Каз Мектеп-12-2016. indd



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет13/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50

25
www
.kazmektep.kz
көптеген іскерліктер пәнаралық сипатта болады. Мысалы, 9-сынып тарихы 
бағдарламасында басқа іскерліктермен қоса, оқушылардың реферат жазуды 
үйренуі көрсетілген. Бұл іскерліктің ретроспективалық та, перспективалық та 
байланысы бар. Оны қалыптастырудың бастапқы кезеңі 8-сыныпта қазақ тілі 
мен әдебиеті пәнінде басталады. Осыдан соң бұл іскерліктің қажеттілігі тарих 
пәнінің бағдарламасында көрсетілген (9-сынып). Бұл іскерлікті қалыптастыру 
10-11 сыныптарда әдебиет пәні бойынша шығарма жазу кезінде аяқталады.
Тарих  сабақтарында  арнайы  жұмыстар  жүргізбейінше,  тарихи-сая-
си  тақырыптарға  реферат  жазып,  оны  қорғау  сол  бетінде  қалыптаспай 
қалатындығын тәжірибе көрсетті.
Пәнаралық  байланысты  жүзеге  асырудың  мынадай  тәсілдері  бар: 
мұғалімнің бұрын оқып, таныстырылған фактіні, түсініктерді, заңдылықтарды, 
идеяларды оқушы есіне түсіру; алдыңғы білімдерді қолдануды талап ететін  
сұрақтарды қоюы; қорытынды кестелер құру; оқушылардың басқа пәндердің 
деректерінің  негізінде  мәлімдемелер  мен  баяндамалар  жасауы;  тарих  пәні 
сабағы үстінде басқа пәндерден жазған дәптерлерін пайдалануы және осыған 
ұқсас  басқа  да  тәсілдерді  қолдану  жақсы  нәтиже  береді.  Пәнаралық  неме-
се пәнішілік байланысты оқушылардың мұғалім сауалына жауап бере оты-
рып өздері орнатқаны маңызды екендігі түсінікті. Бұл тәсіл оқушыға тәрбие 
беруші және дамытушы ықпалын жасайды, сонымен қатар, оның есте сақтау 
қабілетінің қаншалықты дамығандығын, логикалық тұрғыдан ойлай алуының, 
білім жүйесін құрастыра алуын көрсетеді. Сондықтан, еске түсіру мен білім 
синтездеуді  немесе  басқа  пәндерден  үйренген  іскерліктерін  жаңа  жағдайға 
пайдалануды қажет ететін репродуктивті, проблемалық сұрақтар мен тапсыр-
маларды беру – пәнаралық байланыстың басты мақсатын жүзеге асырудың 
маңызды  әдістемелік  тәсілі  болып  табылады.  Алайда,  бұл  тәсіл  барлық 
сыныптардың  сабақтарында  толық  қолданылмайды.  Оны  пайдаланудың 
тиімділігі сыныптың білім және іскерлік деңгейінің дамуына тәуелді болады.
Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды жүзеге асыруда оқушыларға 
басқа пәндерден алынған білім мен іскерліктерді пайдалануды талап ететін 
тапсырмаларды  орындау  немесе  проблемалық  сұрақтарға  жауап  беру  үшін 
бұрын  алынған  білім  мен  іскерліктерді  тез  еске  түсіруге  жәрдем  беретін 
бірқатар  дидактикалық  құралдар  да  бар.  Олар:  оқулықтар  мен  құжат 
мәтіндері, оқу кинофильмдері фрагменттері, мәтіндік және сандық кестелер, 
өнер шығармаларының репродукциялары, нұсқаулар, дәптердегі әртүрлі жаз-
балар. Сыныптың көпшілігі пәнаралық байланысты орната алмай жатса не-
месе берілген сұраққа жауап бере алмаса, онда мұғалім сондай тапсырманың 
үлгісін көрсете отырып оқушылардың тапсырманы орындауына қол жеткізе 
алады.  Оқушылардың  пәнаралық  сипаттағы  білімін  пайдалана  алуына 
дағдыландыру үшін, мұндай жаттығуларды бірнеше рет жасату керек, оның 
өзінде оларды бірте-бірте күрделендіріп отыру  маңызды. Тарих пәнін оқыту 
барысында мектеп оқушыларының санасында тарихи білімді қалыптастыру 
керек. Өйткені, білімділік – ол қоғамның зиялы, мәдени, даналық деңгейінің 
көрінісі.  Ал  білім  беру  ісі  –  бұл  тамыры  тереңде  жатқан,  ұлт  пен  дінге 
бөлінбейтін,  бір  күн  немесе  бір  жылда  көрінбейтін  құндылық.  Адамзатқа 
ортақ игілік.
Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
2. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.
5. Тұрлығұл Т.Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. – Алматы:  
 
Мектеп, 1984.
6. Тұрлығұл Т.Т. Тарих сабақтарын жетілдіру жолдары. – Алматы: Мектеп, 1984.
Шымкент қаласы.


26
www
.kazmektep.kz
Жаңа жоба
НАЗАРБАЕВ  ЗИЯТКЕРЛІК  МЕКТЕПТЕРІ  ҰСЫНҒАН
«100  ӘН,  100  КІТАП»  БАҒДАРЛАМАСЫ  АЯСЫНДА
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  
 
 
ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ    25  ЖЫЛ   ТОЛУЫНА  ОРАЙ 
«25  ӘН, 25  КІТАП»  БАҒДАРЛАМАСЫ 
Ғалия ТОЛЫҚБАЕВА,
Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласындағы 
филиалының аға менеджері,
Гүлжан  ҒАНИЕВА, 
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы 
Б. Соқпақбаев атындағы жалпы  орта мектеп директоры, 
Сәбит  ТӨЛЕНДІ, 
Жамбыл облысы Талас ауданы 
“Ақкөл” орта мектебінің ғылыми-әдістемелік
жұмыстары жөніндегі орынбасары
Н.Ә. Назарбаев «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және 
ең сабырлы серігі – кітап» деген. Себебі, кітап – адамның рухани дүниесін 
байытатын сөздік қоры мен ойлау дағдыларын қалыптастыратын адамның 
жан дүниесінің серігі. Егер әрбір жас ұрпақ кітапты өзіне серік ете алса, 
келешекте рухы биік, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болары сөзсіз.
Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласы филиалында мектеп 
басшыларының біліктілігін арттыру курсының тренері  Ғ.Н.Толықбаеваның  
6-тобы курстың бірінші «бетпе-бет» кезеңіндегі теорияны мектепте іске асы-
ру барысында Н.Ә.Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ ның тәжірибесін 
ауыл    мектептеріне  үлгі  ете  отырып  үш  облыс  және  Алматы  қаласының  
мектеп  басшылары  Тәуелсіздігіміздің  25  жыл  толуына  орай  «25  ән,  25 
кітап»  бағдарламасын  басымдықтардың  бірі  етіп  алды.  Бағдарламаның 
мақсаты  ұлттық    зияткерлік  құндылықтарды    қалыптастыру,  патриоттық 
тәрбие беру,  оқушылардың тілдік қорын арттыру, рухани байыту, кітаптан 
үйренген  тәлім-тәрбиені  өмірде  қолдану,  Қазақстанның  көркем  әдебиетін 
насихаттау, өз бетінше оқу дағдысын дамыту, өз ойларын еркін жеткізу, эссе 
жазу дағдыларын қалыптастыру болды. 
«25  ән,  25  кітап»  бағдарламасының  орындалуы  үшін  мектеп  басшы-
лары  өз  мектептерінде  айтарлықтай  көлемді  іс-шаралардың  өткізілуіне 
мұрындық бола білді.
р/с  Кітаптың        Кітаптың             Әннің аты       Әннің авторы 
 
аты 
       авторы 
 
1. 
Ақан сері         Сәкен                     Елім менің       Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, 
 
   
       Жүнісов                                           әні: Бекболат Тілеухан  
 
2. 
Аманай мен     Cәкен                    Ағажан,            Халық әні
          Заманай         Жүнісов 
        Ләтипа 
3. 
Үш бақытым   М.Мақатаев         Беу, айдай         Халық әні 
4. 
«Мен қазақ-    Ж.Молдағалиев   Дедім-ай, ау      Халық әні
          пын»  
 
          поэмасы


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау