Атырау облысы, Қызылқоға ауданы . с.Миялы
№1 мектеп гимназия
Тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып
есептерді шығару
Сыныбы: 9 сынып
Математика пән мұғалімі : Д.Тукешева
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептерді шығару.
МАҚСАТ:
Білімділік: Алгоритмді қолданып теңдеулер жүйесін шешуге дағдыландыру.
Теңдеулер жүйесін құрастырып, есептер шығару.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында өзіндік әрекет ету мәдениетін
қалыптастыру, шынайы бағалауға, өзара көмекке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық және танымдық ойлау, өзін-өзі
бағалау, ақпараттық- коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту .
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Оқыту әдістері: практикалық
Көрнекілігі: оқулық , интерактив тақтамен жұмыс, үлестірме қағаздар.
Күтілетін нәтижелер :
-Нақты білік пен дағды қалыптасады:
-өзіндік әрекет жасайды;
- игерген білімді пайдалана біледі;
-мәтінді есептерге алгоритмді қолданып, теңдеулер жүйесін құра біледі;
-проблемаларды шеше біледі.
Сабақтың өту барысы: І . Ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу
б)оқушыларды түгелдеу
в) сабақтың мақсатын нұсқау
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау: а) Мәтінді есептерді шығарған кезде қолданылатын алгоритмді еске түсүру.
1. Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
1) Қандай теңдеулерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп айтамыз?
2) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз?
3)Қандай теңдеулер мәндес теңдеу бола алады?
4) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қандай тәсілдермен шығаруға болады?
Сұрақтың жауаптары:
ах+ву =с түрінде берілген теңдеу екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп айталады, мұндағы х, у- айнымалылар; а,в,с – нақты сандар және а мен в бір мезгілде нөлге тең емес.
ах+ву =с теңдеуді қанағаттандыратын кез келген сандар жұбы екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі деп аталады.
Егер екі теңдеудің бір ғана шешімі болса немесе екеуінің де шешімі жоқ болса , онда олар мәндес теңдеулер деп аталады.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу, алмастыру, графиктік тәсілдермен, сонымен қатар жаңа айнымалы енгізу тәсілімен шығаруға болады.
б) Үйге берілген тапсырмаларды тексеру.(Өзін өзі бағалау)
ІІІ Дамыту кезеңі.
Кім жылдам? (“Бинго” лото ойыны)
а) алгоритмді қолдана отырып , мәтінді есептерге теңдеулер жүйесін құру арқылы , деңгейлік тапсырмаларды орындау; А деңгей (20 ұпай)
б) оқушылар берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды. Барлық оқушы орындауға міндетті;
в)уақытынан бұрын шығарған оқушы тапсырмасын тексертеді;
г) ең төменгі деңгейдегі оқушының да кем дегенде, осы деңгейге жетуін қамтамасыз етеді; (20 ұпаймен есептеледі)
Достарыңызбен бөлісу: |