Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша


Жоспар: 1. Гаплоидтарды алу тәсілдері 2. Гиногенез 3. Өсімдіктер жасушаларының өсіріндісін қолдану 1. Гаплоидтарды алу тәсілдері



жүктеу 4,2 Mb.
бет26/38
Дата29.11.2023
өлшемі4,2 Mb.
#44504
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
multi-213 x606468403

Жоспар:
1. Гаплоидтарды алу тәсілдері
2. Гиногенез
3. Өсімдіктер жасушаларының өсіріндісін қолдану
1. Гаплоидтарды алу тәсілдері
Гаплоид (грекше haploos- жалғыз, жайжәне eidos-түр)- хромосомалардың дара термесі бар ағза (жасуша, ядро). Гаплоидтарды екі тәсілмен алады:
1. Классикалық –алыс туысты буданның зиготасында бір түрдің хромосомасы алып тасталынатыналыстан будандастыру.
2. in vitro дақылдау, қысқарған терме хромосомаларынан тұратын ұрықтанбаған жыныс жасушаларынан тұтас өсімдікті қайта қалпына келтіруге болады.
Әдетте оларда аталық және аналық гаметаларының түзілуі бұзылады. in vitro дақылдау кезінде хромосоманың спонтанды түрде екі еселенуі жүруі мүмкін. Дигаплоидтар фертильді және тіршілікке икемді.
Гаплоидтар мен дигаплоидтардың артықшылықтары:
1. Гаплоидты өсімдіктер сұрыптаушыларға мутацияны бақылауға мүмкіндік беретін, барлық рецессивті генді мутациялар гаплоидты ағзаларда доминантты аллеялармен бүркемеленбейтін, хромосомалардың дара термесі. 2. Егер гаплоидты жасушаларды колхициннің көмегімен полиплодтаса, онда гомозиготалықты сипаттайтын дигаплоидтар пайда болады.
Гомозиготалық сызықты будандастыруда жоғары өнімді ұрпақ береді.
3. Есептік генетикалық талдаудың мүмкіндігі, гендердің өзара қарым-қатынасын зерттеу, генетикалық өзгергіштікті зерттеу, гендер тіркесін анықтау, гендердің санын белгілеу, сандық белгілеріне әсер етуші, полигендердің оқшаулануын анықтау.
4. Гаплоидты өсімдіктер ұрпақтың әлсіреуі мен оның өлуіне әкелетін летальді және сублетальді мутациялардан айыру.
Гаплоидтарды ықпалдандыру әдістері:
1. Гибридті ұрықта хромосомалардың селективті элиминациясы. Бұл әдіс астық тұқымдастарды селекциялауда жиі қолданылады.
2. Ықпалданған андрогенез.
3. Псевдогамия –гаплоидты ұрықтың ұрықтанғаннан кейін бөтен тозаң жұмыртқа жасушасының ұрықтанбауының дамуы немесе оқшауланған дән ұрығының дамуы (гиногенез).
Жасушалық инженерияда ықпалданған андрогенез жиі қолданылады. Алғаш рет 1964 жылы үнді зерттеушілері С.Гух пен С.Махешвари гаплоидты өсімдіктерді сасық меңдуананың тозаңдарын дақылдауда алды. Осы әдіспен 200 жуық гаплоидты өсімдік түрі алынған. Оның ішінде бидай, күріш, картоп, арпа, қарабидай және тағы да басқа өсірінділер бар. Тозаңдардың өсіріндісі үшін дамудың қандайда бір фазасының гүлшанағынан зарарсыздандырып алған тұтас тозаңдарды қолданады. Оларды қатты қоректік ортаға, не болмаса сұйық қоректік ортаның беттіне орналастырады. Оқшауланған тозаңды гаплоидты өсімдіктерді соматикалық ұрықтың тікелей регенерациясы арқылы немесе жанама – каллусогенез арқылы алуға болады.

Сурет 1. Гаплопродюссерлер негізінде гаплоидтерді алу


Біріншіден гаплоидты өсімдіктерге бастау болатын, дақылдаудың қандай да бір жағдайында эмбриоидтар дамитын, тозаңдардың ішіндегі жеке тұқым тозаңдарынан проэмбриональды құрылым түзіледі. Эмбриоидтер–тұқым тәрізді құрылымдар.


Екіншіден – тозаң бөлінеді, бірақ бөліну нәтижесінде пайда болған жасушалар, өлшемі жағынан жылдам үлкейіп, тозаң дәнінің қабықшасын жарып, каллус түзеді. Морфогенез нәтижесінде осы каллусты жасушалардан өсімдік регенерацияланады. Сонымен қатар өсімдік плоидтылығы әр түрлі кезеңнен тұруы мүмкін – ди, поли, анеуплоидты. Соңғысы көбіне зарарсызданған болады, бірақ өсімдікті колхицинмен өңдегеннен кейін хромосомалардың екі еселенуі жүреді. Нәтижесінде фертильді гомозиготалар алуға болады. Тозаң өсіріндісі тозаңның соматикалық тінінде сұйық ортада микроспоралардың дақылдануы.
Гүл аталығын тозаңның соматикалық тінінен бөлудің бірнеше тәсілдері бар:
1. Гомогенизация және сүзгілеу. Сұйық ортада дақылданатын тозаңдарды скальпельпен кесіп, ақырын басып, бұзады да, сүзгілеп ( фильтр қуыстары 50-100 мкм ) және центрифугалайды. Тұнбаны шайып, сұйық ортада суспензиялайды.
2. Спонтанды босатылу (пассивті әдіс) –тозаңдар қандайда бір амалмен өңделіп, сұйық ортада инкубацияланады да, жарылып, ондағы гүл аталығы босап, жоғарыға шығады.
3. Кесу–тозаң қабырғасын тіледі. Ұзақтығы мен еңбек сыйымдылығына байланысты сирек қолданады.



жүктеу 4,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау