Кафедра Философия



жүктеу 1,42 Mb.
бет18/22
Дата14.11.2018
өлшемі1,42 Mb.
#19583
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге философиядағы таным проблемасының қалыптасу үрдісін және танымның негізгі формалары мен категорияларынның ішкі диалектикалық байланысын түсіндіру.



Семинар сабағының жоспары:

  1. Таным шындықты бейнелеу формасы. Танымның обьектісі және субьектісі.

  2. Ақиқат ұғымы. Ақиқат өлшемі.

  3. Ғылым танымның арнаулы формасы ретінде.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Таным дегеніміз не ?

  2. Ақиқатқа жетудің танымдық көздері неде?

  3. Ғылым дегеніміз не?

  4. Философиялық білімнің дамуындағы гносеологияның атқаратын қызметі қандай?

  5. Танымдағы түсінік пен баяндаудың, рефлексиямен байланысын қалай түсінесіз?

  6. Рационализм мен сенсуализмнің айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Гносеология - адамның таным процесіндегі субьект пен обьектінің арақатынасын , адам білімінің шындыққа қатынасын , адамның дүниені танып- білу мүмкіндігін , танымдық білімдердің ақиқаттылығын зерттейтін философиялық ілім.

Таным - бұл рухани іс- әрекет, адамның алға қойған мақсатының негізін құрайтын білімдерді қалыптастырушы , адамның шығармашылық қызметтерінің қөғамдық- тарихи өрісі.

Сана - адам танымына тән обьективті шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы.

Сезім - адамдардың бір - біріне, обьективті дүниеге көзқарасын білдіретін, шындықты бейнелеудің ерекше формасы.

Сенсуализм - танымныцң қайнар көзі, бастауы , тек қана түйсік деп есептейтін гносеологиялық ілім.

Рационализм - танымдағы зерде қызметінің белсенділігін, білімнің логикалық белгілерін, жалпылық пен қажеттілікті ақылға тән ұғымдар деп танитын гносеологиялық ілім.

Тіл - кез келген табиғи құбылыстың, адамның іс- әрекеті процессінде танымдық және коммуникативтік қызметін атқаратын белгілер жүйесі.

Тітіркену - барлық тіршілік иесінің сыртқы ортаның әсеріне құрылыстық және функциялық жағынан жауап қайыруынан көрінетін қасиет.

Рефлексия - бейнелеуді, сондай ақ таным актісін зерттеуді білдіретін гносеологиялық термин. Рефлексия - адамның ойлаушы жан ретіндегі маңызды қасиеті.

Ұғым - дүниені таны білу сатысындағы белгілі бір тұтастықта қарастырылып отырған нәрсенің мәнін, оның танымдағы қалыптасу жолын, анықтайтын рационалдық танымның категориясы.

Эмпиризм - сезім тәжірибесін білімнің бірден- бір көзі деп есептейтін, барлық білімнің тәжірибеге сүйенетіндігін және тәжірибе арқыл алынатындығын мойындайтын таным теориясындағы бағыт.

Идеализация - кейбір абстракциялық обьектілердің пайда болуынан туындайтын, негізінде тәжірибе мен шындыққа жанаспайтын ойлау актісі.



Мәнжазба тақырыптары:

  1. Философиядағы сана жөніндегі ойдың дамуы.

  2. Иррационализм.

  3. Сананың материалистік тұжырымдамасы.

  4. Еңбек және сана.

  5. Тіл және сана..

  6. Әлемнің тұтастығы мен көп қырлылығы.

  7. Философиядағы таны обьектісі мәселесі.

  8. Философиялық танымның функциялары.

  9. Таным субьектісі.

  10. Рационалдық таным.


Тест сұрақтары:

  1. Философияның таным жөніндегі тармағы:

1)гносеология; 2)онтология; 3)аксиология; 4)антропология; 5)диалектика;

  1. Сезімдік танымның негізгі формалары:

1)түйсік, қабылдау, елестету; 2)ұғым, пайымдау, тұжырым; 3)субстрат, материя, болмыс;

4)идея, гипотеза, интуиция; 5)парасапт, санасыздық, интуиция.



  1. Білімнің қандай формасы негіздеуді және тексеруді талап етеді?

1)гипотеза; 2)аксиома; 3)факт; 4)теория; 5)мәселе;

  1. Рационалдық танымның негізгі формалары қандай?

1)ұғым, пікір, ой- тұжырым; 2)сезіну, қабылдау елестету; 3)сезім, эмоция, парасат;

4)" мен " "ол " " жоғарғы мен- мен"; 5)фантазия , ойлау, болжам.



  1. Әлеуметтік танымның негізгі екі іргелі бөлімдерін атаңыз:

1)ғылым және дін; 4)өнер мен әдебиет; 3)әдебиет және спорт; 4)білу және білмеу;

5)ғылыми және ғылыми емес таным;



  1. Аристотель таным мәселесін зерттей отырып мына кітаптардың қайсысын жазбаған:

1) " Кіші логика"; 2) " Логика "; 3) " Топика"; 4) "Метафизика "; 5) " Алғашқы аналитика";

  1. Таным теориясы нені зерттейді?

1)танымдық іс-әрекет заңдары мен заңдылықтарын;

2)адам қабылдауларының тізбегін;

3)материалдық дүниенің құбылыстарын;

4)адам миында орын алатын үдерістерді;

5)табиғат пен адам туралы ғылымдар тарихын;


  1. Сана дегеніміз не?

1)субективтік реалдылық, шындықты мақсатты бейнелеу, адам миының тілмен байланысты функциясы; 2)сезімділік сферасы; 3)жалпы алғанда психикалық; 4)ойлау сферасы;

5)адамның серігі;



  1. Рационализмнің негізгі қағидасы:

1)адамның танымдық іс- әрекетінде алдыңғы роль зердеге жаттады;

2)ғылымда басты ролді тәжірибе , эксперимент атқарады;

3)дүниені принципті түрде танып -білуге болмайды.

4)дүниені танып -білу екі талай, күдік туғызады;

5)дүниені танып білуге болмайды;

10.Эмпиризмнің негізгі қағидасы:

1)адамның барлық білімі тәжірибеге негізделеді;

2)дүниені танып білуге болмайды;

3)дүниені таныр білу екі талай күдік туғызады;

4)танымның қайнар көзі зерде;

5)дүниені белгілі нормада танып білуге болады.

Әдебиеттер:


  1. Әбішев Қ. Философия А., 1999.

  2. Әбішев Қ., Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. А., 1990.

  3. Қариев З. Даму. А., 1993.

  4. Гайниев И. А. Размышления о познании. М., 1996.

  5. Кун Т. Структура научных революциий. М., 1983.

  6. Любутин К. Н. Проблема субьекта обьекта в немецкой классической философий М. 1983.

  7. Ильенков Э. В. Диалектическая логика; Очерки, истории и теории. М. 1989.

  8. Философиялық сөздік А., 1996.

Ғылыми танымның әдістері мен формалары

Сабақтың мақсаты:

Ғылыми танымның арнаулы формасы ретіндегі ерекшелігін көрсете отырып, эмпирикалық және теориялық деңгейлерінің мәнін, әдістерін, диалектикалық байланысын ашу. Ғылыми танымның шындықты игерудің әдеттегі, көркемдік және басқа тәсілдерінен айырмашылығын ажырату арқылы студенттерді ғылымға баулу.



Семинар сабағының жоспары:

1. Эмпирикалық таным деңнейінің әдістері: бақылау, эксперимент, салыстыру және т.б.



  1. Теориялық таным деңгейінің әдістері.

  2. Эмпирикалық және теориялық таным деңгейлерінің диалектикалық байланысы.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Метод және методология ұғымдарына анықтама беріңіз.

  2. Ғылыми танымның мәнін құрылымын түсіндіріңіз

  3. Теориялық танымның негізгі түрлерін атаңыз.

  4. Сезімдік танымның негізгі формалары қандай?

  5. Теорияның гипотезадан ерекшелігі қандай?

  6. Анализ бен синтезге анықтама беріңіз.

7. Дедукция, индукция, аналогия методтарына анықтама беріңіз.

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Эмпириялық таным - ең алдымен зерттеу бағдарламасын жасап, соған сәйкес бақылау, эксперимент жүргізеді, жиналған мәліметтерді классификациялай, түсініктеме береді, алғашқы жалпылау жасайды. Эмпириялық танымның міндеті - факті жинау ісімен айналысу.

Теориялық таным - заттар мен құбылыстардың мәнін, заңдылығын білуге бағытталған таным; ол аса жоғары абстракциялық дәрежеде іске асады; теориялық таным ұғым, категория, заң, гипотеза т.б. формаларда жүзеге асады.

Бақылау - таным объектілерінің мәнді қасиеттерін және қатынастарын анықтау мақсатымен зерттелетін құбылыстар мен процестерді мақсатты түрде қабылдау.

Эксперимент - зерттелетін құбылыстарды лабораториялық жағдайда жасанды жолмен тудырып, ол процестің жүру барысын мақсатқа сәйкес бақылауды ұйымдастыру.

Салыстыру - зерттелетін құбылыстардың ұқсастығы мен айырмашылығын, жалпы қасиеттері мен жеке ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылатын әдіс.

Анализ (талдау) - салыстырудың нәтижесінде байқалған ұқсастық пен айырмашылық, жалпы және ерекше қасиеттері мен белгілерін ойша жіктеу.

Абстракция - (латынша abstractio - көңіл аудармау дегенді білдіреді) - аанализден кейін қолданылатын әдіс. Бұл әдістің нәтижесінде зерттелетін құбылыстың, нәрсенің мәнді, жаны, қажетті қасиеттерін, белгілерін ойша бөліп алып, мәнсіз, кездейсоқ белгі, қасиеттеріне көңіл аудармай тасталады.

Синтез - бөліп алынған мәнді, қажетті, жалпы белгі, қасиеттерді ойша біріктіріп, біртұтас нәрсеге айналдыру әдісі.

Жалпылау - белгілі бір топқа, класқа жататын нәрселердің жеке түрлерін зерттеудің нәтижесінде тұжырымдалған білімді сол топқа жататын нәрселердің бәріне ойша қолдану.

Гипотеза - зерттеуші құбылыстардың себепті байланыстарын ашып, ішкі мәнін түсіндіру үшін қолданылатын логикалық пайымдауларға негізделген жорамал.

Ғылыми болжам - теориялық және тәжірибелік деректерді тұжырымдауға және дамудың обьективті заңдылықтарына сүйене отырып, табиғат пен қоғамның, зерттелмеген немесе тәжірибеде әлі де болса анықталмаған құбылыстарын болжау.

Аналогия - бірдей емес обьектілердің, кейбір жақтарының, салаларының, қатынастарының ұқсастығы.

Мәнжазбаның тақырыптары:

  1. Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері, олардың байланысы.

  2. Ғылыми таным әдістерінің негізгі міндеттері.

  3. Гипотезаның ғылыми ғылыми білімнің дамуындағы ролі.

  4. Ойлау өнері және зерттеу методтары.

  5. Ғылыми танымның дамуындағы әлеуметтік факторлар.

  6. Философия және ғылым.

  7. Танымдағы түсіну мәселесі.


Тест сұрақтары:

1.Ғылыми танымның міндеті не?

1)заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін, олардың өмір сүру және даму заңдылықтарын ашу

2)табиғаттың дамуының ең жалпы заңдарын ашу..

3)қоғамның дамуының ең жалпы заңдарын ашу

4)адамның өмір сүруі және дамуы заңдылықтарын ашу

5)адам психологиясы мен логикасының даму заңдылықтарын ашу

2. Ғылыми танымның негізі екі формасын көрсетіңіз:

1)эмпириялық және теориялық

2)ғылыми және практикалық

3)диалектикалық және метафизикалық

4)теориялық және ғылыми

5)абстрактың және практиканың

3. Эмпирикалық танымның міндеті не?

1)факті жинау ісімен айналысу

2)мағлұматтардың жеке ерекшеліктерін анықтау

3)зерттеу объектілерінің қатынастарын анықтау

4)объектілердің мәнді қасиеттерін анықтау

5)теориялық мәліметтер жинау ісімен айналысу

4. Теориялық танымның міндеті не?

1)заттар мен құбылыстардың мәнін, заңдылығын білу

2)фактілер жинақтау ісімен айналысу

3)қажетті зерттеу проблемаларын анықтау

4)зерттеу бағдарламасын құрастыру

5)зерттеуші құбылыстардың себепті байланыстарын ашу

5. Гипотезадан ғылыми танымның айырмашылығы неде?

1)күрделілігінде

2)математикалық есептілігінде

3)ақиқаттығында

4)жүйелілігінде

5)практика арқылы расталуында

6.Ғылыми таным методы проблемасын шешуде эмпиризмнің негізін қалаушы:

1)Лейбниц;

2)Ф. Аквинский;

3) Бэкон;

4)И. Кант;

5)Д. Юм.

7.Ойлаудың индуктивтік методының негізін қалаушы:

1.Бэкон; 2.Декарт; 3.Локк; 4.Спиноза; 5.Гоббс;

8.Р. Декарт ойлаудың қай методына сүйенген?

1.дедуктивтік; 2.схоластикалық; 3. софистикалық; 4.индуктивтік; 5.аксиоматикалық;

9.Ғылыми таным туралы философиялық ілім:

1.гносеология; 2.антропология; 3.аксиология; 4.диалектика; 5. онтология;

10.Обьекті қосымша элементтерге ойша бөлудегі танымдық әрекет қалай аталады:

1.анализ; 2.синтез; 3.индукция; 4.дедукция; 5.аналогия;

Әдебиеттер:


  1. Копнин П. В. Диалектика, логика, наука. М., 1973.

  2. Копнин П. В. Гносеологические и логические основы науки. М., 1974.

  3. Проблемы истории и методология научного познания. М., 1974.

  4. Рузавин Г. И. Методы научного исследования. М., 1974.

  5. Современная философия: словарь и хрестоматия. Ростов- на- Дону. 1996.

  6. Философиялық сөздік. А., 1996.

13 Тақырып: Диалектика ғылым және метод ретінде, оның принциптері мен категориялары

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге диалектиканың таным процесіндегі теория және тәсіл ретіндегі мәнін ашып көрсету. Студенттерді диалектикалық ойлау өнеріне баулу .

Диалектиканың тарихи даму жолын сипаттау (диалектиканың антикалық нұсқасы , Гегельдің идеалистік диалектикасы , материалистік диалетика )

Студенттерге диалектиканың негізгі принциптері мен категорияларын түсіндіру, ерекшеліктерін ұғындыру.



Семинар сабағының жоспары:

1. Диалектика теория және тәсіл ретінде.



  1. Диалектиканың негізгі принциптері: тұтастық, жүйелілік, нақтылық т.б.

Диалектиканың негізгі категориялары: жалқы және жалпы, себеп және салдар, мән және құбылыс, қажеттілік және кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындық т.б.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Диалектиканың мәнін қысқаша қалай анықтауға болады ?

  2. Диалектиканың негзгі тарихи формаларының қайсысын білесіз?

  3. Псевдодиалектика дегеніміз не?

  4. Диалектиканың негізгі принциптері қандай?

  5. Диалектика категорияларының мәнін түсіндіріңіз?

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Диалектика (гр. dialegomai – кеңес құру, әңгіме жүргізу) - табиғаттың, қоғамның және ойлаудың жалпыға бірдей заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Метафизика – шындықты оның дамуында емес, тыныштық жағдайында қарайтын диалектикаға қарама-қарсы ойлау тәсілі.

Методология таным процесінде қолданылатын тәсілдер жүйесі жөніндегі ілім.

Метод (гр. methodos – «бірдеңеге апаратын жол») – жалпы мәні таным процесінде ақиқатқа жетудің тәсілі , белгілі түрдегі жүйелі қызмет .

Теория (гр. theoria– бақылау, қарастыру, зерттеу ) - өзінің объектісін құрастырып отырған белгілі бір жиынтықтың қызметін сипаттайтын, түсіндіретін және болжайтын шындықтың қандай да болмасын «фрагменті» жөніндегі нақты білімді жинақтап қорытындылайтын жүйе .

Принцип – дүниені тану мен өзгерту процесінде фактілерді немесе білімдерді бір ізге салуға қызмет ететін , олардың кейбір жиынтығының түп негізі ретінде көрінетін танымның ерекше формасы .

Категория ( гр. kategoria – пікір айту, куәгерлік ) – дүниедегі заттар мен құбылыстардың және таным процесінің неғұрлым ортақ және елеулі байланыстарын көрсететін бірегей , іргелі логикалық ұғым.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Диалектика теория және тәсіл ретінде.

  2. Дамудың екі концециясы.

  3. Диалектиканың принциптері.

  4. Софистика және эклектика.

  5. Кездейсоқтық және ықтималдылық.

  6. Мүмкіндік пен қажеттіліктің өзара қатынасы.

  7. Эволюция және революция.


Тест сұрақтары:

1.Диалектика – философиялық ілім:

1)Күн жүйесінң шығу тегі туралы.

2)Әлемнің өзгермейтіндігі туралы.

3)Дамудың жалпы заңдары туралы.

4)Болмысты танып білу туралы.

5)Кеңістік пен уақыттың относительділігі туралы .

2.Диалектикаға қарама – қарсы методты көрсетіңіз:

1)индукция 2)анализ 3)метафизика 4)дедукция 5)синтез

3. Даму туралы философиялық ілім:

1)метафизика 2)релятивизм 3)догматизм 4)эклектика 5)диалектика

4. Құбылыстардың жалпы заңдылықты себептік уәжділігі туралы ілім:

1)индетерминизм 2)фатализм 3)детерминизм 4)конвенционализм 5)кондиционализм

5.Категориялар дегеніміз не?

1)табиғаттағы, қоғамдағы және ойлаудағы жалпы байланыстарды бейнелейтін ең жалпы ұғымдар , практикалық қыметтің идеалдық формалары .

2)табиғаттағы , қоғамдағы жалпы байланыстарды бейнелейтін ең жалпы ұғым.

3)ойлаудағы , қоғамдағы жалпы байланыстарды бейнелейтінең жалпы ұғымдар, практикалық қызметтің идеалдық формалары.

4)ойлаудың және табиғаттың жалпы байланыстарын көрсететін жалпы ұғымдар

5)табиғат пен адамның арасындағы жалпы байланыстарды көрсететін жалпы ұғымдар.

6.Қай категориялар диалектикаға қатысты :

1)мазмұн және форма; 2)тап, ұлт, жанұя; 3)күш, энергия, жылдамдық; 4)ақпарат, байланыс, басқару; 5)ақша, кіріс, табыс;

7.Диалектиканың негізгі принципін көрсетіңіз :

1)даму принципі 2)мазмұн және форма 3)қажеттілік пен кездейсоқтық 4)себеп пен салдар

5)мән мен құбылыс

8.Материалистік диалектика дегеніміз не?

1)Ол - табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының дамуының ең жалпы заңдарын зерттейтін ғылым.

2)Ол - табиғаттың және адам дамуының негізгі заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

3)Ол - адамның адам психологиясы мен логикасының даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

4)Ол - табиғаттың және қоғамның дамуының ең жалпы заңдарын зерттейтін ғылым.

5)Ол - қоғамның және адамның арасындағы негізгі қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

9. Дамудың дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:

1)Даму - объектінің сандық өзгерісі;

2)Даму - кез-келген қозғалыс;

3)Даму - шеңбер бойынша қозғалыс;

4)Даму - жүйенің хаостық қозғалысы;

5)Даму - төменгі жағдайдан жоғарырақ жағдайға қарай қозғалыс.

10. Философиядағы метафизикалық әдістің ең маңызды белгісін көрсетіңіз:

1)қандай болсын дамуды, қозғалысты терістеу;

2)дамудың ішкі қайнар көзін терістеу;

3)сыртқы күшті дамудың қайнар көзі деп мойындау;

4)дамудың шексіздігін терістеу;

5)метафизикалық әдіс тек қана тілмен байланысты.



Әдебиеттер:

  1. Әбішев Қ. Философия. Т.5. § 1,2 Алматы, 1999.

  2. Батищев Г.С. Диалектика как логика мировоззрения целостно развитого человека материалистическая диалектика как логика. Алматы, 1986.

  3. Ильенков Э.В. Ленинская диалектика и метафизика позитивизма. М.,1989

  4. Категории диалектики как ступени познания. М., 1971.

  5. Қалиев З. Даму. 2 тарау. Диалектиканың категориялары. § 6-13. Алматы, 1993.

  6. Науменко Л.К. Монизм как принцип диалектики. Алматы, 1972.

  7. Принцип диалектики. Алматы, 1994.

  8. Функции материалистической диалектики. М., 1980.

  9. Шептулин А.П. Диалектический метод познания. М., 1983.

19 - тақырып: Диалектиканың заңдары

Сабақтың мақсаты:

Диалектиканың категориялары мен заңдарының мәнін, диалектиканың таным процесіндегі теория және тәсіл ретіндегі мәнін ашып көрсету. Студенттерді диалектикалық ойлау өнеріне баулу .



Диалектиканың тарихи даму жолын сипаттау. Студенттерге диалектиканың негізгі принциптері мен категорияларын түсіндіру, ерекшеліктерін ұғындыру.

Семинар сабағының жоспары:

1-ші сабақ.

  1. Заң ұғымы.

  2. Қарама-қарсылықтар бірлігі және күресі заңы қызметтерінің құрылымы және механизмі.

  3. Қайшылықтың негізгі формалары және типтері.

2-ші сабақ.

  1. Сапа және қасиет. Сапа және сан. Өлшем.

  2. Сандық және сапалық өзгерістердің диалектикасы. Секірістер және оның түрлері.

  3. Диалектикалық терістеудің мәні. Терістеуді терістеу сатылы дамудың бейнесі ретінде.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Заң дегеніміз не?

  2. Қай заң диалектиканың «ядросы» және неге?

  3. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы қандай фундаменталды проблеманы шешеді?

  4. Қай заң дамудың механизмін ашады?

  5. Философиялық түсініктегі сан, сапа және өлшем деген не?

  6. Дамудың спиральды түрдегі механизмінің мәні неде?

  7. Дамудағы «секіріс» дегеніміз не?

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Заң - дегеніміз құбылыстар арасындағы берік бара-бар, тыныш, қажетті, жалпы, тұрақты және қайталанып отыратын қатынас, бірлік пен байланыс.

Қарама-қарсылықтар - бір бірін терістейтін және тудыратын бірліктің тенденциялары, моменттері, жақтары.

Қайшылық - бұл даму және өзіндік қозғалыс бар жердегі қарама-қарсылықтардың қатынасы.

Сапа - бұл заттың маңызды қасиеттерінің жиынтығы.

Сан - бұл шаманы заттардың көлемін, процесстер ағымының қалпын, заттардың қасиетінің және сапасының деңгейін анықтайтын философиялық категория.

Өлшем - бұл шекара аралықтарындағы негізгі сапаны қалдыра отырып, сандық өзгерістердің интервалын анықтайтын философиялық категория.

Секіріс - дегеніміз сан өзгерісінің жиналуының нәтижесінде заттың сапалық түрленуінің кезеңі, яғни ескі сапаның жаңа сапаға ауысуы,бірте-біртеліктің үзілістері.

Терістеу - дамудағы объекттің жағдайларының, стадияларының арасындағы байланыстың анықталған типін білдіретін философиялық категория.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Диалектика болмыстың,дамудың және қозғалыстың әмбебап

  2. (универсалды) байланыстары туралы ілім ретінде.

  3. Диалектиканың заңдары және категориялары.

  4. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы.

  5. Қайшылық дамудың қайнар көзі ретінде.

  6. Қайшылықтардың негізгі типтері.

  7. Терістеуді терістеу заңы.

  8. Эволюция және революция.


Тест сұрақтары:

  1. «Даму» ұғымының дұрыс анықтамасын көрсетініз?

1) бұл сапалы, қайшылықты, сатылы қозғалыс

2) бұл объектінің сандық өзгерістері

3) бұл кез-келген қозғалыс

4) бұл жүенің хаостық өзгерістері



5) бұл шеңбер бойынша қозғалыс

  1. Заң статусына ие болу үшін, байланыс төменде корсетілген қасиеттердің қайсысына ие болуы тиіс.

  1. ауыспалы және кездейсоқтық

  2. салыстырмалылық

  3. априорлық

  4. тұрақтылық, себептілік және қажеттілік

  5. субъективтік

  1. Диалектиканың негізгі өзегі болып қай заң есептеледі?

  1. мән және құбылыс заңы

  2. терістеуді терістеу заңы

  3. қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы

  4. мөлшерлік және сапалық өзгерістердің заңы, өзара ауысу заңы

  5. қажеттілік пен кездейсоқтық заңы

  1. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңының мазмұнын ашатын категориялар тобын көрсетіңіз:

  1. субстанция, себептілік, өзара әсер

  2. айырмашылық, қарама-қарсылық, қайшылық

  3. терістеу, терістеуді терістеу, түсіріп сақтау

  4. сапа, сан, өлшем

  5. мүмкіндік, шындық, ықтималдылық

  1. Қарама-қарсылықтардың бірлігі және күресі заңы немен айналысады?

  1. даму процестерінің ішкі қайнар көзін ашады,ескінің жойылып, пайда болуының себептерін көрсетеді

  2. даму процестерінің қай бағытта өтіп жатқандығын көрсетеді

  3. даму процесінде жаңаның даму сатыларын көрсетеді

  4. даму процесінде жеке мен жалпының байланысын көрсетеді

  5. даму процесіндегі адамның алатын орнын көрсетеді

6.Сан және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы немен айналысады?

  1. ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді

  2. даму процесінің ішкі және жалпы механизмін анықтап береді

  3. ескіден жаңаға өту жолын айқындайды

  4. дамудың мәнін, жалпы бағытын анықтайды

  5. дамудың негізгі даму сатыларын көрсетеді

7.Төменде келтірілген категориялардың қайсысы сапа мен санның диалектикалық байланысын бейнелейді?

  1. мән

  2. форма

  3. шындық

  4. құбылыс

  5. өлшем

  1. Терістеуді терістеу заңы немен айналысады?

  1. дамудың мәнін, жалпы тенденциясы мен бағытын анықтайды

  2. дамудың ішкі және сыртқы механизмін анықтап береді

  3. дамудың қарама-қайшылықсыз болмайтынын көрсетеді

  4. жаңаның пайда болу себебін көрсетеді

  5. дамуда ескінің жойылу себептерін анықтайды

  1. Даму процесі терістеуді терістеу заңы бойынша қалай жүзеге асады?

  1. стихиялы

  2. қайталану түрінде

  3. спираль бойынша

  4. бұралаң жолмен

  5. тура жолмен

10.Қандай категория ескі сападан жаңа сапаға ауысуды білдіреді?

  1. өлшем

  2. қасиет

  3. заң

  4. секіріс

  5. эволюция

14 тақырып: Философиялық антропология

жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау