3. Интонацияны зерттеу әдістері
Тіл білімінде интонацияны зерттеуде үш түрлі:
синтаксистік
фонетикалық
фонологиялық бағыт бар.
Синтаксистік бағыттағылар интонацияны синтаксис көлемінде ғана қарастыру керек деп санайды. Себебі, олардың пікірінше, интонация – синтаксистік мағынаны; синтакистік қатынастар мен байланыстарды қамтиды.
Фонетикалық бағытты ұстағандар интонацияны сөйлеу тілінің жалпы ағысын қамтып, оның сөйлемдерін, синтагма, фразаларын басқа да фонетикалық майда бөлшектерін қалыпқа түсіріп, тиянақтап, оның үстіне олардың бәрінің басын қосып, бөлшектерден тұратын әуенін шашыратпай бір күрделі байламға келтіретін құбылыс деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |