51
Конспектілерді семинар сабағында, лекцияньщ соңында тексеріп отыру.
Шешендік әдістер, риторикалық сұрактар беру, әзіл-қалжынды орында
қолдану сияқты студенттердің ықыласын аудару, кӛңіл-күйлерінің
кӛтеріңкі болуына кейбір әдістерді қолдану. 4. Лекторға қойылатын
талаптар: пәнді жетік білуі, идеялық сенімділік, кӛңіл-күй, дауысырғағы,
сӛз құрамының дұрыстылығы мен нактылығы, демалысы, сырт кӛрінісі,
ӛзін-езі аудиторияда ұстай білуі, аудиторияны "кӛре" және "сезе'? білуі,
аудиториямен байланыста болуы. шешендік шеберлігі. 5. Лекцияның
нәтижесі: ақпараттық құндылығы, тәрбиелік әсері, дидактикалық мақсатқа
жетуі. Лекция оку барысындағы лектордың міндеті: - студенттердің
танымдық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, яғни лекцияны тыңдау,
қабылдауы, түсінуі сияқты танымдық процестердің белсеңді жүруін
байқау, қадағалау; материалды ӛңдеу; тұжырымдап, қорытынды жасау:
Дұрыс әрі тиімді ұйымдастырган лекцияның тәрбиелік маңызы арта түседі,
яғни, ойлау, еңбек әрекеті, пәнге деген ынта, ықылас және қызығушылық
дамып, қалыптасады. Семинар және лабораториялық сабақтар. Семинар
сабағының оқытудың формасы ретінде ӛзіне тән тарихы бар. Семинар
латынның " seminarium " деген сӛзінен шыққан. Семинар ертедегі грек,
рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытьщды түрінде ӛтілген. XVII
ғасырда бұл форма Батыс Еуропа елдерінде, ал ХГХ ғ.-дан бастап Ресей
университеттерінде қолданылып келеді. Семинар сабақтары белгілі бір
жеке ғалымның басшылығымен студенттердің теориялық курс пек ғылыми
зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеруін сипаттайды. Семинар
сабақтары жоғары мектеп алдыңдағы міндеттердің ӛзгеріп отыруына орай
үнемі жетілдіріліп отырды. Қазіргі кездері семинар сабақтары, негізінен,
жоғары мектепте гуманитарлъщ және техникалық пәндерді оқытуды
ұйымдастырудың формасы болып табылады. Ол студенттерде ойлай білу
мәдениетін дамытудың құралы болып саналады. Семинар сабактары пәнді
терең, жетік меңгеру мен ғылыми танымньщ әдіснамасын меңгеруге
бағытталады. Студент семинар сабағына дайындалу барысыңда ӛз бетінше
шығармашылыкпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, реферат-тар
жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.) Семинар сабақтары - студенттердің
шыгармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы. Семинар
сабақтарында келесі мәселелерді шешу кӛзделеді ( А.М.Матюшкиннің
пікірі бойынша): Кәсіби шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту;
Танымдық мотивтер; Оқу жағдайларында кәсіби біліктілікпен білімді
қолдану. Семинар сабақтарында оқытушы білімді тиянақтау, бекіту,
бақылау жасау, педагогикалық қарым-қатынас сияқты жекеленген
мәселелерді шешеді. Қазіргі заманауи ЖОО-да семинар сабақтарының кең
тараған 3 типін ажыратуға болады: Ағымдағы семинар Жекеленген
семинар Арнайы семинар Ағымдағы семинар - бірінші курста жүргізіледі.
Мақсаты -студенттерді ӛз бетінше жұмыстың ерекшелігімен, таныстыру,
әдебиет-тер мен қайнар кӛздерімен таныстыра отырып, олармен жұмыс
жасаудың әдістерін үйрету. Себебі, тәжірибеден белгілі болғандай, бірінші
курс студенттері бірден бірнеше әдеби қайнар кӛздермен жұмыс жасай
52
алмайды, қажетті материалды іріктеу, оған талдау жасау, тақырыпқа
сәйкес материалдарды табу сияқты жұмыстар қиындьщ туғызады.
Сондықтан әдеби қайнар кӛздермен жұмыс жасауды үйретуге, ғылыми
мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарау, семинар сабағына дұрыс
дайындалу дағдыларын қалыптастыруға ерекше кӛңіл бӛлу керек. Семинар
сабағына дайындалудың келесі кезеңі - реферат дайындау, тақырыпты
анықтау, оқи білу, талдау, талқыға салу. Күрделі оқу, тәрбие міндеттері 2-4
курстарда жүретін саминар сабақтарыңда, әсіресе, 4-5 курстардағы арнайы
семинар сабақтарында студенттерде меңгершетін материалға деген
зерттеушшік кӛзқарас қалыптасады. ЖОО-да кӛбінесе семинардың 3 типі
жүргізіледі: Белгілі бір курсты терең меңгеру мақсатына кӛздейтін.
Әдіснамалық жағъшан маңызды белгілі бір тақырыптын немесе курстың
жекеленген тақырыптарын меңгеру. Ғылымның жекеленген бӛлімдерін
терең зерттеу мақсатындағы. Семинар сабақтары әңгіме, баяндама,
пікірталас түрлерінде ӛтіледі. Арнайы семинар белгілі бір ғылым саласы
бойынша жоғары курстарда ӛтіледі. Егер жүргізуші оқытушы тәжірибелі
болса, онда ол студенттерді ұжымдық формада ойлай білу мен
шығармашылықпен жұмыс жасауды, ситуацияларды құрастыру, оларды
шеше білу, моделдеу, бағалау, ӛзара сын секілді іс-әрекеттерді
қалыптастырады. Семинар сабактарының маман даярлауда маңызы зор,
себебі әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады,
студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады.
Семинар сабағында студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми
жұмыс-тарды жазу, ӛңдеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды
ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру ӛнерін игереді. Семинар
сабағының бірден-бір мақсаты: - лекцияда алған білімді терең ұғыну,
мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру,
құрастыру, талдау, ӛз позицияларын айқыңдап, анықтау. Семинар
сабағына дайындықтың бастауы - әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын
мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Семинар сабағы озінің
әдістемесімен, яғни әдістемесінің әр түрлі, кӛпқырлығымен ерекшеленеді.
Семинардың жоспары, қарастырылатын сұрактар алдын-ала белгілі
болады, онымен студенттер алдына-ала танысады. Сол бойынша барлығы
дайындалады. Келесі бір әдісі - белгілі бір тақырыптарға, белгілі бір
студенттер арнайы дайындалады. Бұл жағдайда оқытушы студент
баяндамасының ӛз бетінше шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс
істеу деңгейін бағалайды. Қалған студенттер тек тыңдаушының ғана рӛлін
орындамау үшін, топтың белсеңділігін (сабақ үстіңдегі) арттыру үшін,
оқытушы тақырыпқа байланысты, мүмкіндігінше, кӛптеген қосымша
сұрақтар дайындауы керек. Семинарға дайындалу үшін оқытушы негізгі
және қосымша әдебиеттердің тізімін береді. Семинар сабағын ӛткізгенде
оқытудьщ дидактикалық қағидалары орындалуы тиіс. Атап айтқанда:
Оқытудың тәрбиелігі, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылығын
дамыту, арттыру ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу; Оқытудың
гылымшыгы - ғылымның соңғы жаңалықтары, жаңашыл мұғалімдер