкес төлем жасау; 

5.1.6.  Осы Келісімнің шарттарын, Саясаттың талаптарын сақтау. 

5.2.  Банктің міндеттері:  

5.2.1.  Электрондық  құжат  айналымының  жүйесіне  қызмет  көрсетуді  Саясаттың,  Банктің  өзге  де  ішкі 

нормативтік  құжаттарының,  оның  ішінде  банктік  қызметтер  көрсетуді  регламенттейтін  

құжаттарының шарттарымен жүзеге асыру; 

5.2.2.  ЭСҚ Жабық кілті жария болғаны туралы күдік пайда болған кезде, сондай-ақ Карточка Ұстаушыдан 

осы  Келісімінің 5.1.2. тармағына  сəйкес  тиісті  хабар  алған  жағдайда,  болған  оқиғаның  мəн-жайы 

анықталғанға дейін  Карточка Ұстаушының ЭСҚ қойылған Электрондық құжаттарын қабылдауды 

дереу  тоқтату  жəне  онымен  хабарласу  (ЭСҚ  ашуға  өтінімде  көрсетілген  деректемелер  бойынша). 

Карточка  Ұстаушының  Электрондық  құжаттарындағы  ЭСҚ  бұзылуы  да  ЭСҚ  Жабық  кілті  жария 

болуына туған қатер деп саналады.  

5.2.3.  Қызметтер үшін Келісімнің 7 бабына сəйкес тəртіпте жəне мөлшерлерде төлем жасалған жəне жаңа 

Тіркеу куəлігін жəне Сертификатты беруден бас тартуға негіз болуы мүмкін жағдайлар жоқ болған 

жағдайда, Банкке Келісімнің 4.5. тармағына сəйкес ұсынылған ЭСҚ ашуға жаңа Өтініштің негізінде, 

күшінде болу мерзімдері аяқталған  Тіркеу куəлігінің жəне Сертификаттың орнына қағаз тасығышта 

жасалған жаңа Тіркеу куəлігін жəне Кілттер тасығышқа Сертификат беру.  

 

6. 



КАРТОЧКА 

ҰСТАУШЫНЫҢ 

ЭСҚ 

ҚҰРАЛДАРЫМЕН 

ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН  

ЭЛЕКТРОНДЫҚ  ҚҰЖАТТАРЫ 

 


 

32

6.1.     Банктің банктік қызметтер көрсету тəртібін белгілейтін ішкі нормативтік құжаттарында анықталған 



жағдайларда, Банкке жолданатын Электрондық құжаттар Электрондық құжат айналымының жүйесіне 

қол  жеткізу  арналарына  сəйкес  бағдарламалық  немесе  техникалық  құралдар,  ЭСҚ  Жабық  кілтімен 

жəне  Сертификатпен  жасалатын  ЭСҚ  пайдаланылып  қалыптастырылған  болуы  тиіс.  Ондай 

Электрондық құжаттар келесі құжаттар болуы мүмкін:  

− 

Карточка Ұстаушының  олармен  келісімін  жəне/немесе  Банктің    Карточка Ұстаушы мен  Банктің 



арасында  жасалған  шарттарда  қарастырылған  іс-əрекеттерді  жасауын  растау  үшін  Банкке 

жолдаған өтініштері (оның ішінде ЭСҚ ашуға Өтініштер); 

− 

Карточка Ұстаушының ондай ЭСҚ түпнұсқалығы жəне заңдылығы туралы растау алған жағдайда, 



ЭСҚ бекітілген құжаттарды мойындайтын үшінші тұлғаларға жолдаған өтініштері; 

− 

төлем құжаттары (аударым, айырбастау жасауға өтініштер жəне т.б.) 



− 

Карточка Ұстаушы мен Банктің арасында банктік қызметтер көрсетуге жасалған шарттар немесе 

оларға  қосымша  келісімдер.  Ондай  шарттар  Банк  анықтаған  формалар  бойынша 

қалыптастырылады  жəне  оларға  Банктің  тарабынан  қол  қойылуы  талап  етілуі  мүмкін.  Ондай 

жағдайда, шарт Банктің Сертификатымен жəне Жабық кілтімен қалыптастырылған Банктің ЭСҚ 

қойылған соң қол қойылған деп саналатын болады;  

− 

Карточка Ұстаушының Банкке сұрау салулары; 



− 

Банктің  банктік  қызметтер  көрсету  тəртібін  белгілейтін  ішкі  нормативтік  құжаттарында,  оның 

ішінде ЭСҚ бекітілген Электрондық құжаттары пайдаланылып қарастырылған өзге құжаттар.  

Банк  Электрондық  құжаттарды  егер  ондай  құжаттар  Электрондық  құжат  айналымының  жүйесінде 

пайдаланылатын  талаптар  мен  формаларға  сəйкес  жəне  оларды  дайындау  ЭСҚ  Пайдалану  туралы 

нұқсауға сəйкес болса ғана орындауға қабылдайды.   

6.2.     Карточка Ұстаушының Электрондық құжаттары Банкке келесі тəсілдер арқылы жолдануы мүмкін:  

− 

homebank.kz  Қаржылық порталы арқылы тиісті опциялармен;   



− 

www.onlinebank.kz сайты арқылы (осы байланыс арнасы арқылы жолдауға болатын Электрондық 

құжаттардың  тізілімі  банктік  қызметтерді  Банктің  ОnLineBank  жүйесі  бойынша  ұсынудың 

ерекшеліктерін регламенттейтін тиісті ішкі құжатында анықталады). 

6.3.     Тараптар  өзара  қарым-қатынастарында  кəдімгі  тəсілмен  де,  ЭСҚ-мен  де  куəландырылған 

құжаттарды заңды барабар деп санайтындығын, сондай-ақ Тараптың ЭСҚ-мен куəландырылған жəне 

Келісімнің  жəне  Саясаттың  шарттары  ескеріліп  жолданған  Электрондық  құжаттары  Тараптың  қолы 

жəне  мөрі  (егер  мөр  бар  болса)  қойылып,  қағаз  тасығышта  жасалған  құжаттарымен  заңды  барабар 

болып табылады деп куəландырады: 

− 

Карточка  Ұстаушы  Банкке  жолдаған  ЭСҚ-мен  бекітілген  Электрондық  құжаттарын  Банкке 



қолдардың  үлгілерімен  (бар  болса  мөрдің  бедерімен)  бірге  ұсынған  құжатқа  сəйкес  қолдармен 

куəландырылған қағаз тасығышта жасалған құжаттармен бірдей пайдалану құқын береді;  

− 

Банк  Банктің  ЭСҚ-мен  бектіліген  Электрондық  құжаттарын  Банктің  уəкілетті  тұлғаларының 



қолымен  жəне  мөрімен  куəландырылған  қағаз  тасығышта  жасалған  құжаттарына  заңды  барабар 

деп таниды. 

6.4.     Карточка  Ұстаушының  ЭСҚ  тексеру  кезінде  қол  қойылған  Электрондық  құжатта  ЭСҚ 

қалыптастыру үшін Сертификатты пайдалану сəтінде оның өзектілігі  (заңдылығы) анықталған жəне 

Сертификаттың  деректері  Электрондық  құжатқа  қол  қойған  Карточка  Ұстаушының  деректеріне 

сəйкес  болған  жағдайда,  Электрондық  құжат  айналымының  жүйесінде  əрбір  (кез-келген) 

Электрондық құжат Карточка Ұстаушыдан шықты деп саналатын болады.  

6.5.     Сертификаттың  тиесілігін,  түпнұсқалығын  жəне  заңдылығын  растау  тəртібі  жəне  мерзімдері 

Саясатта  жəне  банктік  қызметтер  көрсету  тəртібін  белгілейтін  ішкі  нормативтік  құжаттарда 

белгіленеді.  

 

7.  КЕЛІСІМ БОЙЫНША ТӨЛЕМ  ЖАСАУ  ШАРТТАРЫ  

 

7.1.     Банк  Қызметтерді  Келісімнің  шеңберінде  көрсетуі  үшін  Карточка  Ұстаушы  Банкке  клиенттің 

банктік шоттарын жүргізгені үшін төлемді ЭСҚ пайдаланылған электрондық нұсқаулардың негізінде, 

Банктің ЭСҚ шығаруға Өтініш қабылдаған күнгі (оның ішінде күшінде болу мерзімі аяқталған Тіркеу 

куəлігінің орнына жаңа Тіркеу куəлігін берген кезде) Тарифтерімен анықталған мөлшерде төлейді. 

 

8.  ТАРАПТАРДЫҢ  ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 



 

8.1.     Тараптардың  əрқайсысы  Келісім  бойынша  өз  міндеттемелерін  орындамаған  жəне/немесе  тиісінше 

орындамаған  жағдайда,  екінші  Тараптың  алдында  Келісімнің  шарттарына  сəйкес  жауапкершілікті 

болады,  ал  жауапкершілік  Келісімда  қарастырылмаған  немесе  шектелмеген  жағдайда,  Қазақстан 

Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес жауапкершілікті болады. 



 

33

8.2.    Тараптар Келісімге жəне оның шарттарын орындауға байланысты өздеріне белгілі болған ақпаратты 



жариялағаны үшін жауапкершілікті болады. 

8.3.     Тараптың Кілттер тасығыштың əрбір/кез-келген Pin-кодын себептеріне тəуелсіз үшінші тұлғаларға 

жариялауының,  үшінші  тұлғаларға  Кілттер  тасығышты  жəне/немесе  ол  туралы  ақпаратты  беруінің 

салдарынан туындаған залалдарды өтеу нақты зиянды, қапы жіберілген пайданы қоса толық көлемде, 

көрсетілген құпия ақпаратты жариялаған Тарапқа жүктеледі.  

8.4.     Карточка Ұстаушының Электрондық құжаттарындағы мəліметтердің дұрыс ресімделуіне Карточка 

Ұстаушының өзі жауапкершілікті. 

8.5.     Карточка  Ұстаушы  Банкке  Кілттер  тасығышға  рұсқатсыз  қол  жеткізу  қатері  туындағаны  туралы 

Келісімнің 5.1.2. тармағына  сəйкес  уақтылы  хабарламаған  немесе  хабарламаған  жағдайда,  Банк 

Карточка Ұстаушының Электрондық құжатын орындау жəне Карточка Ұстаушының Тіркеу куəлігінің 

жəне/немесе  Сертификатының  шынайылығын  растау  үшін  жауапкершілікті  болмайды  (Банктің 

Карточка  Ұстаушының  Тіркеу  куəлігінің  жəне/немесе  Сертификатының  шынайылығын  растау 

бойынша іс-əрекеттері заңды болып танылады). 

8.6.     Келісімнің 8.3. тармағында  анықталған  жағдайларды  қоспағанда,  Банктің  Келісім  бойынша 

жауапкершілігі  Банктің  кінəлі  іс-əрекетінен/əрекетсіздігінен  Карточка  Ұстаушыға  келтірілген  нақты 

зиянның мөлшерімен шектеледі. 

 

9.  КҮШІН  ЖЕҢЕ  АЛМАЙТЫН  ЖАҒДАЙЛАР  

 

9.1.    Егер Келісім бойынша міндеттемелерді орындау жəне/немесе тиісінше орындау ондай жағдайлардың 

əсеріне  сілтеме  жасаған  Тарап  ешқандай  түрде  қарсы  тұра  алмайтын,  күшін  жеңе  алмайтын 

жағдайлардың  салдарынан  мүмкін  емес  болса,  Тараптар  Келісім  бойынша  міндеттемелерді 

орындамағаны жəне/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.  

9.2.    Күшін  жеңе  алмайтын  жағдайларға  табиғи  апаттар,  жер  сілкінулер,  табиғи  өрттер,  уəкілетті 

органдардың  тиым  салу  немесе  шектеу  сипаттағы  актілері,  электр  энергиясының  ажыратылуы, 

Тараптар  пайдаланатын  бағдарламалық  жасақтаманың  ақаулары,  коммуникация  (байланыс) 

желілерінің жұмыс істеуінің тоқтауы жатады.  

9.3.    Күшін жеңе алмайтын жағдайлардың əсеріне ұшыраған Тарап екінші Тарапқа ондай жағдайлардың 

болғаны туралы хабарлауы тиіс: 

−  Карточка Ұстаушы жазбаша түрде; 

− 

Банк  аталған  жағдайлар  болған  күннен 3 (үш)  күнтізбелік  күн  ішінде  тиісті  ақпаратты 



homebank.kz  Қаржылық  порталында  немесе    Банктің  www.kkb.kz    Интернет-сайтында  немесе 

Банктің операциялық залдарында орналастыру арқылы.  

9.4.    Келісімнің 9.2. тармағында  қарастырылған  жағдайларда,  Тараптардың  міндеттемелерді  орындау 

мерзімі  ондай  жағдайлар  (олардың  салдарлары)  күшінде  болатын  жəне  Тарап  (Тараптар) 

міндеттемелерін тиісті түрде орындай алмайтын уақытқа тең уақытқа жылжытылады.  

9.5.    Күшін  жеңе  алмайтын  жағдайлар  туындаған  күннен 30 (отыз)  күнтізбелік  күннен  артық  үздіксіз 

жалғасқан жағдайда, Тараптардың кез-келгені ол туралы екінші Тарапқа Келісімді тоқтату күнінен 10 

(он) күнтізбелік күннен кешіктермей хабар беріп, Келісімді орындаудан біржақты тəртіпте бас тартуға 

құқылы:  

-  Карточка Ұстаушы жазбаша түрде; 

-  Банк  аталған  жағдайлар  болған  күннен 3 (үш)  күнтізбелік  күн  ішінде  тиісті  ақпаратты homebank.kz 

Қаржылық  порталында  немесе    Банктің  www.kkb.kz    Интернет-сайтында  немесе  Банктің  операциялық 

залдарында орналастыру арқылы.  

10.  ҚОРТЫНДЫ  ЕРЕЖЕЛЕР 

10.1.  Тараптар  Келісімде  реттелмеген  мəселелер  бойынша  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 

заңнамасын, Регламентті, Саясатты жəне Шартты басшылыққа алады. 

10.2.  Келісім  ЭСҚ  шығаруға  Өтініш  орындауға  қабылданған  күннен  барлық  Тіркеу  куəліктерінің  күші 

тоқтатылғанға/  жойылғанға  немесе  Шарттың  күші  тоқтатылғанға  дейін  (қайсысы  бұрын  болуына 

байланысты),  ал  өзара  есеп  айырысуларға  қатысты  олар  толық  жасалғанға  дейін  күшінде  болады. 

Келісімнің күші Шартта (Шартты бұзу үшін) анықталған тəртіпте тоқтатылуы мүмкін (бұзу арқылы).  

10.3.  Келісім келесі жағдайларда автоматты түрде тоқтатылады: 

− 

егер  Карточка  Ұстаушы  ЭСҚ  шығаруға  электрондық  өтінім  жолдағанына  қарамастан,  ЭСҚ 



шығаруға  Өтінішті,  оларды  ұсыну  осы  Келісімде  қарастырылған  өзге  де  құжаттарды  Тіркеу 

куəлігінің күшінде болу мерзімі аяқталғанға дейін Банкке ұсынбаса;  

− 

егер  Банк  ЭСҚ  шығаруға  электрондық  өтінімді  алған  соң  Тіркеу  куəлігін  беруден  (оның  ішінде 



оны алмастыру кезінде) бас тартуға негіздер бар екені анықталса.  

Мұндай жағдайда Банк Келісім бойынша алған төлем қайтарылмайды. 

10.4.  Келісімді  өзгерту  жəне  толықтыру,  сондай-ақ  Келісім  бойынша  дауларды  шешу  Шартта  белгіленген  тəртіпте 

жүзеге асырылады.   



 

Document Outline

  •  
  • «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ  ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫН ШЫҒАРУ МЕН ОҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ШАРТЫ  
  • (СТАНДАРТТЫ ЖАҒДАЙ)  
    • Шартта пайдаланылатын негізгі түсініктер  
    • КАРТОЧКАНЫ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІПТЕРІ 
      • көрсету туралы Шартына (стандарты жағдайына) 
      •  
      • Мультивалюталық Картаны шығару және оған қызмет көрсету ерекшеліктері 
      •  
      • көрсету туралы Шартына (стандарты жағдайына) 
      •  
      • Бонусты Картаны шығару және оған қызмет көрсету ерекшеліктері 
      • көрсету туралы Шартына (стандарты жағдайына) 
      •  
      •  Instant Card Картасының шығарылуы және оған қызмет көрсету ерекшеліктері 
      •  
      •  
      • көрсету туралы Шартына (стандарты жағдайына) 
      • Homebank.kz Қаржы порталында Карточкалық операцияны өткізудің ерекшелігі  
      • көрсету туралы Шартына (стандарты жағдайына) 
      •  
      • Виртуалды Картаны шығару және оған қызмет көрсету ерекшеліктері 
      • көрсету туралы Шартына (стандарты жағдайына) 
      •  
      • Жеке Кәсіпкер Картасын шығару және оған қызмет көрсету ерекшеліктері 
      • көрсету туралы Шартына (стандарты жағдайына) 
      • көрсету туралы Шартына (стандарты жағдайына) 

жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау