46
Кез-келген катастрофа - жарақаттаушы сипаты бар ошақ құруға негіз
болады, ал əрбір ошақ – бұл төтенше жағдай.
Төтенше жағдай – белгілі аймақта апат, стихиялық немесе катастрофа
нəтижесіндегі, адам өліміне, олардың денсаулықтарына, қоршаған ортаға жəне
шаруашылық объектілеріне қоныстың материалдық шығыны жəне іс-əрекет
жағдайын бұзуға əкелетін жағдай. Кездейсоқ оқиғаның негізгі көрсеткіші
болып деструктивті процестер табылады, оларды қалыпқа келтіру үшін
қосымша күштерді жəне жабдықтарды, ординарды емес шешімдер қажет.
Төтенше жағдайлар 3 негізгі түрі бойынша жіктеледі:
1. Пайда болу сферасы бойынша
2. Шығу тегі бойынша
3. Ораналасу масштабы бойынша
Кездейсоқ оқиғалардың пайда болу сферасы бойынша төменге бөлінеді.
- табиғи
- техногенді
- конфликті
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:
- геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкандар);
- геологиялық қауіпті құбылыстар (жарылыстар, тасқындар, қар көшкіні);
- метеорологиялық жəне агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар
(дауылдар, қатты аяз, құрғақшылық жəне т.б.);
- теңіздік гидрологиялық қауіпті құбылыстар (көл деңгейінің қатты
толқыны, мұздардың жарылуы жəне т.б.);
- гидрологиялық қауіпті құбылыстар (су тасқыны, топырақ суы деңгейінің
өсуі);
- табиғи өрттер (ормандық, жайлаулық жəне т.б.);
- халықтың жұқпалы аурумен ауруы (эпидемия);
- ауылшаруашылығы
жануарларының
жұқпалы
аурумен
ауруы
(эпизоотия);
- ауылшаруашылғы
өсімдіктердің
аурумен
жəне
зиянкештермен
зақымдануы (эпифитотия);
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:
- өндірістік
- транспорттық
апаттар (темір
жол
поездары
катастрофалары,
аваиакатастрофалар, автомобильдік апаттар, магистральды шығындардағы
авариялар);
- өрттер (жарылыстар);
- қалдықты апаттар (қалдықтардың қауіптілігі) СДЯВ;
- қалдықты апаттар (қалдықтардың қауіптілігі) радиоактивті заттар;
- қалдықты апаттар (қалдықтардың қауіптілігі) биологиялық қауіпті заттар;
- бекіністің кенеттен бұзылуы;
- электр-энергетикалық жүйелердегі апаттар;
- коммуналды жүйедегі апаттар;
- тауар бекіністері апаттары;
- гидродинамикалық апаттар;
47
Конфликті сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:
- қаруланған жабылыс;
- жекелеген аудандардағы қорқыныш (наразылық);
- қазіргі жаңа жабдықтарды соғыс кезінде күресте қолдану;
Шығу тегі бойынша төтенше жағдайлар төмендегідей кездейсоқ оқиғаларға
бөлінеді:
- құрылыста;
- өндірісте;
- транспортта;
- ауыл шаруашылығында;
- орман шаруашылығында;
- коммуналды-тұрмыстық сферада халыққа қызмет көрсетуінде;
- транспортты коммуникацияда (газшоғырлары, мұнай шоғырларында);
Кездейсоқ оқиғалардың таралу масштабы бойынша төмендегідей бөлінеді.
- объективті (цехтың салаларының таралуы, объект орналасумен
шектелген);
- аймақты (таралыс қоныс, район, облыспен шектелген);
- аудандық (бірнеше облыстармен шектелген);
- глобальды (ҚР территориясында салалардың таралуы жəне бірнеше
мемлекеттік шектелген);
Қазақстан Республикасында практикалық түрде табиғи жəне техногенді
төтенше жағдайдың барлық түрлері вулкан, тайфун, құйын, циклон, табиғи
торфты өрттер кіреді.
ҚР-дағы төтенше жағдайларды тадау жəне тіркеу. Кездейсоқ оқиғалар
факторларын ескеру, қала аймағында, облыс аймағында өткен. Төтенше
жағдайды тіркеу мен талдау жұмыстарын қала, облыс территроиясында
қалалық жəне облыстық ТЖ басқармалары атқарады.
Төтенше жағдайлар пайда болуына қарай төмендегідей бөлінеді:
1. Соның ішінде техногенді төтенше жағдай:
- тасымал апаттар жəне қауіпсіздік ережелерін бұзу;
- өндірістік жəне тұрмыстық өрттер мен жарылыстар;
- өндірістік апаттар жəне қауіпсіздік ережесін бұзу;
- өмірді қамтамасыз ету жүйесіндегі апаттар;
2. Соның ішінде табиғи төтенше жағдай:
- гидрометеорологиялық қауіпті құбылыстар;
- табиғи өрттер;
- қауіпті жұқпалы аурулар жəне адамдардың улануы;
- жануарлардың массалық жəне қауіпті аурулары;
- өсімдіктер зиян кештерінінің массалық таралуы;
- судағы құбылыс, 2 баллдан үлкен жер сілкіністері;
ТЖ-ғы халықты өміртіршілігімен қамтамасыз етудегі Азаматтық
қорғаныстың жұмысы мен ролі:
ҚР-ның Азаматтық қорғанысының құрамды бөлігі халықтың өмірін,
экономикасын жалпы зақымдаушы факторлардан, сондай-ақ стихиялық
48
əсерлерден, күрделі апаттар мен катастрофалардан қорғаудың мемлекеттік іс-
шараларын атқарады.
Азаматтық қорғаныстың орны жəне рөлі елдегі геосаясаттың ережесін,
мемлекеттік жəне əлемдік ұйымдағы саяси қатынас жағдайын, экономика,
əскерлік доктрина жəне мемлекеттің əскерлік құрылыс облысының жағдайын,
өсу деңгейін анықтайды.
АҚ төтенше жағдайларда халықтың өмірін қамтамасыз ететін негізгі
бірінші дəрежелі ұйымдарға жатады.
ҚР-ң Азаматтық қорғанысының құрылу принциптері жəне функционалдың
ұйымдастырылу принциптері негізгі мəселесі орталық, жергілікті жəне
атқарушы органдардың, ұйымдардың, азаматтардың құқығы мен міндетін 7
мамырда 1997 жылы шыққан ҚР заңы “Азаматтық қорғаныс” бойынша
анықталады.
Азаматтық қорғаныс – бейбітшілік жəне əскери уақытта халықты,
ұйымдарды жəне территорияларды зақымдаушы факторлардың əсерінен, қазіргі
заманғы зақымдау құралдарынан, табиғи жəне техногенді сипаттағы төтенше
жағдайлардан қорғаудың мемлекеттік іс-шараларды басқару органдарының
жиналған мемлекеттік жүйесі.
АҚ-ң негізгі мəселелері:
1. ұйымдастыру, ТЖ жағдай əсеріне тұрақты дайындау;
2. АҚ-ң күштерін құру, төтенше жағдайлар кезіндегі дайындығы;
3. орталық жəне жергілікті органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін,
халықты дайындау;
4. радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) орындарды
барлау жəне зертханалық бақылау;
5. қажетті қорғаныс қаруларының қоры болуы;
6. осы комплекстік жиналыстарды жүргізу;
7. Əсер етуші орындарда халықты жəне жергілікті атқару орындарының
өмірін жəне халықтың денсаулығын қорғау;
АҚ құрылуы, белгіленуі жəне пайда болуының белгілері. АҚ адам өміріне
бейбітшілік жəне соғыс уақыты кезіндегі төтенше жағдайлардан қорғауда
апаттық-құтқару жəне басқа да шұғыл жұмыстарды атқару мақсатында
құрылады.
АҚ қалыптасуы территориялық - өндірістік принциптері бойынша
ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады жəне территориялық
жəне обьектілік болып бөлінеді.
АҚ – негізгі түрлері:
- құтқарушы құрылымдар;
- инженерлік құрылымдар;
- АҚ жəне ТЖ қызметінің құрылымы.
Əдебиеттер: негізгі [8-10; 20]; қосымша [23, 24]
Бақылау сұрақтары:
1. «Азаматтық қорғаныс туралы» жəне «Табиғи жəне техногенді сипаттағы
төтенше жағдайлар» туралы ҚР-ның заңдары;
Достарыңызбен бөлісу: |