Қойылған зерттеу жұмыстары мақсатына жету және міндеттерді орындау үшін зоотехникалық, гематологиялық, клинико-физиологиялық зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысы орманды- даланың солтүстік аймағында орналасқан және етті ірі қара малын өсіру үшін қолайлы табиғи және шаруашылық жағдайлары бар "Жолдасбай-Агро" фермерлік шаруашылығында жүргізілді. 2018-
2019 жылдары абердин-ангус малының табынын бақылау және зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Жануарлардың тәжірибелік топтарын қалыптастыру А.И.Овсянников және П.И. Викторов әдістемелерінде келтірілген көрсеткіштерді ескере отырып, теңдестірілген ұқсас топтар әдісі бойынша жүзеге асырылды [9].
Тәжірибелік малдар етті мал шаруашылығының классикалық технологиясы бойынша ұсталынды: байлаусыз, қыста тез ауыспайтын төсеніште, жазда жайылымда. Ғылыми-шаруашылық тәжірибелерде малдарға азықтандыру мен күтіп-бағудың бірдей жағдайлары жасалды.
Жаңа туған бұзаулардың физиологиялық жетілуін, өсіп- дамуын зерттеу мақсатында Солтүстік Қазақстанның жергілікті табиғи-климаттық жағдайларына бейімделу үдерісінде алынған абердин-ангус тұқымының үшінші
бойынша орындалды (мем.тіркеу
№0118РК00736).
генерациядағы ұрғашы бұзаулары алынды.
Тәжірибедегі ІІ генерация сиырларынан алынған жаңа туған үшінші буын бұзаулардың клиникалық-физиологиялық көрсеткіштері мен өсу және даму үдерістерін бағалау үшін, екі топ құрылды:
топ - канадалық селекция сиырларынан алынған бұзаулар (n=12);
топ-еуропалық селекция сиырларынан алынған бұзаулар (n=12).
Үшінші генерациядағы қашарлар шаруашылықта пайдаланылатын технология бойынша, 8 айлық жасқа дейін сиырлармен бірге ұсталды. Қысқы кезеңде ауыспайтын терең төсеніште болды, ал жазғы кезеңде жайылымда қосымша
азықтандырусыз жайылды. Тәжірибелік бұзаулардың өсуі мен дамуын сипаттау үшін біз өсу кезеңдері бойынша өлшеу нәтижелерін пайдаландық. Өсудің қарқындылығын анықтау үшін орташа тәуліктік өсімі, абсолюттік, салыстырмалы және тірі салмағының өсімі есептелді.
Экстерьерлік бағалау негізгі өлшемдерді өлшеу әдісімен жүргізілді (шоқтық биіктігі, құйымшақ биіктігі, кеуде тереңдігі, тұрқының қиғаш ұзындығы, денесінің тік ұзындығы, жауырынның артындағы кеуде орамы, кеуде ені, сербек аралық ені, бөксе аралық ені, сирақ орамы,
тұрқының қиғаш ұзындығы). Өлшеулер нәтижелерінің негізінде дене бітімі индекстері (сирақтылық, созылыңқылығы, толықтығы, кеуделілігі, жамбас- кеуде сәйкестігі, бойшаңдығы,
Достарыңызбен бөлісу: |