Каз Мектеп-12-2016. indd



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет17/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50

33
www
.kazmektep.kz
кент, Атырау облыстарында бір жинақты бастауыш мектептер саны 129-ға, 
екі жинақты – 46-ға қысқарып, ал үш жинақты мектептер 54-ке көбеюі тиіс 
болды. Сегіз жылдық мектептер саны 72-ге, екі және үш параллельді сынып-
ты орта мектептер саны 53-ке артуы қажет болды. Оқу ағарту  министрлігі 
1971 жылғы 3 наурызда Педагогикалық ғылымдар ҒЗИ ғылыми-практикалық 
жұмысы  нәтижесін  мақұлдады  және  республиканың  географиялық, 
демографиялық, ұлттық, экономикалық ерекшеліктерін ескере отыра халыққа 
білім беру бөлімдері үшін әдістемелік   ұсыныстар әзірлеуді ұсынды. 
11-ші  бесжылдықта  (1981–1985  ж.)  институттың  ғылыми-зерттеу 
жұмыстары жалпы білім беру және мамандандырылған мектеп реформала-
рын жүзеге асыруға және сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарының 
тиімділігін, зерттеу нәтижелерін республикадағы  мектеп, мектепке дейінгі 
және мектептен тыс мекемелерде өмірге енгізуге бағытталды (ОММ ҒТҚ Қ. 
104, 2 т., 1073-іс, 1-10 п.). 
1983–1986  жылдары  Институт  КОКП  және  Кеңес  үкіметі  шешіміне 
сәйкес,  әлеуметтік,  мәдени  және  ғылыми-техникалық  прогресті,  Қазақ 
КСР  ерекшелігін,  қызметкерлердің  саяси  және  адамгершілік  тәрбиесін 
қалыптастыруды,  республикада  ғылыми-педагогикалық  білімді  насихаттау-
ды ескере отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және білім беру мәселелерін 
шешумен  айналысты.  Озық  педагогикалық  тәжірибе  негізінде  институт 
қызметкерлері білім мазмұнын жетілдіру, білім беру және тәрбие тетіктері, 
тәсілдері мен түрлері мәселелерін зерттеді. 
Жалпы орта білім беру мектептерін қайта құру талаптарына сәйкес КСРО 
ПҒА үйлестіруімен 1990–1995 жылдары институттың негізгі педагогикалық 
зерттеу бағыттары анықталды: 
–  Үздіксіз  білім  беруді    жүзеге  асыру  жағдайындағы  білім  берудің 
ғылыми-әдістемелік негізі мен мазмұны (11 тақырып);
–  Педагогика    ғылымдарының    әдіснамасы,    тарихы    мен    теориясы               
(2 тақырып);
– Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу  (1 тақырып).
Ғылыми  Кеңесте  1990–1995  жылдарға  арналған  ғылыми-зерттеу 
жұмысының кешенді бағдарламасы талқыланып, бекітілген болатын.
Сонымен  қатар,  жаңа  құрылымды  және  бағдарламалардың,  ғылыми-
әдістемелік  әзірлемелер  мен  құралдардың  мазмұнына  эксперименталды-
тәжірибелік тексеру жүргізу базалық мектептер және мектепке дейінгі меке-
мелер желісі қайта қаралды. 
Жоғары  білікті  мамандарды  дайындау  үшін  институт  Абай  атындағы 
ҚазПИ-мен біріге отырып, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі 
бойынша ана тілінде қорғау құқығымен кандидаттық диссертациялар қорғау 
бойынша мамандандырылған кеңестің ашылуына арналған құжаттар дайын-
далды. 
КСРО педагогикалық ғылымдар академиясы Оқыту мазмұны мен 
әдістері ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалы
(1972–1992 ж.)
1972 жылы Алматыда Одақтық Педагогикалық ғылымдар академиясының 
Оқытудың  мазмұны  мен  әдістері  ғылыми-зерттеу  институтының  Қазақ 
филиа лы ашылды. Оның тұңғыш директоры п.ғ.к. С.Мусин болды. 
Филиалдың алдына қойған мақсаты – КСРО Оқу министрлігі бекіткен 
пәндердің (математика, тарих, қоғамтану, химия, физика, биология, геогра-
фия, т.б.) білім мазмұнының бағдарламасы мен оқыту әдістеріне сай туын-
дайтын проблемаларды зерттеу болды.
Филиалда  физика  мен  математиканы,  химия  мен  биологияны,  тарих, 
қоғамтану  мен  географияны  оқыту  зертханалары  құрылды.  Онда  30-дан 
астам ғылыми қызметкерлер еңбек етті. 1972–1975 жылдары бұл зертхана-
3. “Қазақстан мектебі” №12, 2016.


34
www
.kazmektep.kz
лар респуб лика мектептерінің жаңа бағдарламаларға көшу жайын зерттеді. 
Алынған  нәтижелер  республикадағы  қазақ  мектептері  оқушыларының 
білім  деңгейі  туралы  нақты  мәлімет  берді.  1975–1980  жылдардағы  зерт-
теу  жұмыстары,  негізінен,  оқушылар  білімінде  орын  алған  проблемалар-
ды  анықтауға  бағытталды.  1981–1985  жылдары  «Қазақстанның  ұлттық 
мектептерінде  оқытудың  тиімділігін  арттыру»  проблемасы  бойынша  қазақ 
мектептеріндегі оқыту үрдісінің тиімділігін жетілдірілген бағдарламалардың 
әдістемелік  аппаратын  қолдану  негізінде  арттыру  мүмкіндіктері,  ұлттық 
мектептегі  оқыту  үрдісінің  ерекшеліктерін  ескере  отырып  сабақ  беруді 
жақсарту жолдары зерттелді.
1986  жылдан  КСРО  Педагогика  ғылымдары  академиясының  Оқыту 
мазмұны  мен  әдістері  ғылыми-зерттеу  институтының  Қазақ  филиалын 
Р.Башарұлы басқарды.
1986–1991  жылдарда  «Ұлттық  (қазақ)  мектептеріндегі  оқытудың, 
тәрбиенің мазмұны мен әдістерін жетілдіру» проблемасы бойынша зерттеу 
жұмыстары жүргізілді. 
Жиырма жылда барлығы 600-ден астам ғылыми еңбектер жарияланды. 
Олардың  үштен  бірі  бағдарламалар,  оқулықтар,  әдістемелік  құралдар,  сол 
сияқты озат тәжірибелерді жинақтап насихаттауға да көп көңіл бөлінді.
Филиалдағы    зерттеу    жұмыстарынын    нәтижесінде    3    докторлық,                  
8 кандидаттық диссертация қорғалды. 
Егеменді  еліміздің  бұрынғы  Одаққа  бағынған  мекемелердің  қызметін 
жаңаша   құру   кезіндегі  Ы.Алтынсарин   атындағы   институтқа   Қазақ   
филиалы ның  қосылуы  (1992  ж.,  наурыз)  бүкіл  педагогикалық  ғылыми-
әдістемелік  зерттеулердің  басын    бір  орталыққа  біріктіріп,  жаңа  мүмкін-
діктерге  жол  ашты.    Енді    институт  педагогика  және  психология  ғылым-
дарының  түбегейлі  теориялық  мәселелерімен  де,  кезек  күттірмес 
практикалық    проблемалармен  де  айналысатындай  дәрежеге  жетті,  осыған 
орай ЬІ.Алтынсарин  атындағы  ғылыми-зерттеу  институтының  құрылымына 
да айтарлықтай  өзгерістер  енгізілді. Бұл ғылыми мекеме 1992 жылдан бас-
тап ЬІ.Алтынсарин  атындағы  Білім  проблемалары  институты  деп аталды.
жылдық шежiресi бар институттың негiзi әдiстемелiк орталық болып 
1935 жылы бiлiм саласының жанашыры, педагог  Керiм Тiленшиннiң 
ШАТТЫҚҚА  ТҰНҒАН  ШАҢЫРАҚ
Әнуарбек БЕЙСЕ,
Қазақстан  Журналистер  Одағының  мүшесі
70
басқаруымен ашылды. Орталықта алғашында 12  қызметкер жұмыс iстедi. 
Әдiстемелiк орталықты  ашудағы басты мақсаты – облыстың түрлi ауданда-
рында, ауылдарында жұмыс iстеп жүрген мектеп мұғалiмдерiне бiлiм сала-
сында болып жатқан түрлi  өзгерiстердi меңгерту, сабақ жүргiзудiң  тиiмдi 
жолдарын  көрсету  арқылы  әдiстемелiк    көмек    беру  болды.  Әдiстемелiк 
орталықтың  кәсiби  қалыптасуы  негiзiнде  мұғалiмдердiң  педагогикалық 
шеберлiгiн  көтеруге  бағытталған  жұмыстың  нәтижесiнде  1946  жылы 
әдiстемелiк  орталық – мұғалiмдердiң облыстық бiлiктiлiгiн  жетiлдiру инс-
титуты деген статусқа  ие болды.
1948 жылдың наурыз айында қабылданған Оңтүстiк Қазақстан  облыстық 
КП(б) қаулысына сәйкес Оңтүстiк Қазақстан  халыққа бiлiм беру бөлiмi жа-
нынан Абай  атындағы Оңтүстiк Қазақстан  облыстық  мұғалiмдердiң бiлiмiн 


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау