«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт Бірге тараптар деп аталатын «Жолушылар тасымалы»


Экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін еңбекақыға



жүктеу 2,11 Mb.
бет4/10
Дата22.02.2018
өлшемі2,11 Mb.
#10509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін еңбекақыға

белгіленген үстемеақы мен жеңілдіктер

тізбесі
I. Семей ядролық полигон аудандары

Экологиялық апаттың әсеріне ұшыраған аумақтардың атаулары

Еңбекақыға әлеуметтік төлемдердің мөлшері

Жеңілдіктер мен өтемақылар

облыстардың, аудандардың атауы

темір жол желісі учаскелерінің атауы




1

2

3

4

Мейлінше жоғары радиациялық қатер аймағы

Шығыс Қазақстан облысы:
Жаңасемей ауданы

№1 разъезд - Шөптіқақ станциясы, Жаңасемей станциясы (қоспағ.) - Дегелең станциясы (Конечная) (қоспағ.)

1,75

есептік көрсеткіш



12

күнтізбелік күн қосымша демалыс



Жоғары радиациялық қатер аймағы

Павлодар облысы:

Май ауданы



Ақсу станциясы – Дегелең станциясы темір жол учаскесінде:

Құркөл разъезі (29 км) - 184 км разъезі


1,5


есептік көрсеткіш


10

күнтізбелік күн қосымша демалыс



Шығыс Қазақстан облысы:
а) аудандар:

Бородулиха,

Шар,

Жарма,


Аягөз;

Семей қаласы,

Курчатов қаласы

б) аудандар:

Шемонаиха,

Глубокое,

Ұлан;

Өскемен қаласы,



Риддер қаласы

552 км разъезі (қосқ.) – Жүзағаш станциясы, Семей станциясы және Жаңасемей станциясы

Қазақстан разъезі –

Огнёвка кенті (қосқ.),

Защита – Лениногорск учаскесі



1,5

есептік көрсеткіш



10

күнтізбелік күн қосымша демалыс




Төтенше радиациялық қатер аймағы

Шығыс Қазақстан облысы

Бесқарағай ауданы


Шаған станциясы



2 айлық

есептік көрсеткіш



14

күнтізбелік күн қосымша демалыс






Мейлінше аз радиациялық қатер аймағы

Шығыс Қазақстан

облысы:











Таскескен, Зырянов, Серебрянск аудандары

Ақтоғай станциясы;

Серебрянка станциясы –Зыряновск станциясы



1,25

есептік көрсеткіш



7

күнтізбелік күн қосымша демалыс



Қарағанды облысы:

Қарқаралы ауданы



Көкпекті станциясы (қоспағ.) – Қарағайлы станциясы





Жеңілдік берілетін әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақ

Павлодар облысы:

Баянауыл ауданы


Үшқұлын станциясы



1

есептік көрсеткіш



5

күнтізбелік күн

қосымша демалыс



Арал өңіріндегі аудандар


Экологиялық апат аймағы

Қызылорда облысы:

Арал,


Қазалы

аудандары


Ақтөбе облысы:

Шалқар ауданы


Құрлық станциясы (қосқ.) – Төретам станциясы (қоспағ.)


№59 разъезд (Біршоғыр) – Шоқысу – 82 разъезд

1,5 *


коэффициент


12

күнтізбелік күн

қосымша демалыс,

жалақы немесе бір айлық тарифтік ставка мөлшерінде материалдық көмек



Экологиялық дағдарыс аймағы

Қызылорда облысы:


Төретам станциясы– Бесарық станциясы



1,3 *

коэффициент





9

күнтізбелік күн

қосымша демалыс, жалақы немесе бір айлық тарифтік ставка мөлшерінде материалдық көмек


Ақтөбе облысы:

Темір,


Байғанин,

Мұғалжар аудандары


Оңтүстік Қазақстан облысы:

Арыс,


Отырар,

Түркістан аудандары



Темір (қоспағ.) – Сағыз (қоспағ.)

Құдық станциясы – №59 разъезд (қоспағ.)

Монтайтас станциясы (қосқ.) - Бесарық (қоспағ.) станциясы


1,2 *

коэффициент





7

күнтізбелік күн

қосымша демалыс, айлық немесе бір айлық тарифтік ставка мөлшерінде материалдық көмек

Ескертулер:

1. Қосымша демалыстың ұзақтығы қолданылмаған демалыс үшін өтемақы төлегенде ескеріліп, мерекелік және демалыс күндерінің санына арттырылмайды.


Қызметкердің келісімімен еңбек демалысынан жұмысқа шақыртылған жағдайда, пайдаланылмаған қосымша демалыс күндері ағымдағы жылы беріледі немесе келесі жылғы еңбек демалысына қосылады. Пайдаланылмаған қосымша демалыс күндері үшін өтемақы төленбейді. Материалдық көмек демалыс берумен бір уақытта төленеді және пайдаланбаған демалыс күндері үшін өтемақы төленгенде берілмейді.

2. Арал өңіріндегі экологиялық дағдарыс аймағында тұрғаны үшін еңбек ақыға коэффициенттер жұмыскердің тарифтік ставкасына (лауазымдық ақысына) нақты жұмыс істеген уақытына есептеледі. Төленетін үстеме ақылардың бір айға есептегендегі мөлшері: (К-1) х (Т/Н х Тфакт) құрайды, ондағы:

К – экологиялық қасірет аймақтарында белгіленген коэффициент;

Т (теңге) – жұмысшының айлық тарифтік ставкасының (лауазымдық еңбекақысының) мөлшері;

Н (сағат) – аталған жылдағы жұмыстың сағаттар санының есептік балансына сәйкес сағат шамасының көрсеткіші;

Т факт (сағат) – осы айдағы нақты жұмыс істеген сағат саны.

3. Радиациялық қатерлі және экологиялық қасірет аймақтарында тұрғаны үшін үстемелер әлеуметтік төлемдер болып табылады, еңбекақыны есептегенде жаңа тарифтік ставканы (жалақыны) құрамайды және аудандық коэффициентті есептеуге арналған сомаға қосылмайды. Экологиялық апат аудандарындағы жеңілдіктермен көзделген еңбекақыға қосымша ақылар тек осы өңірлерде тұратын қызметкерлерге ғана белгіленеді.

________________________________________







«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарттың

4-қосымшасы













Жұмыстың жүріп-тұру сипатына немесе қызмет көрсететін өңір шекараларында қызмет бабымен жүріп-тұратын жұмыстар үшін үстеме ақы төленетін

кәсіптер мен лауазымдар тізбесі
1. Филиалдар мен аймақтық бөлімшелердің басшылары және қызметкерлері (осы тізбенің 2,3-тармақтарында көзделгендерден басқалары) филиалдың шекарасы шегінде 3 тәуліктен аспайтын мерзімге жолға шыққан кезде.

2. Барлық атаулы (қаржы және басқа да) ревизор аппаратының қызметкерлері.

3. Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі аймақтық ревизорлар.

4. Жолаушылар пойыздарының бастықтары, жолсеріктер.

5. Жолаушыларды, багаж бен жүкбагажды тасымалдау ережесін бұзудың алдын алу секторының инспекторлары.

Жабдықтау инженерлері, автокөлік жүргізушілері мен филиалдар шекарасы шегінде жол жүрген кезде материалдық-техникалық жабдықтау және жүктерді жөнелту мәселесімен айналысатын басқа да қызметкерлер.

6. Экспедиторлар.

7. «Экспресс» АБЖ электр механигі.

8. Түскен ақшаны жинайтын кассирлер.

9. Жүк пен багажды қабылдап-тапсырушылар.


Ескерту:

1. Тұрақты жұмысы жолда жүріп істеумен немесе жүріп-тұрумен байланысты қызметкерлерге шығындарын өтеу мақсатында өздері қызмет көрсететін учаскелерге байланысты АЕК 35 пайызы мөлшерінде үстеме ақы төленеді.

2. Жұмысты орындайтын жерге бару үшін қызмет бабымен жол жүру шығындары, үй жалдау шығындары ұсынылған төлем құжаттарына сәйкес жұмыс берушінің іссапар туралы актілерінде көзделген мөлшерде қайтарылады.

3. Вагондар мен басқа да жылжымалы құрамды жөндеуге алып барып, жөндеуден алып келгені үшін (оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы республикаларының аумағы бойынша) қызметкерлерге жұмыстың жүріп-тұру сипаты үшін АЕК 35 пайызы мөлшерінде үстеме ақы төленеді

4. Жылжымалы құрамды жөндеуге тапсыру және жөндеуден қабылдап алу кезінде жөндеу орнында болған уақыт үшін егер жолаушы Қазақстан Республикасы аумағында жол жүретін болса, тәулік шығындары іссапарға көзделген мөлшерде толық төленеді, ал ТМД елдері аумағы бойынша осындай шығындар шетелге уақытша іссапарға жіберілетін қызметкерлерге белгіленген нормалар бойынша қайтарылады.

5. Егер қызметкердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнына дейін барып, қайту жолының ұзақтығы бір күн ішінде 3 (үш) сағаттан кем болмайтын болса, онда үстеме ақы 0,1 АЕК мөлшерінде, ал екі сағаттан кем болмайтын болса, 0,075 АЕК мөлшерінде төленеді.

6. Қызметкерлердің қызмет бабымен жолға шыққан кезінен бастап тұрақты жұмыс орнына (тұрғылықты жеріне) оралғанға дейін 12 сағаттан астатын, бірақ бір тәулікке толмайтын немесе екі күн ішінде 12 сағаттан аспайтын уақыт ішінде қызмет бабымен іссапарда болу уақыты 1 (бір) тәулік болып есептеледі.

7. Үстеме ақыларды төлеу үшін №12 ФРУ нысанды жүріп-тұру сипатын есепке алу ведомосі, маршрут парағы немесе іссапар куәлігі, сондай-ақ жүріп-тұру сипатын есепке алу кітабы негізгі құжат болып табылады.

8. Жұмыстың жүріп-тұру сипаты үшін берілетін үстеме ақы тұрғылықты жерінен тыс жерлерде уақытша еңбекке жарамсыз болған күндері де төленеді.

9. Шекарадағы темір жол әкімшіліктерінің сыртқы саудадағы жүктерді және жылжымалы құрамды қабылап-тапсырумен айналысатын ауысым қызметкерлеріне үстеме ақы шетел валютасымен мынадай мөлшерде төленеді:

1) шетел темір жолының елмен шектесіп жатқан шекаралас станциясында болған әр тәулік үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шетелге уақытша іссапарға жіберілетін қызметкерлерге белгілеген нормалардан – 60 пайыз, ал 4 (төрт) сағаттан көп болып, бір тәулікке жетпейтін болса – 15 пайыз мөлшерінде;

2) 4 (төрт) сағаттан аз болса, үстеме ақы төленбейді.

10. Халықаралық пойыздардың қызметкерлеріне жұмыста жүріп-тұруына байланысты мынадай мөлшерде үстеме ақы төленеді:

1) Қазақстан Республикасы және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы басқа да елдер аумағы бойынша жол жүрген кезде – теңгемен, әр тәулікке АЕК 35% пайызы мөлшерінде ;

2) басқа елдер аумағы бойынша жол жүрген кезде – шетел валютасымен, әр тәулікке – 60% және осы елдер аумағында бір тәуліктен аз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шетелге уақытша іссапарға жіберілетін қызметкерлерге белгілеген нормалардан – 15 пайыз мөлшерінде.».

­­­­­­­­­­­­________________________








«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарттың

5-қосымшасы





Еңбек демалыс мерзімдерінің ұзақтығы


Лауазым атауы

Демалыстың күнтізбелік күндерінің

саны

1

2

Қоғамның орталық аппараты

Басшылық

30

Барлық атаудағы басшылар мен мамандар

30

Қоғамның филиалдары

Басқару аппаратының басшылары мен мамандары

28

Бөлімдердің, секторлардың, цехтардың, өндірістік учаскелердің басшылары мен мамандары

28


Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі аймақтық ревизорлар, бас техникалық инспектор

28

Бригадир, комендант, қойма, мұрағат, бюро меңгерушілері

24

Ревизорлар, нұсқаушылар, инспекторлар және ревизорлар (барлық атаулардағы); вагон қабылдаушылар

28


Заң кеңесшілері, аудармашылар

24, 28*

Барлық мамандықтардың техниктері

24

Вагондарға техникалық қызмет көрсету, вагондарды тасымалдарға дайындау, вагондардың орнын ауыстырып қою пункттерінің; жолаушылар вагондары жолсеріктерінің резерві, материалдық-техникалық жабдықтау базаларының басшылары

28


Жолаушылар вагондарына қызмет көрсету базаларының басшылары

28

Вагондар қоры базасының, шекаралық станциядағы вагондарды беру пунктінің басшылары

28


Өндірістік оқыту инструкторы, жолаушылар поезының бастығы

28

Босатылған бригадир

24

Бюро, топтардың, кассалардың, қоймалардың басшылары (меңгерушілері)

24, 28

Ауысымдық кезекшілік етпейтін вагондарды аға қарап тексеруші, жол құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор

24, 28*


Кассир, инкассатор, инспектор, стенографист, машинкамен басушы, комендант, экспедитор, тауар танушы; тізім жасаушы, агент, кассир, инкассатор

24


Қызметтік жеңіл автомашинаның жүргізушісі

28

Хатшы-референт

28

Хатшы

24

Жұмысшылар

24

* Басшылар кәсіподақ комитеттерімен келісу бойынша жеке шарт жасасқанда жұмыс учаскесінің жұмыс жүктемелігіне қарай мамандар мен қызметкерлерге еңбек демалысының ұзақтығын дербес 24 немесе 28 күнтізбелік күн мөлшерінде белгілейді.


«Жолаушылар тасымалы» акционерлік

қоғамы мен оның еңбек ұжымы

арасындағы 2015-2017 жылдарға

арналған ұжымдық шарттың

6-қосымшасы

Сақтау, өңдеу, сату (жөнелту), тасымалдау немесе өндіріс барысында қолдану үшін берілген құндылықтардың (мүліктің) сақталуын қамтамасыз етуге толық материалдық жауапкершілігі туралы олармен жазбаша шарттар жасалатын темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының тізбесі


Лауазым атауы

Қызметкерлерге бекітілетін мүліктің, құралдардың негізгі түрлері

Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің және филиалдардың бірінші басшылары

Мүлік

Учаске басшылары


Цех бригадирлері, (жабдықтау, шаруашылықпен қамтамасыз ету және т.б.) шеберлері


Билет кассаларының меңгерушілері
Вагондар қор базасының басшылары
Шаруашылықтардың жүргізушілері

«Экспресс» АБЖ және ақпараттандыру бөлімдерінің бастықтары, бас мамандары


Кадрлар жөніндегі бастықтар, мамандар (менеджерлер)
Аға кассирлер, кассирлер, аға бақылаушы - кассирлер, Жолаушыларды, багаж бен жүк багажын тасымалдау ережесін бұзудың алдын алу жөніндегі инспекторлар, инскасаторлар
Қойма меңгерушілері, аға қоймашылар, қоймашылар, жабдықтаудың аға шеберлері, жабдықтау шеберлері, жабдықтаушылар

Багаж бөлімшелерінің меңгерушісі

Аға қабылдаушы-тапсырушылар, қабылдаушы-тапсырушылар
Аға электрмеханиктер, электрмеханиктер
Жабдықтау жөніндегі инженерлер, агенттер, экспедиторлар
Күзетшілер, вахтёрлар

Ғимарат, құрылыс, жабдық, материалдар, өндірістік мүкәммал, басқа мүлік


Жабдық, материалдар, басқа мүлік

Ақшалай қаржы, мүлік






Вагондар, басқа мүлік
Жабдық, автомашиналар, материалдар, отын, қосалқы бөлшектер, аспаптар, басқа мүлік
Есептеу техникасы, материалдық құндылықтар, басқа мүлік
Еңбек кітапшалары, мүлік





Ақшалай қаржы, материалдық құндылықтар

Материалдық құндылықтар: отын, шикізат, жартылай фабрикаттар, тетіктер, материалдар, жабдық, аспаптар, дайын өнім, басқа мүлік


Жабдық, материалдар, басқа мүлік

Материалдық құндылықтар



Жабдық, материалдар, басқа мүлік


Материалдар, жабдық және басқа мүлік

Күзетілетін ғимараттар, қоймалар, кәсіпорындар аумағы, басқа да объектілер





_________________________

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік

қоғамы мен оның еңбек ұжымы

арасындағы 2015-2017 жылдарға

арналған ұжымдық шарттың

7-қосымшасы
Толық материалдық жауапкершілік

туралы үлгі шарт
_________ қаласы 20 ____ жылғы «__» _______
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын, _____________________________ негізінде іс-әрекет ететін _____________________________ бір жағынан және ____________жылы берілген жеке куәлігінің №_____________ бұдан әрі «Қызметкер» деп аталатын екінші жағынан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегі туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарттың мәні
1.1. Қызметкер осы шарттың жағдайларына сәйкес Жұмыс берушінің алдында, оған өндіріс процесінде Мүлікті сақтаумен, өңдеумен, сатумен (босатумен), тасымалдаумен, қолданумен (қажеттісінің астын сызыңыз) тікелей байланысты жұмыстарды орындау үшін, Жұмыс беруші берген мүлікті (бұдан әрі – Мүлік) сақтауға толық материалдық жауапты болуға міндеттенеді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Қызметкер:

2.1.1. Мүліктің сақталуы үшін Жұмыс берушінің алдында толық материалдық жауапты болуға;

2.1.2. Мүлікті ұқыпты ұстауға және Мүлікке зиян келтірудің алдын алуға шаралар қабылдауға;

2.1.3. Жұмыс берушіге Мүлікті сақтауды қамтамасыз етуге қатер төндіретін барлық жағдайлар туралы уақытында хабарлауға;

2.1.4. Мүлікті есепке алуға, Жұмыс берушіге белгіленген тәртіппен тауарлы-ақшалай және Мүліктің қозғалысы және қалдықтары туралы басқа да есептерді жасауға және беруге;

2.1.5. Мүлікті түгендеуге қатысуға;

2.1.6. Жұмыс берушінің бірінші талап етуі бойынша Қызметкердің кінәсінен Мүліктің зақымдалуы, жойылуы, жоғалуының салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.

2.2. Жұмыс беруші:

2.2.1. Қызметкерге Мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті жағдай жасауға;

2.2.2. Қызметкерді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, өндіріс процесінде Мүлікті қабылдау, сақтау өңдеу, сату (босату), тасымалдау және қолдану тәртібін реттейтін, сондай-ақ Мүлік сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда Қызметкердің материалдық жауапкершілігін көздейтін Жұмыс берушінің жергілікті актілерімен таныстыруға міндетті.

2.3. Қызметкердің осы Шарттың 2-бөлімінің 2.2-тармағында аталған міндеттерді Жұмыс берушінің орындауын талап етуге құқығы бар.

2.4. Жұмыс беруші:

2.4.1. кез келген уақытта Мүлікті түгендеуді жүргізуге;

2.4.2. Қызметкердің кінәсінен Мүліктің зақымдалуы, жойылуы, жоғалуының салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыруды Қызметкерден талап етуге;

2.4.3. Қызметкердің осы Шарттың 2-бөлімі 2.4.-тармағының 2.4.2-тармақшасында аталған Жұмыс берушінің талаптарын дұрыс мерзімде қанағаттандырмаған жағдайда осы талаптарды сотқа беру арқылы қанағаттандыру жөнінде шаралар қабылдауға құқығы бар.


жүктеу 2,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау