Оқыту теориясы. Дидактика
3.1. Оқыту процесінің мәні мен ерекшеліктері
Дидактика. Оқыту теориясы
О қыту процесінің мәні мен ерекшеліктері
|
|
О қушылар дүниетанымын қалыптастыру
|
|
|
|
П едагогикалық технология
|
|
О қыту әдістері
|
|
|
|
О қыту принциптері
|
|
О қытуды ұйымдастырудың формалары
|
|
|
|
Б ілім берудің мазмұны
|
|
О қушылардың білімін, іскерлігін, дағдыларын бақылау және бағалау
|
Жоспары:
Дидактика туралы ұғым. Оқыту процесінің мәні.
Дидактика және жеке әдістемелер.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері.
Білім, іскерлік, тәрбиелдік, дамытушылық қызметтері.
Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері.
Оқушылардың білімді ұғыну сатылары.
Оқытудың түрлері.
Дидактиканың даму тарихы
Я .А.Коменский
|
|
В.А.Сухомлинский
|
|
|
|
И.Г.Песталоций
|
|
Ы.Алтынсарин
|
|
|
|
Ж .Ж.Руссо
|
|
|
|
|
|
К .Д.Ушинский
|
|
А.Байтұрсынов
|
|
|
|
Н .К.Крупская
|
|
Ж .Аймауытов
|
|
|
|
А .С.Макаренко
|
|
М .Жұмабаев
|
«Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру. Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.
Оқыту процесі – мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.
Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады – оқыту және білім алу. Оқыту – оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
«Оқыту – үйрету және білім алу» деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі сақталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін «білім беру», «оқыту» терминдері жиі қолданылады.
Білім, іскерлік, дағды оқушыға бере салатын зат болмағандықтан оқыту мәнін нақты ашпай, көптеген сұрақтарға жауап бере алмаймыз. «Қандай іс-әрекет?», «Өзара іс-әрекет барысында білім қалай меңгеріледі, даму, тәрбие қалай жүреді?» - деген көптеген сұрақтарға жауап берілмеген.
Әрине мұғалім мен оқушы оқыту процесінде өзара әрекет жасайды, оның негізі, оқыту мәні – мұғалім ұйымдастырған таным іс - әрекетін оқушылардың атқаруы нәтижесінде мәліметтерді меңгеруі, дамуы, тәрбиеленуі.
Демек, оқыту дегеніміз – оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және ынталандыру іс-әрекеті. Оқыту процесі – екі жақты процес болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудың маңызды міндеттері:
Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу – танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.
Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жиналған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика «Нені оқыту керек?» «Қалай оқыту керек?» деген үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа да сұрақтар туындайды: «Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?», «Кімдерді оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?» және «Қайда оқыту керек?».
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.
Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Я.А.Коменский, И.Г.Песталоций, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592 - 1670). Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат – адамшылық, оған жету жолы – білім беру және оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:
оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;
оқушыларды сыныпқа бөлу;
әр сыныпқа бөлме беру;
күніне 4 сабақ өткізу;
әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
қоңыраудың соғылуы;
тәртіп;
бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек;
сабақты күзде бастау.
Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Я.А.Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А.Коменский «Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі», - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.
Я.А.Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Иоганн Генрих Песталоций (1746-1827) «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негіздерін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау – білім негізі. Одан әрі нәтиже – дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама – ақыл жемісі, оның негізі, оқытудың қарапайым құралдары.
Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. «Көз көргісі келеді, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді»-деген. Осы тұжырымдарға сай И.Г.Песталоций буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше «заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді».
Адамның дүние туралы түсінігі алғашқыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдың қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.
Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген. Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.
Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) «Эмиль немесе тәрбие туралы» (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады. Руссо баланың қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырады.
Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларынң педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды.
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи күші мен қабілтін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.
Халық шығармашылығы – ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттықтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудың түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.
Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді.
Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруа шақырды.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939жж.). А.С.Макаренко оқу пәндерін жүйелі оқытуды құптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты әдістеріне қарсы шықты.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудың табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.
Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды.
Оның негізгі идеялары:
Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды міндет – баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту.
Қысым жасамай оқыту. Ынтымақтастық педагогикасының бір принципі – оқушыларды қорқытпау, еркін ұстау, өз күшіне сендіру.
Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы – балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.
Тірек идеясы. Жаңашыл мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттарға алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер, т.б.) енгізді. Олар есті, қисынды, қиялды, ойдың алгоритмдік формаларын дамыту құралы.
Өз еркімен таңдау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған есебін шығарады.
Озу идеясы. Сабақта, алда өтетін тақырыптарға уақыт беріледі.
Ірі блоктар идеясы. Оқулықтың 3-4 тарауы бір сабақта оқылады.
Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін бағалауға және пікірлерін айтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.
Сыныптағы ақыл – ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге деген құштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.
Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді.
Дидактика және жеке әдістемелер. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кеңінен қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дйындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстарын жүргізген.
1879 жылы оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) қазақша оқу әдістемесінің негізін салушы. «Оқу ана тілінде жүргізілсін»-деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет «Әліппе» жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл «Әліппенің» жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екендігін «Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында айқын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ереше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы «Қазақша оқыту жайынан» деген мақаласында «бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек»,-дейді.
Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931жж.). «Тәрбиеге жетекші» (1924) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің ишараттарын көрсететін педагогика бөлімі «дидактика» деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Жүсіпбек Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдеп-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекшеге көңіл бөлді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938жж.). Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:
мұғалімнің қатты сөйлеуі;
суреттердің бояуының ашықтығы;
әсердің күштілігі;
затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияқты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін Мағжан Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды ұсынды.
Сонымен дидактика бойынша көптеген жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдында көптеген міндеттер тұр. Олар:
І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу;
аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жетілдіру;
білімдік процеске жаңа технологияларды енгізу;
мектептегі компьютерлендіруді аяқтау;
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-кезеңмен мектептерге енгізу;
ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу;
білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері.
Оқыту процесінде кездесетін қарама – қайшылықтарды шешу – оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отырған мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың дұрыс түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.
Мысалы, ынтымақтастық педагогикасы дәстүрлі педагогиканың кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге ат салысты. Олар:
- оқушылардың қызығушылығы және сабақ тақырыбы арасындағы қайшылық;
Оқушылардың пікірінше мұғалімдерімен жанжалдасуынывң себептері:
Мұғалімнің оқушының намысына тиіп, дөрекілік, ұстамсыздық көрсетуі.
Бағаны дұрыс қоймау.
Мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі.
Үй тапсырмасын орындамау.
Сабаққа қатыспау.
4. Білім , іскерлік, дағды. Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адам игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну керек. Оқушыны ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Оқушылардың білімі – оқыту процесінің, ең бірінші кезекте оқу материалын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен бағдарлама-оқулықтарымен салыстырып анықтайды.
Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс - әрекет жеке тұлғаны қалыптастырады. Білім – қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгірілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процес емес, ол баланың жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Әл-Фараби «Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту – барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады» - деген.
Білім толық, жинақы, жүйелі, берік, пәрменді болуы керек.
Аталған белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік, өздік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз – ойдың маңызы, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы ақыл – ой жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты.
Ойдың тереңдігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді. Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, алынған білімдерді теориялық және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтерге және сенімге айналуы ойдың тереңдігін көрсетеді.
Сонымен біз білімнің аса маңызды қасиеттеріне тоқталдық. Ол қасиеттер білімді меңгеру процесі арқылы пайда болады. Меңгеру – ақиқатты білу арқылы болмысты тану процесі.
Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы танылады. Білім сапасы – білімді меңгеру нәтижесі.
Іскерлік – бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз – іс-әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады.
Іскерліктің құрамы күрделі. Оған «елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдау, ойлау, іс-әрекет процесін реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары» енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады. Дидактиктер іс-әрекетке байланысты теориялық және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия көздерін, реактивтерді қолдану, т.б.) іскерліктерді бөледі. Ал психологтар психикалық процеске керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін атайды.
Танымдық іскерлік (бақылау жүргізе білу, тәжірибе жасау, әдебиетпен жұмыс және басқалары оқу еңбегінің жалпы іскерліктері) оқушының өз жұмысын жоспарлауынан, оны тиімді ұйымдастырудан, бақылаудан көрінеді.
Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды оқу іс әрекеттерін енгізуді талап етті. Олар:
арнайы іскерлік;
оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі;
ақыл-ой іскерлігі.
Білім мазмұнын жетілдіру әртүрлі білімді қолдануға керекті іскерліктерді жинақтауды, бағдарламаға енгізуді талап етті. Осыған байланысты «Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларына (I-IV сыныптар)» (Алматы, 1997), «білім, білік, дағдыларды күнделікті бақылап бағалауға қойылатын негізгі талаптар» деген бөлім енгізілді.
Бірінші топ – арнайы (немесе жеке) іскерліктер оқушылардың бойында нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен, жұмыс істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді.
Екінші топ – оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері: оқу материалдарын меңгеру, талдау оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге қолдану, жұмысты безендіру. Өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету, өзінің іс-әрекетін басқару.
Үшінші топқа интеллектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау және жинақтау, қорытындалау және саралау, абстракция және нақтылау, салыстыру және ұқсату, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау.
Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық, ішкі және сыртқы, репродуктивтік және өнімді іс-әрекетінде көрінеді.
Сипатталған іскерліктердің байланыстарын мына сызбадан көруге болады.
Тиімді оқу жұмысының іскерліктері
|
|
Арнайы пәндік іскерліктер
|
Интеллектуалдық іскерліктер
|
Қ.Жарықбаевтың анықтамасы бойынша «дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуы». Дағды – іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай жасауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды, жаттығуларды шапшаң жасайды.
Дағдылар ақыл-ой, тілдік, сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, гигиеналық болып бөлінеді. Ақыл-ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау. Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза сөйлеу, қыстырма сөздерді қолданбау. Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне-өзі қызмет көрсету, жүріс. Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, машиналармен жұмыс істеу. Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау.
Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу. Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі тәрбиелеу. Гигиеналық дағдылар: денені таза ұстау.
Оқыту процесінің қызметі. Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.
Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласына білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:
білімнің толықтығы – оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;
білімнің түсініктілігі – оқушылардың өз бетімен ізденіп, ақыл-ойын дамыту;
білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен қолдану мүмкіндігін жасау.
Оқытудың тәрбиелік қызметі – оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.АДистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И.Ф.Гербарт оқыту – адамгершілік тәрбиесінсіз, мақсатсыз құрал деп тұжырымдады.
Әлемнің екінші ұстазы аталған Әл-Фараби «Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады » деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу тұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғұламалар соған байланысты өз шығармаларын да сол екі негізге байланыстырып құра білді. М.Дулатов «Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, білім мен бірге жақсы тәрбиені беру керек» екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің бір тұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді.
М.Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшықет сезімдері арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен екендігіне байланысты тәрбиелік іс-әрекетке тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді.
Тәрбиелей отырып оқыту ғылыми теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл –ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесімен тығыз байланыста өткізіледі.
Оқытудың дамыту қызметі, оқыту процесі – білімді меңгеру оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту – жеке тұлғаны дамыту құралы. Л.С.Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның маңызды заңдарының бірі – баланың дамуы оқытуға байланысты. Сондықтан білім мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізіледі. Оқыту процесінде П.А.Гальпериннің ақыл-ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру теориясы, М.Н.Скаткиннің, И.П.Лернердің мәселелік оқыту әдісі баланы дамытуға бағытталған.
Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.
Сонымен оқыту процесінің міндеті болды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және оқытудың барлық бөліктерінде жүзеге асады.
Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері. Дидактика тарихында оқытудың мақсаты туралы екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат – жеке тұлғаның ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі: мақсат – ғылым негіздерін меңгерту, өмірге қажет нақты білімдер беру.
Қазіргі оқытудың мақсаты білім туралы құжаттарда белгіленген. Ол мұғалімнің сабақ жоспарында нақтыланады.
Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына төрт түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар:
оқушыны оқу материалдарымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;
оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдандыру;
білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;
білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.
Оқыту мазмұны - оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.
Оқыту процесінде бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырады. Оқу материалдарының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты - оқу материалдарының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту.
Екінші кезеңде оқу материалы қайталанады және оқушылар алған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.
Үшінші кезеңде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген білімдерін бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің көрсеткіші:
оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі;
білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі.
Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші ерешелік. Оқыту мен оқудың бірлігі. Олардың біреуін өзгерту екіншісінің өзгеруіне де ықпал етеді. Оқыту барысында осы бөліктер арасында үйлесімді дидактикалық өзара әрекет болу керек.
Іс-әрекет субъектілерінің жақсы қарым-қатынасы оқытудың нәтижелерін көтерудің негізгі жолдарының бірі.
Оқыту процесінің екінші ерекшелігі: оқыту мен оқудың өзара байланысы арқылы білім мазмұны оқушының іс-әрекетіне негіз болады.
Бір циклден екіншісіне жоспарлы түрде өту – оқытуды басқаруға қойылатын келесі талаптардың бірі.
Үшінші ерекшелік оқу ақпараттарын оқушылардың қалай қабылдағанын, оны меңгеру нәтижесінде қандай ішкі процестер өтетінін, қандай жағдайлардың оқытуға ықпал ететінін бірден бағалауға болмайтындығында. Оқу процесінде жоспардан ауытқулар болуы мүмкін, оның алдын алу үшін мұғалім ең басты ұғымдарға назар аударады.
Оқытушы іс-әрекеті. Оқыту – оқыту процесінің негізгі бөліктерінің бірі. Оқытушының іс-әрекеті оқушымен тікелей де, жанама да байланыста жүзеге асырылады. Оқыту процесі оқу процесінің белсенділігін талап етеді. Бұл талапты орындау оқушылардың іс-әрекетін мұғалімнің ұйымдастыруына, бақылауына, өздігінен білім алуды жолға қоюына, өз мақсаты мен оқушы мақсатын сәйкестендіруіне байланысты. Оқытушы:
оқу ақпараттарын іріктейді, жүйелейді, бөліктерге бөледі және оқушыларға ұсынады.
осы ақпараттарды үйретеді, меңгертеді, олармен істелетін жұмыс әдістерін белгілейді.
әрбір оқушының білімдер жүйесін меңгеруін және оларды оқу-өндірістік жұмыстарда қолдануын ұйымдастырады.
оқушылардың оқу – танымдық іс-әрекетіне басшылық етеді.
оқытушы оқушылардың белсенділігін және саналылығын ынталандырады, білімнің және оқу іс-әрекетінің сапасын бақылайды, оқыту нәтижелерін талдайды, оқушының жеке тұлғасын одан әрі дамытуды жоспарлайды.
Оқушының оқу – танымдық іс-әрекеті. Оқу мазмұны және мәнін зерттеген бихевиоризм, гештальпсихология, когнитивизм, іс-әрекет теориясы, гуманистік психология.
Оқу - оқушылардың танымдық іс-әрекеті.
Оқушының оқыту процесіндегі іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге бағытталған.
Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз бетімен жұмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымдық белсенділік, табандылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, керекті іс-қимылдарды таңдау.
Оқу іс-әрекетінің өнімдері - білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық сапалары көрінеді және қалыптасады.
Оқу іс-әрекеті мазмұн, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсіну.
Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол жеткен нәтижелерді талдаумен аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға жаңа білім, іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау және талдау күшейтіледі.
Оқушылар жаттығуларды, үй тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындағаннан кейін меңгерілген оқу материалын қолдануға назар аударылады. Мұғалім оқушының фактілерді, анықтамаларды түсінгендігін тәжірибелік жұмыста білімді дұрыс қолдануынан көріп, оқыту мақсатына жеткендігі, білімнің меңгерілгендігі туралы қорытынды жасайды.
Қорытындыларды шығаруға оқушылардың өздері де қатыстырылады. Сөйтіп, оқытудың соңғы кезеңінде білімдегі, іскерліктегі кемшіліктер анықталып, меңгерілген тақырыптармен және бөлімдермен одан әрі жұмыс істеу жолдары белгіленеді.
Мотив –оқу қызметінің маңызды бөлігі.
Оқу іс-әрекеті, мазмұны оқушыны оқуға итермелейді. Оқу-танымдық мотивтері (Д.Б.Эльконин) бар оқушы ақпараттармен шектелмей, әр пәндегі іс-әрекет тәсілдерін үйренуге тырысады.
Оқу танымын алға бастыратын жағымды себептер болып табылады. Танымға оқушының ықыласы болу керек. Оған қалай қол жеткізуге болады? Педагогика ғылымы бұл сұраққа толық жауап берген жоқ. Іс-әрекеттің негізгі себептері –қажеттілік, қызығушылық.
Мұғалімнің жеке тұлғасы, іс-әрекеті, оқу материалы мазмұны, оны меңгерту әдістері оқушының оқуға деген ықыласын оятып, жақсы сезім, қызықты сабақтар, жаңа көрнекіліктер, техникалық құралдар оқушыларды сабаққа қызықтырады. Болашақты ойлап пәндерге қызығу, түрлі пәндерге қабілет, белсенділік, ата-аналарының алдындағы парыз баланың білім алуына себепші болады.
Мұғалімнен, «екіліктен қорқып оқу» жағымсыз қылыққа жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |