Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



жүктеу 0,49 Mb.
бет28/35
Дата06.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#42902
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Педагогиканың жалпы негіздері Лекциялар

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. «Технология» ұғымына анықтама беріңіз.

  2. «Әдістеме» және «технология» ұғымдарының айырмашылықтары қандай?

  3. Өндірістік және әлеуметтік технология арасында қандай айырмашылықтар бар?

  4. Әлеуметтік технологияның қандай ерекшеліктерін сіз атай аласыз?

  5. Оқытудағы технологиялық процестерді ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады?

  6. Неге біз мектептегі тәрбие процесін тәрбие технологиясы деп атай алмаймызз?

  7. Оқушының оқу материалдарын түсіну деңгейлері қандай?

  8. Түсінік деңгейін дұрыс тексерудің қандай құралдары бар?

  9. Қандай оқытуды аяқталған деп атауға болады?

  10. Оқыту технологиясының бөліктерін атаңдар.

  11. Өз пәніңіздің бір бөлімі бойынша тест жасаңыз.

  12. Ғылыми әдебиеттерден «технология», «педагогикалық технология», біртұтас педагогикалық процес деген ұғымдарға берілген анықтамаларды жазып алыңдар.

  13. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологиялар мәселесіне арналған жаңа басылым туралы мәліметтер дайындаңдар және аннотациялық картотека жасаңыз.

  14. Н.Д.Хмельдің «Тұтас педагогикалық процесті» жүзеге асыру теориясы және технологиясы» кітабы бойынша конспект жасаңыз.

  15. Педагогикалық технологиялардың мәнін ашып көрсетіңіз.

  16. Дәстүрлі оқыту технологияларының жақсы да жаман жақтарын атап көрсетіңіз.

  17. Ынтымақтастық педагогикасы өнімдерін атап шығыңыз.

  18. Авторлық мектептердің педагогикалық технологияларын атап шығыңыз.

  19. Республикадағы инновациялық мектептерден мысалдар келтіріңіз.



Реферат тақырыптары:



  1. Педагогикалық технология және мұғалім шеберлігі.

  2. Дәстүрлі технология және оның негізгі белгілері.

  3. Оқытудың дәстүрлі формасының даму тарихы.

  4. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттары.

  5. Педагогикалық іс-әрекет шығармашылық процесс.

  6. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, қорытындылау және қолдану.

  7. Ынтымақтастық педагогикасы.

  8. Ақпараттық (компьютерлік) технологиялар.

  9. Ойын технологиялары.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. –Алматы,2002.

  2. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. Бастауыш мектеп, -1999. -№8,9.

  3. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии, Под ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. -.: «Академия», 1999.

  4. А.В.Хуторской. Современная дидактика. – Спб; -Питер, 2001.

  5. Педагогика – Алматы, 2003.



Дамыта оқыту

Дамыта оқыту.Дамыта оқуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс - әрекетіне көшіреді. (Эльконин - Давыдов). Ол оқушыны жан – жақты дамыту міндетін қойды.(Л.В.Занков)
Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков).
Психологтар оқу процесіне оқушының іс - әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан – жақты «теориялық» іс - әрекетті арқылы берілетін болады.
Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады.Дамыта оқыту принциптері орта және жоғарғы сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.
«Жақын даму аймағы» көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1996-1934) оқыту мен дамудың байланысын (О –Д) зерттеп егер оқыту баланың өзекеті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Өзекті даму аймағы.Баланы өз бетімен істей алатын жұмыстары.Ал ересектер мен ынтымақтаса істей алатыны – жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы-актуальды даму аймағы.Бұл жерде даму жүрмейді.Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап «жақын даму аймағында»,дәлірек айтсақ,баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек.Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш.Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады.Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
«Жақын даму аймағында» жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмакйтын сұрақтар қояды.
Сонымен жақын даму аймағы баланың оқыл – ой жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалім жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзер тұруы.
Дамыта оқутуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің «жақын даму аймағы» бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.
Л.В.Занков жүйесі.


Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:

  • Оқыту түсінуге қиын етіп жүргізу;

  • Теориялық білімнің жетекші ролі.Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;

  • Оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі – дамудың қауіпті жауы;

  • Оқу процесін оқушылардың сезуі.Оқушы өзін оқу іс - әрекетінің субъектісімен деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нәрсе білдім, иенің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;

  • Барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу.Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді.Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.

Бұл принциптер Б.Тұрсынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.
Л.В.Занков өз эксперементінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.
Дамуда оқыту жетекші роль атқартын, ол балаға жанама түрде әсер ететін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудың оған өтуіне жол беретін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпаы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді.
Занков жүйесінің басты міндеті – баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оған ақыл, ой, ерік – жігер, сезім енді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте сақтаудың сенімді негізі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәрсесі талап – тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса, мақсат – баланың барлық адамдық қасиеттерін дамыту. Л.В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді.
Л.В.Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылшым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған.Оқушыларды дамытантын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу,бейнелеу өнеріөнер шығармаларымен жұмыс,қолмен жұмыс істеуге үйреуну. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алатын білімнің үлес салмағы көп.
Бала сабақта өзінің өмірден көрген – білгендерін айтып, оны жолдамтарымен бірге талқылап отырады. Қарама – қайшы білімдер ойды дамытады.
Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудың жетекші ныснаны – сабақ . Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Дәстүрлі оқытуда уақытты көбіне мұғалім сөйлейді .Дамыта оқытуда мұғалім баланың өз ойын, өз байқауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы «тәртіп» ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір – бірімен әзілдеседі.
Оқытуды ұйымдастырудың маңызды нысаны - экскурсия. Таным негізі тек кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта, материялдық мәдениет. Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін - өзі көрсетуінісіз, өз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін емес. Оның жүйесімен қортынды шығарғанда баланың байқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс - әрекетеріне, сезіміне, ерік – жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға қөзқарасына, олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.
Сонымен сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастырылады. Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы жақсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.
Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В.Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қортындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балалар кім «озат», кім «үлгермеуші» екенін білмейді. Л.В.Занков көп, мұғлім мен оқушылар арасында татулық бар.
Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күндіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тартыу. Ақыл – ой іс - әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындақты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады.Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуы анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар – сыншыл.
Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлекцияға қабілеттілік сияқты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлекция - өзінің психикалық жағдайы туралы ойлануы, озінің толғаныстарын талдай білуге бейімділік. Бала өзінің мінез – құлқын, жүріс – тұрысын реттеп отырады. Л.В.Занков оқушыларының ерекшелігі ақыл – ой жұмысына құштарлықтары. Бала өз бетімен білім алуға ұмтылады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.

Енді дамыта оқытыуды дәстүрлі оқытумен салыстырайық:





Дәстүрлі оқыту жүйесі

Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі

1. Мақсат: білім беру, іскерлікке үйрету, дағдыландыру, оқушыны қоғамда жұмыс істеуге әзірлеу. Оқыту жеке тұлғаны тікелей, стихиялы түрде дамытады.

1. Баланың өзінің жеке басын дамыту үшін өзінің сөзі мен ісіне талдау жасауы, өз жұмысын жоспарлауы, өз бетімен білім алуға, өзін - өзі тәрбиелеуге үйренуі, жақсы болуға ұмтылуы: «Оқушы мектепке барып мұғалімнің айтқанын екі етпейтін, үй тапсырмаларын мұқият орындайтын ғана адам емес, ол өзін - өзі жетілдіретін тұлға» (Д.Б.Эльконин)

2. Дәстүрлі оқыту баланың соңынан ілініп келе жатады.

2. Оқытуда мұғалім баланың білетіндеріне сүйенеді. Баланың білімі, мәдениеттілігі, ойы, сезімі, бір нәрсені анық түсінуі оған өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар кейде ересектердің көмегінсіз де тапсырмаларды рындай алады. Ал олар үшін қиын тапсырмаларды ересектер бағыт берумен өздері орындай алады. Бүгін жұмыс істеп үйренген оқушыға ертең өмірде оңай болады.

3. Бала – оқыту объектісі. Барлық жұмысты істейтін мұғалім, ал бала тындаушы.

3. Бала – оқу субъектісі, мұғалімнің серігі, ол ққушы емес, мұғалім бағыт берумен өзін оқытатын жеке тұлға.

4. Мұғалім сабақ түсіндіруші, оқушы түсінгенін қайталап айтып беруші.

4. Бала сабақ үстінде тек бір тақырып бойынша көптеген жұмыстар істейді.

5. Мұғалім ққу ақпараттарын хабарлаушы, оларды қайта айтып беруге жаттықтырушы. Мұғалімнің ең басты жұмысы білімді оқушының есінде сақтау , іскерлікке үйрету, дағдыландыру.

5. Жұмысты істеуге оқушылардың өздерін үйрету. Қарапайым зерттеулер арқылы оқушының теориялық білімінің қалыптасыуы.

6. Мұғалім оқытушы, оқушы үлгі бойынша есептер шығарады, жаттығулар жазады.

6. Оқушы мен мұғалім бірге жұмыс істейді. Мұғалім оқытпайды, қайта тақырыптытүсіну үшін оқушыларды жұмыс істетеді.

7. Сонымен дәстүрлі оқытудың міндеті белгілі бір білімдерді түсіндіріп, есте сақтау. Оқушыларды іскерлікке үйретту, дағдылану негізінен сөз, жаттығу, практикалық әдістері арқылы жүреді. Мұнда ұғым абстрактілі, тек сөзбен тұжытымдалған.

7. Дамыта оқытуды білім, ұғым қатар жүреді. Дамыта оқыту мазмұнының негізгі бөлігі ұғымдармен жұмыс істеу.Ұғымның мәні заттармен жұмыс істеу арқылы ашылады.
Мысалы: Шама ұғымындағы негізгі іс - әрекет өлшеу жұмыстары. Математика курсында сандарды оқып үйренбстен бұрын түрлі өлшемдер арқылы шамалар өлшейді.

8. Негізгі әдістерді түсіндіру, көрсету.

8. Дамыта оқытуда балалардың жұмысын ұйымдастыратын әдістер қолданылады.

9. Дәстүрлі мектепте көбіне сабақ тәрбиелі шара өтеді. Әуелі материял тандалады, содан кейін оқушы онымен жұмыс істеу керек.

9.Дамыта оқытуда оқушылардың алдына оқу міндеттері қойылады. Пән мазмұнында оқушы істейтін жұмыстар көптепқұрастырылады. Оқыту мақсаты оқушыны озгерту, дәлірек айтсақ жұмыс істей алатын жеке тұлға.

1O. Дәстүрлі оқытуда сабақ жаттығу мақсаттары жоғарыдан қойылады. Мақсатты ересектер қояды. Оқушының пікірімен санасу жағы аз.

1O. Дамыта оқытуда мұғалім өзінің балалар алдына қойған міндеттерін олардың қабылдауына күш салады. Үлгі – объектінің ішкі құрылымын белгілеу құралы. Ол оқушыға жұмыс тәсілдерін таңдауға, оқу міндеттерін жаңа варианттармен орындауға көмектеседі.

11. Дәстүрлі оқытуда жаппай, жеке, топтық жұмыс түрлері қолданылады. Бұл әдістеме негізінен технологияландырылған, себебі оқушы алгоритм бойынша жұмыс істейді.

11. Дамыту оқыту ұжымымен де, жеке оқушымен де жұмыс істеледі. Оқу міндеттерін шешу кезінде балалар түлі жұмыс тәсілдерін қолданса да оларды орындай алмайтын кездері болады. Шебер мұғалім ең болмаса бір оқушының міндетті дұрыс шешуіне жағдай жасайды. Диалог оқу міндеттін орындауға әкеледі. Ситуацияны шешу кезінде оқушының өз жауабын талдау, Түрлі жорамалдар айтуы оның дамуына себепші болады. Жұмыстың негізгі түрі сұрақ – жауап (диолог). Диолог кезінде оқушылар өз білгендерін ортаға салады, пікірлерін айтады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы да осында. Ол технологияндырылған. Еген бала әңгіменің не туралы болып отырғанын түсінбесе, онда оған ойлануға мүмкіндік беріледі. Бірақ оның ойын тиянақтайтын алгоритім берілмейді.

12. Сабақта оқушылардың іс - әрекеті аз.

12. Ұғымдар жүйесін түсіну, есте сақтау үшін оқушылар түрлі іс - әрекет жасайды. Мысалы, дамыта оқыту талаптары тұрғысынан жазылған бастауыштың математика оқулығындағы «тік төртбұрыш қасиетті» деген жаңа ұғым тік төртбұрыштың қызыл түсті қабарғасын, көк түсті қабырғасын өлшеу, оларды салыстыру, қортынды жасау арқылы меңгеріледі.

13. Оқушы өзінің іс - әрекетін жете бақыламайды. Оқушыны көбіне мұғалім бағалайды.

13. Оқушы өзін бақылауға үйренеді.

14. Дәстүрлі оқыту оқушының жасын, психологиясын көп елемегендіктен, оның іс - әрекетін ұйымдастыруға да жете мән бермейді. Бұл адам табиғатына қайшы келетін құбылыс.

14. Дамыта оқыту оқушының жас ерекшеліктерін, негізгі атқаратын жұмыстарын есепке алады.

15. Дәстүрлі оқытуда өктем педагогика қолданылады, ол бала дамуын тежейді.

15. Сабақта мұғалім мен оқушы ынтымақтаса шығармашылықпен жұмыс істейді. Балалар ынтымақтаса жұмыс істеп жатады.Оқушы өзін - өзі жақсы сезінеді.

16. Баланы өзінің жеткен табысына қуанту жағы аз.

16. Оқушылар өздерінің істеген жұмыстарына риза, жан аямай еңбек етеді, өздерін - өздері басқарады. Әр бала өзін жақсы жағынан көрсетеді.



Сонымен, дамыта оқыту, түсіндіру – сипаттау арқылы оқыту түрінің орнына келе жатқан, жаңа, оқушыларды жұмыстандыратын оқыту тәсілі.
Ол жеке тұлғанын барлық сапаларын дамытады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау