Казахстан республикасы бiлiм және ғылым министiрлiгi



жүктеу 0,77 Mb.
Pdf просмотр
бет6/28
Дата22.05.2018
өлшемі0,77 Mb.
#16092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

16

қауіпті  факторлар  физикалық, химиялық, биологиялық  жəне  психофизикалық

класстарға бөлінеді.

Өндірістегі  қауіпсіздік  талаптарын  бұзғанда  жұмысшылардың  алған

жарақаты - өндірістік жарақат деп аталады.

Қауіпті  жарақатты  өндірістік, өндірістік  емес  қауіпті  жарақаттар  жəне

тұрмыстық  қауіпті жарақат деп бөледі.

Өндірістік емес қауіпті жарақаттарға:

- жұмысқа барар жолда немесе қайтар жолда орын алған жағдайлар;

- бос  уақытта  əкімшіліктің нұсқауының, ұйымның мүддесін орындау негізінде

орын алған жағдайлар;

- жұмыстан бос кезде мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді жəне одақтық

партиялық  ұйымдардың  мəселелерін  шешкенде, бұл  міндеттер  мен

тапсырыстар негізгі жұмыспен байланысты болмағанда.

Тұрмыстық  қайғылы  оқиғаларға  үй  жұмысын  орындағанда, тұрмыстық

электр-қондырғыларын  пайдаланғанда, жер  сілкінісінде, селдерде, тасқын  су,

қар көшкінінен болатын стихиялық апат жағдайлары жатады.

Ауырлық дəрежесі жағынан қайғылы жағдайлар жеңіл, ауыр жəне өліммен

аяқталатын болып бөлінеді.

Жұмыс уақытысында (бекітілген үзілістерді қосқанда), өндіріс құралдарын,

киімін  қалыпқа  келтіруге  қажет  уақыт  ішінде, жұмыс  аяғы  мен  басында,

сонымен  қатар  мерзімнен  тыс  уақытында, демалыс  жəне  мейрам  күндері

жұмысты орындағанда болатын қайғылы жағдай тексерілуге тиісті.

Комиссия 24 сағат  ішінде  қайғылы  жағдайдың  себебін  жəне  жағдайына

тексеріс  жасап, төрт  данада  акт  құрастырып, кəсіпорын  бастығына  бекітуге

беру керек.

Жарақатты  талдау. Қайғылы  жағдайдың  алдын  алу  үшін, еңбек  жағдайын

жақсарту үшін өндірістік жарақатқа талдау жасаудың маңызы зор.

Өндірісте  алған  жарақаттың  себебін  талдауға  бірінші  ең  маңызды  этап –

қайғылы  оқиға  болған  орында  оқиғаның  себебін  жəне  жағдайын  жан  жақты

тексеру.

Жарақатты  талдауға  келесі  этап – кəсіпорын, ұйым  жəне  министрлік

бойынша жарақат материалдарын талдап қорыту.

Жарақаттануды  талдау  кварталдағы, 1 жылдағы, бес  жылдықтағы  жұмыс

нəтижелері  бойынша  жүргізеді. Жарақатты  талдаудың  келесі  əдістері

қолданылады: техникалық, топографиялық, монографиялық, статистикалық

жəне топты.

Геологиялық  барлау  ұйымдарында  алынған  жарақатты  талдау  кезінде,

қайғылы жағңдайларды – жұмыс түрі, материалды фактор, мамандығы, жарақат

алған адамның жасы мен стажы бойынша, қайғылы жағдайлардың болған орны,

уақыты жəне күрделілігі, ұйымдық себеп бойынша бөледі.

Ұйымдастырушылық 

себептер – бұл 

жұмыс 


процесін 

дұрыс


ұйымдастырмау, атқарушыларға  қауіпсіз  жұмыс  əдістерін  толық  үйретпеу,

жұмыс  технологиясын  бұзу, техникалық  басқару  жағынан  бақылаудың  əлсіз

болуы, жұмысшылардың  қорғау  əдістерімен  нашар  қамтамасыз  болуы,

қауіпсіздік техникасының ережесін бұзу жəне т.б.




17

Техникалық  себептерге – техникада  жəне  техникалық  өндірістегі  себептер

жатады. Бұларға  қондырғыда, құралда, бақылау-өлшегіш  құралдарда,

шектеулерде  конструкцияларының  жетіспеушілігі,  жетілмеген  технология,

сонымен  қатар  қажет  құралдармен  механизмдердің  болмауынан, адамдарды

қауіпті зонада болуын талап ететін технология жəне т.б.

Санитарлы-гигиеналық  жағдайларға  ауаның  ластануы, жеткіліксіз

жарықтану, шу, вибрация,  жеке гигиенаны бұзу жатады.

Объективті-табиғи себептерге стихиялық апаттар (жер сілкінісі, тасқын су,

сел, найзағай  жəне  т.б.) жатады  жəне  де  ол  ұйымға  немесе  өндіріс

технологиясына қатысты емес.

Өндірістік  санитария  жəне  еңбек  гигиенасы. Геологиялық  ұйымдарға

алынатын  адамдар, денсаулық  жағдайын  жан-жақты  тексеру  үшін  жəне  бұл

адамдардың  геологиялық барлау  жұмыстарында  жұмыс  істеуге мүмкіндігі  бар

деген  қорытынды  алу  үшін  алдын  ала  медициналық  тексерістен  өтуі  керек.

Сонымен қатар, олар жұмыс үрдісін де кезеңдік медициналық тексерістен өтеді,

жəне  мамандығы  бойынша  ауруы анықталса, онда  олар өндірістік  зияндықпен

байланысты емес жұмыстарға ауыстырылады.

Негізгі  ғимараттарды  салғанда, желдену  жəне  табиғи  жарықтану

жағдайлары, олардың бір-біріне кері əсер тигізуін азайту жағы ескерілуі қажет.

Ғимарат  пен  ғимараттардың  арасында  санитарлы  алшақтықтың  болуын

санитарлы нормалар қарастырады.

Басты  гигиеналық  талап – бір  іскерге  бөлменің  көлемі  мен  ауданының

жеткіліктігі. Бір  іскерге  көлемі -15м

3

, ауданы – 4,5м



2

  жəне  биіктігі – 3,2м

жоғары болмауы тиіс. Өтпелдердің биіктіктері 1,8м болу тиіс.

Өндірістік  бөлмелердің  ауа  ортасы  мен  микроклиматы. Өндірістік

бөлмелердің микроклиматы дегеніміз – адамның ағзасына температура арқылы

əсер  ететін, ауа  қозғалысының  ылғалдылығы  мен  жылдамдығымен

анықталатын ішкі ортаның климаты.

Кесте-1


Өндірістік ғимараттың жұмыс зонасындағы оптимальды температура

нормалары, қатысты ылғалдылық жəне ауаның қозғалыс жылдамдығы

Жыл мезгілі   Жұмыс

дəрежесі


Температура, С  Қатысты

ылғалдылық,%

Ауаның

қозғалыс


жылдамдығы,

м/с


Салқын  жəне

ауыспалы


Жеңіл

Орташа ауыр

20-23

18-20


16-18

60-40


60-40

60-40


<0,2

<0,2

<0,3

Өндірісте 

микроклиматтың 

жағдайларының 

күйін 

бақылау –



жұмысшылардың  кəсіптік  ауруларына  ескертуге  бағытталған  жиынының  бірі.

Ауа  жəне  ылғалдықты  өлшеу  үшін  термометрлер  мен  аспирациялық

психрометрлер  қолданылады. Ауа жылдамдығын өлшеу үшін қанатшалы жəне

табақшалы анемометрлерді пайдаланамыз.

Таза  атмосфералық  ауаның  құрамы 2 кестеде  көрсетілген. Өндірістік

бөлмелердің ауасы атмосфералық құрамы бойынша ажыратылады.




жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау