Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


І.2. Ойыл ауданының қалыптасу тарихы



жүктеу 488,13 Kb.
бет2/3
Дата10.12.2017
өлшемі488,13 Kb.
#3659
1   2   3

І.2. Ойыл ауданының қалыптасу тарихы
Ойыл ауданы – Ойыл өзенінің оң жағында, Ақтөбе облысының батысы, 270 км қашықтықта орналасқан. Жер көлемі 11,4 шаршы киллометр, 6 ауылдық округке бөлінген. Ірі елді - мекендері: Қайыңды, Қараой, Қаратал, Көптоғай, Кемер, Сарбие, Екпетал, Сегізсай, Ақшатау, Қаракемер.

Ұлан байтақ қазақ даласының бір тілігіндей ғана Ойыл өңірінің ежелгі тарихына көз салдық – ақ , тереңіне тартып әкетеді.

«Ойыл» топониміне граматикалық талдау жасамастан бұрын , осы атауғақатысты кейбір ғалымдардың көз қарасыные тоқталып өтсек.

Жергілікті өлкетанушы Ж. Бисалиев бұл атаудың қалай шыққанын «Ойдағы – ой елі» деген ұғыммен байланыстырлады. Ж. Бисалиев: Ойыл өзенінің бастауындағы бұлақ көзімен жылма – жылғы еріген, тасыған қар суы бірнеше жылдар бойы бірте – бірте жыра, арна салу арқылы шамамен 1700 жылдан кейін пайда болып, осы өзен бойындағы Асанқайғының таңдауымен жырына мазмұн – тақырып болған өлең – жыр жиі кездеседі. Мысалы, ...Ойыл мен жем бойын қоныстанеған елді басқа жерге көшірген Жәнібекке қарсы болған Асанқайғы :

...Ойыл деген ойынды,

Отын тапсаң тойыңды

Ойыл көздің жасы еді

Ойылдан елді көшірдің, - деп өзінің жыр жолына Ойыл сөзін бірнеше рет қосады. Бұл бұлтартпас фактіге қарағанда, Ойылдың төркіні әріде жатыр және оның қазақ сөзі екеніне ешқандай күмәнданудың қажетті жоқ... бұл өзен бастауын ойпаң жерден алып жатыр, яғни бұл өзенің шығып жатқан жер тәріздес, сондықтан да Асанқайғыны «Ойыл деген ойынды » , деу тегін емес. Қазақта «ойынды шұқыр екен» деген тіркес бар», - дейді.

Ертеде ағылшындар Ойыл өзенінде «жүн жуған» екен, содан ағылшын тіліндегі woll (жүн) деген сөзінің негізінде Ойыл деп аталған деген пікірде жоқ емес. Ағылшын woll сөзі уэл түрінде емес, вул болып оқылады. Ал белгілі журналист И.Асқар былай дәлелдейді «Ол ілкіде тек өзеннің ғанаатауы еді, мекен, яғни ауданның орталығы берірек уақытқа дейін , «Көкжар » делінген. Облыстағы ең ұзын өзендердің бірі болғандықтан, бүгінгі ұрпақ бұл сөзді егістік тұлғасында қабылдап, ойылып – ойылып , жыра сайға айналған жер рельефіне байланысты аталған деген де жорамал жасаушы еді. Оны, тіптен, жәрмеңкемен байланыстығы, ағылшының «woll - жүн» сөзі екен деудің де мысалы кездескен. Зерттелмеген, ізделмеген, үңілмеген істердің соңы осылайша әртүрлі аңыз - әңгімелерге айналады.

Ойыл 1918 жылы Алашордалықтарға облыс орталығы болған. 1921жылы Орал облысынан бөлініп шығып (құрамы 14 облыс) аудан атанды, 1922 жылы тарады. 1927 жылы Адай уезінен бөлінді. 1928 – 1930 жылдары Алтықарасу ауданы атанған. 1930 жылы Ақтөбе округі, кейін облыс құрамына қарады, содан бері қазірше аталады. Облыстың батысында орналасқан.

Оралдың арғы бетіне қоныстану мен жерге орналасуға қатысты 1906 – 1910 жылдарында Санкт – Петербургте 1911жылы жарық көрген есепте Темір оязының Қалмаққырған болысында Ойыл өзенінің сол сағасында, Шилі маңындажайқалып өсіп тұрған, арықпен суарлатын бау – бақша ерекше назар аударатыны, мөлдіреген сан сурет сан түспен құбылған жеміс – жидектердің қойнауы құт Түркістан өңірін еске түсіретіні тәпіштеп жазылған.

Оның негізін салушы Бұхарада тұрған, сонда діни білім алып, Темір оязына көшіп келген Досан Қошанов. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Қазақ шежіресі» атты еңбегінде Досжан туралы қызық дерек келтіреді. 1874 жылы, ішінде атақты Құнанбай бар, Орта жүзден жиырма, Кіші жүзден кісі Меккеге қажылыққа барады. Бұрын соңды бұлай бас қосып келмеген қазақтар ерекше киім киісімен, түр тұлғасымен көзге түседі. Құнанбайдың «қазақпыз» дегеніне Меккедегілер «ондай жұрт болады екен - ау» деп танысады. Сөйтіп олар «Бағдат шәріпте Иман ағзам кітапханасы деген үй бар, жау таламаған, ешқайда шашылып бытырамаған, бұл тарих табылса сонан табылады», - деген соң Бағдат шәріпке желмая мінгізіп, кісі жібереді. Барған кісілер: «Табылды, қазақ деген жұрт Анас сахабадан өсіп - өнген, өрбіген екен» деп құжаттың нұсқасын көшіріп әкелді. Сонан жүз жиырма кісі ортасынан қаржы жинап, қазақ тақиясы деген үй салдырады. Меккедегі сол «тақия» әуелі Құнанбай атымен аталып, кейін Досжан халфе атынан жазылады.

Шиелісайдың суландыруға қолайлы екенін сезген диқан 1880 жылы негізінен алма ағаштарын отырғызады. Мұнда астынғы жағы жайылып, биіктеген сайын сүйілене беретін (пиамидалы) теректер өсірледі. Ол кезде әрі сұлу, әрі мамық шашыратпайтын мұндай теректер қазақ топырағында мүлдем сирек кездестін, мамандардың айтуынша ол еліміздегі он тоғызыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарында ғана әкеліне бастаған. Демек Ойыл топырағы - елімізде теректің мұндай түрін жерсіндірудің алғашқы қарлығаштарының бірі болған. Досан Қошанов Ойыл өңіріне оны Батыс Қазақстанмен шектесіп жататын Башқұрт жерінен әкелсе керек, өйткені сол кезеңде Ойылдың бір саласы – Бабатайда атақты Жиеналы хазірет те башқұрт ағайындарынан алдыртып, отыз құлаш осындай теректер өсірген. Тап тартысының құрбаны болған сол сұлу орманың жұрнақтары елуінші жылдарға дейін сақталып келеді. Өңірдегі жасыл желектің талай жан кешті саяхатшылардың назарын аударғанына қарағанда оның тарихы тереңге тартады.

С.У.Ремезовтің 1696 жылы Ресей үкіметінің тапсырысымен жасаған, Қазақстан аумағын географиялық тұрғыдан танып білу саласында катраға түсіріп, зерттеу дәуірінің басы болып табылатын «Барлық Сібір қалалары мен өтуі қиын тастақ даланың сызығы» карталарында Торғай мен Ырғыз өзендерінің аралығында қызыл ағаштың өсетіні суреттелген (Жұсақтығына байланысты құрылғы материалына жарамсыз болған көркімен көз тартатын осы қызыл ағаш Барқын құмында да жайқалып өсіп тұр. Демек мұндағы ағаштардың тарихы көшкінін тоқтату барысында 1877 жылы Бөкей ордасынан төрт түрлі тұқым: шырша, қарағай, қайың, көк терек әкелініп егілгені сияқты, өзгеде сәнді ағаш қолдан отырғызыла бастады 1873 жылдармен ғана шектеуге болмайды. Оның алдында ғана оралдық казактар жазалаушы атаманы Н.Н.Шипов тағы осы жылы 19 тамызда Барқының сағасынан алаңқай жасап, оның айналасына бекінісінде орналасқан казактардың әскери – даярлық тәжіребесін шыңдай қазіргі тілмен айтқанда әскер – даярлық полигонын жасақтау мақсатында ағаш ектірді.

Өңірде тұрған жасыл желекті бөлеу дәстүрі ерте қалыптасқан. Айталық ойылдықтар Ақшаттағы Балабай талын ерекше қасиетті тал реттінде бағалайды. Жанынан жай өте салмай шүберек байлайды. Адамның құшағы жетпейтін, аумағы шағын талдың көлеңкесі де аумақты. Бір ғажабы, бұтағын кесең, жыламшылар реңдес сұйық ағады. Бұл талды бір перзентке зар болып, бүкіл махаббатын осы талды күтіп баптауға арнаған Балабай деген адам өсірген екен деп аңыз етеді Ойылдықтар. Сондай – ақ, Қуат қажы орман Ашықбай тоғайы сияты желекті алқалы Ойыл өңірінде аз кездеспейді.

Қазір мұнда Орта Азия құмдарына өскінін қиыр солтүстіктегі сирек көрінетіндей болып қылқанды қарағай, бұрын тұқымдас қызыл жүзгін , құлан құйрық, құмаршық, жыңғыл жайқалады. Атақты Борсық құмынан ұстап тұрған негізінен сексеіл және мен осы қызыл жүзгін. Барқында қызыл жүзгін құмның төбесіне өсіп, тамыры ширатыла тереңге кетеді. Үйеңкі (ақ гүлді, хош иісті ағаш), ольха (қа тұқымдас жапырақты ағаш), ветла (тал), үш жүз жасайтын емен мен жиде де осында. Монша құмарлар еменнің жапырағын мамыр айында осыннан жинап алады, жаңғағының да халық оны шошқа дейді, мал азықтық қасиеті ежелден белгілі. Содан – ақ, шоқтал, қарағаш, ақтерек, көк терек, қаратерек, қайың, музина (сөлі қызарып ағады, сондықтан жергілікті халық оны иод деп атайды), «Қызыл кітапқа» енген шетен, ақ үйеңкі де бұйра құмның сәніне айналған.

Осынау сұлулық белгілі ақын Есенғали Раушановтың да шабытын оятып жібергендей. Ойыл орманы ол: «Кешегі Асан Қайғы «Ойыл көздің жасы еді» деп еміреніп өткен Ойыл өзенін бойлай жүре қалсаңыз, қарасаң көзің талатын жылмиып жатқан жазық даланың ортасында ойламаған жерден оазиске тап боласыз. Адам таңғаларлық жайт. Айдала. Жақын маңда бұлағы оралған тау тас түгіл, қырқа қырат жоқ. Анда – санда қанаттыдан қарға ала қанат сауысқан ғана ұшады. Кенет көздің жауын алатын көгілдір әлемге еніп кетесіз. Аспан тепкен зәулім қарағайлар ыспа шағыл арасында жамбастап ұйықтап жатып кенет түрекелгенертегінің батыры секілді. Ақ қайыңдар аралы аспанан түскендей әсер етеді»,- деп суреттейді.

Барқының тағы бір көріктісі, ол қандыағаш. Сөгі ақ болып ағады да,бара бара қызарады, сондықтан қандыағаш аталып кеткен. Кесілгенен кейін екі күнің ішінде тастай болып қатып қалады. Осындай қаттылығына байланысты бұрын аталарымыз киіз үйдің шаңырағын осы қандыағаштан жасаған. Тіпті «кезінде найзаның сабын жасауға пайдаланылады» дейді ақсақалдар. Ойыл орманында долана қарақат, итмұрын, аңдыз, жолжелкен, қойбүлдірген, бүршік бүлдірген сияты жеміс – жедек өсімдіктері да баршылық.

Құм етектерінде орхидеяның, шатырлы гүлбұтаның, құртқагүлдің сирек кездесетін түрлері жайқалады. Табиғаттың осыншама сыйын жинаған Барқының етегінде бетін түйе жапырақ, гүлдің шырша мауықтар қалқыған Қызыл қарасу мөлдірейді. Қазір бөлініп қалған, ертерек Жаңабазды іргелей ағып Ойылға құяды екен. Жарықтық, кезінде елдің қаймақтары жағасын босатпай, демалыс мәре – сәресімен өткізетін көрікті жер болыпты. Республиканың батыс өңірінде сирек кездесетін жыл сайын жұтаңданып бара жатқан осы жасыл белдеуді, сыңсыған қарағайлы Ойыл орманы, шіркін – ай, Үкіметтің өзі қамқорлыққа алып, қорыққа айналдырар ма еді?!

1867 жылы Орынбор әкімшілігі облыс аумағындағы құмды алқаптарды зерттеп, құм көшкінін тоқтату шарасын іздестіру қамымен жер – жерге арнаулы экспедициялар шығарады. Осы саланың маманыЛев Плотников1859 жылы Көкөзек Бұлдырты мен Қалдығайты өзендерінің арасындағы Аққұм, Көлденең Темір өзені бойындағы Көкжиде, Жемдегі Бөкенбай, Ойылдың екі бойын қамти жатқан Тайсойған құмдарын аралап, зерттеді.

Жалпы құмның көшуі мен орнығуының сыры неде? Осы ретте ойыл мен Қуырдақты өзендерінің аралығында шөккен түйелердей тізбектеле жиырма жеті шақырымға созылып, ені он екі шақырымды , отыз төрт мың гектардан астам алқапты алып жатқан Барқының содай – ақ Тайсойған, Бүйрек құм жотадарына Қараойдың, Саралжының көшкінді құм төбелеріне қатысты сұрақтар кесекөлденеңдей беретіндіктен, өз еңбектерінде өңіріміздің шөлейт даласында қамтыған зерттеушілердің кейбір ғылыми болжамдарына тоқтала кеткен жөн.

В.А.Оренчевтің 1890 жылы жарық көрген «Каспийдің арғы жағындағы ойпат» атты еңбегіндегі «құмтану» ғылым қалыптасуына негіз қалаған идеяны қолдай келіп, осы сааланың білгір ..рщшбянскии «Орта Азияның ішкі бөлігіндегі құмдардың көбі желдің байланысты тааау жыныстарының үгітіліп тасталынуы, эолдық процестің нәтежесінде қалыптасқан. Аналық жыныстары үгілген соң құмдар желмен ұшып, маңайдағы жазық жерге барып түседі де біріге құм жалдарына айналады. Онан олар жерге жайылып, сусып көшуін жоғарлатады да, олардың ара – арасына байланып өсімдіктер өсе бастайды, да дөңес құмдар пайда болады.бұдан соң жел дөңес құмдардың өсімдіктер өсетін майда бұйраттарға айналдырады. Міне, бұл «тіршігілігінің» сатысы болып табылады», - дейді. Ойыл мен Қүырдақты өзендернің арасында тұрақтануын Барқын құмының осындағы сатыдан өтуі болар деп ойлаймыз.

Ал мамандандырылған Ойыл орман шаруашылығы министрлігінің 1950 жылы 27 қазан №813 бұйрығымен ұйымдастырылды. Енді ағаш отырғызудың ғылыми жүйесі қолға алынды. Барқын құмымен іргелес Екпетал аймағы пайда болды. Онда мектеп оқушылары үшін арнаулы демалыс орындары салынды. Және сол талдан киіз үй керегелерімен уықтары әзірленіп киіз үй жасайтын арнайы цех ашылды. Кейін жерсінуіне қолайлы болу үшін құм төбелер арасынан көшеттер өсіруге арнаулы телімдер бөлінді, ол суы қол созым жерден шығатын құм шұңқырлардағы шеген құдықтар суырлады. Орман шаруашылығы ұйымдастылылғанан кейін іле – шала өнеркәсіптік мақсатта отырғызыла бастаған алма ағаштардың көлемі қазір жетпіс гектарға жуықтады.

І.2.2. Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Ойыл ауданы – Ойыл өзенінің оң жағында, Ақтөбе облысының батысы, 270 км қашықтықта орналасқан. Жер көлемі 11, 4 шаршы киллометр, 6 ауылдық округке бөлінген. Ірі елді мекендері: Қайыңды, Қараой, Қаратал, Көптоғай, Кемер, Сарыбиі, Екпетал, Сегізсай, Ақшатау , Қаракемер.

Ойыл 1918 жылы Алашордалықтарға облыс орталығы болған. 1921 жылы Орал облысы бөлініп ( құрамы 14 болыс) аудан атанды. 1922 жылы тарады. 1927 жылы Адай уезінен бөлінді. 1928 – 1930 жылдары Алтықарасу ауданы атанған. 1930 жылдан Ақтөбе округі кейін облыс құрамына қарады, содан бері қазіргіше аталады. Облыстың батысында Атырау, Орал облыстары шекаралас Ойыл өзені оң жағы 270 км халқы 2764 (1999жыл) жер көлемі 11,4 шаршы киллометр. Кезінде (1937- 1947жыл) аудан көлемінде 70 астам ұжымшарлар болған, кейін солардың негізінде 7 кеңшар ұйымдасқан. Тары өсіруде Шығанақ Берсиев дүниежүзілік рекорд жасады. 1971 жылы ірі табысы үшін Жетікөл кеңшары Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталған. 1985 жылы «Құрман» кеңшары қой санын 50253 жеткізіп ірі табыстарға жетті. 1985 жылы ауданда 4663 жылқы, 278 түйе, 15638 ірі қара, 243656 қой болған. Екпетал орман шаруашылығы бар. Аудан 2000 жылы 19, 7мың ірі қара, қой – ешкі 75.0 мың, жылқы – 4,6 мың ,түйе – 0,2 мың, 143 трактор, 48 комбайн, әртүрлі маркадағы 705 автокөлік бар. 2000 жылы (фермерлік) қожалықтар – 228.

Меншік түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар : барлығы – 122. Одан шағыны – 110, оның 59 – мемлекттік, 51- жекелік; Орташасы – 8, оның – 8 мемлекеттік, 1 - жекелік: ірісі – 4 , оның 1 – мемлекеттік, 3 – жекелік. Ауданда тарихи ескерткіштермен қорымдар, мешіт – медреселер көп болған . Аяпберген мектебі, Тайсойған мектебі, «Қызыл мектеп» атанған алғашқы (1910жыл) оқу орындары ашылған. Қазірде 25 мектеп (10 орта, 6 негізгі, 9 бастауыш), бір кәсіптік – техникалық училище – лецей, 4 бала – бақша, 22 кітапхана, 6 клуб, 2 мәдениет үйі, 2 кинотеатр, 6 аурухана, 6 емхана телеорталық, почта, архив, музей бар.

Ойыл Шұбарқұдық тас жолы, Ойыл, Қобда, көтерме жолы өтеді, округтер орталықтарымен көтерме жолдарымен байланысы бар. Негізгі тұрғындары қазақтар. Аудан орталығында сонымен бірге орыстар, татарлар тұрады. Бірақ бұл ұлттар саны 1970 жылмен салыстырғанда кеміген. Оны кейбір әлеуметтік, экономикалық жағдайларға және тарихи отандарына оралуына байланысты алыс, жақын мемлекттерге көшумен түсіндіруге болады. 1999жылы 1989жылмен салыстырғанда аудандағы тұрғындар саны азайған.

1989 жылы 19884 тұрғын болса, 1989 жылы 21635, 1999жылы 20864 адам болды. Халықтың жүз пайызы ауылда тұрады. Халықтың тығыздығы φ шаршы км – ге 1,8 адамнан келеді. Халық тығыздығы Ойыл кеңшарында – 5591, Қайыңды кеңшарында – 1550, Қараой кеңшарында – 1560, Қаратал кеңшарында – 1513 , Көптоғай кеңшарында – 1403, Кемер кеңшарында – 1290, Сарбие кеңшарында – 1539 тұрғындар бар.

Аудан халқының 6 жастан жоғары 17678, адамның 816 – ның жоғары білімі бар. Ал қалғандар аяқталмаған жоғары, арнаулы орта, жалпы орта, негізгі орта, бастуыш білімдері бар.

Өндіріс өнеркәсібі.

Кәсіпкелік қызметі, шағын және орта бизнесті дамытуда әлеуметтік экономикалық ахуалымызды жақсартудың қайнары екеніне көзіміз жетті. Егер кәсіпкерлік қызметпен 1996 жылы қырық сегіз, 1998 екіжүз елу үш субъекті айналыса, осы жылда 1,8 есеге артып, 2849 жетті немесе ол ауданда белсенді жұмыс жасаушылардың жартысына жуығын құрайды.

Ірі өнеркәсібі жоқ шағын аудан үшін шағын бизнесті дамыту оңай емес сондықтан соңғы екі жылда ғана жаңадан 76 шаруашылық жүргізуші кәсіпкерлік субъекті, шаруа қожалықтары. бір сауда үйі, ауылшаруашылық таулары дүкендері ашылды. Кәсіпкерлікке қызметтің өрістеуі жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің де ахуалын жақсартты. Өткен жылы кәсіпкелік субъектілер өндірілген өнімнің үлесі аудан бойынша өндірілген өнімнің 70 пайызын құрады, тиісінше кәсіпкерлерден салық түрінде түсетін өнімдер соңғы жылдары екі есе артты.

«Бизнес – Инкубатор» қоры Ресейден жабдықтар әкеліп, жерге төсейтін плита тас шығара бастады. Плита тастың екі түрі шығарлады. Қор жанынан сонымен бірге ағаш үй жасау жұмысы да ілгері жылжуда. Әрбір ағаш үй тапсырыс бойынша жасалады.

Тігін және жұмсақ мебель шығаратын цехтар жұмыс жасайды. Бұл цехтардың шығарған өнімін жергілікті халыққа ұсынады.

ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Барқын құмы және оның физико-географиялық жағдайы
Барқын құмы-аудан өңірінде ерекше қорғауға алынған жер болып табылады. Оның аймағы 17232 га жерді алып жатыр. Құмының ұзындығы 18 км, ені 7 км аумақты алып жатыр. Шығысында «Қуырдақты» өзені, батысында Ойыл өзені ағады.

Барқын құмында 100 жылдан асатын алып қарағайлы орман бар. Барқын құмына 1896 жылы полковник Иванов.Н.П. Орынбор қаласынан түйе керуеніне артып, қарағай, қайын, көктерек, қараағаш қөшеттерін отырғызған.

1.Қарағай 295га

2.Қайын 40га

3.Қара ағаш 4га

4.Терек 13га

5.Тал 4268га

Барқын құмы көшпелі құм санатына жатады.

Орман шаруашылығы ағашы жоқ жерлерге ағаш өсірумен айналасып келеді. Барқын құмында ҚР Қызыл кітабына енген емдік шөптер көптеп кездеседі. Бірнеше жеуге жарамды түрлі саңырауқұлақтарда бар.

Барқын құмына көптеген адамдар емделу мақсатында келіп-кетіп жатады. Құм әсері бел ауруы, ревматизм, қол тамырлары ісінуі, буын аурулаынан емдеп жазады. Жылына 700-1000 адам осы құмды емге пайдаланады. Аудан орталығы Ойыл селосындағы және Қаратал селосының тұрғындары осы «Барқын» құмына ас қорыту мүшесін, созылмалы гастрит, аш ішек ауруларын, бүйректін және өт пен дәрет жолдарынын созылмалы аурулурын, зат алмасу, жеңіл түрдегі қант ауруларын емдеуге көптеп келіп жатады.



ІІ.1.1. Барқын құмының өсімдіктер әлемі

Шөпті өсімдіктер:

Ойыл аймағының шөпті өсімдіктер түрлеріне онша бай емес. Бірақта мұнда: жусан, балмия, есекмия, алабұта, қырық буын, балдырған, көк тікен, жолжелкен, еркек шөп, сарғалдақ, бәйшешек, дала жуасы дала сарыисағы, түйе жапырақ, андыз, адраспан, бидайық, софора, түйе тікендері, қарапайым кармила т.б. көптеген өсімдіктер өседі. Орташа биіктіктері 25-30 см,ал өсу көлемі 60%.

Талды ағашты өсімдіктер:

Талды ағаш өсімдіктері Ойыл аймағының өзінде көбінесе жалғыз өсіп тұратын қара ағашпен үйеңкі жиі кездеседі.

Кейбір жерлерде 2 гектарлық ормандар өсіп тұрады. Талды ағаш өсімдіктерінің түрлік құрылымы: емен, үйеңкі, сары акациядан құралады. Орташа талдық көрсеткіштері: Н – 1 , 8 - 2,5 м, Д 4-5 см, жасы 5 – 7 жыл. Топырақ құнары суармалы ашық қызғылт-қоңыр жеңіл саздақты топырақ.

Ойыл өзен жағалауында, екінші жасыл жиелік учаскесінде және оған қосылған жерлерде табиғи өскен ветла талы бар. (Н 12-13 см, Д 10-15 см, жасы 20-30 жыл). Жіңішке жапырақты жидек талы көгалды қызғылт-қоңыр топырақта және ашық қызғылт-қоңыр топырақта орналасқан.

Жасыл жиеліктің №1 учаскесінде 1963 жылғы қара ағаш мәдениеті бар. Көрсеткіштері: Н-1,2 м, Д 2 см-ге дейін.

1964 жылғы қара ағаш мәдениетінің көрсеткіштері: Н 25-30 м, Д 3-5 мм-ге жетті.

Жасыл жиеліктің №2 учаскесінде 1962 жылғы қара ағаш мәдениеті бар. Көрсеткіштері: Н 1-1,5 м, Д 2,5-3 см-ге дейін. Ориан мәдениеті қанағаттандырылады.

Жасыл жиелікке жақын аумақта «Барқын» құмы орналасқан. Талды өсімдіктері өткен заманнан орманшылардың көзіне түскен «Барқын» құмында мынадай тал-ағаштар өседі: қара ағаш, қайын, қанды ағаш, қызыл ағаш, жидек ағаш, ақ терек, көк терек, бәйтерек, емен, үйеңкі, шетен, тел, шілік, долана, қарақат, жіңішке жапырақты жидек, ветла, шырша т.б.

Барқын құмдары Ақтөбе облысының оңтүстік – батыс бөлігіндегі Ойыл өзенінің солтүстік жағалауында орналасқан. Құм сілемі дөңесті және дөңесті тізбекті құмдармен сипатталады. Өзенің пайда болуына байланысты құмдар хвалын бассейіне құлайтын, негізінен ойыл өзенінің аллювиальді – дельттік құйылысқа дейінгі тұщы су түзілістері болып есептеледі. Ағынмен есілген және құм сілемін түзген, материалдың пайда болуына келсек, онда Гаеля ойынша \ 1949 \, бұл негізінен уралүсті жазықтығының жыныстары.

Флористикалық зертеулер нәтежесінде 1987 – 1988 жылдары 65 – і тұқымға және 23 тұқымдасқа жататын, 75 тұқымды өсімдіктер түрлері анықталған. Тек 2 түр \ қос масақты қылша, қарапайым шырша\ ашық тұқымды өсімдіктерге жатқызылады. Төменгі және жоғарғы архегониальді өсімдіктер есептелген жоқ.

Тұқымдастар түрлерінің қанықтығын анықтау кездерінде ең көп түрлерінің пайда болуында жалбыз тәрізділер, астра тәрізділер крестгүлділер, бұршақ тәрізділер, маревые тұқымдастары орын алып отыр. Зерттелген флораларда олардың үлесіне түрлерінің жартысынан көбі \46 түр немесе 60,5%\ жатады. Маңызды тұқымдастарының бөлігі 1 түрден ғана ие.

Ең негізгілерінің ішінде қарапайым шыршаның қолдан өсірілгендігін атап өту қажет. Адыр – бұдырлы төмен жерлерінде өсуінің грунттық сулардың жақын орналасуының арқасында шырша құмның орнығуына және эрозиялық процестерді болдырмауға жағдай жасайды. Шыршамен қатар бұл жерлерде ең ылғал сүйгіш өсімдіктер түрлерімен сипатталатын қалың шөп жамылғысы кездеседі. Адыр – бұдырлы тұзды субстратты төмендеулерінде топырақтың тұздану процестерінің басталуын көрсететтін, көп гүлді жыңғыл өскіндері кең таралған.

Жүргізілген флористикалық талдау түрдің пайда болу процестерінің интенсивтілігінің әлсіз екендігін талқылауға мүмкіндік береді. Алынған мәліметтерде, Барқын құмының флорасында ең көп таралған жалбыз тұқымдастары екендігі көрсетілген, ал шөл даланың қияршөп тұқымдасы бесінші орынға ие. Бұның бәрі зерттелген флораның әлсіз сиреуімен сипатталатындығын дәлелдейді. Алайда, қазіргі уақытта климаттық және антропогендік екі факторлардың әсерінен бұл флораның сиреу процесі ұлғаюда.

Өзеннің төменгі ағысы ландшафты қарым қатнаста өте қызықты. Аудан орталығының оңтүстік жағында Ойыл өзені Барқын құмды массивін ылғалдандырады. Мұнда Ойыл тоғайы ол жиде, қарағай орманының солтүстік жағында орналасқан, Орта Азияның өзен бойы ормандарына тән нәрсе. Бұл тоғай ландшафтары бар әдемі арал өз ареалынан 800 километрге дейін алшақтанған. Ойыл тоғайында жиде, терек, жыңғыл, матрикс, қарағаш т.б. ағаштар өседі, ал шөптесін өсімдіктерінен қарабүлдірген көптеп кездеседі. Ағаштар жебілгенмен өрілген. Алақайларында орхидей өсімдігінің сирек түрлері, шоқсары, шөпжияр кездеседі. Ойылдың тоғайы орманы қалың шоқсары шөптері өріліп тұрған кезде джунглиді еске түсіреді, ал оны қоршап тұрған тоғайлар өте биікке өсетін алып қарағаштармен ерекше әсем көрінеді. Осы солтүстік саваннаның негізгі өсімдігі болып алып астықтұқымдастар болып табылады. Ол өсімдік қатты жапырақ ретінде.

Қазіргі таңда – Барқын құмдары бұл құмның 23 мың құмға ағаш отырғызылған құмдар. Мұнда қайың қарағаш, қандағаш, терек қарағай басқа да талды өсімдіктер өседі сонымен қатар өнім беретін өсімдік түрлері де кездеседі, және қазақ ауылшаруашылық институтының орман факультетінің экссперменттік учаскілері бар. Барқын – бұл толығымен маманданған шаруашылық, сонымен бірге подхоздары, мұнда қымызды даярлайтын жерлер, мектебі,дүкендері де бар. Орман шаруашылықтарында тамаша демалу зоналары және пионер, лагерлері бар.

Барқынға сонымен бірге қолдан суарылатын алма ағаш және қарақат бақшаның бақтары өсірілген. Осы Барқын құмының кейбір өсімдік түрлеріне тоқталып өтсем:

Аңдыз. Шоқтығы 2 – 2,5 метр келген көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырғы ірі, қатпарлы, әрі оның ернеулер ара тісті болып келеді. Гүлдері алтын сары түстес себет ернеуінде орналасқан. Әдетте шілде – тамыз айларында гүлдейді.

Қара аңдыз барлық облыстарда өседі. Оның тамырын дәрі жасау үшін ерте көктемде, яғни сәуір – мамыр айларында қазып алады. Одан дайындалған препараттар тыныс жолдарын, асқазан, ауруларының емдеріне пайдаланады.



Бүлдірген. (Fragaria) – раушан гүлділер тұқымдасына жтатын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл. Бүдіргенің Қазақстанда 2 – түрі: орман бүлдіргені (Fragaria vеrca), жасыл бүлдірген(Fragaria viridis) бар. Олар, көбінесе, таулы аудандарда, ормандардың ашық беткейлерінде және өзендердің бойында өседі. Бүлдіргенің биіктігі 5 – 25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары қос жынысты, гүлшоғыры – көп гүлді қалқанша. Жемісі – жидек (қызыл, қызғылт шырынды). Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жер үсті бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, гүл сағақтарынан және мұртшаларынан тұрады. Қысқа мүйізшелері гүл бүршігімен аяқталады, келесі жылы олардан гүл сағағы өсіп шығады. Бұтағы арқылы көбейеді. Бүлдіргендер бал шырынды және дәрілік өсімдіктер. Жемісі дәмді, хош иісті, құрамында А, В1, В2 ...В9, РР, К витминдері, органикалық қышқылдар, фосфор, темір, кальции және т.б. пайдалы заттар болады. Жемісін жинап алғанан кейін мұртшаларын қиып, мезгілімен суарып, түбін қопсытып, тыңайтқыштармен қоректендіреді. Қазақстанның суармалы жерлерде өсетін бірнеше сорттары бар.

жүктеу 488,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау