36
болады. 100мА ток шамамен ми жұмысына əсер етіп, фибрилляция тудырады.
Фибрилляция қан айналым жүйесін тоқтатып, нəтижесінде өлімге дейін əкеледі.
Əсер ететін ток адамның жеке сезгіштігіне жəне оның жынысына
байланысты. Əйелдер ерлерге қарағанда көбіне сезгіш болады.
Əдебиеттер: негізгі 1 [27-32 б.], қосымша əдебиет: 1 [15-19 б.]
Бақылау сұрақтары:
1.Электр қондырғыларымен жұмыс істеудің негізгі ережелері
2.Статистикалық электрден қорғау əдістері.
3.Электр тогының адам ағзасына əсері
4.Электр тогынан зақымданудан қорғану
5.Қорғаныстық жерге қосу
6.Қорғаныстық нөлдеу.
7.Қорғаныстық ажырату
8.Обьектілерді найзағайдан қорғау. Найзағайды қабылдау түрлері.
8-ші дəрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігінің негіздері.
Дəріс конспектісі. Заттардың жануы жəне өртену қасиеттері. Жану деп жылу
мен жарық ағынының бөлінуіндегі химиялық реакцияны айтамыз. Жанудың
пайда болуы мен жалғасуы химиялық реакцияны тудыратын жанғыш материа-
лдарға, қышқылдар мен жылу импульсіне байланысты.
Жанудың келесідей түрлері айрықшаланады: жарқыл, тұтану, өздігінен
тұтану, өздігінен жану.
Жарқыл деп ауа мен жанғыш булар немесе газдардың қоспаларының кенет-
тен жылу импульсінің əсерінен (от, ұшқын, қыздырылған дене) жануды айтады.
Ауа мен жанғыш сұйықтықтар буларының қоспасының жарқыл шығатын
температураның ең кіші мəнін жарқыл температурасы деп аталады. Жанғыш
сұйықтықтардың өрт қауіптілігінің дəрежесі олардың жарқыл температурасы-
мен анықталады. Осыған сəйкес жанғыш сұйықтықтар келесі класстарға бөлі-
неді:
Алғашқы екі класстарға жататын сұйықтықтар оңай тұтанғыш (ОТС), ол
басқа екеуін жанғыштар (ЖС) деп аталады. ОТС-ға: бензин, (44-тен 17
0
С-қа
дейін), бензол (-12
0
С), метил спирті (8
0
С), этил спирті (13
0
С), тракторлық керо-
син (4-тен 8
0
С-ға дейін) жəне басқалары жатады. ЖС-ға ағартқыш керосин (48-
ден 58
0
С-ға дейін), возелин майы (135
0
С), трансформатор майы (160
0
С), маши-
на майы (170
0
С) жəне басқалары қатысты.
Класс
Жарқыл температурасы,
0
С
І...............................................................
28 төмен
ІІ..............................................................
28-45
ІІІ............................................................
46-120
ІҮ............................................................
120 жоғары
Жанғыш газдар қоршаған ортаның кез-келген температурасында жары-
лысқа қауіпті.
Тұтану деп жылулық импульстің əсерінен жанатын сұйықтықтардың бу-
лары мен газдарының, өздігінен тұтану деп ашық өртпен жанасусыз-ақ белгілі
бір температураға дейін қыздырылған қатты, сұйық жəне газ тəріздес заттардың
37
тұтану процесін айтамыз. Жанғыш заттардың өздігінен тұтануының ең кіші те-
мпературасын өздігінен тұтану температурасы деп атаймыз.
Өздігінен жану деп сыртқы көздердің жылуынсыз қатты жəне ұнтақты
материалдардың тотығуының əсерінен шығатын өртену процесін айтамыз.
Өздігінен жану қабілеті болатындар: тас көмір, сульфидті кендер, ағаш, торф,
үйкелгіш заттар. Өздігінен тұтану алдын-ала жанғыш затқа тотықтыру үшін ау-
аның жеткілікті ағынынан жəне сол жағдайда жылудың кетуінің жеткіліксізді-
гінен болатын төмен температуралы тотығу мен өздігінен қызу нəтижесінен бо-
лады.
Əртүрлі өндірістегі өрт қаупінің деңгейі.
Құрылыс конструкциялары мен материалдардың өртке төзімділігі мен
өртенгіштігі. Əр өндірісте қолданылатын материалдардың қасиеттері мен тех-
нологиялық процесстерінің сипатынан тəуелді белгілі бір өрт қауіптілігінің
деңгейі болады. Өндірістің өрт қауіптілігін ескере отырып кəсіпорындық ғима-
раттың түрі таңдалады; əртүрлі кəсіпорындық конструкцияларды, электрлік
жəне өртке қарсы құрылғылар қолданады, цехтардың өзара орналасуы, олардың
қабаттылығын жəне ауданын, вентиляциялы қондырғыларын жəне басқаларын
да жоспарлайды. Өрт қауіптілігінің деңгейі бойынша барлық өндірістер бес ка-
тегорияға бөлінеді – А, Б, В, Г жəне Д.
Ғимарат пен құрылымның өртке төзімділігі деп олардың өрт жағдайында-
ғы жоғарғы температураға төзімділігін сақтайтын қабілетін айтамыз. Өртке
төзімділік ғимарат салынған материалдар мен құрылыс конструкциялардың
жану топтарының қайсысына жататындығынан тəуелді: жанатын, аз жанатын
немесе жанбайтын.
Жану топтары мен конструкциялық элементтердің өртке төзімділігінен
тəуелді барлық ғимараттар мен құрамдар бес өртке төзімділік деңгейіне бөліне-
ді:
І, ІІ, ІІІ, ІҮ жəне Ү.
Геология-барлау жұмыстары кезінде өрт қауіпсціздігін қамтамасыз ету
бойынша негізгі шаралар. Өндірістік ғимараттар мен құрылымдардың өртке
қарсы қорғанысы оларды жоспарлау кезінен бастап қарастырылады жəне өртке
төзімді құрылыс конструкцияларды таңдау, өртке қарсы бөгеттер құру, эвакуа-
ция жолдары мен өртке қарсы сумен қамтамасыз етуді жоспарлауда, өрт сөнді-
ру жұмысының жүйесін таңдау сияқты белгілі жоспарлаушы шешімдерден
тұрады.
Кез-келген өндірісте территория мен ғимараттарда əрқашан тазалық пен
тəртіп сақтау жөне. еден, жиһаздарды төгілген оңай жанғыш жəне жанғыш
сұйықтықтарды жүйелі түрде тазалап тұру керек, майланған едендерді май ке-
тіретін сұйықтықтармен жуу керек.
Мысалы, ыстық каутикалық содамен. Мұнай өнімдерінің төгілген жерін та-
зарту қажет жəне үстінен құм төгілуі тиіс.
Жұмысты бітіргеннен кейін барлық өндірістік ғимараттарды өрт
қауіпсіздігіне жауап беретін тұлға тиянақты түрде қарап шығып, өрт қаупі бар
кемшіліктер табылған жағдайда дереу түзеу керек.