Ведомствоаралық өзара әрекеттесудің талдауы
Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы
|
Бірлесе орындаушы
|
Өзара әрекеттесудің талдауы
|
1
|
2
|
3
|
«Жұмыс істейтін апатты және үш ауысымды мектептер саны, бірлік» НИ
|
Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, ҚБ
|
2017 жылы 3 ‑ ауысымдық оқытуды шешуге байланысты мәселе бойынша шаралар қолданылды. Сонымен қатар, Целиноград ауданы мен Көкшетау қаласындағы көші-қон процестеріне байланысты осындай мектеп саны 12 оқу орнына дейін көбейген.
5 мектеп бойынша шаралар қолдануда, соның ішінде 3 нысанның құрылысы жүргізілуде (Бурабай аудан Щучинск қ. 800 орындық мектеп, Көкшетау қ. 900 орындық мектеп, Көкшетау қ. №18 мектепке 420 орындық қосымша оқу корпусы); 2 жоба жөнінде ҚР ҚР БҒМ-ге республикалық бюджет есебінен қаржыландыруға бюджеттік өтінім жолданды (Целиноград ауданы Қоянды а. №20 ОМ, Қажымұқан с. №4 ЖМ), 7 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде (Көкшетау қ. №1 ОМГ, №4 ОМ, №13 ЭМГ; Целиноград ауданының Р.Қошкарбаев атындағы №1 ОМ және Қосшы а. №2 ОМ, Шұбар №37 ЖМ және Семеновка с. №11 ЖМ).
|
«Есірткі қылмыстарының жалпы санынан анықталған есірткі өткізумен байланысты не өткізу мақсатындағы қылмыстар үлесі»
|
Облыстық басқармалар мен департаменттер (келісім бойынша), аудандар мен қалалар әкімдіктері
|
Нашақорлықтың талдауы ІІД мүдделі ведомстволармен бірлесе отырып қолданған шаралар пәрменді екендігін және нашақорлықтың азаюына жеткізетінін көрсетті (10 жыл бойы жыл сайын орташа 8-10 % тұрақты азаю үрдісі байқалады).
Жүргізілген талдау есірткі өткізушілерді анықтау және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша қызметті белсендіру есірткі пайдаланушылар санын азайтуға тікелей жеткізеді және осы көрсеткіштің өсуіне жол бермей, бір деңгейде қалуына ықпал етеді.
Алдын алу жұмысында және нашақорлықпен есірткі бизнесін жоюда негізгі құрал және болашағы бар бағыт есірткіге сұранысты азайту болып табылады.
Осыған байланысты есірткі қолданушыларының негізгі (60 %) тобын құрайтын 18-30 жастағы жасөспірімдер мен жастар арасында есірткі қолданудың алдын алудан атқарылған жұмыс негізінде қойылған.
2017 жылдың басында 711 адам есепте тұрған, жыл қорытындысы бойынша медициналық көрсетулер бойынша 80 адам есептен шығарылды, қазіргі кезде есірткі есебінде 631 есерткіге тәуелді адам тұр. Көрсетілген мәліметтер облыстағы есірткі қолданудың тұрақты жақсару жағдайын айғақтайды.
|
Бірлесе-орындаушының әрекет ету немесе әрекет етпеуі салдарынан қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлар туралы ақпарат жоқ.
Сыртқы әсерді талдау
Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері
|
Қолданған шаралар
|
1
|
2
|
Көші-қон процестері
|
12 үш ауысымдық мектептер санынан 5-еуі бойынша және қосымша оқу корпустарын салу бойынша шаралар қолдануда, жаңадан анықталған 7 мектеп бойынша құрылысқа жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
|
Қаржылық қаражаты игеру
Қаржыландыру көзі
|
Жоспар, млн.теңге
|
Нақты, млн.теңге
|
Пайдаланбау себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Жергілікті бюджет
|
129826,7
|
129674,2
|
Мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеулер, жеткізушілердің міндеттерін уақытында орындамауы, жобаларды іске асыру мерзімдерін ауыстыру
|
Республикалық бюджет
|
57764,2
|
57712,3
|
Ұлттық қор
|
8827,7
|
8800,3
|
Басқа көздер
|
56501,5
|
41563,7
|
Барлығы
|
252920,1
|
237750,5
|
Талдамалық жазба
Бағдарламалық құжаттың деректемелері:
Атауы: Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)
Құжаттың қабылданған күні және нөмірі: Ақмола облысы мәслихаты сессиясының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №6С-17-3 шешімі.
Әзірлеуші орган: Ақмола облысының әкімдігі.
Құжаттың жүзеге асырылу мерзімдері : 2016-2020 жылдар, оның ішінде кезеңдер бойынша – 1-кезең - аралық – 2016-2018 жылдары; 2-кезең – қорытынды – 2019-2020 жылдары.
1) Жүргізілген талдаудың қорытындылары
Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасында 26 мақсат, 110 нысаналы индикатор көзделген, соның ішінде 144 жоспарлы мәні көзделген, олардан 2017 жылдың қортындысы бойынша (2018 жылдың 1 наурыздағы жай-күйі бойынша) нысаналы индикаторларының 87 жоспарлы мәндеріне қол жеткізілгені белгіленді, 32 жоспарлы мәндері бойынша статистикалық мәліметтер жарияланған жоқ, 25 нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ.
Соның ішінде «Экономикалық даму» 1-бағыты бойынша 2017 жылға 7 мақсат, 64 нысаналы индикатордың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 27 жоспарлы мәніне қол жеткізілді.
«Әлеуметтік сала» 2-бағыты бойынша Бағдарламада 10 мақсат, 44 нысаналы индикатордың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 33 жоспарлы мәніне қол жеткізілді.
«Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп» 3 бағыты бойынша 1 мақсат, 8 нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 6 жоспарлы мәндеріне қол жеткізілді.
«Инфрақұрылым» 4-бағыты бойынша 4 мақсат, 18 нысаналы индикатордың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 15 жоспарлы мәндеріне қол жеткізілді.
«Экология және жер ресурстары» 5-бағыты бойынша 2 мақсат, 9 нысаналы индикатордың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 6 жоспарлы мәніне қол жеткізілді.
«Мемлекеттік қызметтер» 6-бағыты бойынша 1 мақсат, 1 нысаналы индикатор көзделген. Нысаналы индикатордың жоспарлы мәніне қол жеткізілген жоқ.
2) Соңғы нәтижеге ықпал еткен орындамаудың себептері мен факторлары
Нысаналы индикаторлардың 25 жоспарлы мәндеріне қол жеткізілген жоқ, соның ішінде:
1. «Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны: салықтық емес түсімдер» НИ жоспар бойынша 100,5%, нақты – 74,4%. 2017 жылдың көрссеткіші 2016 жылдың нақты санына төмендеуі, 206.107 «Жергілікті бюджеттен бұрын алынған пайдаланылмаған қаражатты қайтару» және 206.109 «Жергілікті бюджетке салықтық емес басқа да түсімдер» - түсімдерді болжау әдістемесіне сәйкес жоспарлау іске асырылмайтын, бейжүйелік түсімдерге себепті.
2. «Өңдеу өнеркәсібі өнімі шығарылымының нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 103,3%, нақты – 101%. Жоспарлы көрсеткішке жетпеу ЖШС «СҚЗ «Арыстан» кәсіпорыны қызметінің тоқтатылуына себепті. АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» ЖШС «СТКХК» күштерінде уран бар шикізаттарын азайту (әлемдік нарықта уран өндіруді азайту және өңдеу компаниялардың арасында, жетімсіздік бар кезде шикізатты өз қуаттарында қайта өңдеу үшін ағынды қайта бөлу).
3. «Металлургия өнеркәсібі өнімі шығарылымының нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 107%, нақты – 101,3%. 2017 жылда АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» ЖШС «СТКХК» күштерінде уран бар шикізаттарын азайту (әлемдік нарықта уран өндіруді азайту және өңдеу компаниялардың арасында, жетімсіздік бар кезде шикізатты өз қуаттарында қайта өңдеу үшін ағынды қайта бөлу).
4. «Темір кен өндіру өндірісінің нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 103%, нақты – 96%. Мыс концентратын өндіріс көлемінің 32,1%-ға төмендеуі («СТКХК» ЖШС қызметі есебінен).
5. «Дайын металл бұйымдары өндірісінің нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 103%, нақты – 78,9%. Орталықтан жылыту қазандары өндірісі көлемінің 10,8%-ға төмендеуі («ЩҚМЗ» ЖШС қызметі есебінен).
6. «Жеңіл өнеркәсіптің нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 101%, нақты - 83,1%. Киім өндірісі 28,9%-ға, тоқыма бұйымдарының өндірісі 16,5%-ға төмендеді.
7. «Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 100,7%, нақты – 63,3%. 2017 жылда Ақмола облысының ірі кәсіпорындарында инвестициялар бойынша төмендегені байқалды: «Сочинское» ЖШС, «Атбасарская Нива»ЖШС Атбасар ауданы; «КДК-АГРО» ЖШС, «Фермер-2010» ЖШС Астрахан ауданы; «Жаркаинская Нива» ЖШС Жарқайың ауданы; «Кеңбидайык» ЖШС Қорғалжын ауданы; «Октябрьское» АШК ЖШС Шортанды ауданы; Агрофирма «Родина» ЖШС Целиноград ауданы; «Запорожье» ЖШС Жақсы ауданы ;«Компания Орион Плюс» ЖШС Есіл ауданы есепті кезенінде ауыл шаруашылығы негізгі капиталына инвестициялардың деңгейі төмендей түскен. Демек, 2017 жылы ауыл шаруашылығы негізгі капиталына инвестициялардың деңгейіне ауылшаруашылық техникасының және жабдықтауының шығындарды азаюы инвестициялардың төмендеуіне ықпал етті.
8. «Тағам өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлемінің индексі» НИ, жоспар бойынша 100,1%, нақты 91,2%. 2017 жылдың қаңтар-ақпандағы НКИ-ің төмендеуі Атбасар ауданының «Атбасар УН» ЖШС; Көкшетау қ. «Көкшетау сүт зауыты» «МОЛОКО СИНЕГОРЬЯ»; Целиноград ауданының «Сapital Projects LTD» ЖШС, Зеренді ауданының «Блик Терминал» ЖШС инвестициялардың төмендегенімен түсіндіріледі.
9. «Тұқымдық жаңғыртуға қатысатын ірі қара мал және ұсақ мал басының үлесі: ірі қара мал» НИ, жоспар бойынша 31,5%, нақты 22,9%. Бұрын асыл тұқымды түрлендіруіне қатысқан етті бағыттағы кооперативтері мемлекеттік қолдауы сүтті бағыттағы ауылшаруашылық кооперациясын субсидиялауына көрсетуіне (техника, жабдықтауын және аналық бастарын сатып алу үшін жеңілдік кредиттерді беру) байланысты, бұдан әрі етті тұқымды бұқаларынан бас тартқанына байланысты. Сонымен асыл тұқымды түрлендіруінде аналық мал санының қатысу үлесі төмендеді.
10. «Тіркелгендердің жалпы санында шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі» НИ, жоспар бойынша 82,4%, нақты – 74,7%. ШОБ кәсіпкерлердің жалпы көлеміндегі тіркелген үлесін азайтуы, кәсіпкерлік қызметін ұзақ уақыт бойынша жүзеге асырмайтын жеке кәсіпкерлер тұлғалар тізілімінен алып тастау бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізілген іс-шараларға байланысты.
11. «Жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестициялар (Өңірлерді дамытудың бағдарламасында көзделген қаражат шеңберінде)» НИ, жоспар бойынша 330,5 мың теңге, нақты – 31,8 мың теңге. Қаражат тапшылығы.
12. «Халықтың саны: моноқалалар», жоспар бойынша 69,3 мың адам, нақты 64,5 мың адам.
13. «Халықтың саны: шағын қалалар», жоспар бойынша 139,5 мың адам, нақты 135,7 мың адам. Көші-қон арқылы халық санының азаюы.
14. «Қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу, %», жоспар бойынша 70,2%, нақты 66,5%. Қаражат тапшылығы.
15. «Жалпы ұзындықтан жаңғыртылған желілер үлесі НИ: моноқала бойынша жылумен жабдықтау, %», жоспар бойынша 6,0%, нақты 3,5%. Қаражат тапшылығы.
16. «Жалпы ұзындықтан жаңғыртылған желілер үлесі НИ: моноқала бойынша электрмен жабдықтау, %», жоспар бойынша 1,4%, нақты 1,2%. Қаражат тапшылығы.
17. «Жұмыс істейтін апатты және үш ауысымды мектептер саны, бірлік» НИ, жоспар бойынша 1/6, нақты – 1/12. Көші-қон процестеріне байланысты ағымдағы оқу жылының басына мектеп оқушылар контингенті көбейген, бұл үш ауысымды оқытуға себеп болды.
18. «100 мың тірі туылғанға аналар өлімін азайту» НИ, жоспар бойынша 14,8, нақты 16. 2 өлім – жітім оқиғасы тіркелген, олардың негізгі себептері: өкпе артериясының эмболиясы және торлы қабық астына қан құйылуы.
19. «15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі (NEET – ағылш. NotinEducation, Employmentor Training)», жоспар бойынша 5,9%, нақты 7,6%. 2017 жылдың 4 тоқсандағы алдын ала деректер бойынша.
20. «Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы» НИ, жоспар бойынша 38,8%, нақты – 43,4%. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қылмыстың қайталануының тіркелгені өсті (онда 49,7% 1.901 ден 2.845). Республика бойынша мониторинг ҚСжАЕКБ есебін жүргізген кезде қылмыстар бұрын сотталмағандар, қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар 2017 жылдың қараша айында оқиға орын алды. Облыс бойынша бұрын сотталғандармен жасалған қылмыс санының өсуіне жол берілген жоқ (285-тен 174-ке 39%-ға төмендеген).
21. «Есірткі қылмыстарының жалпы санынан анықталған есірткі өткізумен байланысты не откізу мақсатындағы қылмыстар үлесі, %» НИ, жоспар бойынша 90,7, нақты – 89,4.
22. «100 тұрғынға тіркелген телефон байланысы желілерінің тығыздығы» НИ, жоспар бойынша 30,4 бірлік, нақты 23,9 бірлік. Индикатордың орындалмауы абоненттік базаның азаюына байланысты. Мобил байланысқа қол жету деңгейінің өсуі.
23. «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту» НИ, жоспар бойынша 45,0%, нақты 44,5%. Облыстың 18 елді мекені қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтермен қамтылған.
24. «Жергілікті атқарушы органдар иелігінде орналасқан мемлекеттік орман қорының аумағындағы бір орман өртінің орташа ауданы» НИ, жоспар бойынша 10,0 га, нақты – 27,4 га. Жалпы ауданы 932,8 га алаңында орман өртінің барлығы 34 жағдайы болды. Осыған байланысты 2017 жылы бір орман өртінің орташа алаңы өсті, 27,4 га құрады. Ауа райы жағдайы.
25. «Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттандырылу деңгейін арттыру, %», жоспар бойынша 85,0%, нақты – 83,7%. Өңірлер арасында халықтың мемқызметтер көрсетумен қанағаттану деңгейі бойынша Ақмола облысы 3 орында және республика бойынша орташа нәтижесінен 16,2% жоғары болып табылады. Жоспарлы мәніне жеткізбегені мониторингке жататын мемқызметтердің түрлері және меморган бойынша қызметтер саны жыл сайын өзгерілетіне байланысты, сондықтан оны жоспарлауға негіз болған өткен жылдардың нәтижелерімен салыстыру дұрыс емес.
Бағдарламаның масаттарына қол жеткізуді қамтамамыз етпеген жауапты лауазымды адамдар кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, құрылыс басқармалары, ішкі істер департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылары болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген нысаналы индикаторлардың 25 жоспарлы мәндерінің орындалмауы Ақмола облысының өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жалпы өңірлік өнімінің өсу қарқынының төмендеуіне, тиісінше республиканың жалпы ішкі өнімінің көлеміне, соңдай-ақ облыс халқының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасымен және өңірде өмір сүру сапасымен қанағаттанушылығына, облыс тұрғындарының көші-қон қозғалысына ықпал етті.
Бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына байланысты құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындауға арналған көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтер
Іске асырылатын әлеуметтік және тұрғын үй маңызы бар жобалардың дайындық дәрежесін айқындау мақсатында 2017 жылы 126 көшпелі іс-шара өткізілді. Анықталған ескертулер жұмыс комиссиясының тұжырымдамасына қол қою барысында жойылды, нәтижесінде нысандар пайдалануға берілді.
3) Орындалған және орындалмаған іс-шаралар туралы ақпарат:
Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген 727 іс‑шарадан 618 жүзеге асырылды, соның ішінде:
«Экономикалық даму» 1 ‑ бағыты бойынша жалпы 74527,8 млн.теңге сомасына жүзеге асыруға көзделген 95 іс-шаралардан жалпы 88180,5 млн.теңге сомасына 69 іс-шара жүзеге асырылды, 20 іс-шара жүзеге асыру сатысында, 6 іс-шара жүзеге асырылған жоқ;
«Әлеуметтік сала» 2 ‑ бағыты бойынша жалпы 43626,7 млн.теңге сомаға жүзеге асыруға көзделген 158 іс-шаралардан жалпы 43606,5 млн.теңге сомаға 154 іс-шара жүзеге асырылды, 4 шара жүзеге асырылған жоқ;
«Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп» 3 ‑ бағыты бойынша жалпы 7590,6 млн.теңге сомаға жүзеге асыруға көзделген 38 іс-шаралардан жалпы 7585 млн.теңге сомаға 36 іс-шара жүзеге асырылды, 2 іс-шара жүзеге асырылған жоқ;
«Инфрақұрылым» 4 ‑ бағыты бойынша жалпы 80525 млн.теңге сомасына жүзеге асыруға көзделген 400 іс-шаралардан жалпы 51751,7 млн.теңге сомасына 327 іс-шара жүзеге асырылды, 58 іс-шара жүзеге асыру сатысында, 15 іс-шара жүзеге асырылған жоқ;
«Экология және жер ресурстары» 5 ‑ бағыты бойынша жалпы 1540,4 млн.теңге сомасына жүзеге асыруға көзделген 15 іс-шаралардан жалпы 1539,2 млн.теңге сомасына 15 іс-шара жүзеге асырылды;
«Мемлекеттік қызметтер» 6 ‑ бағыты бойынша жалпы 45109,6 млн.теңге сомасына жүзеге асыруға көзделген 21 іс-шарадан жалпы 45087,7 млн.теңге сомасына 17 іс-шара жүзеге асырылды, 4 іс-шара жүзеге асыру сатысында.
Жүзеге асыру сатысында 82 іс-шара, олардың орындаулары 2018-2020 жылдары жалғастырылады. 27 іс-шара орындалған жоқ, оның ішінде:
1. «Шортанды ауданында қуаты жылына 200 мың дана «Центрпласт НС» ЖШС металлсэндвич панельдерді өндіру бойынша зауыт салу». Жобаны бюджеттік емес қаржы есебінен қаржыландыру жоспарланған, қаражаттың болмауына байланысты жоба тоқтатылды.
2. «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуды субсидиялау», бюджет қаражатын алушылардың нақты санының жоспарланғанына қарағанда азаюы.
3. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау», талап етілмеген қаражат.
4. «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау». Бюджетті нақтылаудан кейін қаражат қайта бөлінді.
5. «Шошқа етін өндіру қуаттылығы 5,5 мың тоннаны құрайтын «АПК BavariaProduct» ЖШС шошқа кешенінің құрылысы». Жобаны бюджеттік емес қаржы есебінен қаржыландыру жоспарланған. Инвесторларда қаражаттың болмауына байланысты жобаның іске асырылуы қазіргі уақытта тоқтатылды.
6. «Бұланды ауданында жылына тірі салмақта өнімділігі 60 мың тонна бройлер өсіру құс фабрикасының өндірістік (индустриалдық) инженерлік инфрақұрылымының құрылысы (сумен жабдықтау желілері және ғимараттар): газбен жабдықтау», атқарылған жұмыстар актісін уақытында бермеу.
7. «Мектептер үшін лингафон-мультимедиялық кабинеттер сатып алу», жергілікті бюджеттің тапшылығына байланысты, жаңа үлгідегі кабинеттерді сатып алуға қаражат толық көлемде бөлінбейді.
8. «Мектептер үшін физика кабинеттерін сатып алу», жергілікті бюджеттің тапшылығына байланысты, жаңа үлгідегі кабинеттерді сатып алуға қаражат толық көлемде бөлінбейді.
9. «Мектептер үшін химия кабинеттерін сатып алу», жергілікті бюджеттің тапшылығына байланысты, жаңа үлгідегі кабинеттерді сатып алуға қаражат толық көлемде бөлінбейді.
10. «Мектептер үшін биология кабинеттерін сатып алу», жергілікті бюджеттің тапшылығына байланысты, жаңа үлгідегі кабинеттерді сатып алуға қаражат толық көлемде бөлінбейді.
11. «Ремиссия ұзақтығы 2 немесе одан да көп жыл диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың, диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың арасындағы үлесі».
12. «Диспансерлік есепте тұрған нашақорлар және оған тәуелді адамдар, оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар санын азайту», ремиссияда болғандардың рецидивтерінен.
13. «Целиноград ауданы Максимовка ауылында 300 орынды орта мектеп құрылысы» объектісінің ЖСҚ түзету», шарт жасау үдерісінің ұзақ мерзімі.
14. «Көкшетау қаласы Қызылжар тас жолы бойында тұрған оқу-тәрбиелік кешенінің құрылысы», кестеден артта қалу.
15. «Целиноград ауданының Қабанбай батыр а. ауысымына 50 қабылдауға арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы», қосымша келісім тіркелген жоқ.
16. «Көкшетау қ. жеңіл конструкциялардан спорт залының құрылысы», конкурстік рәсімдер аяқталған жоқ.
17. «Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласы 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы», қазандықтың құрылысы бойынша жұмыстардың аяқталмауына байланысты кестеден артта қалу.
18. «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалау және (немесе) құрылысы» Көкшетау қ. 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы (2, 4, 6-поз.) бойынша жұмыстың нашар ұйымдастырылуы, кестеден артта қалу, Аршалы ауданы бойынша техникалық бақылаудың қол қойылған хабарландыруының болмауынан соңғы төлем жүргізілген жоқ.
19. «Астрахан ауданы Астрахан ауылындағы 36 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы», жұмыс кестесінен артта қалу.
20. «Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына кешенді ведомстволық сараптама жүргізу арқылы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу», атқарылған жұмыстар актісі ұсынылған жоқ.
21. «Бурабай ауданының «Щучинск» шипажайы кентінде екі 5 қабатты және үш 4 қабатты үйлерге блокты-модулдік қазандық және жылу желілерінің инженерлік желілерінің құрылысы және абаттандыру», конкурс ІМАД тоқтатылды (қаржылық бақылау).
22. «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру: Жақсы ауданы Жақсы а. 18 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер мен жайғастыру», қолайсыз ауа-райы жағдайына байланысты жұмыс көлемі атқарылған жоқ (асфальт/бетон қоспасымен төсеу, көгалдандыру, спорт алаңын қоршау).
23. «Жібек жолы а. жаңа учаскелерінде су құбыры желілерінің құрылысы, ЖСҚ әзірлеу», 10% ұсталған, төлем мемсараптамадан кейін.
24. «Такси тасымалдары нарығын дамыту және елді мекендерді ресми такси тасымалымен қамтамасыз ету», жергілікті полиция қызметі және аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының бейресми такси тасымалдаушылары жөнінде жеткіліксіз бақылауы.
25. «Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кентінде кәріздік сорғыш станциясының коллекторлармен (3-кезектегі) су бұру жүйесі», жобаны түзетуге байланысты атқарылған жоқ.
26. «Атбасар ауданының Атбасар қаласында Уәлиханов көшесін қиып өтетін жылумен жабдықтау жерасты құбырларын реконструкциялау», мердігермен жұмыс көлемі орындаған жоқ.
27. «Атбасар ауданы Атбасар қаласында жылумен жабдықтау желілері үстіндегі темір жол магистралін реконструкциялау», мердігермен жұмыс көлемі орындаған жоқ.
4) Бөлінген қаражатты игеру туралы ақпарат:
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 252 920,1 млн. теңгені игеру жоспарланып, нақты түрде 237750,5 млн. теңге немесе жоспардың 94% игерілді.
Оның ішінде:
жергілікті бюджет есебінен 129826,7 млн. теңге көзделді, 129674,2 млн. теңге немесе 99,9% игерілді;
республикалық бюджет есебінен 57764,2 млн. теңге көзделді, 57712,3 млн. теңге немесе жоспардың 99,9% игерілді;
Ұлттық қор есебінен 8827,7 млн. теңге көзделді, 8800,3 млн. теңге немесе жоспардың 99,7% игерілді;
өз қаражаты есебінен және басқа көздерден 56501,5 млн. теңге көзделді, 41563,7 млн. теңге немесе 73,6% игерілді.
5) Құжатты іске асыруға қатысатын түрлі тараптардың өзара қарым-қатынасын талдау:
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 761 бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдарға арналған базалық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес келтірілген, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және бірлесіп-орындаушылармен келісілді.
Бағдарламаға Ақмола облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №6 С‑7‑5, 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №6 С‑17‑3 шешімдерімен өзгерістер енгізілді.
Бағдарламаны іске асыру мақсатында Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы №А‑1/5, 2018 жылғы 26 ақпандағы №А‑2/92 қаулыларымен Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс‑шаралар жоспары бекітілді, оның орындалуы бірлесіп-орындаушылардың өзара әрекет ету аясында жүзеге асырылады.
6) Құжаттың іске асырылуы барысына сыртқы әсер етуді талдау:
Есепті кезеңде Бағдарламаны іске асыру барысына әсер ететін негізгі факторлар іс-шараларды жеткіліксіз қаржыландыру, жеткіліксіз жоғары әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі, басқа өңірлерге көшуге ықпал ететін сыртқы факторлардың әсері болып табылады.
7) Өткізілген бақылау іс‑шаралары туралы мәліметтер:
2016 жылы Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясымен, 2017 жылы – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясымен бақылау іс-шаралары өткізілді.
9) Есепті кезеңде жоспарланған іс‑шараларды іске асыру тиімділігін арттыруға және қойылған мақсаттармен нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бағытталған шаралар:
Өндірілген өнімнің, электр қуатының бәсекеге қабілетінің өсуі және оған сұранысы есебінен АӨК және тағам өндірісінің дамуы, өңдеу өнеркәсібі болатын бәсекелік артықшылармен даму басымдылықтар және экономиканың өсу резервілері іске қосылуда, оның ішінде жаңғыртылатын энергия көздері, құрылыс материалдарының өндірісі, тұрғын үй құрылысы және туризм. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері іс-шаралардың қаржыландыруын жақсарту және оларды уақытында іске асыру шаралар қолданған; Индустрияландыру картасы шеңберінде көзделген инвестициялық жобалар бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр.
Енгізілетін стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды байланыстыру сәулетін ескере отырып, аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары «Мақсат – бюджеттік бағдарлама» қағидасы бойынша барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылған.
10) Бағдарламалық құжаттың іске асырылу қорытындысы туралы тұжырымдар:
Бағдарламаның 2017 жылға арналған мақсаттар мен нысаналы индикаторлар ішінара орындалды.
11) Бағдарламалық құжатты одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар:
Бағдарламада келесі жылдарға көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізіші тұлғалардың қызметін үйлестіру бойынша жұмыстарын нығайту қажет; ведомстволық есептілік немесе методологиялық қамтамасыз ету жоқ нысаналы индикаторларды тізбеден алып тастау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |