МЕТОДОЛОГИЯ - қандай да бір ғылымда қолданылатын та-
нымдық қүралдардың, методтардың, әдістердің жиынтығы. Танымдық
және практикалық-өзгертушілік қызметті ұйымдастырудың алғышарт-
тары мен принциптерін, құралдарын зерттейтін білім саласы.
МИФ ФИЛОСОФИЯСЫ - мифологиялық сананың құрылымың мифтің мәдени-психологиялық құрылым ретінде атқаратын функцияларын зерттейтін философиялық сала.
МОДАЛЬДІК - кейбір объектілердің немесе құбылыстардың өмір сүруінің, процестің жүру барысының, сонымен қатар объектілер, қүбылы-стар, оқиғалар мен процестер туралы пікірлер мен логикалық пайымдаулар құрастыру және түсіну тәсілдерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы.
МУТАЗИЛИТ (оқшауланушылар, бөлектенушілер) - каламның беделді мектептерінің бірі, рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, философия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады.
МУТАКАЛЛИМ - каламды жалғастырушылар, құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Қүдай, ерік еркіндігі, қүдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және т.б. мәселелерді кеңінен талқылады.
НАМЫС - қазақ дүниетанымының маңызды категорияларының бірі, әрбір адамның өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігін, рухы мен жанын, ар-ұжданы мен сенімін, саналы тіршілік етуші ретіндегі "Менін" аса жо-ғары, өр дәрежеде қадір түту, қастерлеу сезімін ақыл-оймен ұштастырып, сана деңгейінде игере білуін сипаттайды.
НАТУРАЛИЗМ - философиялық позиция, барлық бар болып отыр-ғанды табиғатпен теңестіреді, табиғатты болмыстың бөлігі ретінде түсінуді терістейді және теориялық түсіндіруден жаратылыстан тыстың бәрін шығарып тастайды.
НЕОПОЗИТИВИЗМ (логикалық позитивизм) - позитивизмнің қазіргі заманғы формасы. Философияны табиғи және жасанды тілдерді сараптаушы қызметтүрі ретінде түсіне отырып, неопозитивистер белгілік-символдық құралдардың ғылыми танымдағы рөлін, білімді математизациялау мүмкіндігін, ғылымның теориялық аппараты мен эмпирикалык базисінің арақатынасын анықтауда белгілі бір нәтижелерге жетті.
НОМИНАЛИЗМ (латынша потеп - ат, атау) - жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттар-дың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас.
ОЙЫН - адамның өзін еркін көрсете білуі формасы, мүмкіндік дүниесіне реалды ашықтықты білдіреді және жарыс түрінде немесе қандай да бір ситуацияларды, мәндерді, жағдайларды корсету (орындау, репрезентация) түрінде өрбиді.
ОНТОЛОГИЯ - болмыс туралы, бар болып отырған мен оның формалары, іргелі принциптері, болмыстың жалпы анықтамалары мен категориялары туралы ілім.
ӨЗІНДІК ЗАТ - Канттың түсінігі бойынша, танушы субъектіден тәуелсіз, өзі үшін өмір сүретін зат.
ӨЗІНДІКСАНА-адамның өзін объективті дүниеден бөлуі, өзінің дүниеге қатынасын, өзін тұлға ретінде, өзінің іс-әрекеттерін, ойларын, тілектерін түсінуі және бағалауы.
ПАНТЕИЗМ (грекше Құдай) - Әлемді, дүниені, табигатты құдайы сипатта түсінетін ілім.
ПАРАДИГМА - қазіргі заманғы ғылым философиясының маңызды категорияларының бірі. Ғылыми қоғамдастық қабылдаған, ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдердің, құндылықтардың және техникалық құралдардың жиынтығы.
ПЕРСОНАЛИЗМ - жер бетіндегі өркениеітің жоғарғы мәні ретінде Түлғаны және оның рухани құндылықтарын танитын философиялық позиция.
ПЛЮРАЛИЗМ - философиялық-көзқарастық позиция, болмыстың тәуелсіз және бір-бірімен бірікпейтін бастаулары және түрлері (он-тологиядағы плюрализм), білімнің, теориялардың, методтардың (гносео-логиядағы плюрализм) формалары мен принциптері, тең қүқықты және егемен түлғалар мен топтар (этика мен социологиядагы плюрализм), қүндылықтар мен құндылықтық бағыттардың формалары мен принцип-тері сансыз көп және олар бір-бірімен бәсекелес және күресуші әр түрлі идеологияларда және сенімдерде көрінеді (аксиологиядағы плюрализм) деп пайымдайтын философиялық-көзкарастық позиция.
ПОЗИТИВИЗМ - нағыз шын, "жағымды" (позитивті) білімді жеке, арнайы ғылымдардың және оларды біріктірудің нәтижесінде ғана алуға болады және философия шындықты өз бетінше зерттеуге ұмтылатын ерекше ғылым ретінде өмір сүруге құқы жоқ деген принципке не-гізделген философиялық бағыт.
ПОСТПОЗИТИВИЗМ - неопозитивизді сынаудың негізінде XX ғасырдың ортасында пайда болды. Ғылыми білім мен ғылыми емес білімнің шекарасы - ғылыми білімнің тәжірибе нәтижелерінің көмегімен терістеле алатындығында деп түсініледі.
ПРАКТИКА - адамның материалдық, сезімдік-заттық, мақсатты қызметі, адам қоғамы мен танымның қозғаушы күші, жалпы негізі, оның мазмұны - табиғи және әлеуметтік объектілерді игеру және өзгерту.
ПСИХОАНАЛИЗ - психотерапия методы және бейсаналы пси-
хикалық процестер мен мотивацияларды басты деп есептейтін психоло-
гиялық ілім. XIX ғ. соңында - XX ғ. басында 3.Фрейд қалыптастырды.
РАЦИОНАЛДЫ - адамның шындықты ақылды меңгеруі.
РАЦИОНАЛИЗМ (латынша-ақыл-ой) - таным про-
цесінің басты құралы ретінде ақыл-ойды, пайымды, ойлауды танитын
метод және оның негізінде қалыптасқан философиялық бағыттар
жиынтығы.
РЕДУКЦИОНИЗМ - ғылыми білімнің бірлігі проблемасын бар-лык ғылымдар үшін бірдей жалпы тіл жасау арқылы шешуге бағыттал-ған методологиялық бағдарлама.
РЕЛЯТИВИЗМ - танымды, көзқарастық жүйелерді, мәдениетті сараптау мен интерпретациялаудың методологиялық принципі, құбылы-стардың сапалық тұрақсыздығын, олардың әр түрлі жағдайлар мен ситу-ациялардан тәуелділігін абсолюттендіреді.
САНА - объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы, адамға ғана тән формасы, оның адамдардың қоғамдық-тарихи қызметінің жалпы формалары арқылы көрінетін дүниеге және өзіне қатынасы тәсілі.
СЕМАНТИКА - тіл білімі мен логиканың саласы, онда мәнмен, мағынамен және белгілер мен белгілік сөйлемдердің интерпретациясымен байланысты проблемалар зерттеледі.
СЕНСУАЛИЗМ - таным теориясындағы бағыт, сезімдікті нақты танымның басты формасы және танымның барлық мазмұны сезім мүшелерінің қызметінен туындайды деп есептейді.
СИМВОЛ - материалдық заттардың, оқиғалардың, сонымен қатар, сезімдік бейнелердің тікелей, сезімдік-денелік болмыстан өзгеше идеалдық мазмұнды білдіру қабілетін көрсететін ұғым.
СТРУКТУРАЛИЗМ И ПОСТСТРУКТУРАЛИЗМ - қазіргі заманғы философиялық және гуманитарлық білімдегі мәдениет қүбылыстарының көптүрлілігінің астарында объективті өмір сүретін логикалық құрылымдарды іздеумен байланысты бағыттардың жалпы атауы. Структурализм өзінің негізгі міндеті деп тұрақты логикалық құрылымдарды, яғни объектілердің түрақты байланыстарын іздеуді есептейді. Структлизмнің жалғасы және өзіндік сыны постструктурализм болды, ол субъектінің құрылымдарға редукциясы мүмкін емес деп тұжырымдады, бүл адамға субъект ретінде қайта оралуды білдіреді.
СУБЛИМАЦИЯ - психологияда аффектілік құмарлықтарды
әлеуметтік қызметтің және мәдени шығармашылықтың мақсаттарына
қайта өзгертетін және аударатын психикалық процесс
СУБСТАНЦИЯ -өзгермейтін, мызғымайтын, бастауы басқада емес, өзінде, басқа арқылы емес, өзінің арқасында, өзінде өмір сүретін, бәрінің негізінде жатқан нәрсе.
ТАНЫМ - объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы.
ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСБІ - тарихи процестердің онтологиялык сұрақтарын - тарихтың мәні және бағыты, негізгі тарихи дәуірлердің бөлінуі және реттілігі, тарихи процестің ерекшелігі, тарих пен табиғаттың, тарихи шығармашылықтагы еркіндік пен қажеттіліктің арақатынасы, сонымен қатар, тарих ғылымының гносеологиялық және методологиялық проблемаларын - қамтитын философиялық білім саласы.
ТӘҢІРШІЛДІК-табиғат діні, оған табиғат пен адамның бірлігін білдіретін, басты қағидалары - Тәңірге деген сенім, оны Көк-Космостың жоғаргы қүдайы деп түсіну және ата-бабаны қастерлеу болып саналатын ежелгі тотемдік, анимистік, фетиштік түсініктер кіреді.
ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ - қазіргі замандағы техника феноменін философиялық-методологиялық және көзқарастың зерттеу бағыты. Техника философиясы техникалық білімінің құрылымы мен динамикасын сараптау, осы түтастан жекені бөліп шығарып, түсіндіруге және ұғынуға тырысатын ойлау түрі.Техникалық ғылымдардың методологиясы проблемаларын, сонымен қатар, адамның шындықты техникалық игеруінің гносеологиялық және антропологиялық аспектілерін зерттейді. Қазіргі уақытта техника философиялық контексте кешенді, күрделі, көпаспектілі, қай-шылықты құбылыс және адамзат өркениеті дамуының факторы ретінде қарастырылады.
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДЕТЕРМИНИЗМ - қоғамдьіқ-экономикалық құрылымдардың дамуындағы шешуші фактор - өндірістің техникалық және тех-нологиялық жақтарын өзгерту деп түжырымдайтын методологиялық үстаным.
ТЕХНОФОБИЯ - техникалық іс-әрекеттер мен объектілердің жаттанған дүниесін адамның өз болмысына қауіп төндіретін құбылыс ре-тінде қабылдауын бейнелейтін ұғым.
ТРАНСЦЕНДЕНТАЛЬДЫҚ - таным мүмкіндіктерінің априорлық (тәжірибеден тыс немесе тәжірибеге дейін) жағдайларына жататын.
ТРАНЦЕНДЕНТТІК - схоластикалық философияда туындаған термин, сезімдік тәжірибе шекарасынан шығатынның бәрін сипаттайды; діни және метафизикалық таным пәні.
ТҮЛҒА - қоғамдық қатынастардағы индивид.
УАҚЫТ - материя болмысының жалпы формасы, атрибуты, бол-мыстың ұзақтығын және дүниедегі барлық материалдық жүйелер мен про-цестердің жағдайларының ауысу реттілігін білдіреді.
УНИВЕРСАЛИЗМ - жан-жақтылық, көпқырлылық, бәрін қамтушы білім, тұтастыққа ұмтылу, универсумды тұтас ретінде қарастыратын.
120. ҮҒЫМ - ойлаудың логикалық формаларының бірі, ұғымда шындықтың заттары мен құбылыстары және олардың арасындағы байланыс-тар олардың жалпы және ерекше қасиеттерін анықтау арқылы жалпы түрде бейнеленеді.
121.ФАЛСАФА (философияның арабша айтылуы) - антикалық философиялық пайымдауды үлгі еткен араб ойшылдарыньщ философиясы.
ФЕНОМЕН - мән ұғымымен байланысты және оған қарсы қойылатын ұғым. Шындықты мынатүрде қарастырады: адам аңғал реализмнен ("заттарды көріп түрмын") заттардың құбылысы (көрінісі) олармен бірдей еместігін түсінуге көшеді.
ФЕНОМЕНОЛОГИЯ (грек. Феномендер туралы ілім) - басында философиялық пәндердің бірі, кейінірек идеалистік философиялық бағыт, философиялық сананы натуралистік ұстанымдардан (объект мен субъектіні бөліп тастайтын) арылтуға, философиялық сараптаудың өзіндік саласына - сананың өз актілері және олардың мазмүны туралы рефлексиясына жетуге, танымның, адамның өмір сүруінің және мәдениеттің бас-тапқы негіздерін. толық сипаттамаларын анықтауга ұмтылды.
ФИЛОСОФИЯ Л ЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ - кең мағынасында -адамның табиғаты және мәні туралы философиялық ілім. Философиялык антропология, тар мағынасында, адамның және оның қатынастарының өмір сүруімен және түсінілуімен байланысты күрделі, көптүрлі проблемаларды қарастыратын философиялық білім саласы.
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ГЕРМЕНЕВТИКА - бастапқыда (антика дәуірінен) бұл сөз мәтіндерді түсіндіру өнері дегенді білдірді. XX г. бастап (М. Хайдеггер, Г. Гадамер, П. Анкер және т.б.) бұл терминмен рухани мәдениет феномендерінің мәнін түсіну және игеру туралы философиялық ілім аталады.
ХАРИЗМА - адамның ерекше рухани қабілеттілігі, басқа адамдар оны игерудің және әсер етудің қарапайым адамдарда жоқ жаратылыстан жоғары, құдайы күші деп түсінеді.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ - сапалық жаңа, бұрын ешқашан болмаған бірдеңе тудыратын қызмет.
ЭВРИСТИКА - анық емес жағдайларда проблемаларды шешу негізгі пәні болып табылатын метод немесе методологиялық пән. Эвристиканың басты проблемасы - қайшылықтарды жою.
ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ (өмір сүру философиясы) - жалғыз нақты шындық ретінде адам болмысын танитын қазіргі заманғы иррационадистік философиялық бағыт. Экзистенциализмнің жалпы қағидасы - адамның өмір сүруі индивидтің әлеуметтік өмір сүруімен салыстырганда алғашқы.
ЭКСПЛИКАЦИЯ - дәл емес ұғымды дәлірек ұғыммен ауыстыру. Экспликация термині символдар мен шартты белгілерді бейнелеу үшін қолданылады.
ЭМПИРИЗМ (грекше тәжірибе) - таным процесін тек сезімдік тәжірибемен (эмпирия) байланысты қарастыратын гносеологиялық бағыт, бүкіл ғылым, өмірлік тәжірибе және адамгершілік тәжірибеге ғана негізделуі тиіс деп түсіндіретін методологиялық принцип.
ЭНТЕЛЕХИЯ ( аяқталу, жүзеге асу) - мүмкіндікті шындыққа айналдыратын белсенді бастау, ал шындық мүмкіндіктің болуын жүзеге асуға әкеледі. Аристотель энтелехияны затта жүзеге асатын форма деп түсінді және актуальдік іс-әрекет ретінде энергия деп атады. Мысалы, дененің өзгеріп-қалыптасуында жүзеге асатын энтелехия - жан.
ЭПИСТЕМОЛОГИЯ - философияның бөлімі. Онда таным табиғатының проблемалары, білімнің шындыққа қатынасы, танымдық процестің жалпы алғышарттары зерттеледі, оның ақиқаттылығының шарттары анықталады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Философия кафедрасы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІНІЕН
Емтихан сұрақтары.
Көкшетау - 2011ж.
«Философия» пәні бойынша емтихан сұрақтары.
Философиялық білімнің негізгі сипаттары.
ХХ ғасыр философиясының негізгі мәселелері және бағыттары.
Қазақ философиясының қалыптасып- дамуының негізгі кезеңдері.
Философияның функцилары.
Материя категорясы. Қозғалыс. Кеңістік және уақыт
Түрік дүниетанымы- қазақ философиясының бастауы. Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Иасауи.
Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
Болмыс категорясы. болмыстың түрлері.
Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын- жыраулар шығармашылығындағы философиялық даналық.
Сана. Сананың генезисі.
Көне Үнді философиясының ерекшеліктері, негізгі ұғымдары және бағыттары.
Ш. Уәлихановтың философиялық және қоғамдық саяси көзқарастары.
Қоғамдық сана, оның түрлері.
Көне Қытай философиясының идеологиялық сипаты, негізгі мектептері және өкілдері.
Қазақ дүниетанымы қалыптасуының алғышарттары.
Милет мектебінің натурфилософиясы.
Материя философиялық категория ретінде.
Ағартушылық философиясы және Ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.
Платон және Аристотель: ұқсас жақтары мен ерекшеліктері.
Таным – шындықты бейнелеу формасы.
Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары.
Ортағасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
Қозғалыс және оның негізгі формалары.
Ш.Құдайбердиевтің діни- философиялық көзқарастарының ерекшеліктері.
Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары, негізгі бағыттары.
Сана- жоғары деңгейде ұйымдасқан материяның қасиеті.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының философиялық көзқарастары.
Әл-Кинди және Әл Ғазали философиясы.
Танымның субъектісі және объектісі.
Қазақ дүниетанымының негізгі категориялары.
Қайта Өркендеу дәуірінің негізгі сипаттары. Антропоцентризм және гуманизм.
Әл- Фараби философиясы.
Ақиқат деген не? Оның түрлері қандай?
Қата өрлеу дәуіріндегі өнер және ғылым. Н.Коперник, Л.Винчи, Д.Бруно, Г.галилей ілімдері.
Диалектика- даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім.
Қазақ хандығы дәуіріндегі философия.
Жаңа дәуір философиясындағы рационалистік және эмпиристік бағыттар. Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза.
Адам – жеке тұлға ретінде.
Қазақ дәуіріндегі Қазақстандық философия.
Дж.Локк пен Т.Гоббстың әлеуметтік – философиялық концепциялары.
Философия тарихындағы адам проблемасы.
Көшпенді өмір салтының ерекшеліктері.
Неміс классикалық философиясының пайда болуының әлеуметтік – мәдени шарттары, ерекшеліктері.
Бейнелеу формаларының эволюциясы.
Көшпенділер шаруашылығының практикалық сипаты.
И.Кант- классикалық неміс философиясының негізін салушы.
Болмыс пен сананың онтологиясы.
Ж.Баласағұнның «Құтағу білік» еңбегіндегі адамгершіліктік категориялары.
Г.В.Гегель философиясының негізгі ұғымдары.
Сана және тіл, олардың шығуы және өзара байланысы.
Абай шығармашылығындағы руханилық және талдау еркіндігі мәселесі.
Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фромм. Неопозитивизм.
Дүниеге философиялық көзқарас
Ш.Уәлихановтың өмірі туралы айтып бер?
Экзистенциализм, оның негізгі бағыттары: М.Хайдеггер, Ж.Сартр, А.Камю.
Материализмнің және идеализмнің тарихи формалары.
Ш.Уәлиханов : келешекке бағытталғандық, қазақ қоғамының саяси құрылымын, әлеуметтік жағдайлары мен тарихи болмысын зерттеуі.
Неотомизм және персонализм негізгі проблемалары.
Философия пәні және оның қоғамдық міндеттері.
Абайдың қара сөздері және қазіргі қоғам.
Герменевтиканың негізгі мәселелері. Г.Гадамер.
Дүниеге көзқарас ұғымы және оның тарихи типтері: миф, дін, философия.
ХІХ ғасырдағы қазақ философтары.
ХІХ ғасырдың соңы- ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясына жалпы сипаттама.
Материалистік диалектиканың категориялары.
Болмыс туралы ұғымның қалыптасуы.
Л.Толстойдың өмірдің мәні және адамның өзін -өзі адамгершілікке тәрбиелеу ілімі.
Адам- биопсихоәлеуметтік жан.
М.дулатов «Оян қазақ» еңбегі не туралы айтылған.
В.В.Соловьевтің «орыс идеясы» қандай?
Болмыс ұғымының тарихи сипаттамасы және философиялық мәні7
Абайдың шығармашылығындағы руханилық және таңдау еркіндігі мәселесі.
Қазақстанның ХХ ғасыр басындағы гуманитарлық білімнің мәселесін шешуі.
Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы.
Дін қоғамдық сананың формасы ретінде.
76. Сұлтанмахмут Торайғыровтың философияға қосқан үлесі.
77.Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізгі не ?
78.Дінді философиялық тұрғыдан зерттеудің ерекшелігі.
79. Ш.Құдайбердіұлының қазақтың тұңғыш кәсіби философы аталуының себебі неде?
80.Шәкәрімнің этикасы: ар-ұждан-адам өлшемінің критериі.
81.Конфуцийшілдік және даосизм –Ежелгі Қытай философиясының негізгі ағымдары.
82.Материяның өмір сүру тәсілдері мен формалары
83.Ш.Құдайбердіұлының «үш анық» еңбегінің негізгі мәселесі қандай?
84.Ы.Алтынсариннің гуманизмі.
85.Буддизм – адамгершіліктік – этикалық ілім ретінде.
86. Қарама – қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы
87. Қазақ философиясының басқа ел философиялардан айырмашылығы.
88. Ренессанс дәуіріндегі әлеуметтік – саяси философия: Н.Макиавелли, Т.Мор, Т.Кампанелла
89.Аврелий Августин және Фома Аквинский ілімдері.
90.Суфизм-мұсылмандық діни-философиялық ойлары бағыты ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |