57
туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу
баланың ӛз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы,
жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Кӛркем мәтінді
оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, ӛз кӛзқарасын қалай
жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі:
Образ бойынша;
Тақырыптық;
Тұтас;
Автор ізімен.
ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат кӛзделеді?
Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сӛзін негізгі ала жауапберсек
1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2.Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – кӛркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту
жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-
композициялық ерекшелігі, кӛркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді
түрде қарастыру/.
Кӛркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін
автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, кӛркемдік тәсілді
дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу
керек. Оқушының
танымдық-шығармашылық
қабілетін,
ойлау
белсенділігін дамытатын, ӛз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде
дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.Ол
кӛркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-
тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея,
проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.
Тарихи және кӛркем шындықты негізге ала талдау.
Мұнда мұғалім тарих рең ғана болатынын, жазушы кейіпкер
бейнесін жасауда ӛмір шындығын қалай пайдаланғанын назарда ұстауы
керек. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Абайұлының «Еңлік-Кебек» дастандарын,
кейін М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасын оқытуда мұғалім үш
туындының арқауы – махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты,
ел іішіндегі әлеуметтік жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны
мына сұрақтар тӛңірегінде іздендіруге болады:
1. Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік
жағдайлар себеп болды?
2. Неге Шәкәрім «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын ӛз сӛзіне астар
етіп алған?
3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған ӛзің қалай
қарайсың?
Осыған орай оқушы ой-толғанысының үзігі:
«Шәкәрім ғашықтар қазасын бір ру, топ, жеке адамның мойнына
қоймайды. Қатігездік кӛптің тарвапынан жасалған, сондықтан кінә жеке
58
адамда емес, тұтас қоғамда. Кеңгірбай би де жастарға ара түсе алмай,
заман мен жағдайға бас иген».
«Ақтабан шұбырындыны сӛзіне астар етудегі мақсаты – трагедияға
себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды анықтау, оқиғаның
ӛмірлік мәнін кӛрсету. Шынында, қараңғылық пен ескі салт-сана дәуірлеп
тұрған заманда ғашықтар тағдырының қайғылы аяқталуы қисынды деп
ойлаймын» т.б.
Осылайша оқыту-талдаудың ұтымды жағы мынада:
1. Ақиқатқа жету, проблеманы шешу үшін ізденеді, зерттейді.
2. Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп қабылдауына негіз болады.
3. Оқушы мәтінге жүгініп, ӛз ойы, болжамын, кӛзқарасын айтуға
машықтанады.
4. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі тоғыса келіп,
оқушыға терең білім беру жүзеге асады.
Сҧрақтар мен тапсырмалар:
1. Әдебиетті оқытуда қандай сабақ түрлері қолданған жӛн?
2. Әдебиет сабақтарында қолданылатын әдістер жайла не білесіздер?
3. Шығармашылық әдіс дегеніміз не?
4. Кӛркем шығарманы талдаудың қандай жолдары бар?
5. Белгілі бір кӛркем шығарманы алып, талдау жүргізің?
Ҧсынылатын әдебиеттер:
1
.
Ахмедов К. Әдебиеттануға кіріспе. – Қ.: Рауан, 1998.
2. Қабдолов З. Сӛз ӛнері. – А.: Санат, 2002.
3. Жумажанова Т. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – А.: Билим, 2009.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – А.: Рауан, 2007.
59
ІV. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР МАЗМҦНЫ
1-практикалық жаттығу: Заманауи оқыту әдістері және
педагогикалық технологиялар. Оқытудың дәстҥрлі болмаған
қалыптары.
1-тапсырма: Проблеманың қойылуы.
1-топ: Қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдістердің ерекшеліктерін
айқындау. Тӛмендегі кестені үйреніп, толтырыңыз.
2-топ. Дәстҥрлі және инновациялық оқыту технологияларының
ерекшеліктері жайлы мәліметтер береді.
Негізгі
сиппатамалары
Білім берудің
дәстҥрлі ҥлгісі
Білім берудің
инновациялық ҥлгісі
-
-
-
Оқыту әдістері технологиясы
Теориялық әдістер
Практикалық әдістер
Кӛрнекі әдістер