|
Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша
|
бет | 27/38 | Дата | 29.11.2023 | өлшемі | 4,2 Mb. | | #44504 |
| multi-213 x6064684032. Гиногенез
Тозаңдық эмбриогенезді гаметофит жасушалары мен тозаң ядросының функционалды және құрылымдық детерминациясымен анықтайды. Сондықтан дамуға қатысуы мүмкін:
1. Тек қана вегетативті жасушалар.
2. Тек қана генеративті жасушалар.
3. Жасушалардың екі түрі де, егер вегетативті және генеративті жасушалар қосылса, диплоидты эмбриоидтар түзіледі.
Алқа тұқымдастарға эмбриогенез, астық тұқымдастарға - эмбриоидтар мен каллустардың түзілуі тән. Гаплоидтардың ішінде альбиностар (әсіресе астық тұқымдастарда) көп, бұл микроспораларды дақылдаудағы мутациялардың нәтижесі болуы мүмкін.
Кейбір түрлерді қашықтықтан будандастыруда будан ұрықтың ерте даму кезеңінде ата-анасының біреуінің хромосомасының сұрыпты элиминациясы анықталған. Бұл құбылыс арпада жақсы зерттелген. Диплоидты арпаларды Hordeum vulgare (мәдени) және H. Bulbosum (көп жылдық баданалы жабайы) будандастырғанда, эндосперм мен ұрықтың даму кезеңінде (ұрықтанғаннан соң 5 күннен кейін) жабайы түрдің хромосомаларының түсуі жүреді. H. Vulgare хромосомалары бар гаплоид пайда болады. Ұрықтанғаннан кейін 15 тәуліктен соң аналық өсімдікте будан ұрықтың өсуі тоқтайды, бірақ in vitro дақылдауда мұндай ұрықтардан өскіндер дамиды. Бұл әдіспен өскен өсімдіктердің саны мен жиілігі өте жоғары болады.Сонымен қоса, альбинос өсімдіктер түзілмейді. Осы тәсілдің көмегімен Исток және Одесский-115 сұрыптары алынды (10-12 жыл кәдімгі сұрыптаудың орнына 4 жылда).
Хромосомалардың элиминациясы басқа түрлерде де кездеседі. Тозаңдандырушы ретінде жабайы арпаны пайдаланса, бидай мен қарабидай гаплоидтарын ықпалдандыруға болады. Аналық гаметофит өсіріндісінен гаплоидтар алу жұмыстары 50 жылдары басталған. Соңғы кездері оларға қызығушылық артты. Аталығы зарарсызданған өсімдіктерде ұрықтанбаған дән ұрықтарын дақылдау, гаплоидтарды алудың жалғыз мүмкіндігі болып табылады. Аналық гаметофит гаплоидтар және морфогенетикалық потенциалы төмен өсімдіктерден каллус ұлпасын алудың көзі болуы мүмкін. Не болмаса каллус ұлпасы альбинос өсімдігін регенерациялайды. Кейбір өсімдіктерде, мысалы арпа мен күріште жасыл өсімдіктердің индукциясы андрогенезге қарағанда гиногенезде әжептәуір жоғары болады.
Ұрықтың қай жасушасы жаңа ағзаға бастау болатынына байланысты партеногенез және апогамия деп бөледі.
Партеногенез – ұрықтанусыз жұмыртқа жасушасының дамуы. Апогамия кезінде ұрық синергидтен немесе антиподтан дамиды.
Алғаш рет 1964 жылы Тулек гинго дақылында ұрықтанбаған дән ұрығынан гаплоидты каллус алды. Ал органогенезді тек 1976 жылы Сан Ноум ұрықтанбаған арпа түйіндерінің дақылымен жұмыс жүргізгенде, кәдімгі жасыл гаплоидты өсімдік алған соң ғана ықпалдандырды.
Гиногенез екі жолмен – эмбриогенез және каллусогенез арқылы жүруі мүмкін. Сан Наумның арпамен жүргізілген жұмыстарында гаплоидты эмриоидтар антиподтан, ал каллус синергидтен түзілетіні көрсетілген. Күріште эмбриогенезді де каллусогенезді де синергидтер берді, ал антиподтар соңында дегенерацияланды. Гаплоидты эмбриогенез темекіде жұмыртқа жасушасына, ал кәдіде антиподқа тән.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|