Кажгалиев Н. Ж



жүктеу 487,15 Kb.
бет4/8
Дата04.01.2022
өлшемі487,15 Kb.
#36001
1   2   3   4   5   6   7   8
Кажгалиев Н.Ж

Зерттеу нәтижесі


Физиологиялық бейімделу ағзаның стресстік әсер ету жағдайында гомеостаздың өмірлік маңызды параметрлерін сақтау қабілеттілігінде байқалады. Бейімделу үдерісі ағзаның барлық жүйелерінің қалыптасу қызметіне байланысты, олардың толыққанды қалыптасуы антенаталдық даму кезеңінде басталады.

Бейімделу реакцияларының материалдық негізі болып әртүрлі ағзалар мен жүйелердің жасушаларындағы метаболикалық үдерістер табылады, олардың қарқындылығы ағзаның

функционалды жетілуіне байланысты. Осыған байланысты, физиологиялық көрсеткіштердің сәйкес келуі бойынша жаңа туған төлдерді физиологиялық жетілген (нормотрофиктер) және физиологиялық толық жетілмеген (гипотрофиктер) деп бөледі.

Осы зерттеулердің міндеттерінің бірі болып импортталған екінші генерация малдарынан алынған жаңа туған үшінші буын бұзаулардың физиологиялық жетілуін бағалау

сүйектілігі, кеуде енділігі, жұмырлығы, еттілігі) есептелінді.

Зерттеу барысында алынған деректер Microsoft Office Excel компьютерлік бағдарламасы бойынша статистикалық өңделді.


және олардағы антенатальды гипотрофияның даму жиілігін белгілеу қарастырылды. Осы мақсатта төлдеу кезеңінде (ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында) шаруашылық мамандарымен бірлесіп, клиникалық белгілер кешені бойынша канадалық және еуропалық селекциялыңқ жаңа туған төлінің физиологиялық жетілуіне бағалау жүргізілді. Алынған нәтижелерді талдау А.И.Кузнецов пен В.Ф.Лысовтың

[10] ұсыныстарына сәйкес жүргізілді.

Жаңа туған бұзаулардың жалпы жағдайын сипаттау үшін анықталған клиникалық белгілерге негізделе отырып, нормотрофия мен гипотрофияны ажыратады. Нормотрофтарға жақсы дамыған, физиологиялық жетілген бұзаулар жатқызылды, олар дұрыс дамуы мен жақсы қоңдылығы, қысқа және тегіс жүн жамылғысы, жақсы дамыған тері асты клетчаткасы мен айқын көрінетін ему рефлексі арқылы бағаланды (1-сурет).

Сурет 1 – Абердин-ангус тұқымы канадалық селекциясының жаңа туған бұзауларының физиологиялық жетілу көрсеткіштері мен сипаты, %




Физиологиялық жетілген бұзаулардың тірі салмағы зерттелген бұзаулар санының 79,2%-ында 23,6±1,62 кг, яғни абердин-ангус тұқымының жаңа туған бұзаулары денесінің орташа массасына сәйкес келді. Олардың дене температурасы зерттелген бұзаулар санының 85,4%–ы (39,2±1,35°C) шамасында болды, 83,4%-да катаболизм коэффициенті

– 1,01 болды.

Гипотрофиктарға жалпы ағзаның, сондай-ақ жекелеген ағзалар мен жүйелердің дамуында айқын тежелуі және физиологиялық жетілмеген жаңа туған бұзаулар жатқызылды. Жаңа туған бұзауларды зерттеу нәтижелерін талдау әртүрлі текті сиырлардан алынған норма - және гипертрофия жағдайында туу пайызын анықтауға мүмкіндік берді (2-сурет).



Сурет 2 – Канадалық және еуропалық селекция екінші генерация сиырларынан алынған жаңа туған бұзаулардың жетілу үлесі

Зерттеу барысында канадалық селекцияның 87,7% бұзаулары физиологиялық жетілген, ал антенатальды гипотрофиясы жағдайында 12,3% - ға дейін канадалық селекция бұзаулары дүниеге келгені анықталды.

Физиологиялық жетілген бұзаулар жалпы және жергілікті сипаттағы рефлекстердің

көрінісімен сипатталатын белсенділік деңгейінде болды.

Нормотрофик бұзаулар қалыптан рахиттық ауытқуларсыз дұрыс дамыған қаңқасы мен қалыпты дамыған бұлшықетке ие болды. Туғаннан кейін бұзаулар жарты сағат бойы сыртқы ортаға әлсіз әрекет ете отырып, "ұйқышылдық" күйде болды. Сыртқы ортаның жағдайына бейімделуіне қарай, басын көтеріп, ақырын мөңіреп дыбыстарын шығара бастады. Мінез- құлықтарында екі мотивация байқалды – тағамдық және терморегуляциялық. Туғаннан кейін бір сағаттан кейін сыртқы тітіркендіргіштерге белсенді әрекет етті және дыбыстарға (енесінің дауысы және т.б.) табиғи рефлекстер көрсетті. Нормотрофик бұзаулар өздері енесінің желінін тауып, белсенді емді. Біраз уақыттан кейін ауыздарынан енесінің емшегін шығарып, тұмсықтарымен желінді соғып, содан кейін қайтадан аузына сол немесе басқа емшекті алып, қарқынды емуді жалғастырды және бірнеше рет солай қайталады. Бір тәулік ішінде бұзаулар 8-10 рет ене сүтін емді. Жиілігі бойынша қалыпты зәрі мен нәжісін шығаруы

(нәжістің бөлінуі орташа 3 рет, зәрдің бөлінуі – тәулігіне 4 рет болды) байқалды. Мұрын айнасы жылы, шырышты қабығы бозғылт- қызғылт түсті, орташа ылғалды болды. Артериялық пульстері жақсы соғылып, тексерілген бұзаулар санының 79% минутына 98,2±8,4 пульстік соққы жасалынды. Жүрек соғысы қалыпты, әрі дыбысы анық болды. Тыныс алуы өте терең – бақыланған бұзаулар санының 81,7% минутына 27,8±4,5 тыныс алу қозғалысын жасады. Аускультация кезінде бөгде шу болған жоқ. Ішектің жиырылуы байқалды. Зәр шығару табиғи қалыпта және зәр мөлдір болды. Алғашқы нәжіс туғаннан кейін 2 сағат ішінде шықты.

Барлық зерттелген бұзауларда физиологиялық нормаға сәйкес келетін алты жақсы дамыған кескіш тістері болды. Жоғарыда көрсетілгендей, канадалық селекцияның 12,3% гипотрофик бұзаулары антенаталды гипертрофия жағдайында туды. Канадалық селекция бұзауларында физиологиялық жетілмеудің ең кең тараған белгісі жас төлдерде 17,4- тен 21,4% - ға дейін ему рефлексінің болмауы және қозғалыстарының аз болуы төмен реактивтілік болып табылады. Мұндай бұзаулар қоршаған орта әсеріне нашар жауап танытты, әрең тұрып, олардың кейбіреулерінде қозғалыс координациясы бұзылған, басын бір жағына қаратып жатты. Жүрістері қауырт, қадамдары қысқа, сирақтары алға қойылған, қозғалыстары кейде үйлеспеген түрде болды. Гипотрофик



бұзауларының жалпы дамуы мен қоңдылығы қанағаттанғысыз дәрежеде болды. Гипотрофиктердің шырышты қабықтары бозғылт, терісі құрғақ, бозарған, қатпарланған. Көптеген бұзауларда тері асты май қабаты жоқ, тығыздығы төмен. Құлақ жарғақтары салыстырмалы түрде жұмсақ, олардың ұштары жазылған. Көз жанарлары көп жағдайда аздап солғын болды. Яғни гипотрофиктерде зат алмасудың төмендеуімен және қалыпты дамудағы ағзаны салқындаудан қорғайтын тері асты май қабатының аз болуымен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жануарлардың дене температурасы орташадан жарты градусқа (38,1±1,61°С) төмен болды (р < 0,01). Гипотрофиктерді бақылау кезінде біркелкі емес сыртқы тыныс алуы байқалды: мысалы демдерін ұзақ және баяу шығарды.

Тыныс алу жиілігі минутына

22±3,57 құрады, бұл

физиологиялық жетілген (81,7%) бұзауларға қарағанда 20,9%-ға төмен. Жүрек қантамыр жүйесін зерттегенде келесі өзгерістер байқалды: жүрек түрткісі күшейтілген, сол жақта да, оң жақта да жақсы көрініс тапты. Аускультация кезінде әлсіреу, кейде дыбысының күшеюі байқалды. Артерияларды қанмен толтыруы және пульс толқыны азайған.

Еуропалық төлде туа біткен гипотрофияның таралу көрсеткіші қатарластарына қарағанда төмен болды. Физиологиялық жетілген 91,3% бұзау дүниеге келді. Еуропалық төлде физиологиялық жетілмеудің ең көп тараған белгілері: туу кезіндегі тірі салмағының төмен болуы, дене температурасының төмен болуы (3- сурет).



Сурет 3 – Абердин-ангус тұқымының Еуропалық селекциялық жаңа туған бұзауларының физиологиялық жетілу көрсеткіштері мен сипаты, %


Клиникалық белгілердің жиынтығы бойынша канадалық селекциялық абердин-ангус тұқымының жаңа туған

бұзауларында антенаталдық гипотрофияның даму жиілігі 12,3%-ды, еуропалықтардікі – 8,7%

-ды құрады.


Тиісінше сандық және сапалық өзгерістерге ілесе жүретін өсу мен даму жануарлар ағзасының жеке дамуын құрайды, ол тұқым қуалаушылық негізінің қоршаған орта жағдайларымен күрделі өзара қарым-қатынас кешенін қамтиды. Осыған байланысты, әсіресе жерсіндіру нәтижесінде алынған жануарлардың өсу және даму заңдылықтарын зерттеу тәжірибелік маңызы зор және ғылыми қызығушылыққа ие болады.

Экстерьерлік- конституциялық сипаттама жасау үшін еуропалық селекция бұзауларын қатарластарымен салыстыра отырып және шетелден әкелінген малдардан алынған канадалық селекциялы абердин- ангус тұқымының ұрғашы бұзауларына зерттеу жүргізілді. Бұзаулардың дене өлшемдері туғаннан кейін 10 күн және 6 айдан кейін жүргізілді (1-кесте).



Кесте 1 – Абердин-ангус тұқымының канадалық және еуропалық селекциялы ұрғашы бұзауларының дене бітімі өлшемдері, см

Дене өлшемдері



Еуропалық селекция

Канадалық селекция

Зерттеу мерзімі

Туылғаннан кейінгі 10

күндігінде



6 айлығында

Туылғаннан кейінгі 10

күндігінде



6 айлығында

Шоқтық биіктігі

69,7±1,96

104,0±1,41

64,0±0,69*

105,8±0,52

Құйымшақ биіктігі

72,3±2,19

110,3±0,98

66,7±0,17*

112,3±0,47

Кеуде тереңдігі

31,9±1,90

43,4±0,62

30,2±0,20

47,6±0,60**

Жауырын

артындағы орамы

кеуде


92,0±3,11

159,7±1,45

83,1±1,15

163,5±0,65

Кеуде кеңдігі

19,7±1,60

30,6±1,57

18,5±0,51

35,4±0,82

Тұрқының

ұзындығы


қиғаш

79,6±6,07

114,2±1,19

76,2±0,54

115,8±1,93

Сербек аралық ені

22,3±1,02

39,8±0,76

18,9±0,17*

39,8±0,35

Тұрқының

ұзындығы


қиғаш

22,7±0,26

30,8±0,83

21,3±0,55

29,3±0,92

Сирақ орамы

12,8±0,28

17,6±0,18

12,2±0,31

17,3±0,10

* р<0,05; ** р<0,01; *** р<0,001 - топтар арасындағы айырмашылық дәлділігі




10 күндік бұзаулардың өлшемдерін талдау көрсеткендей, биіктік өлшемдері бойынша еуропалық селекция ұрпақтары канадалық абердин-ангусстардан шоқтық биіктігі бойынша 5,7 см

(р<0,05) және құйымшақ биіктігі бойынша 5,6 см-ге (8,4%) биік болды. Канадалық селекция бұзауларының кеуде орамы бойынша еуропалық селекция ұрғашы бұзауларынан



артықшылығы 8,9 см (10,7%), ал кеуде тереңдігі бойынша – 1,7 см (5,6%) құрады. Сондай-ақ, тиісінше кеуде ені 1,2 см (6,3%) артық болды. Дененің артқы үштен бір бөлігінің дамуын сипаттайтын өлшемдер бойынша едәуір артықшылық (сербек аралық ені және тұрқының қиғаш ұзындығы) еуропалық селекцияның бұзауларында, тиісінше 3,4 см (17,9%, р<0,05) және 1,3 см (6,5%)

құрады. 6 айлық бұзауларды зерттеу кезінде алынған өлшеулерді талдау биіктік өлшемдері бойынша канадалық селекция жануарлары еуропалық абердин-ангустардан шоқтық биіктігі 1,8 см-ге (1,7%) және құйымшақ биіктігі 2,0 см-ге (11,1%) биік болғанын көрсетті. Денесінің алдыңғы үштен бір бөлігінің дамуын сипаттайтын өлшемдері бойынша канадалық селекцияның бұзаулары кеуде орамы бойынша еуропалық

селекция бұзауларынан 3,8 см-ге (2,3%), кеуденің тереңдігі – 4,2 см- ге (9,6%, р<0,01), кеуденің ені – 4,8 см-ге (15,6%) асып түсті. Дененің артқы үштен бір бөлігінің дамуын сипаттайтын өлшемдер бойынша канадалық және еуропалық селекцияның қашарларының арасында елеулі айырмашылық жоқ.

Төлдердің дамуының тепе- теңдігі дене бітімінің индекстерін есептеу арқылы анықталды (4,5- сурет). 10 күн жасында сирақтылығы, толықтығы және жұмырлық индекстері еуропалық бұзауларда тиісінше 20%-ға (р<0,05), 18,1% және 5,3% - ға

(р<0,01) айтарлықтай асып түсті, бұл ретте созылыңқылық, кеуделілік, жамбас-кеуде

сәйкестігі, бойшаңдылық, сүйектілік, кеуде енділігі және еттілік индекстері канадалық абердин-ангусстарға қарағанда төмен болды.






Сурет 4 – Төлдегеннен кейінгі 10 күндік бұзаулардың дене бітімі индекстері (еуропалық селекция абердин-ангус тұқымы сиырларының

индексі 100% - ға қабылданды)



6 айлық жасында канадалық абердин-ангустар еуропалық ангустардан сирақтылығы және кең кеуделік индекстері бойынша 9,3 (р<0,05) және 8,7% (р<0,05) - ға асып түсті. Еуропалық абердин- ангустарда кеуде, кеуде-жамбас

сәйкестігі, толықтық, жұмырлық және еттілік индекстері канадалық селекция бұзауларының көрсеткіштерінен, тиісінше 4,8;

15,4 (р<0,05), 3,7%, 8,4% және

11,5% -ға (р<0,01) жоғары болды (5

сурет).



Сурет 5 - Төлдегеннен кейінгі 6 айлық бұзаулардың дене бітімі индекстері (еуропалық селекция абердин-ангус тұқымы сиырларының

индексі 100% - ға қабылданды)


Еуропалық абердин-ангус бұзауларының дене бітімі индекс көрсеткіштері аналогтарымен салыстырғанда 1,5%-ға төмен болды. Осылайша, канадалық репродукциялы абердин-ангус тұқымының жас төлдері жоғары ет өнімділігін көрсететін дене пішімінің үлкен форматына ие болды. Жергілікті популяциядағы бұқалардың ұрпақтары, әсіресе ұрғашы бұзаулары, оның артқы бөлігі және белі жақсы жетілген шомбал денесімен, денесінің жұмырлығымен және жалпы

бойының шомбалдылығымен ерекшеленді. Сонымен, канадалық абердин-ангус ұрпақтары бойшаңдылығымен, созылыңқылығымен, сондай-ақ дененің артқы үштен бір бөлігі, арқа және белі сияқты бөлігінде жақсы дамыған бұлшық етімен сипатталды. Біздің зерттеулерімізде жүргізілген әртүрлі селекция тайыншаларын сыртынан бағалау канадалық селекция жас төлдері жоғары бойшаңдылығымен және кең кеуделілігімен сипатталғанын, ал



еуропалық селекция бұзаулары денесінің айқын жұмырлығымен ерекшеленгенін анықтауға мүмкіндік берді.

Төлдің өсу қарқындылығы оның ет өнімділігі мен азық шығынын өтеуімен сипатталады. Тәжірибедегі абердин-ангус

тұқымының үшінші генерациясының туғаннан 8 айлық

жасқа дейінгі тірі салмағының өсу динамикасы 6-суретте көрсетілген.

Алынған зерттеу нәтижелерін салыстыра отырып, канадалық селекциялы абердин-ангус тұқымының жаңа туған бұзауларының орташа тірі салмағы 23,1±0,96 кг құрағанын және еуропалық селекциялы аналогтарынан 2,1 кг (р<0,05) асып түскені анықталды.



Сурет 6 – Тәжірибелік бұзаулардың тірі салмағының динамикасы, кг

(еуропалық және канадалық селекцияның ұрғашы бұзаулары)


Канадалық сиырлардың іштегі төлінің ірі болуы олардың генетикалық ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін. Постнаталды дамудың келесі талданатын кезеңдерінде еуропалық абердин-ангустардың өсу жылдамдығы жоғары болды. Атап айтқанда, 3 айлық жасында еуропалық репродукциялы қашарлардың тірі салмағы 109,2±4,47 кг құрады, бұл канадалық селекцияның жас төліне қарағанда 3,9 кг (р<0,05) артық. 8 айлық жасқа қарай канадалық селекция төлінің тірі салмағы

243,5±6,24 кг құрады. Канадалық селекция бұзауларының тірі салмағы еуропалық селекция бұзауларынан 6,5 кг-ға жоғары болғаны байқалды.

Тәжірибелік топтағы бұзаулардың тірі салмағының абсолюттік өсу көрсеткіштерінің нәтижесі, олардың шығу тегіне тәуелсіз, туғаннан 6 айға дейінгі кезеңде және еуропалық селекция бұзауларында 3 айлық жас шамасындағы ұқсас көрсеткіштен, тиісінше 6,0 және 8% - ға артық болғанын көрсетеді (7-сурет).



Сурет 7 – Бұзаулардың тірі салмақтарының абсолюттік өсу

динамикасы,кг


6 айдан 8 айға дейінгі кезеңде канадалық селекция 2 генерация сиырларынан алынған бұзаулар еуропалық селекция қатарластарынан 3% - ға жоғары болды. Канадалық бұзаулардың туғаннан 8 айға дейінгі тірі салмағының абсолюттік өсімі 219,9±5,16 кг құрады, бұл

еуропалық аналогтарға қарағанда

2,1% - ға артық.

Тәжірибедегі төлдердің тірі салмағының орташа тәуліктік өсу динамикасы ұқсас сипатта болды. Мәселен, тірі массаның неғұрлым жоғары өсімі еуропалық селекция бұзауларында туғаннан 3 айға дейінгі кезеңде байқалды (8-сурет).





Сурет 8 – Тірі салмақтың орташа тәуліктік өсу динамикасы, г

Тәжірибедегі жануарлардың



6 айдан 8 айға дейінгі кезеңде еуропалық селекцияның бұзаулары осы көрсеткіш бойынша канадалық қатарластарынан 5,9%-ға кем түсті.

салыстырмалы өсу жылдамдығының нәтижелері 9- суретте көрсетілген.





Сурет 9 – Бұзаулардың тірі салмағының салыстырмалы өсімі, %


Зерттеу нәтижелері еуропалық селекция бұзауларында өсу жылдамдығы канадалық селекция қатарластарына қарағанда 3 айлық жасқа дейін жоғары, ал 3 айдан 6 айға дейінгі кезеңде канадалық селекция сиырларынан алынған бұзаулар еуропалық селекция бұзауларынан жоғары болатынын көрсетті. Канадалық селекция бұзауларындағы салыстырмалы өсу жылдамдығы

жүктеу 487,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау