Кажгалиев Н. Ж



жүктеу 487,15 Kb.
бет2/8
Дата04.01.2022
өлшемі487,15 Kb.
#36001
1   2   3   4   5   6   7   8
Кажгалиев Н.Ж

Кіріспе





Қазақстан Республикасының аграрлық секторының маңызды проблемаларының бірі – халықты тамақ өнімдерімен, атап айтқанда сиыр етімен қамтамасыз ету болып табылады. Оның шешімі етті ірі қара мал санын өсіріп, өнімділігін арттыру және етті ірі қара мал шаруашылығын дамыту қажеттілігін алдын ала айқындауда.

Қазақстанда етті ірі қара малының санын көбейту ішкі ресурстарды пайдалану арқылы өсірілетін тұқымдардың табындарын молайту, сондай-ақ шетелдік гендік қорды импорттау жолымен жүзеге асырылуда.

Бұл ретте сапалы ет өнімдерін беруге қабілетті өнімділігі жоғары малдарды


қалыптастыру арқылы, ортаның жаңа жағдайына жерсінуі мен бейімделуіне біркелкі импорталған жануарларға қатысты ерекше маңызды бағып-күту мен азықтандырудың оңтайландырылған жағдайлары қамтамасыз етілуі тиіс.

Малдың жерсіндіру қабілетін зерттеу тек шаруашылықтың- пайдалы қасиеттерін анықтау және жаңа ортаның климаттық және азықтық жағдайларына бейімделуін анықтау ғана емес, сонымен қатар жануар ағзасының негізгі физиологиялық үдерістерінің заңдылықтарын тану болып табылады. Бұл үдерістерді білу жануарлардың дамуын басқару тәсілдерін табуға, олардың өнімділігі мен асыл тұқымдық сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа тіршілік ету орта жағдайына түскен кезде жануарлар терең физиологиялық өзгерістерге ұшырайды, бұл ретте оларға өмір сүрудің жаңа жағдайларына бейімделуге тура келеді. Шетелден әкелінген малдың бейімделуінің аса маңызды критерийлері оның жоғары өнімділігі, қалыпты өсімін молайту қызметін жүзеге асыру, қарқынды өнеркәсіптік технологияға, жергілікті климаттық жағдайларға бейімделуі, жем-шөпті пайдалану тиімділігі болып табылады [1].

Импортталған жануарларды жерсіндіру ешқашан толық болмайды, ал оның теріс салдары жануарлардың келесі буындарында пайда болуы мүмкін. Сондықтан жерсіндіруді зерттеу әдетте жануарлардың үшінші

генетикалық-экологиялық генерацияларына жүргізіледі [2,3].

Жануарларды жерсіндіру тарихынан өсірудің жаңа экологиялық жағдайларына әкелінген жануарлардың біркелкі өмір сүруі және көбеюі мүмкін екені белгілі, алайда олар ерекше өнімді-биологиялық қасиеттерін жоғалтуы мүмкін. Сондықтан ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты Солтүстік Қазақстан жағдайында абердин-ангус тұқымы малының өнімділігінің жоғары генетикалық әлеуетін іске асырудың барынша мүмкін болатын нәтижелерін алу мақсатында малдың импорттық тұқымдарын жерсіндірудің ғылыми негіздерін әзірлеуге негізделеді. Бұл Солтүстік Қазақстан облыстарында азықтық, технологиялық және ауа райы жағдайларына жақсы бейімделген абердин-ангус тұқымының жоғары өнімді табынын өсіруге мүмкіндік береді [4,5].

Соңғы жылдары біздің елімізге батыс еуропалық, канадалық (АҚШ) тұқымды жануарлар әкелініп жатыр, бірақ олардың ағзасының жаңа орта, аймақ жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін ескерілмеуде. Импортталған асыл тұқымды ресурстардың ең үлкен үлес салмағы әртүрлі елдердің ет бағытындағы тұқымдарының арасында өте сараланған табиғи- климаттық жағдайлары әртүрлі жерлерден әкелінген герефорд және абердин-ангус тұқымы малдарына тиесілі. Мұндай жағдайда жерсіндіру проблемаларын зерттеу біздің


елімізде басқа климаттық аймақтардан әкелінетін асыл тұқымды малдардың генетикалық әлеуетін іске асырудың қажетті шарты болып табылады [6,7].

Абердин-ангус малдары өсуінің жоғары қарқындылығы мен етінің жақсы сапасымен ерекшеленеді. Көптеген ғалымдардың деректері бойынша, Канада, АҚШ, Англия, Уругвай, Англиядан түрлі табиғи-климаттық жағдайларға әкелінген импорттық ет тұқымдары (герефорд, абердин- ангус) жоғары ет өнімділігін, өсімін молайту қабілетін, тек көп мөлшерде азықтандыру жағдайын сақтағанда ғана беретінін атап өтеді [8]. Бұл ретте Канададан, АҚШ - тан әкелінген герефорд, абердин- ангус тұқымдарының таза тұқымды жануарлары жақсы бейімделген.

Ет ресурстарын ұлғайтудың маңызды резерві

мамандандырылған етті ірі қара мал шаруашылығын дамыту болып табылады. Бұл саланы дамытуда жайылымдық жері, алқабы мен астық өндірісі жақсы дамыған болашағы бар аймақтардың бірі Солтүстік Қазақстан өңірі болып табылады.

Қазақстанның солтүстік өңірінде абердин-ангус тұқымдары жақын уақыттан бастап өсіріледі. Қазіргі уақытта республикада оның саны 54531 басты құрайды, оның ішінде 32621 сиыр, соның ішінде солтүстік өңірде, сәйкесінше 7491 және 5046 бас.

2013 жылы Уәлихан ауданындағы "Жолдасбай-Агро" фермерлік шаруашылығы асыл тұқымды репродукторы Канада мен Еуропадан 393 бас (377 сиыр, 16

бұқа) абердин-ангус тұқымын алып келді. Барлық әкелінген абердин- ангус малдары тоқал, қара түсті, бойшаң және дене бітімі мықты болды. Қазіргі уақытта шаруашылықта мал басы 37% өсіп, 551 басты құрады, оның ішінде 17 бұқалар және 517 сиыр. Ал зерттеліп отырған еуропалық және канадалық селекция малдары, тиісінше 175 және 342 басты құрады.

Қазақстанның солтүстік өңіріне осы аталған мал тұқымы шет елден алғаш рет алып келгендіктен, оларды жерсіндіру және жаңа орта жағдайларына бейімдеу қажеттілігін зерттеу туындады.

Солтүстік Қазақстанның экологиялық жағдайына бейім, өнімділігі жоғары асыл тұқымды абердин-ангус тұқымы малының мүмкіндіктерін анықтамай, оларды жетілдіру жолдарын іздестірмей, сапалы сиыр етін өндіру мүмкін емес.

Осыған сәйкес Қазақстанның солтүстік өңірінде канадалық және еуропалық селекциялы абердин- ангус тұқымын өсіру мүмкіндігін зерттеу мақсаты қойылды.

Зерттеу міндеттеріне жаңа туған бұзаулардың физиологиялық жетілуін, өсуі мен дамуын, осы тұқымның үшінші генерациясының клиникалық-физиологиялық көрсеткіштерін зерттеу кірді.

Зерттеулер 217 "Ғылымды дамыту" бюджеттік бағдарлама жобасының аясында, 102 "Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру" бағдарламасы шеңберінде "Қазақстанның солтүстік өңірі жағдайында



импортталған етті малдың үшінші генерациясының бейімделуі және өнімділік сапасы" тақырыбы

жүктеу 487,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау