29
www
.kazmektep.kz
на қатыса отырып, кітапханаға, кітап оқуға деген қызығушылығы артады.
Кітап оқымайтын оқушылардың танымдық үдерісіне әсерін тигізеді.
Мұғалімдер өткізілген іс-шараның негізгі идеясын түсініп, ата-ана
мен оқушылардың қызығушылықтарын арттыра білді. Еліміздің ақын-
жазушыларын, композиторларын насихаттай отырып, кітапхана қорындағы
танымдық құндылықтарын таныта білді. Осындай қарқынмен басталған іс-
шара жалғасын табатындығына сенімдіміз.
«Тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді ұрпақ» олай болса, Тәуелсіздігіміз
тұғырлы, іргесінің берік болуы үшін білімді ұрпақ тәрбиелеп өсіру
ұстаздарымыздың басты борышы деп санаймыз.
Алматы қаласы.
2016 жылғы 21-22 қараша күндері Астана қаласында Қазақстан Республи-
касы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Балаға мейірімді Қазақстан» атты
халықаралық конференция өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстан
Республикасы Парламент Мәжілісінің, Қазақстан Республикасындағы балалар
құқығы бойынша уәкіл және Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ),
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтті.
Халықаралық конференцияның мақсаты – әлемдік стандарттарға сәйкес
балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша
халықаралық, ұлттық, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру және
конструктивті диалог құруды іске асыру үшін тұғырнаманы жетілдіру және одан
әрі дамыту.
Конференция жұмысына балалардың құқықтарын қорғау саласында оң
жетістіктерге жеткен және үздік іс-тәжірибелерімен бөлісуге дайын алыс
және жақын шетелдердегі балалар омбудсмендері, халықаралық ұйымдар мен
мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, шығармашылық зия-
лы қауым өкілдері, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген балалар қатысты
(шамамен 1000 адам).
Халықаралық конференция балалардың мүддесі мен құқықтарын қорғаумен
айналысатын қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ барлық
мүдделі мемлекеттік органдардың республикамыздағы балалардың құқықтарын
қорғау саласында жүзеге асырған жоспарлы жұмыстарының қорытындысы болып
табылады.
Конференцияда балалардың құқығын қорғау саласындағы барлық негізгі
аспектілерді қамтитын 12 бағыт бойынша жұмыс жүргізетін тақырыптық
алаңдардың жұмысына басымдық беріледі. Алаңдардың басты міндеті – 2015
жылғы 4-ші елдер баяндамасының қорытындысы бойынша балалардың құқығы
жөніндегі БҰҰ Комитетінің 70-сессиясындағы ұсынымдарды практикалық іске
асыру бойынша шаралар әзірлеу болып табылады.
Конференция аясында Астана қаласындағы Оқушылар сарайының базасында
республикалық балалар Форум-фестивалін өткізу жоспарланған.
Форум-фестивальде негізгі үш бағытта ұжымдық және жекелеген
шығармашылық жұмыстар ұсынылды: «Таңшолпан» – музыка және көркем
шығармашылық, «Балалар бастауы» – жобалық жұмыс (оның ішінде EXPO-2017
қатысушы балалар), «Жас өркен» –балалар мен жастар көшбасшылығы.
Балалар ғылым қалашығындағы мастер-кластарға, технопарк, медиаорталық,
пікір алмасу алаңдарына қатысты, планетарий, музыкалық сауаттылық бойынша
интерактивті сабақтар, судомоделдеу, робототехника, 3D-моделдеу және т.б. барды.
Министрліктің баспасөз орталығынан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ
25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «БАЛАҒА
МЕЙІРІМДІ
ҚАЗАҚСТАН»
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
30
www
.kazmektep.kz
Педагогика ғылымы: зерттеулер
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМДАР ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
(1966–1991 ж.)
(Соңы. Басы өткен сандарда.)
“П
едагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тиесілі базалық
тәжірибелік мектептер туралы” 1962 жылдың 22 қаңтарында
қабылданған Ережеге сәйкес, мұндай мектептер Педагогика ғылымдар инс-
титуты құрастырған, сондай-ақ облыстық, қалалық білім басқармалары
мақұлдаған жоспарларды орындауы тиіс. Базалық мектептердің жемісті
жұмысының мазмұны төмендегідей жайттардан құралған: оқу жоспа-
рын, бағдарламаларын, оқулықтарды, ғылым негіздерін оқыту тәсілдерін,
политехникалық және өндірістік білім беру әдістемелерін, білім алушылардың
практикалық қызметке даярлығын тексеру, оқу үрдісін реттеу, оқытушылар
ұжымын ұйымдастыру, саяси-идеологиялық, адамгершілік, еңбекқорлық,
эстетикалық, физикалық тәрбиелеу мәселелерін, тәрбие ісі жөніндегі
басшылық
жұмысын қарастыру, оқу жабдықтарының дұрыстығын тексеру.
Базалық мектеп тәжірибесінің жемісті жұмыстары республикадағы басқа
мектептерге жаппай әсер ете бастады (ОММ ҒТҚ Қ. 104, 1-6 т., 1511-іс, 1-5 п.).
Мектептерді әдістемелік нұсқаулықтармен, керекті әдебиеттермен қамтамасыз
ету, ауызша-жазбаша кеңес беру, мектеп тынысымен жұмысшыларды таныс-
тыру, ұстаздардың «педагогикалық оқулар» сынды іс-шараларға қатысуын
ұйымдастыру, мұғалімдерді ғылыми іссапарға жіберу, диссертация немесе
басқа да ғылыми басылымдарға көмектесу, ғылыми-педагогикалық конфе-
ренциялар өткізу – осының бәрі Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу инс-
титутына жүктелді (ОММ ҒТҚ Қ. 104, 1-6 т., 1510-іс, 1-4 п.).
«Мектеп жұмысын және КОКП халыққа білім беру бағдарламаларын
қайта құру туралы» Заңды жүзеге асыруда мұғалімдердің, педагогтер мен
әдіскерлердің тікелей атсалысуын талап ететін бірнеше алдыңғы қатарға
мәселелер қойылды. Үздік педагогикалық тәжірибені жинақтап, жер-жерге
тарату мақсатында 1951 жылдан бастап Алматы қаласында ҒЗИ қабырғасында
жылына бір рет шілде айында «Педагогикалық оқулар» өткізіліп келді
(ОММ ҒТҚ Қ. 104, 1-6 т., 2-іс, 14 п.).
Бұл жылдары Институт Моңғол Халық Республикасының (МХР)
Халыққа білім беру министрлігі жанындағы Ғылыми-зерттеу институтының
қазметкерлерімен тәжірибе алмасу бойынша белсенді байланыста болды
(ОММ ҒТҚ Қ. 104, 2 т., 1073-іс, 97-98 п.).
Тәрбие мен оқудың өмірмен байланысын нығайту, екінші жылға
қалуды толығымен жою, сабақтардың тиімділігін арттыру, балалардың
шығармашылық және өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, сондай-ақ
пәнаралық байланысты нығайту үшін 1963 жылы «Педагогикалық оқулар»
туралы жаңа Ереже бекітілді. «Педагогикалық оқулардың» негізгі мақсаты –
педагогикалық теория мен практикадағы жаңалықтарды қамту, алғы шептегі
мұғалімдер мен халықтық білім қызметкерлерінің жетістіктерін бүкіл ұстаз
бен білім қызметкерлерінің мақтанышына айналдыру болып белгіленді.
«Педагогикалық оқулардың» баяндамаларының үлгі тақырыптар топтамасын
Педагогика ғылымдары ҒЗИ әзірлеп, бекітетін болды (ОММ ҒТҚ Қ. 104,
1-6 т., 1670-іс, 1-4 п.)
Осы жылдары Педагогика ғылымдары ҒЗИ аса жоғары шығармашылық
белесте еді және үздік ғылыми-зерттеу институттарының қатарына кірді, ал