Кафедра Философия


тақырып. Орыс философиясы



жүктеу 1,42 Mb.
бет21/22
Дата14.11.2018
өлшемі1,42 Mb.
#19583
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

10 тақырып. Орыс философиясы.

Мақсаты.


Орыс философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару.

Жоспары:


  1. П.Чаадаевтың «Философиялық хаттарының» негізгі идеялары.

  2. Славянофилдік және батысшылдық.

  3. Н.Чернышевскийдің философиялық көзқарастары.

Тапсырма:

Орыс философиясының, қалыптасуына, ерекшелігіне және маңызына назар аудару.

Әдістемелік нұсқау

Орыс философияның ерекшелігіне және маңызына деген назар аудару және көңіл бөлу.



11 тақырып. ХХ ғасырдағы Батыс философиясы.

Мақсаты.


Қазіргі заманғы батыс философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Классикалық философиядан арылу. Сцентристік үрдістер мен позитивизмнің тарихи формалары.

Жоспары:


  1. Иррационализм және оның негізгі бағыттары. Неотомизм.

  2. Неопозитивизм. Экзиестенциализм. Постпозитивизм философиясының ерекшелігі.

  3. ХХ ғ. философиясының танымы, көзқарасы ұсынған идея, әдіс, ұғымның маңызы.

Тапсырма:

ХХ ғасыр философиясының, қалыптасуына, ерекшелігіне және маңызына назар аудару.

Әдістемелік нұсқау

ХХ ғасыр философияның ерекшелігіне және маңызына деген назар аудару және көңіл бөлу.



12 тақырып. Болмыс және материя туралы философиялық түсінік.

Мақсаты.


Болмыс ұғымы, оның мәні мен философиялық, физикалық түсініктері. Материя ұғымының философиялық материализм жүйесінің ролі.

Жоспары:


  1. Болмыс – философиялық ұғым.

  2. Болмыстың негізгі түрлері: заттар процестер болмысы, адам болмысы, рухани болмыс, әлеуметтік болмыс.

  3. Материя түсінігінің тарихи қалыптасуы.

  4. Материя және оның негізгі формалары.

Тапсырма:

Болмыс пен материя түсінігіне, маңызына назар аудару.

Әдістемелік нұсқау

Болмыс пен материя ұғымына, тарихи қалыптасуына, маңызына деген назар аудару және көңіл бөлу.



13 тақырып. Гносеология: жалпы мәселелер.

Мақсаты.


Танымның көптүрлілігі. Ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс білімдер формалары.Танымның объектісі мен субъектісіне назар аудару.

Жоспары:


  1. Таным – қоғамдық тарихи процесс.

  2. Сезімдік және логикалық таным. Ақиқат теориясы.

  3. Ғылыми таным ерекшеліктері, заңдылықтары.

  4. Ғылыми таным логикасы мен методологиясы.

Тапсырма:

Таным теориясының түсінігіне, маңызына назар аудару.

Әдістемелік нұсқау

Таным ұғымына, тарихи қалыптасуына, маңызына деген назар аудару және көңіл бөлу.



14 тақырып. Адамның рухани әлемі.

Мақсаты.


Сана адамның өмір сүру формасы, рухани бағытын анықтау мен дүниені өзгерту құралы және сананың функцияларына назар аудару.

Жоспары:


  1. Сана адам миының функциясы.

  2. Сана проблемасы туралы тұжырымдары.

  3. Бейнелеу формаларының эволюциясы. (Өзіндік сана. Сана жіне тіл).

  4. Қоғамдық сананың формалары (Дін. Өнер. Философия т.б.).

Тапсырма:

Сана теориясының түсінігіне, маңызына назар аудару.

Әдістемелік нұсқау

Сана ұғымына, тарихи қалыптасуына, маңызына деген назар аудару және көңіл бөлу.



15 тақырып. Мәдениет философиясының негізі.

Мақсаты.


Көне мәдениет саласындағы құндылықтық қарым – қатынаспен мәдениет негізіне назар аудару.

Жоспары:


  1. Мәдениет туралы әртүрлі ғылыми концепциялардың тұжырымдары.

  2. Мәдениет және өркениет арақатынасы, байланысы, заңдылықтар, ерекшеліктері.

  3. Жеке адамның, әлеуметтік топтың, қауымдастықтың, жалпы қоғамның мәдениеті туралы.

Тапсырма:

Мәдениет теориясының түсінігіне, маңызына назар аудару.

Әдістемелік нұсқау

Мәдениет ұғымына, тарихи қалыптасуына, маңызына деген назар аудару және көңіл бөлу.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Философия кафедрасы

ФИЛОСОФИЯ ПӘНІНІЕН
ГЛОССАРИЙ

Көкшетау - 2011ж.


ГЛОССАРИЙ
АБСОЛЮТ ( латын тілінен ауд. шартсыз, шексіз) - идеалистік фило-софияның үғымы, барлық бардың (сущее) біртүтас, жалпы, бастаусыз және шексіз деп пайымдалатын, кез-келген салыстырмалы және шартты болмысқа қарсы қойылатын рухани алғашқы бастауын білдіреді.

АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ - Гегель философиясының негізгі категориясы, универсумды толық күйінде, шартсыз, нақты және түлғалық жалпылық күйінде білдіреді (яғни, субъектіні де, субстанцияны да).

АБСОЛЮТТІК РУХ - Гегельдің философиялық жүйесінде абсолюттік идеяның өзіндік санасын жүзеге асыратын рух дамуының қорытынды звеносы.

АКСИОЛОГИЯ - қүндылықтар туралы ілім, адам қызметінің ба-ғытталғандығын, адамның іс-қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы.

АҚИҚАТ - танушы субъектінінің объектіні дәл күйінде бейнелеуі, оны өмірде бар күйінде, адамның өзінен және оның санасыиан тыс және тәуелсіз көрсетуі; сезімдік, эмпирикалық тәжірибенің, үғымдардың, идеялардың, пікірлердің, теориялардың, ілімдердің және диалектикалық дамушы дүниенің түтас бейнесінің объективтік мазмүны.

АНТИНОМИЯ (грекше - заңның өзіне өзі кайшы келуі - 1) зат туралы екеуі де қайшылықты пікірлердің бірлігі, бүл пікірлердің логикалык негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны немесе заңды дәлелдеп түжырымдауға тырысқанда пайымдалатын жойылмайтын қайшылық.

АНТРОПОЛОГИЗМ - философиялық концепция, оның өкілдері "адам" үғымын негізгі көзқарастық категория деп қарастырады және табиғат, қоғам, ойлау туралы түсініктер жүйесін тек осы категория арқылы ғана жасауға болады деп түжырымдайды.

АПЕЙРОН ( арейрон - шектелмеген) - шексіз. Анаксимандрдың пікірінше, формасы жоқ алғашқы зат, барлық заттар осы апейрондардан құралған. Натурфилософтар апейронды алғашқы бастау деп қабылдады. Платон мен пифагоршылар оны материяның синонимі ретінде түсінді.

АПОРИЯ (грекше арогіа - тығырық) - көне грек философиясында шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған үғым.

АПОСТЕРИОРИ ( лат.- келесіден) - тәжірибеден алынатын білім.

АПРИОРИ (лат. аргіогі - тәжірибеге дейін) - тәжірибеге, іс-әрекетке дейін, оған тәуелсіз танылатынды білдіретін үғым.

АРАЛ АСУ - қазақ дүниетанымының категориясы, жеке адамның ғана емес, жалпы қазақ халқының өмір кеңістігінде өзінің туысқандарымен, отандастарымен, адамзаттың басқа өкілдерімен бірге өмір сүру тәсілі.

АРХАТ - Көне Үнді философиясының үғымы, "жауды жеңуші" дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананың тыныш ағынын бүзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.

АСЫЛАДАМ,БЕКЗАТ АДАМ(ЦЗЮНЬ-ЦЗЫ) - адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, "алтын ортаға' жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам.

Конфуциийдің пікірінше, мүндай қасиеттерге мемлекетті би-леуші, басқарушы адам ие. Бүл ұғымға қарсы үғым - кітөмен адам" үғымы.



АТМАН - бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: «мен", "өзімді", "дене". Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы - индивидуальдік және универсалдық космостық психикалық болмыс ретіндегі "адам". Осы ма-ғынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанци-оналдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді делінгенмен, ол көбіне ақыл-ойдан, сөз бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, "брахман" ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі.

АРХЕТИП -алғашқы образ, идея. Архетиптер аналитикалық пси-хологияда инстинктілермен қатар "ұжымдық бейсаналылықтың" қатпар-ларында болатын және жалпыадамзаттық символиканың негізін қүрайтын, туа біткен психикалық құрылымдар болып табылады.

БЕЙСАНАЛЫҚ (бессознательное) - кең магынасында - субъектінің санасында жоқ психикалық процестердің, операциялардың және жағдай-лардың жиынтығы. Бұл психикалықтың сана қүбылыстарынан сапалық жа-ғынан өзгеше ерекше саласы. Бейсаналы шын мақсаттары мен салдарла-ры сана деңгейінде түсінілмейтін жеке және топтық мінез-құлықты сипат-ұтайды. Фрейд бейсаналыны сананың қызметіне қарама-қарсы аса зор күш ретінде көрсетеді.

БИЛІК - әлеуметтік қатынастар формасы, адамдар мен әлеуметтік топтардың қызметі мен тәртібінің сипаты мен бағытына экономикалық, идеологиялық және ұйымдастырушылық-құқықтық механизмдер арқылы, сонымен қатар беделдің, дәстүрлердің, күш көрсетудің көмегімен ықпал ете алу қабілетімен сипатталады. Басқару және бағыну принципі-не негізделген қатынастар биліктің мәні болып табылады.

БОЛМЫС - санадан тәуелсіз өмір сүретін объективті дүниені білдіретін философиялық үғым. Кең магынасында болмыс, бірдеңенің жалпы түрде өмір сүруін білдіретін жалпы және абстрактілі ұғым.

БҰЛЖЫМАЙТЫН ИМПЕРАТИВ (категорический императив) - Кант философиясының ұғымы, жалпыға бірдей, жеке принципке (максиме) қарама-қарсы, міндетті түрде орындалуға тиіс мінез-құлықтық адамгершіліктік ереже.

ВЕРИФИКАЦИЯ - ғылыми тұжырымдардың ақиқаттылығьін оларды эмпирикалық тексерудің нәтижесінде анықтауды білдіретің методологиялық ұғым.

ВОЛЮНТАРИЗМ ( лат. - воля (жігер), Ф. Тённис 1883 жылы енгізген термин) - философиядағы идеалистік бағыт, жігерді болмыстың жоғарғы принципі ретінде қарастырады. Рухани болмыста жігерді бірінші орынға қоя отырып, волюнтаризм барлық заттың негізі ретінде интеллект, ақыл-ойды танитын интеллектуализмге (немесе рационализмге) қарсы тұрады.

ГЕНЕЗИС (грекше - шығу, қалыптасу) - шығу, қалыптасу, пайда болу, туындау, белгілі бір жағдайға, түрге, затқа, құбылысқа әкелетін даму дегенді білдіреді.

ГУМАНИЗМ (латынша - адамшылық) - адамды басты құндылық деп танитын антропологиялық бағыт. Бастауын көне Римнен алғанымен, жеке бағыт ретінде Ренессанс дәуірінде қарқынды дамыды.

ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ - ғылыми-танымдық қызметтің си-паттарын зерттейтін философиялық бағыт. Тарихимәдени контексте ғылым философиясының басты проблемалары мынадай: а) ғылыми білімнің бірлігі идеясы және онымен байланысты дүниенің ғылыми тұтас бейнесін қалыптастыру міндеті, детерминизм, себептілік ұғымдарын, динамикалық және статикалық зандылықтардың арақатынасын сараптау; б) ғылыми зерттеудің қүрылымдық сипаттамалары - анализ бен синтездің , индукция мен дедукцияның, логика мен интуицияның, жаңалық ашу мен негіздеудің, теория мен фактінің арақатынасы; в) демаркация проблемасы - ғылым мен метафизиканы, математика мен жаратылыстану-ды, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылысты ғылымдық білімді бөлу; ғылыми білімді негіздеу проблемасы, верификация жасауды сараптау; д) ғылыми-зерттеу парадигмаларын қарастыру; е) ғылыми білімді гуманизациялау мәселесі.

ДАО - дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай философиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао - универсалдық зандылық: Көктің өзі дао зандарына бағынады, яғни, адам Жер мен Көк зандары арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті - даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру.

ДЕКОНСТРУКЦИЯ - мәтінге қатысты ерекше стратегия, дест-рукцияны" да, реконструкцияны да қамтиды. Термин метафизика дәстүрі ретіндегі европалық дәстүрді қайта түсінуді білдіреді, мүндағы басты нәрсе бұзу емес, позитивті мән құрастыру.

ДЕМИФОЛОГИЗАЦИЯ - діни философтар мен теологтар қасиетті мәтіндерді қазіргі заман тіліне аударғанда қолданатын методологиялык тәсілдерді белгілеуге арналған термин.

ДЕСТРУКЦИЯ - философиялық онтологиялық конструкциялардың негіздемелерін айқындау. Деструкция, бір жағынан алғанда, антикалық дәстүр ашқан, кейін үмытылыңқыралған мүмкіндіктерді ашады, екінші жағынан - болмысты өз бетімен, шегіне жете түсінуге бағыттайды. Тарихи-философиялық контексте деструкция адамның өзінің нақты уақытында өз мәнін табатын өзекті өмір сүру мүмкіндіктерінің бірі ретінде түсініледі.

ДЕФИНИЦИЯ - заттың маңызды ерекшеліктерін немесе ұғымның мағынасын, мазмұнын және шекараларын айқындайтын қысқаша логикалық анықтама.

ДИАЛЕКТИКА - табиғаттың, қоғамның, адамның және ойлаудың жалпы зандары туралы ғылым.

ДИСКУРСИВТ1 - пайымдық, логикалық, тікелей емес, сезімдік, тікелей, интуитивтіден өзгеше.

ДҮНИЕНІҢ ДІНИ БЕЙНЕСІ - негізгі элементі - жалғыз Құдай бейнесі (монотеистік діндер) немесе құдайлар санының көптігі (политеистік діндер). Қай уақытта болмасын, барлық діндер біздің эмпирикалық шындық өз бетімен өмір сүре алмайды және өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, тек жаратылған, себебі ол екінші, нағыз, ақиқат шындықтың -Құдайдың жемісі, проекциясы деп есептейді.

ДҮНИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ БЕЙНЕСІ - шындықтың жалпы қасиеттері мен зандылықтары туралы түсініктердің іргелі ғылыми түсініктерді, принциптерді және теорияларды жалпы қорыту мен синтездеу нәтижес-інде қүрастырылган түтас бейнесі.

ДҮНИЕНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІ - көптүрлі Бірақ бәрі адам және дүние қатынасының төңірегінде қалыптастырылған. Бұл қатынас материалистік немесе идеалистік, диалектикалық немесе метафизикалық, объективистік немесе субъективистік түрғыдан түсінілуі мүмкін.

ДХАММА (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде)
(сіһагта) - бірнеше мағынаға ие үғым. Ең әуелі Будда ілімі, рухани
білімнің квинтэссенциясы дегенді білдіреді, ар-үждан, адамгершілік ілімі,
әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа үғымдарды
біріктіреді. Темен Дхарма қарапайым деңгейдегі қүбылыстардың әрекетің ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуің түсіндіреді. Тағы бір мағынасы - болмыстың элементтері. Әлемдік пр0. цесс - себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, өткіңщ} 72 дхарма-элементтердің өзара эсер етуі және оның соңғы нәтижесі абсолюттік тыныш күйге, сөнуге жету.

ДІН ФИЛОСОФИЯСЫ - кең мағынасында - дінге қатысты фило-софиялық үстанымдардың, оның табиғаты мен функциялары туралы концепциялардың, құдайылықтың өмір сүруінің философиялық негіздеме-лерінің, сонымен қатар, оның табиғаты және дүние мен адамға қатынасы туралы философиялық пайымдаулардың жиынтығы; тар мағынасында -кұдайылық пен дін туралы автономдық пайымдау, философиялық пайым-даудың ерекше типі.

ЕЛЕСТЕТУ - 1 )ертеректе қабылданған заттың немесе құбылыстың бейнесі; 2) елестету арқылы жасалған бейне

ЖАН - коне грек философта-рыныңы түсінігінде дене мен материяға қарама-қарсы субстанция, психикалық құбылыстардың, сезімдер мен ұмтылыстардың, тірі мақүлықтың негізі және оның санасының талпыныстарының жиынтығы.

ЖАТТАНУ – бастапқы бірліктің бұзылуының нәтижесінде қалып-тасатын, субъект табиғатының жұтандаңуына, өзгеруіне, бұрмалануына әкелетін субъект пен оның қандай да бір функциясының арасындағы қаты-настар; сонымен қатар, осы бірліктің бұзылуы процесі.

ЖІГЕР - адамның белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға саналы, мақсатты түрде ұмтылысы.

ИДЕАЛДЫ - объективті шындықтың субъективті бейнесі, адамның мақсатқа негізделген қызметі процесінде туындайды (субъективтік идеализм).

ИДЕАЛДЫ - барлық заттардың объективті өмір сүретін мәні (объективтік идеализм).

ИДЕЯ - философиялық термин, "мән", "мағына" дегенді білдіреді және ойлау және болмыс категорияларымен тығыз байланысты.

ИММАНЕНТТІ - затқа, қүбылысқа немесе процеске ішкі тән қасиет немесе зандылық.

ИНТЕНЦИОНАЛДЫҚ - феноменологияда - сананың дүниеге мәнқалыптастырушылық (смыслообразующая) ұмтылысы сананың затқа мәнқалыптастырушылық қатынасы, түйсіктердің заттық интерпретациясы.

ИНТЕРПРЕТАЦИЯ - тарихи-гуманитарлық ғылымдарда -
мәтіндердің мәндік мазмүнын ұғынуға бағытталған мәтінді түсіндіру; ма-
тематикалық логикада, логикалық семантикада, ғылым философиясын-
да - формальдық тілдің сөйлемдерінің мағынасын анықтау.

ИНТЕРСУБЪЕКТИВТІЛIК - субъектінің құрылымы, субъектінің ^ндивидуальдік көптігі фактісіне жауап береді және олардың қауымдастьіғьі мен коммуникациясының негізі ретінде көрінеді.

ИНТУИТВИЗМ - философиялық-методологиялық ұстаным, бол­мыс пен танымның соңғы негіздемесі ретінде шындықтың субъект пен объектіге бөлінуін жоятын, затқа тікелей, "тірі" енуді таниды.

ИНТУИЦИЯ -білімді дискурсивті туындатусыз және дәлелдеусіз, проблемалық ситуацияны тұтастай қамту арқылы тікелей алу процесі.

ИНЬ және ЯН (қытайша) - этимологиялық мағынасы "төбенің неме­се өзен жағасының көлеңкесі мен күнгейі" дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарастырылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь - дүниенің рациональдік, "әйелдік' бастауы, Ян - бейсаналық, "ер адамдық" бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсер-інен табиғат қүбылыстары да, қогамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады.

ИРРАЦИОНАЛДЫ - ақыл-ой шеңберінен тыс, логикалық ойлау арқылы жету мүмкін емес, рациональдіге қарама-қарсы.

ИРРАЦИОНАЛИЗМ - философиядагы идеалистік ағымдарды белгілейтін термин. Иррационализм рационализмге қарама-қарсы, таным процесіндегі ақыл-ойдың мүмкіндіктерін терістейді немесе шектейді және дүниені танудың негізі ретінде ақыл-ой жете алмайтын немесе оның та-биғатына қарсы бірдеңені түсінеді, болмыстың өзін логикаға қарсы, ир-рациональдік сипатта деп тұжырымдайды.

ИСТОРИЦИЗМ - тарихи білімнің логикалық-методологиялық, гносеологиялық және көзқарастық проблемаларын алдыңгы қатарға шы-ғаратын философиялық ағым.

ҚАБЫЛДАУ - материалдық дүниенің заттары мен процестерінің сыртқы құрылымдық сипаттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сезімдік бейнесі.

КАЛАМ (арабша калам - сөз) - ортағасырлық мұсылман филосо-фиясының бағыты, ислам дінінің принциптерін, негізгі көзқарастарын зерттеп, түсіндіруді жэне қорғауды мақсат еткен. Каламды спекулятивтік теология деп те атайды, бұл жерде спекуляция деген тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау арқылы жетуді білдіреді.

КАРМА - "іс-әрекет", көне Үнді философиясының ұғымы. Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, ­міндетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкіц Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік зандылығы карма деп аталады.

КАТЕГОРИЯ - шындықтың, пікірлердің және ұғымдардың жал­пы және қарапайым формалары, олардан басқа ұғымдар туындайды. Со­нымен қатар, категориялар таным объектілері болмысының алғашқы және негізгі формалары.

КЕҢІСТІК - материя болмысының формасы, оның көлемін, барлық материалдық жүйелердегі элементтердің өзара әсерін және болмыстың кеңістіктік-универсалдық, жалпы категорияларын сипаттайды. Кеңістік бір уақытта бірге өмір сүріп отырған объектілердің орналасу тәртібін білдіреді.

КЛЕРИКАЛИЗМ (латынша сіегісаі - шіркеулік) - католик шіркеуі мен оның басшысының беделін көтеруге және күшейтуге бағыт-талған талпыныстар жиынтығы.

КОСМОС (грекше - Ғалам) - хаосқа қарама-қарсы, реттелген, түтас, жүйелі қүрастырылған бірлік ретінде түсінілетін әлем, дүние. Дү-ниені реттілік пен үйлесімділіктен түратын космос деп ең алғаш рет Пи­фагор атады.

КРЕАТИВТІЛІК - шығармашылықты тұлғаның, процестің,
өнімнің мәдениет универсумын, индивидтің тәжірибесін немесе әлеу-
меттік маңыздылығын өзгертуде көрінетін тудырушы қабілеті.

КРЕАЦИОНИЗМ - дүниені жаратылыстан жоғары тіршілік етуші жаратқаны туралы діни ілім.

КРИТИЦИЗМ - философиялық және ғылыми-теориялық ойлауға тән үстаным, методологиялық әдіс. Критицизм ақиқат білімнің қатаң логикалық өсуін қамтамасыз ететін универсалдық метод жоқ, сондықтан ғылымның міндеті - ізденіс және формальдық-логикалық тәсілдердің көмегімен жалған теорияларды теріске шығару деп пайымдайды.

КІСІЛІК - қазақ дүниетанымының категориясы, адамгершілігі мол, ағайын-бауыр, дос-жаран арасында, жалпы қоғамда беделді адам болу дегенді білдіреді.

ҚОЗҒАЛЫС - материяның маңызды атрибуты, өмір сүру тәсілі. Табиғат пен қоғамда жүріп жатқан процестердің бәрі қозгалыс болып есептеледі. Ең жалпы түрде алсақ, қозғалыс - кез-келген өзгеріс, матери-алдық объектілердің өзара әсері және олардың күйлерінің ауысуы.

КӨЗҚАРАС - метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінін ж;иынтығы, объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінін және олардан туындайтын өмірлік үстанымдарының, сеншдершщ, иде-злдарының, құндылықтық бағыттарының жүйесі.

КУМУЛЯТИВИЗМ - ғылым философиясының методологиялық ұстанымы, білімнің дамуы ақиқат білімдердің қордаланған мөлшеріне жана ережелерді біртіндеп қосу арқылы жүреді деп есептейді.

ЛИБИДО (лат. - қүмарлану, қалау, үмтылу) - Фрейд қалыптастырған психоанализдің негізгі ұғымдарының бірі. Фрейдтің түсінігінде либидо сексуалды сипаттағы құмарлық, көбіне бейсаналы түрде болады.

ЛОГОС (грекше сөз және мән-мағына) - Гераклит болмыстың хүтастығын, тұрақтылығын және гармониясын бейнелеу үшін енгізген философиялық субстанционалдық термин; ой, үғым, ақыл-ой, дүние-жүзілік заңдылық мағыналарында түсініледі.

МАТЕРИЯ - (лат. - зат) - дүниеде өмір сүріп отырған объектілер мен жүйелердің бәрінің шексіз көптігі, кез-келген қасиеттердің, байла-ныстардың, қатынастардың және қозғалыстың формаларының субстраты.

МАХИЗМ - XX- ғасырдың басында Мах, Авенариус және олардың шәкірттерінің және К.Пирсонның еңбектерінде ұсынылған ғылым философиясы мен методологиясындағы субъективтік-идеалистік бағыт.

МӘДЕНИЕТ - адам қызметін ұйымдастыру мен дамытудың ерекше тәсілі, материалдық және рухани еңбектің нәтижелерінде, әлеуметтік ережелер мен мекемелер жүйесінде, материалдық және рухани құндылық-тарда, адамдардыңтабиғатқа, өзара және өздеріне қатынастарында көрінеді.

МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ - мәдениетті оның тарихи қалыптасуын және құрылымдық ерекшеліктерін толық қамти отырып зерт-ттейтін философиялық пән.

МЕНТАЛИТЕТ - ұжымдық және жеке сананың терең деңгейі, бейсаналыны да қамтиды. Менталитет - индивидтің немесе әлеуметтік топтың іс-әрекетке, ойлауға, дүниені белгілі бір түрде сезінуге және қабыл-дауга дайындыгының, үстанымдарының және бейімділігінің жиынтығы.

МЕТАФИЗИКА - бірінші түсінігі (Аристотель бойынша) - бол-мыстың, білімнің және мәдениеттіңтәжірибеден жогары принциптері мен бастаулары туралы философиялық ілім. Екінші түсінігі - диалектикалық материализм метафизиканы диалектикаға қарама-қарсы, болмыстың қай-шылықтар арқылы өзіндік сапалы дамуын терістейтін, дүниенің біржақ-ты, тек ойдағы бейнесін қүрастыруға бейім философиялық метод деп есептеді. Қазірігі кезеңде бірінші мағынасы басымырақ.

МЕТОД (грекше - жол, зерттеу) - таным жолы, белгілі бір мақсатқа жету тәсілі, шындықты теория немесе практикалық деңгейде меңгеру әдістерінің жиынтығы.

жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау