Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы «19» желтоқсандағы № 638 бұйрығымен бекітілген
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
2. Жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн қалыптастыру бюджеттiк қаржыландыру мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты (бiлiм беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Бiлiм беру гранты Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкiлдерiне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ белгіленген квотаға сәйкес Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына берiледi.
Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.
3. Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығы (бұдан әрi - БТМСҰО) әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша азаматтарды оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша өткізіледі.
Кешендi тестiлеу ҰБТ-ның нәтижесi бойынша ең төменгі балдар деңгейі кемінде 60, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 және қалғандары бойынша кемінде 3 балл жинаған ағымдағы жылы жалпы орта бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер; өткен жылғы бітірушілер үшін, бастауыш және кәсiптiк орта оқу орындарын бiтiрушiлер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), халықаралық оқушылармен алмасу желiсi бойынша шетелде оқыған ҰБТ-ға қатыспаған жалпы бiлiм беретiн мектепті бiтiрушiлер, өзбек, ұйғыр және тәжiк тілдерiнде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептi бiтiрушiлер, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бiтiрген азаматтар үшін өткізіледі.
5. Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
6. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитетіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына қабылдау 1-қосымшаға сәйкес кешендi тестiлеудiң сертификатындағы балдарға сәйкес жүргізіледі.
7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды жоғары оқу орындарына медициналық мамандықтардан басқа ақылы негiзде қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Ұқсас мамандықтарға қабылдау бекітілген тізбеге сәйкес өткізіледі.
Кәсiптiк жоғары бiлiмi бар (жоғары) азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негiзде қысқартылған мерзiмде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
8. Екi немесе одан көп елдер арасында мемлекетаралық келiсiмдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде белгiленген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде жүзеге асырады.
9. Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде «Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді.
Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавр және жоғары арнайы білім мамандықтарының тізбесі осы Қабылдаудың үлгі ережесінің 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
10. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн жоғары бiлiм берудiң жекелеген мамандықтары бойынша оқуға қабылдауды ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
11. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
12. Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында ЖОО қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар тек қана бір шығармашылық мамандықты көрсетеді.
6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына өтiнiштердi қабылдау мерзiмiн тиiстi мемлекеттiк органдар белгiлейдi.
13. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО қабылдау комиссиялары өткізетін арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырады.
Арнайы (шығармашылық) емтихан 2‑7 шілде аралығында өткізіледі.
Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны - 45.
Арнайы (шығармашылық) емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.
Арнайы (шығармашылық) емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
14. Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа 6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсу кезiнде өтiнiштер ЖОО орналасқан жерде қабылданады.
2. Кешенді тестілеуді өткізу
15. Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалы ЖОО) өткізіледі.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ 6-тармақта көрсетілген мемлкеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін азаматтарға кешенді тестілеу азаматтың таңдаған ЖОО-ға бекітілген базалы ЖОО-да өтеді.
16. Жергілiктi жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн талапкерлердiң кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнiнде мемлекеттік комиссиялар құрылады (бұдан әрi - мемлекеттік комиссия).
Мемлекеттік комиссия тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды қолданған (ақпараттық материалдар, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы телефон, пейджер және басқа да байланыс құралдары) талапкерлердің тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.
17. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiшін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу орнының аттестатын немесе дипломын (түпнұсқа), тест сынағын өткiзуге қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртекті (квитанция), 3х4 көлемiндегi екi фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн тапсырады.
18. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.
19. Кешендi тестiлеуге келген талапкер куәлiгiн (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуi тиiс.
20. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты анықталған үш пән бойынша өткізіледі.
21. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 30. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.
Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және дүниежүзі тарихы.
22. Кешенді тестілеуге 2 астрономиялық сағат бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
23. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.
24. Тестiлеуден кейiн өткiзiлетiн жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейiн бiрден дұрыс жауаптар коды iлiнедi.
25. Сертификаттарды алу үшiн өткiзiлген тест нәтижелерiн мемлекеттік комиссия тест сынағы өткiзiлген күнi жариялайды.
26. Кешенді тестлеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгiленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейiнгi үш күнтізбелік iшiнде бередi.
27. Тест сынағының нәтижесiмен келiспеген азаматтың апелляцияға өтініш беруге құқы бар.
Апелляциялық комиссия әрбір базалы ЖОО-да құрылады.
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша талас тудыратын сұрақтарды республикалық аппеляциялық комиссия қарайды.
3. Білім беру грантын тағайындау тәртібі
28. Бiлiм беру грантын тағайындау конкурстық негiзде белгіленген мемлекеттiк тапсырыс шегінде нақты мамандықтар және тiл бөлiмдерi бойынша жүргiзедi.
Тағайындауды білім саласындағы уәкілетті органның конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.
29. Білім грантын бөлу конкурсына қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), кешенді тестілеудің сертификаты, 3х4 көлемiндегi екi фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн өткiзедi.
Білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған ЖОО мен мамандықтарды көрсетеді.
Кешенді тестілеу пәндері сәйкес келген жағдайда азамат 3-қосымшада анықталған төрт мамандықты көрсете алады.
30. Білім беру грантын алу үшін басым құқыққа ие азаматтар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құқықты растайтын құжат тапсырады.
31. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармасы болуы тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдарымен берілген білімі туралы құжаттар белгіленген тәртіпте нострификаттанылуы тиіс.
32. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.
33. Білім беру грантын бөлу конкурсына қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады.
34. Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары (жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, I, II топ мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, бала кезінен мүгедек, мүгедек балалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін) барлық мамандықтар бойынша бөлінеді.
35. Шығармашылық мамандықтарын таңдаған талапкерлер, оның ішінде “Алтын белгі” белгісінің иегерлері білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.
36. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін төменгі балл деңгейі 45 балды құрайды, оның ішінде кемінде 7 балл бейіндік пәннен, (кемінде шығармашылық емтихан бойынша 10) ал қалған пәндерден кемінде 3 балл болуы қажет
37. Білім беру гранттарын алуға сертификат балдарына сәйкес конкурс өткізілген кезде:
1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылардың;
2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған), республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың ағымдағы жылғы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандығының олар жеңімпазы болып табылатын олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда басым құқығы болады.
Халықаралық және республикалық олимпиадаларды, ғылыми жарыстарды, орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстарды дайындау мамандықтары мен пәндері бекітілген тізбеге сәйкес болу қажет.
38. Білім беру гранттары бірінші кезекте осы үлгі ереженің 37-тармағына сәйкес ЖОО-ға түсуге басым құқығы бар азаматтарға тағайындалады.
39. Бұдан әрі білім беру гранттарын тағайындау талапкерлер өтініш білдірген тіл бөлімдері, жоғары оқу орындары және мамандықтардың реті бойынша кешенді тестілеудегі сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
40. Тiл бөлiмдерiнiң бiрiнде босаған орындар мамандықтар iшiнде конкурстық негiзiнде тағайындау үшiн берiледi.
Бiлiм гранттарын конкурстық тағайындаудан кейiн қалған бос орындар мәлiмделген оқыту нысанына және тiл бөлiмiне қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға дайындау бағыттарының iшiнде қайта бөлiнедi.
41. Сертификаттар балдарының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда бiлiм гранттарын тағайындау, сондай-ақ бюджеттiк қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттiк бiлiм алудың басым құқығы жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға; бірінші және екінші топтағы мүгедек балаларға; соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалаларға, бала кезден мүгедектерге; медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуға тиым салынбаған мүгедек балаларға, үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар, содан соң аттестаты немесе дипломының ең жоғарғы орта баллы бар азаматтарға беріледі.
42. Бiлiм беру грантын алған азаматтарға білім беру саласындағы уәкілетті орган белгiленген үлгiдегi куәлiкті бередi.
Аталған куәлiк иелерiнiң тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
43. Талапкерлерге кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия бiлiм гранттарын иеленген азаматтарды тиiстi куәлiк алу керектiгi туралы хабардар етедi.
Бiлiм беру грантын тағайындау туралы куәлiк азаматтарға қабылдау комиссиясына тапсырылған құжаттарымен бірге 15 тамызға дейiн беріледi.
4. Жоғары оқу орындарына қабылдау
44. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары студенттер қатарына қабылдауды 10-25 тамыз аралығында өткiзедi.
Азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын, 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сертификатты, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.
Студенттер қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін төменгі балл деңгейі ҰБТ нәтижесі бойынша 60 балды, ал кешендi тестiлеу нәтижесі бойынша 45 балды құрайды, оның ішінде бейіндік пәннен кемінде 7 балл, ал қалған пәндерден кемінде 3 балл болуы қажет.
45. Мемлекеттiк бiлiм беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлiк алған азаматтар, куәлiкте көрсетiлген ЖОО-ға қабылдау туралы өтiнiш бередi және ЖОО ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын тағайындау туралы куәлiгi барлар өздерi арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.
46. Ақылы оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ нәтижелері бойынша жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі балл жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.
Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.
47. 6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына студент қатарына қабылдауды талапкерлердің медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткiштерiн ескере отырып осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының сертификат балдарына сәйкес қабылдаған шешімімен жүргізіледі.
48. Меншiк нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгiленген нысанда және белгіленген мерзiмде ақпаратты ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейiн 10 күннiң iшiнде қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (А.Т.Ә, мамандығы) бередi.
49. Осы Үлгі ережеде регламенттелмеген мәселелердi ЖОО-ның қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.
Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне 1-қосымша
Күштік және өзге құрылымдарға ведомстволық бағынысты
жоғары оқу орындарының тізбесі
№
|
Жоғары оқу орнының атауы
|
Ораналасқан жері
|
1.
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясы
|
Алматы қ.
|
2.
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды заң институты
|
Қарағанды қ.
|
3.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитеті Қостанай заң институты
|
Қостанай қ.
|
4.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрлықтағы әскерлердің әскери институты
|
Алматы қ.
|
5.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кенес Одағының екі мәрте батыры Т. Я. Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты
|
Ақтөбе қ.
|
6.
|
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің Қаржы полициясы академиясы
|
Ақмола облысы
|
7.
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Көкшетау техникалық институты
|
Көкшетау қ.
|
8.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет тілдерінің әскери институты
|
Алматы қ.
|
9.
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Петропавл жоғары әскери училищесі
|
Петропавл қ.
|
10.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз институты
|
Ақтау қ.
|
11.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық университеті
|
Көкшетау қ.
|
12.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы
|
Алматы қ.
|
13.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты
|
Алматы қ.
|
14.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника мен байланыс әскери-инженерлік институты
|
Алматы қ.
|
Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне 2-қосымша
Ауылдық бiлiм беру ұйымдарын бiтiрген азаматтар
үшiн арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу
орындарына қабылдау квотасының жоғары арнайы бiлiм
және бакалавриат мамандықтарының тiзбесi
Код
|
Мамандықтар топтары және мамандықтардың атауы
|
Бакалавриат мамандығы
1. Бiлiм беру
|
050101 Мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиелеу
050102 Бастапқы оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi
050103 Педагогика және психология
050104 Бастапқы әскери дайындық
050105 Дефектология
050106 Музыкалық бiлiм
050107 Бейнелеу өнерi және сызу
050108 Дене шынықтыру және спорт
050109 Математика
050110 Физика
050111 Информатика
050112 Химия
050113 Биология
050114 Тарих
050115 Құқық және экономика негіздері
050116 География
050117 Қазақ тiлi мен әдебиетi
050118 Орыс тiлi мен әдебиетi
050119 Шет тілі: екі тіл
050120 Кәсіптік оқыту
050121 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
050122 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
|
2. Гуманитарлық ғылымдар
|
050203 Тарих
050204 Мәдениеттану
050206 Дінтану
050208 Археология және этнология
|
3. Өнер
|
050404 Дәстүрлі музыка өнері
050418 Кiтапханатану және библиография
050419 Мұражай ісі және ескерткіштер қорғау
|
5. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес
|
050504 Журналистика
050505 Аймақтану
050506 Экономика
050507 Менеджмент
050508 Есеп және аудит
050510 Мемлекеттік және жергілікті басқару
050511 Маркетинг
|
6. Жаратылыстану ғылымдары
|
050601 Математика
050602 Информатика
050604 Физика
050606 Химия
050607 Биология
050608 Экология
050609 География
050610 Гидрометеорология
|
7. Техникалық ғылымдар және технологиялар
|
050701 Биотехнология
050703 Ақпараттық жүйелер
050706 Геология және пайдалы қазбалар көздерiн барлау
050708 Мұнай-газ iсi
050711 Геодезия және картография
050713 Көлiк, көлiк техникасы және технологиясы
050715 Теңiз техникасы мен технологиясы
050717 Жылу энергетикасы
050718 Электр энергетикасы
050719 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
050724 Техникалық машиналар және жабдықтар
050725 Ағаш өңдеу технологиясы
050726 Жеңiл және тоқыма өнеркәсiбi тауарлары мен заттары
технологиясы
050727 Тағамдық заттар технологиясы
050728 Өңдеу өндiрiстер технологиясы
050729 Құрылыс
050731 Қоршаған ортаны қорғау және өмiр сүру қауiпсiздiгi
050732 Стандарттау, сертификаттау және метрология
|
8. Ауыл шаруашылық ғылымдары
|
050801 Агрономия
050802 Зоотехния
050803 Аң өндiру және аң аулау
050804 Балық шаруашылығы
050805 Суды қолдану және су ресурстары
050806 Агроинженерия
050807 Орман шаруашылық iсi
050808 Топырақтану және агрохимия
050809 Жеміс-көкөніс шаруашылығы
050810 Мелиорация, жерді баптау және қорғау
|
9. Қызмет көрсету
|
050901 Көлiктi пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды
ұйымдастыру
050903 Жерге орналастыру
050904 Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис
050905 Әлеуметтiк жұмыс
050906 Мәдени түрде дем алу жұмысы
|
10. Әскери iс және қауiпсiздiк
|
051001 Өрт қауiпсiздiгi
|
11. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету (медицина)
|
051101 Мейіркештік ісі
051102 Қоғамдық денсаулық сақтау
051103 Фармация
|
Жоғары арнайы бiлiм мамандықтары
2. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету (медицина)
| 051301 Жалпы медицина
051302 Стоматология
|
3. Ветеринария
|
051201 Ветеринарлық медицина
051202 Ветеринарлық санитария
|
Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне 3-қосымша
Кешенді тестілеу жүргізілетін пәндер және бейіндік пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесі
№
|
Пәндердің тізбесі
|
Мамандықтар топтарының атауы
|
Жоғары арнайы білім бакалавриат мамандықтары
|
Бейіндік пән
|
1
|
Математика, физика, химия
|
1.Білім беру
|
050109-Математика
|
Математика
|
050110-Физика
|
Физика
|
050111-Информатика
|
Математика
|
050112-Химия
|
Химия
|
2.Жаратылыстану ғылымдары
|
050601-Математика
|
Математика
|
050602-Информатика
|
Математика
|
050603-Механика
|
Математика
|
050604-Физика
|
Физика
|
050605-Ядролық физика
|
Физика
|
050606-Химия
|
Химия
|
050611-Астрономия
|
Физика
|
3.Техникалық ғылымдар және технологиялар
|
050702- Автоматтандыру және басқару
|
Математика
|
050703- Ақпараттық жүйелер
|
Математика
|
050704- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
|
Математика
|
050705- Математикалық және компьютерлік моделдеу
|
Математика
|
050706-Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
|
Математика
|
050707- Тау-кен ісі
|
Математика
|
050708- Мұнай-газ ісі
|
Математика
|
050709-Металлургия
|
Математика
|
050710- Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
|
Физика
|
050712-Машина жасау
|
Математика
|
050713- Көлік, көлік техникасы және технологиялары
|
Математика
|
050714- Авиациялық техника және технологиялары
|
Физика
|
050715- Теңіз техникасы және технологиялары
|
Математика
|
050716- Приборлар жасау
|
Математика
|
050717- Жылу энергетикасы
|
Математика
|
050718- Электр энергетикасы
|
Математика
|
050719- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
|
Математика
|
050720- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
|
Химия
|
050721- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
|
Химия
|
050722-Полиграфия
|
Физика
|
050723-Техникалық физика
|
Физика
|
050724- Технологиялық машиналар және жабдықтар(салалар бойынша)
|
Физика
|
050725- Ағаш өндеу технологиясы
|
Математика
|
050726- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы
|
Физика
|
050727- Азық-түлік тағамдары технологиясы
|
Химия
|
050728- Өндеу өндірістерінің технологиясы
|
Химия
|
050729- Құрылыс
|
Математика
|
050730- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
|
Математика
|
050731- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
|
Математика
|
050732- Стандарттау, метролгия және сертификаттау
|
Математика
|
050733- Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
|
Математика
|
4.Ауылшаруашылық ғылымдары
|
050806-Агроинженерия
|
Математика
|
050807- Орман шаруашылық ісі
|
Математика
|
5. Қызмет көрсету
|
050901- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
|
Математика
|
6.Әскери іс және қауіпсіздік
|
051001- Өрт қауіпсіздігі
|
Математика
|
051002- Ақпараттық қауіпсіздендіру жүйесі
|
Математика
|
2
|
Математика, химия, биология
|
1.Білім беру
|
050101-Мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиелеу
|
Математика
|
050102-Бастапқы оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi
|
Математика
|
050103-Педагогика және психология
|
Биология
|
050105-Дефектология
|
Биология
|
050113-Биология
|
Биология
|
2.Әлеуметтік ғылымдар және бизнес
|
050503-Психология
|
Биология
|
3. Жаратылыстану ғылымдары
|
050607-Биология
|
Биология
|
050608-Экология
|
Биология
|
4.Техникалық ғылымдар және технологиялар
|
050701-Биотехнология
|
Биология
|
5.Ауыл шаруашылық ғылымдары
|
050801-Агрономия
|
Биология
|
050802-Зоотехния
|
Биология
|
050803- Аң өндiру және аң аулау
|
Биология
|
050804-Балық шарушылығы
|
Биология
|
050808- Топырақтану және агрохимия
|
Биология
|
050809–Жеміс-көкөніс шаруашылығы
|
Биология
|
050810- Мелиорация, жерді баптау және қорғау
|
Математика
|
6. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету (медицина)
|
051101- Мейіркештік ісі
|
Биология
|
051102- Қоғамдық денсаулық сақтау
|
Биология
|
051103-Фармация
|
Химия
|
051301-Жалпы медицина
|
Биология
|
051302-Стоматология
|
Биология
|
7. Ветеринария
|
051201-Ветеринарлық медицина
|
Биология
|
051202-Ветеринарлық санитария
|
Биология
|
3
|
Математика, география, дүниежүзі тарихы
|
1.Білім беру
|
050115- Құқық және экономика негіздері
|
География
|
050116-География
|
География
|
050120-Кәсіптік білім
|
Математика
|
2.Әлеуметтік ғылымдар және бизнес
|
050506-Экономика
|
Математика
|
050507-Менеджмент
|
Математика
|
050508-Есеп и аудит
|
Математика
|
050509-Қаржы
|
Математика
|
050510- Мемлекеттік және жергілікті басқару
|
Математика
|
050511-Маркетинг
|
Математика
|
3.Жаратылыстану ғылымдары
|
050609-География
|
География
|
050610-Гидрометеорология
|
География
|
4.Техникалық ғылымдар және технологиялар
|
050711-Геодезия және картография
|
Математика
|
5.Ауылшаруашылық ғылымдары
|
050805- Су ресурстары және суды қолдану
|
География
|
6. Қызмет көрсету
|
050902- Туризм
|
География
|
050903-Жерге орналастыру
|
Математика
|
050904- Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис
|
География
|
050905- Әлеуметтік жұмыс
|
География
|
050907-Кадастр
|
География
|
050908-Бағалау
|
География
|
4
|
Қазақ тілі (орыс тілі), шетел тілі, дүниежүзі тарихы
|
1.Білім беру
|
050104- Бастапқы әскери дайындық
|
Шығармашылық емтихан
|
050106-Музыкалық білім беру
|
Шығармашылық емтихан
|
050107- Бейнелеу өнерi және сызу
|
Шығармашылық емтихан
|
050108- Дене шынықтыру және спорт
|
Шығармашылық емтихан
|
050114-Тарих
|
Дүние жүзі тарихы
|
050117-Қазақ тілі мен әдебиеті
|
Қазақ тілі
|
050118- Орыс тілі мен әдебиеті
|
Орыс тілі
|
050119-Шетел тілі: екі шет тілі
|
Шетел тілі
|
050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
|
Қазақ тілі
|
050122-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
|
Орыс тілі
|
2.Гуманитарлық ғылымдар
|
050201-Философия
|
Дүние жүзі тарихы
|
050202-Халықаралық қатынастар
|
Шетел тілі
|
050203-Тарих
|
Тарих
|
050204-Мәдениеттану
|
Тарих
|
050205-Филология
|
Ана тілі
|
050206-Дінтану
|
Тарих
|
050207-Аударма ісі
|
Шетел тілі
|
050208-Археология және этнология
|
Дүние жүзі тарихы
|
050209-Шығыстану
|
Шетел тілі
|
050210-Шетел филологиясы
|
Шетел тілі
|
050211-Теология
|
Дүние жүзі тарихы
|
3.Құқық
|
050301-Құқықтану
|
Дүние жүзі тарихы
|
050302-Халықаралық құқық
|
Шетел тілі
|
050303- Құқық қорғау қызметі
|
Дүние жүзі тарихы
|
050304-Кеден ісі
|
Дүние жүзі тарихы
|
4.Өнер
|
050401- Музыкатану
|
Шығармашылық емтихан
|
050402- Аспаптық орындау
|
Шығармашылық емтихан
|
050403-Вокалдық өнер
|
Шығармашылық емтихан
|
050404- Дәстүрлі музыка өнері
|
Шығармашылық емтихан
|
050405- Дирижирлеу
|
Шығармашылық емтихан
|
050406- Режиссура
|
Шығармашылық емтихан
|
050407- Актерлік өнер
|
Шығармашылық емтихан
|
050408- Эстрадалық өнер
|
Шығармашылық емтихан
|
050409-Хореография
|
Шығармашылық емтихан
|
050410-Сценография
|
Шығармашылық емтихан
|
050411-Композиция
|
Шығармашылық емтихан
|
050412-Операторлық өнер
|
Шығармашылық емтихан
|
050413- Сурет салу
|
Шығармашылық емтихан
|
050414-Графика
|
Шығармашылық емтихан
|
050415-Мүсіндеу
|
Шығармашылық емтихан
|
050416-Өнертану
|
Шығармашылық емтихан
|
050417-Декоративтік өнер
|
Шығармашылық емтихан
|
050418- Кітапханатану және библиография
|
Әдебиет
|
050419- Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
|
Дүние жүзі тарихы
|
050420-Сәулет
|
Шығармашылық емтихан
|
050421-Дизайн
|
Шығармашылық емтихан
|
050422- Баспа ісі
|
Әдебиет
|
5.Әлеуметтік ғылымдар және бизнес
|
050501-Социология
|
Дүние жүзі тарихы
|
050502-Политология
|
Дүние жүзі тарихы
|
050504-Журналистика
|
Шығармашылық емтихан
|
050505- Аймақтану
|
Шетел тілі
|
6.Қызмет көрсету
|
050906- Мәдени дем алу жұмысы
|
Шығармашылық емтихан
|
Достарыңызбен бөлісу: |