30
Гигиеналық шараларда сəулеленудің ақырғы шекті деңгейін, еңбек режимі
мен демалуды, кəсібіне қарай энергия əсерін бақылаймыз. Жаңа құрылыс
жобаларын бағалауда өндірістік мекемедегі жəне радиотехникалық обьектідегі
санитарлы ережелерді, пайдаланушы жəне сыналушы құрылғыларды, ЭМП-
ның радио жиілілігін бақылау керек.
Емдеу-профилактикалық шаралар алдын ала жəне кезеңді дəрігерлік
тексеруді жүргізуді қарастырады.
Инженерлік-техникалық шаралар қызметкерлердің жүмыс орындарында
электромагнитті сəулелер деңгейін ЭМП-дан қорғау қүралдарын қолдану,
бөлмені рационалды жобалау жолының рүқсат етілген деңгейінен аспайтын
мəнге дейін төмендетуге бағытталған қорғаныс шараларының кешенін іске
асыруға бағытталған.
Жеке жоғары жиілікті қүрылғылар жəне қондырғылардың басқа түрлерінің
арасындағы қашықтық 2 м-ден аз болмауы керек.
Жұмыс орнының мөлшері технологиялық процестің ерекшеліктерімен
анықталады. Басқару щиттері құрылғы қоршауларынан тыс орналасады.
Бірнеше қүрылғылар болған жағдайда оларды бір жерге біріктіреді. Басқару
щиттерінің жүмыс орындарының ені 1,2 м-ден аз емес, жылыту
қондырғыларында — 0,8 м-ден аз емес.
Радиосəуле көздерімен жүмыс жасау үшін бүрыштағы бөлмелер немесе
жартылай жертөлелер жəне төменгі қабаттардағы бөлмелер пайдаланылады.
Олар басқа бөлмелерден оқшаулануы керек жəне тікелей сыртқа немесе дəлізге
шығу есіктері болуы қажет. Бөлмелер, аралас бөлмелердегі ППЭ 0,5 мкВт/см
2
аспайтындай орналасуы керек. Бөлмелердегі ауа температурасы жылдың суық
мезгілінде +16/+20
}
С болуы керек.
Электромагнитті толқындардың бөлме қабырғасына шағылуын азайту үшін
жəне мұнда өлшеу нəтижесінде болатын бұрмалануды азайту үшін, қабырғалар
мен төбені аз шағылысу коэффициенттері бар бояумен (əк тас, бормен ақтау,
акварельды бояу ) жабу керек.
Жұмыстары аппаратураға қызмет көрсетумен байланысты емес адамдарға
бұл бөлмелерде болуға рұқсат етілмейді. Электромагнитті өрістерден
қорғаудың техникалық құралдары сəулелендіруші энергиясын жұтатын жəне
шағылыстыратын құбылыстарды пайдаланумен дайындалады. Шағылысу
ұстанымында оларға түсетін сəулелендіру энергиясын шағылыстыратын
материалдардан экрандардың əртүрлі түрлері жасалған.
Экрандық материалдардың қасиеттерін сипаттау үшін экрандау тиімділігі
(өрістің кернеулілігі бойынша)ұғымын пайдаланады.
Э=Н/Н
э
,
мүнда Н – сəулелендіру көзімен құрылған өріс кернеулігі; Н
э
- экраннан тыс
өріс кернеулілігі.
Экранды қасиеттері бар материалдар жалпы жəне жеке қорғанысты жасауда
кеңінен қолданылады. Экрандау үшін қазіргі кезде түрлі металдардан (қүрыш,
дюраллюминий, жез, мыс) табақша беттер қолданылады. Металл табақ
беттерінің экрандау мүмкіндіктері өте жоғары, бұл табақшаның беттік
материалын жəне қалындығын тандауда, ең бастысы, оның механикалық
31
беріктігі, конструкцияның элементтеріне дəнекерлеу жəне бекіту ыңғайлылығы
есептеледі. Көп жағдайларда фольганы пайдаланады. Сəулеленудің төменгі
жиілігінде экрандар үшін жоғары магнитті өтімді орталы материалды (қүрыш)
таңдайды. Жиі экрандар үшін металл торлар қолданылады. Олар 50-55 дБ
əлсіреулерін береді.
Металлданған қабатты радиоқорғаныс əйнегі - оптикалық мөлдірлікпен
экрандық қасиетті үйлестіретін қорғаныс материалы. Металданған қабат бұл
жартылай өткізгіштік қасиетті қалайы қышқылының өте жүқа мөлдір үлбірі,
ол жай силикатты əйнекке жағылады. Үлбір электронды өткізгіштігіне қарай
экрандық əсер береді. Осындай əйнекпен жасалынған 0,8-150 см толқындағы
қуатты əлсірету ЗОдБ (100 есе) құрайды. Бұл қорғаныс материалын -50 ден +
100°С дейін температурада жəне ауаның қатысты 95% ылғалдылығында
пайдалануға болады. Əйнектерді 650x500 мм мөлшерде 4 мм жəне одан көп
қалындықта шығарады. Экрандау үшін тағы да əйнек блоктар қолданылады.
Блоктармен жасалынған 0,8-150 см толқындар диапазонындағы қуатты
əлсірету, шамамен 25 дБ(300 есе).
Микроөткізгішті мақта-мата матасы. Матаның экрандық қасиетін оның
қүрылымындағы өте жүқа мыс сымдардан (диаметрде бірнеше микрон)
тұратын қалың тор береді. Сым м/м жіптерімен оралады, жəне мата тоқылады.
Алынған металды тордың жарықта 0,5мм шамасында ұяшықтары бар.
Қорғаныс матасын толқындардың 0,8 см жəне одан көп ұзындығында қолдану
ұсынылады. Мата электр қауіпсіз, себебі микроөткізгіш эмальды оқшауланған.
Матаның қорғаныс қасиеті ортаның -40 тан +100°С дейін температурада 98%
дейін қатысты ылғалдылықта сақталады.
Жұту қасиеттері бар материалдар. Жұту материалдарында электромагнитті
энергия жылу жоғалтулары түрінде таралады. Мұндай материалдардан
жабындар көпқабатты болады, қабаттардың өткізгіштігі толқындардың өту
тереңдігімен өседі. Түрлі өткізгішті қабаттар, бірлікке жақын диэлектрикалық
көргіштікті пластмассалармен бөлінеді. Материалдардың жұту қасиетін
сипаттау үшін, ең бастысы, материалмен шағылысқан СВЧ қуатының
құлаушыға қатынасын көрсететін қуаты бойынша шағылу коэффициенті
қолданылады. Жұту қасиеті бар материалдар тар жəне кеңдиапазонды болып
бөлінеді.
СВЧ-энергияның үлкен жəне орта қуаттарында графитоцементті
толтырғыштармен жұтқыштар қолданылады.
Аппаратураға электр тізбегін жеткізу , ережеге сай, экрандалған
кабельдермен іске асырылады. Экрандалған кабинаға немесе бөлмеге кабельді
ендіруде кабельдің экранды оплеткасы мен кабель арасында электр
байланысын қамтамасыз ету керек, ол экрандалған ауыспалы штепсельді
ажыратқыштарды қолдану арқылы жүзеге асады.
Жеке қорғаныс құралдары жеткіліксіз жалпы қорғаныста қолданылады.
Бүкіл денені қорғау үшін капюшонды жəне бахилалы комбинезондар
қолданылады. Басты жəне дененің жоғарғы жағын капюшонды жабылғымен,
дененің орта бөлігін — халатпен қорғайды. Бұлардың бəрі микрожетекті мақта-
мата матасынан жасалынады. Көзді қорғау үшін шағылысатын əйнекті