Қалыптастырылатын құзіреттілік: Осы модуль қазіргі қоғам құндылықтары – халқымыздың ұлттық болмысын көрсететін мәдениеті, өнері, тілі туралы; ұлт, ел болып қалыптасу жолындағы тілдің маңыздылығын, Алаш зиялыларының тіл жайлы көкейкесті ойларын, мәнмәтін бойынша тілдік белгілерді орфографиялық норамаға сай жазуды меңгереді. Сөздерді мағынасына қарай дәл қолдану, қиюластырып дұрыс айту, ойды қысқа да нұсқа жеткізе білу және сөз тазалығы туралы мәлімет алады. Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білуді үйренеді.
Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым - қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
|
Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: Пәнді қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы, география пәндерімен байланыстыра оқыту ұсынылады.
|
Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар: Дидактикалық материалдар,кітаптар, компьютерлер, мультимедиялық проектор, оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, презентациялар, т.б.
|
Әдебиеттер мен оқу құралдары:
А. Қасымбек, Л. Оспанова. Қазақ тілі: Мұғалім кітабы. Баспасы: Арман-ПВ, 2015
А. Қасымбек, М. Сағадиева, З. Аманжолова. Қазақ тілі: Оқулық. - Арман-ПВ, 2015
А. Қасымбек, М. Сағадиева. Қазақ тілі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. Баспасы: Арман-ПВ, 2015
Г. Қосымова Қазақ тiлi. Әдiстемелiк нұсқау. – Мектеп, 2015
Г. Қосымова Қазақ тiлi. Оқулық. – Мектеп, 2015
Г. Стамқұлова, Г. Оспанова. Қазақ тiлi. Дидактикалық материалдар, - Мектеп, 2015
Г.Тұрсынова, Ұ.Шүленбаева, Г.Рыскелдиева, А.Итемирова. Қазақ тілі: Оқулық. (Экология, су ресурсы, құрылыс-сәулет салаларындағы мамандықтарға арналған). – Алматы: ҚазҰТУ, 2013
Ж. Дәулетбекова, Қ. Рай, Л. Жұмекенова . Қазақ тілі. Оқулық +Үнтаспа, Атамұра, 2019
Ж. Дәулетбекова, П. Юсуп, Л. Жұмекенова. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. - Атамұра, 2019
Ж.Отарбекова, Б.Нұржанова, П. Байтымбетова. Нормативті қазақ тілі. – Алматы, 2015
|
Достарыңызбен бөлісу: |