26
Нақтылық:
Ең үлкен
< 0,15
I
кішіре
к
қаралау
5000
1500
Үлкен
0,3-0,5
III
орташа
2000
500
Күрделі:
> 5,0
IV
-
-
-
150
Жарықты өлшеу үшін люксметр (Ю-16) қолданылады. Ол ауыстырмалы
қондырғы. Люксметр жарыққа əсерлі фотоэлементтен, жарықсіңдіргіш жəне
жарықсіңдіргіш фотоэлементтен тұрады. Жарыққа əсерлі фотоэлементке жарық
түскенде жарық энергиясы электрлікке трансформатталады. Электрлік ток
шкаласы бар электр өлшегіш приборға барады. Көздің шаршау дəрежесі сыр-
ттай сыртқы кернеудің əсеріне байланысты.
Мұндай процестерге: аккомодация, конвергенция жəне адаптация жатады.
Аккомодация – көздің қарашығының өзгеруі арқылы заттарды əр түрлі
қашықтықта жақсы көру үшін үйрену. Бұлшықтарының қатты шаршауынан
алыскөргіштікке жəне жақын көргештікке əкеліп соқтырады.
Конвергенция – көздің затты жақыннан көргенде, оның көргіш сəулелері
сол затта фокустың қиылысқан қасиеті.
Адаптация – көздің сезу əсерінің өзгеруі оны зақымдау əсеріне байланысты.
Көздің адаптациясы жарық деңгейінің өзгеруінде тез ауысады.
Табиғи жарықтану көзге пайдалы əсерінен басқада, адамның денесіне
жақсы психологиялық əсер тигізеді. Сондықтан барлық ғимараттар санитарлық
нормалар мен ережелер бойынша табиғи жарықтануды қолдануы керек.
Өндірісте
табиғи
жарық
болғанда
технологиялық
процестер
(фотозертханалар) болады.
Табиғи жарық тек қана көру мүшесіне ғана емес, сонымен қатар жалпы
адам ағзасына жəне психологиялық тұрғыдан əсер етеді. Осыған байланысты
бөлмедегі табиғи жарық санитарлы нормалар мен ережелерге сай болуы керек.
Егер табиғи жарық норма бойынша жеткіліксіз болса, оған жасанды
жарықты қосамыз. Мұндай жарықтандыру аралас деп аталады. Аралас
жарықтандыру өндірістік ғимаратта негізінен нақты, өте нақты жəне таза
жұмысты орындау үшін жобаланады.
Жасанды жарық шам жəне газды разрядты шам арқылы жүреді. Жұмыс
орнының жарықтылығы көрудің оптимальды жұмыс жағдайына берілген
обьект мөлшерінде жүруі керек. Жарықтың жоғарылауы өндірістік еңбектің
өсуіне қарай болады. Сонымен қатар бір шекте болу керек, өйткені жоғары
жарықтылық керекті эффектіні бере алмайды.
Қазіргі таңда өндірісте төмен жəне жоғарғы қысымды газды-разрядты
шамдар кеңінен қолданылып келеді. Газды-разрядты шамдардың негізгі
ерекшелігі оның үнемділігінде. Бұл шамдардың жарықтық берілісі шамамен 30-
80лм/Вт, шамның жарық бөлуін 3-4 есе көтереді. Оның қызмет ету мерзімі
10000 сағатқа дейін. Газды-разрядты шамдардың бір кемшілігі орта
температурасына қарай дросселді шу тудырады жəне қосу схемасы күрделі
(қиын) болып келеді.
27
Құрылыс нормалары мен ережелерде көру жұмыстарының сегіз разряды
ұсынылған – нақты жоғары жұмыста (1 разряд) жұмысқа дейін, жалпы
өндірістік процестің жүруіне байланысты (7 разряд). Негізгі табиғи жарық
коэффициентін таңдауда бірінші 7 разрядтарда обьект өлшемі ұсынылған, сол
арқылы талап еткен дефектердің əсері (мысалы, нүкте, жолағы, дақ жəне т.б.)
қаралады.
Қос қабатты жарықтандыруда табиғи жарық коэффициентінің минимальды
мəні бөлменің ортаңғы нүктесінде нормаланады. Минимальды табиғи жарық
коэффициенті жұмыстың дəлдігіне қатысты жоғары жəне комбинирленген
жарықта шамамен 10-нан 2, бір бетті жанама жарықта 3,5-тен 0,5 дейін
нормаланады.
Өндіріс ғимаратындағы жұмыстың минимальды жарықтылығы жасанды
жарықпен бірге көру жұмысының сипатымен жəне құрылыс нормалары жəне
ережелерімен ұсынылады. Бұл нормалар бөлімдік сипатта жүреді. Оның
негізінде жекеленген өндірістік нормалар өңделеді.
Жоғарыда айтылғандай обьект көлемі мен көру жұмысының жағдайына
байланысты барлық көру жұмыстары сегіз разрядқа бөлінеді. 1-ші разрядқа
жоғары дəлдіктегі көру жұмыстары жатады (обьектінің минимальды өлшемі
0,15мм кем емес); 4-ші разрядқа өте аз дəлдіктегі жұмыстар (обьектінің
минимальды өлшемі 5мм көп). УП разрядтарына жарықтандырғыш
материалдар мен ыстық цехтағы бұйымдар жұмысы жатады. 7 разряд
жұмыстары - өндірістік процестердің жалпы жүруімен, халықтың тұрақты
немесе периодты қатысуымен жүреді.
Алғашқы бес разрядта, оның ішінде төрт разрядқа (а,б,в,г) нормалануы
обьектінің минимальды өлшеміне ғана емес, обьекті фоны мен сипатына
қатысты болады. Жарықтылықтың көп нормалануы 5000лк (разряд 1а), аздаған
–30лк құрайды. Мұндай жарықтылықта қандай да бір құралда жазу енгізуге
болмайды. Көру жұмысының қиын жағдайында, өндірістік жарақаттың
потенциалды қауіптілігінің жоғарылауы немесе санитарлы жағдайды күшейту
талаптары , жарықтың нормаланған деңгейі жоғары немесе төмен болуы керек.
Алғашқы төрт разрядта комбинирленген жарық жүйесін пайдалануды ұсынады,
жарық қажет болған кезде, жалпы жарық жүйесінде үлкен электр энергиясының
шығынын кетірмеуді талап етеді.
Жергілікті жарықтандыруда қолданылатын жарық шамында жалпы
жарықтылық жұмысы 10% құрау керек. Мұндай кезде жарық шамының жалпы
жарықтылығы шамамен 500-150лк, газды-разрядты шамдар үшін 100-50лк болу
керек.
Жалпы жарықтандыру жүйесінде комбинирленген нормада газды-разрядты
шамдарды қолдану ұсынылады. Люмининесцентті шамдарда 1,5
Ⅰ-Ⅲ разряд
жұмыстарында максимальды жарықтылық минимальды жарықтылықққа норма
көрсеткіші бойынша ауыспауы керек, басқа 2; 1У-УП разрядтарында 1,8-3
қатысты болу керек. Жүру жарықтылығы жұмыс зонасы жарықтылығынан кіші
болуы мүмкін, бірақ газды-разрядты шамдарда 75лк кіші емес.