Каз Мектеп-12-2016. indd



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет25/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50

52
www
.kazmektep.kz
лып  қалыптасқалы  халықпен  бірге  жасасып,  ғасырлар  бойы  ұмытылмай, 
атадан балаға мұра ретінде ауысып отырған. Олар баланы пайдалы еңбекке, 
сөйлеуге, мергендікке, тапқырлыққа, ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызмет 
атқаруға, төзімділікке және т.б. тәрбиелеудің ұтымды құралы болған. 
Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл 
қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орын-
ды.
Ұлттық ойындар халық педагогикасынаң бір саласы болып отыр. Ол – 
сандаған  ғасырлар  бойы  ұрпақтың  керегіне  жарап,  оларды  өмірге  әзірлеу 
қажетін өтеуде. 
Психолог  ғалым  Т.Тәжібаев  өз  зерттеулерінде  ұзақ  жылдар  бойы 
қалыптасқан  ұлттық  ойындар   мен спорт  түрлерінің  кейбір  ерекшеліктерін 
ескілікті  білдіреді    деген  теріс  пікірді  орынды  сынай  отырып,  олардың 
тәлім-тәрбиедегі,  денесін  машықтыру  мен ақыл-ойын жетілдірудегі жеріне 
тоқталады.  Ұлттық  ойын  түрлері  ұрпақтың  көңіл  көтеруі,  ойын-сауық 
түрлерімен    шұғылдануымен    ғана    шектелмей,  олар  сол  халықтың  салт-
санасын,  дәстүрін,  тұрмысын  білдіретін  әрекет  екендігін  көрсетеді.  Кез 
келген ойынның   түр-сипаты  халықтың  тіршілік-тынысын  бейнелейтін  
құбылыс.
Еліміздің  болашағы  –  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде,  бірінші  бесік  –  отба-
сы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім, білім беру мекемесі, яғни 
баланың  қоғамға  өзіндік  пайдасын  тигізер  тұлға  болып  дамып,  жетілуіне 
бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша. 
Бүгінде ұлттық ойындар арқылы  балабақшаларда  балаларды адамгер-
шілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, табандылыққа, 
байсалдылыққа тәрбиелеу – басты мәселе болып отыр. Сол себепті, қазіргі 
кезде балабақшаларда осыған байланысты кең түрде ұлттық ойындарды ой-
нату – оқу іс-әрекетінде жиі қолданылуда.
Қазақтың  ұлттық  ойындары  ата-бабамыздан  бізге  жеткен,  өткені  мен 
бүгінгісін  байланыстырған  баға  жетпес  байлығымыз,  асыл  қазынамыз. 
Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға 
сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің 
есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады.
Сондықтан  да  қазіргі  заманға  сай  халқымыздың  ұрпақтан  ұрпаққа 
жалғасып  келе  жатқан  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрыптарын  қымбат  қазына 
ретінде  бағалап,  балабақшадағы  тәрбие  жұмысын  кеңінен  ұйымдастыра 
білуіміз  керек.  Бала  тәрбиесінде  халықтың,  тұрмыстық  салт-дәстүрлердің 
туу  себептерін,  даму  ерекшеліктерін  ашып  көрсетудің  тәрбиелік  мәні  зор. 
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай ата-ба-
ба  дәстүрі  мен  халық  педагогикасын  басшылыққа  алып,  тәрбие  жұмысын 
ғылыми негізде ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет. 
Балабақша бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын 
алғашқы білім ошағы. Сол себепті де баланы балабақшаға берер сәтте ата-
ана ойланулары қажет. Ол өз ұлтын, отбасын, жерін, елін сүйіп өсер азамат 
болып тәрбиеленуі үшін, бала өз ана тіліндегі балабақшаға бару қажет. Ол 
балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт.  Яғни, ұлттық 
ойындар  ойнатылып,  ұлттық  ертегілер,  ұлттық  ойыншықтармен,  тіпті  ұлт 
тіліндегі  тәрбиелік  маңызы  зор  мультфильмдердің  көрсетілуі  талап  етілуі 
қажет.
Қазақтың  салт-дәстүрі  күнделікті  жүріп-тұрғанымыз,  істеген  ісімізге, 
оқыған  оқуымызға,  сөзімізге,  қарым-қатынасымызға  бір-біріне  байланы-
сы  бар.  Балабақшада  тәрбиешілер  әрбір  оқу  іс-әрекетін  қазақтың  салт-
дәстүрімен  байланыстырып өту үшін ізденіп, балалар бойына сіңіре білуі 


53
www
.kazmektep.kz
керек. Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға бау-
лиды. Үлкенге сәлем беру, орын беру, жол беру, алдынан баса-көктеп өтпеу, 
жолдас-жораға  қайырымды болу сияқты  дәстүрлер өмір бойы ескірмейтін, 
табиғи мінездер. Бұл мінездерді қорлау – алдымен өзін-өзі қорлау, сыйлау – 
алдымен өзін-өзі сыйлау.
Балабақша  –  тәрбие  бесігінің  бірі.  Сондықтан  да  қазіргі  заманға  сай 
халқымыздың  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  салт-дәстүрлері 
мен әдет-ғұрыптарын адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналардың бірі 
ретінде  бағалап,  тәрбие  жұмысында  қолдану  керек.  Адам  баласы  дүниеге 
келген күннен бастап, үнемі салт-дәстүрлер аясында болады. Сондықтан да 
бала  тәрбиесінде  халықтық  тұрмыстық  салт-дәстүрлердің  туу  себептерін, 
даму  ерекшеліктерін,  орнығу  заңдылықтарын  ашып  көрсетудің  тәрбиелік 
мәні зор. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың жас ерекшеліктеріне 
сай ата-баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие 
жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыра отырып, ұтымды жүргізе білуіміз 
қажет. 
  Еліміздің  ертеңгі  болашағы  балаларға  ұлттық  тәрбие  беру  –  қазақ 
халқының  басты  міндеті.  Ұлттық  тәлім-тәрбиенің  басты  мақсаты  – 
адамгершілік,  бауырмалдық,  қайырымдылық,  туысқандық,  әдептілік, 
әдемілік  болып  табылады.  Балаларды  балабақшадан  бастап  ақылдылыққа, 
алғыр ойға, тілдік шешендікке, ісмерлікке баулу – ұлттық тәрбиенің басты 
мақсаты.
Халқымыздың  ұлттық  ойындарының  көпшілігі  «ойлауды  қажет  ететін 
ойындарға»  жатады.  Балабақшада  өткізілетін  қимылдық  ойын  түрлері  ба-
ланы  ептілікке,  зейінділікке,  ұқыптылыққа  баулиды.  Балаларға  арналған 
ұлттық  ойын  түрлері,  мысалы:  «Айгөлек»,  «Қанталапай»,  «Арқаласпақ», 
«Тақия  тастамақ»,  «Түйілген  орамал»,  «Арқан  тартыс»,  «Аударыспақ», 
«Асық ойын», «Хан», «Бес тас», «Тартыс», т.с.с. 
Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі 
ойын-сауықтарының бір түрі. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен 
бірге  ойлайды,  аңғарады,  көп  нәрсені  білуге,  зерттеуге  талпынады.  Яғни, 
қазіргі  заман  ағымына  қарай  белсене  қатысады.  Ұлттық  ойындарымыз 
балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге 
пайдасы  зор.  Мысал  ретінде:  «Қуыр-қуыр,  қуырмаш»  ойыны  балалардың 
саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге 
қолдануға болады. 
Балабақша  тәрбиесінде  баланың  ынтасын  өсіру,  ой-өрісін  дамытуда 
халықтық  педагогика  элементтерін  көбірек  пайдаланып,  жаңартып  отыр-
са, бала тәрбиесі өз жемісін берері анық. Сондықтан халқымыздың рухани 
құндылықтарын,  салт-дәстүрлерімізді,  тілімізді,  дінімізді,  мәдениетімізді 
жас  буынға  дәріптеуге,  оны  ұрпақтан-ұрпаққа  айтып  жеткізіп  отыруға 
міндетті.
Олай  болса,  салттар  мен  дәстүрлер,  ең  алдымен,  әдептілік  (этикалық) 
мәселелерге жататынын ескерсек, халықтың мәдениетін жоғары көтеру жо-
лында аянбай еңбек ету керек.
Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты//Мек- 
 
тепке дейінгі тәрбие мен оқыту. – Астана, 2008. 
2.  Тәй-тәй технологиясы (негізгі ережелер). 
3. Төтенаев Б.  Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 2002.
4.  Отбасы және балабақша. – 2015. – №4.
5. Балабақша меңгерушісі және әдіскері. – 2014. – №5/6.
Шымкент қаласы.


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау