23
Пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлік
дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілетінен
кӛрінеді.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті- ол оқыту
үдерісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы
байланысты құру болып есептеледі.
Білім оқушының табиғи және әлеуметтік жаңа ортаға икемделуін, әр
алуан әрекет түрлерін меңгеруін, айналадағы дүниемен жекебас тұлғалық
қарым –қатынасын, этикалық, адамгершілік нормаларды бойына дарытуын
және белгілі бір қажетті деңгейде болуын қамтамасыз ететін құрылымдық
жағынан ӛзара тығыз байланысты мынандай компоненттерден тұрады.
1) Дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі туралы білім.
2) Дүниені логикалық –танымдық және ғылыми тұрғыда зерделеп
білудің әдіс –тәсілдері туралы білім.
3) Оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері туралы білім.
Пәнаралық байланыстың қай түрін, қалай жүзеге асырудың жолдары
алуан түрлі және оны талдау, кӛп жағдайда, мұғалімнің шығармашылық
шеберлігіне ізденісіне де байланысты.
Пәнаралық байланыс білім, білік және дағдының тұтас жүйесінің
дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды, әрі оқушылардың әр түрлі
пәндерден алған білімін орынды қолдана білуіне кӛмектеседі. Сауат ашу
мен тіл дамыту, айналамен таныстыру пәндері о бастан –ақ бір–бірімен
пәнаралық байланыста жүргізіледі.
Оқу бағдарламаларында жеке пәндердің оқу материалы басқа кейбір
пәндердің тақырыптарымен ӛте тығыз байланыста болып келеді. Бұл
жағдайда сабақтың ӛң бойында пәнаралық байланысты жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
Әрбір сабақ оқушыларды қоршап тұрған дүниені тану жолының бір
кӛрінісі. Міне осы жолмен қазіргі кездегі ғылым, техника және мәдениет
негіздерімен қаруландырып мұғалім ӛз оқушыларын ӛмірге дайындайды.
Бір жерде тоқырап тұрып қалу немесе аршындап алға басу сабақ кезінде
оқушыларға білімнің тиянақты жинақталуына байланысты екені даусыз
нәрсе.
Әр сабақта оқушылар ӛздерінің жұмысы барысында жаңа дағды мен
скерлікке ие болады. Сондықтан мұғалімдер мектепте оқу – тәрбие
үдерісін
ұйымдастыруда
пәнаралық
байланысты
жүзеге
асыру
мүмкіндіктерін кӛрсетуі қажет.
Оқу пәндерінде қарастырылған табиғат, қоғам, адамдардың ӛзара
әрекеті жӛніндегі негіздер оларды білім беру мазмұнының біртұтас
жүйесінде біріктіреді.Осы арада пәнаралық байланыстың дүниеге кӛзқарыс
қызметі ӛте маңызды.
Адам баласының ерте заманнан бастап күні бүгінге дейін қолы жеткен
ғылыми табыстарының қорытынды нәтижелерімен танысады.
Сӛйтіп, оқушылардың білімі молаяды, дүние танушылық қабілеті
артады, ақыл-ойы парасаты дамиды, тәрбиеленеді.
24
Осының негізінде оқушылардың ӛз дәрежесіне сай адам қоғамы мен
табиғат дүниесінің әр алуан сырларын біліп шығуын қамтамасыз етеді.
Сҧрақтар мен тапсырмалар:
1.Қазақ тілін оқытудың қандай әдістері бар?
2. Қазақ тілі оқытудың мақсаты мен міндеттері нелерден тұрады.
3. Әдебиетті оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы жайлы не
білсесіздер?
4. Әдебиетті оқытудың қандай әдіс-тәсілдері бар?
Ҧсынылатын әдебиеттер:
1. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.
2.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А.,
2005.
3. Бітібаева Қ.. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., Рауан. 1997.
4. Жұмажанова Т. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., Санат, 2007.
2-Тақырып: Заманауи оқыту әдістері және педагогикалық
технологиялар. Оқытудың дәстҥрлі болмаған қалыптары.
Жоспар:
1. Оқытудың интерактивті әдісі.
2. Оқытудың интерактивті технологияларын оқу-тәрбие ҥдісінде
тиімді пайдалану.
3. Оқытудың интерактивті технологияларының қолданылуы.
Тірек ҧғымдар: әдіс, әдістеме, білім беру жүйесі, интерактив әдіс,
технология, педагогикалық технология, оқыту процесі, интерактив оқыту
түрлері.
Оқытудың интерактивті әдісі.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану
тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық
бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған
және
оқытудың
жаңа
технологияларын
мемлекеттік
стандарт-
қа және білімдік ӛзгерістерге қарай топтастыруға болады.
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту
идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1)оқытудың жалпы мақсатын қою;
2)жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға кӛшу;
3)студенттердің білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
25
4)оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде
түзету жүргізілуі тиіс);
5)нәтижені бағалау енеді.
Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және
танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, кӛру,
қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу
және танымдық жағдайлар ар-қылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның
қауіпсіздігін, ӛзін-ӛзі ӛзектілендіру, ӛзін-ӛзі бекіту, қарым-қатынас, ойын,
танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға,
белсенді сӛздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға
бағытталуы Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды ӛз
бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың
демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды ӛз бетінше
шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы
жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы
тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік
жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.
Оқытудың тәжірбиелерді дамытуға бағытталуы
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқадай
ӛзгерістер білім беру жүйесіне де әсерін тигізді. Бұл ӛзгерістер оқу
орындарында жаңа пәндер енгізіп қана қоймай, дәріс беру әдістемесінің
ӛзін ӛзгерту қажеттігін туғызды. Біздің еліміз дамудың демократикалық
жолын таңдап алғандықтан қазіргі кезде шешім қабылдауға халықты
тартудың да маңызы зор. Бұл аудиториядағы жұмысқа да қатысты:
оқушылар сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуға тиіс. Міне
оқушылардың сондай белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын
әдістемелік амалдарды кӛбіне интерактивті деп атайды.
«Интерактивті оқыту әдістемесі».
Егерде сабақ үстінде оқушылар мен оқытушылардың арасында
тығыз қарым-қатынас байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп
атаймыз. Әдетте мұндай қарым-қатынас оқушылар әлдебір мәселені
талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Бұл жерде
оқушылардың жауаптарынан гӛрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны
маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының ӛзі сол-
оқушыларды ӛз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету.
Интерактивті әдістеме ӛзара қарым-қатынастың мол ауқымын
қамтиды.
Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа
түседі:
оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген
кезде);
шақырылған адамдармен (немесе топ оқушыларының ӛздері әлдебір
ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін);
ӛзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында);
шағын топтармен (3-5 оқушымен);
Достарыңызбен бөлісу: |