15
Бейнефильмдерді кӛру және талқылау
Сабақтарда дүлей апаттардың қаупін тӛмендету жӛнінде кӛркем және
деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейне-
роликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады.
Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді тек қана қосымша материалдар
ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның
тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады.
Фильмді кӛрсетер алдында оқушылардың алдына бірнеше (3-5)
шешуші сұрақтар қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады.
Алдын ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікір сайыс
ӛткізуге болады.
Соңында оқушылармен бірігіп міндетті түрде жиынтығын шығару
және қорытындысын жариялау керек.
“Ақыл картасы” әдісі - тақырып немесе оқу материалын графикалық
түрде баяндау әдісі болып, ақпараттарды жүйелі, тәртіпті және визуалды
меңгеру мүмкіндігін береді.
Қолдану мақсаты және формасы: лекция жаттығуларында – жаңа
білімдерді баяндау, топтық; семинар жаттығуларында - білімдерді
тексеру, бекіту, кіші топтарда; өзіндік білім – шығармашылық және
сыни ойлау біліктілігін дамытуда, индивидуал;
“Венн диаграммасы” әдісі.
Бұл әдіс тыңдаушылар тақырыпқа бойынша материалдарды салыстыру,
кейбір бӛлімдер негізінде тақырыптың жалпы мазмұнын игеру дағдыларын
16
қалыптастыруға кӛмектеседі. Әдіс кіші топтарда нақты схема бойынша жұзеге
асырылады.
Әдіс тӛмендегі кӛріністе болып, тапсырмалар осы схемаларды
толытру негізінде орындалады.
Бұл әдіс тыңдаушылардың меңгерген ӛзара бір-біріне жақын болған
теориялық білім немесе материалдардың ұқсас жақтары мен
ерекшеліктерін салыстыруға кӛмек береді. Бұл әдісті белгілі бір бӛлім
немесе тарау бойынша қорытынды сабақтарда пайдаланса мақсатқа сай
болады.
INSERT әдісі. Бұл әдіс бойынша тыңдаушыға оқу, тақырыппен
танысу барысында «V – "білемін”, ― - "мен ҥшін тҥсініксіз”, + - "мен
ҥшін жаңа ақпарат”, ? – "мені таң қалдырады» белгілерін қойып
отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, ӛз ойына
басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің
соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі
жұмыс. Сондықтан да, студенттер арасында оқуға жеңіл-желпі қарау
салдарынан түсіне алмау, ӛмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.
Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді
болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Студенттер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға
әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім
арасында
кӛпірлер
құрастыруға,
яғни
байланыстар
құруға
дағдыландырады.
V
-
+
?
Ерекшеліктері:
Ерекшеліктері:
Ҧқсастықтары
17
CASE-STUDY ӘДІСІ (КЕЙС-СТАДИ)
Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды
кӛрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең
меңгеруге, ақпаратты ӛңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды
саралауға мүмкіндік береді.
CASE-терді
құрудың
келесі
негізгі
сатылары
белгіленген:
мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау,
қажет ақпарат кӛздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды
дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік
материалдар дайындау. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау
технологиясы келесі сатылардан тұрады:
1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке ӛзіндік жұмысы
(мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған
әрекетті немесе шешімді ұсыну);
2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын
топтармен жұмыс.
3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың
тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.
18
ІІІ. ТЕОРИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУ МАТЕРИАЛДАРЫ
1-ТАҚЫРЫП: Қазақ тілі және әдебиетін оқытудың мақсаты және
міндеттері мен оқу-әдістемелік базасы және оқу процесіндегі
проблемалар
Жоспар:
1.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және әдістемесінің мәселелері
2.
Әдебиетті оқыту – ғылым.
3.
Әдебиет пәннің басқа ғылымдармен байланысы.
Тірек ҧғымдар: әдістеме, нысан, әдіс-тәсілдер, дидактика, теория,
қазақ тілін оқыту мәселедері, зерттеу әдістері, репродуктивті әдіс.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және әдістемесінің мәселелері
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны. Қазақ тілін
оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол
ӛз алдына дербес ғылым. Ӛйткені оның ӛзіндік зерттейтін нысаны,
мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту
әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы
заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика
ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен
бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан
шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді
зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту
керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің
кӛмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру
деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық
мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің
жалпы мақсаттарын белгілейді.
Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері. Зерттеудің теориялық әдістері.
Ең
алдымен
назар
зерттелетін
құбылыстардың,
процестердің
заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады.
Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана
бастады. Оның мәнісі - зерттеу ӛзара байланысты элементтерден құрылған
біртұтас
жүйелерінде
қаралады,
элементтер
арасындағы
ӛзара
байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар аударылады. Осыған
сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы
байланысты анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту мен білім алу),
оқытудың
мақсаттарымен,
мазмұнымен,
әдістері,
құралдарымен,
оқушылардың білімді қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы
байланыстарды анықтау қажет болады Оқытудағы жүйелі-құрылымдық
Достарыңызбен бөлісу: |