52
www
.kazmektep.kz
лып қалыптасқалы халықпен бірге жасасып, ғасырлар бойы ұмытылмай,
атадан балаға мұра ретінде ауысып отырған. Олар баланы пайдалы еңбекке,
сөйлеуге, мергендікке, тапқырлыққа, ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызмет
атқаруға, төзімділікке және т.б. тәрбиелеудің ұтымды құралы болған.
Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл
қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орын-
ды.
Ұлттық ойындар халық педагогикасынаң бір саласы болып отыр. Ол –
сандаған ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу
қажетін өтеуде.
Психолог ғалым Т.Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы
қалыптасқан ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің кейбір ерекшеліктерін
ескілікті білдіреді деген теріс пікірді орынды сынай отырып, олардың
тәлім-тәрбиедегі, денесін машықтыру мен ақыл-ойын жетілдірудегі жеріне
тоқталады. Ұлттық ойын түрлері ұрпақтың көңіл көтеруі, ойын-сауық
түрлерімен шұғылдануымен ғана шектелмей, олар сол халықтың салт-
санасын, дәстүрін, тұрмысын білдіретін әрекет екендігін көрсетеді. Кез
келген ойынның түр-сипаты халықтың тіршілік-тынысын бейнелейтін
құбылыс.
Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде, бірінші бесік – отба-
сы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім, білім беру мекемесі, яғни
баланың қоғамға өзіндік пайдасын тигізер тұлға болып дамып, жетілуіне
бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша.
Бүгінде ұлттық ойындар арқылы балабақшаларда балаларды адамгер-
шілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, табандылыққа,
байсалдылыққа тәрбиелеу – басты мәселе болып отыр. Сол себепті, қазіргі
кезде балабақшаларда осыған байланысты кең түрде ұлттық ойындарды ой-
нату – оқу іс-әрекетінде жиі қолданылуда.
Қазақтың ұлттық ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен, өткені мен
бүгінгісін байланыстырған баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға
сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің
есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады.
Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына
ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмысын кеңінен ұйымдастыра
білуіміз керек. Бала тәрбиесінде халықтың, тұрмыстық салт-дәстүрлердің
туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай ата-ба-
ба дәстүрі мен халық педагогикасын басшылыққа алып, тәрбие жұмысын
ғылыми
негізде ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет.
Балабақша бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын
алғашқы білім ошағы. Сол себепті де баланы балабақшаға берер сәтте ата-
ана ойланулары қажет. Ол өз ұлтын, отбасын, жерін, елін сүйіп өсер азамат
болып тәрбиеленуі үшін, бала өз ана тіліндегі балабақшаға бару қажет. Ол
балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт. Яғни, ұлттық
ойындар ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті ұлт
тіліндегі тәрбиелік маңызы зор мультфильмдердің көрсетілуі талап етілуі
қажет.
Қазақтың салт-дәстүрі күнделікті жүріп-тұрғанымыз, істеген ісімізге,
оқыған оқуымызға, сөзімізге, қарым-қатынасымызға бір-біріне байланы-
сы бар. Балабақшада тәрбиешілер әрбір оқу іс-әрекетін қазақтың салт-
дәстүрімен байланыстырып өту үшін ізденіп, балалар бойына сіңіре білуі