«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 132,27 Kb.
Дата11.12.2017
өлшемі132,27 Kb.
#4072

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы «19» ақпандағы

№ 115 қаулысымен бекітілген



«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы анықтама не осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық форматта ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала жазу және оған жедел қызмет көрсету қарастырылмаған;

2) портал: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке адамның аудандық, қалалық бөлімдер, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың білім басқармалары басшыларының атына өзінің қорғаншы (қамқоршы) болуға ниеті туралы өтініші;

егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;

егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтама;

көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеме;

некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі (егер некеге тұрған болса);

бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігі;

баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді;

баланың оқу орнынан анықтама;

аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәлімет.

Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда, баланың туу туралы куәлігі (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда), баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді, баланың оқу орнынан анықтама, аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәлімет ұсыну талап етілмейді.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:



сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;

сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

құжаттар берілетін күні (уақыты) және орны;

көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкерінің аты-жөні, сондай-ақ болса, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні, сондай-ақ болса, әкесінің аты және байланыс телефондары;

2) порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

осы мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі;

егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтаманың электрондық көшірмесі;

көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеменің электрондық көшірмесі;

некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігінің (егер некеге тұрған болса) электрондық көшірмесі;

бала 2007 жылға дейін туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың және баланың даму тарихынан үзіндінің электрондық көшірмесі;

баланың оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;

аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.

Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда), баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың және баланың даму тарихынан үзіндінің, баланың оқу орнынан анықтаманың, аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәліметтердің электрондық көшірмелерін тіркеу талап етілмейді.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетілген қызмет алушының жеке басын растайтын құжат деректерінің мәліметтерін, көрсетілетін қызметті алушының сотталмағаны туралы анықтаманы, некеге тұру туралы куәлікті (некеге 2008 жылдан кейін тұрған жағдайда), баланың туу туралы куәлігін (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдардының ЭЦҚ куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

Баланы тәрбиеге алуға үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу актісі жоғарыда аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін дайындалады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:

1) адамды соттың әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;

2) адамды соттың ата-ана құқықтарынан айыруы немесе сот ата-ана құқықтарын шектеуі;

3) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдар;

4) егер сот бала асырап алудың күшiн олардың кiнәсi бойынша жойса, бұрынғы бала асырап алушылар;

5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің не әкімдіктің басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы қорғаншылық және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.



  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде 

электрондық форматта көрсетілетіндердің

ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;

2) порталда: www.e.gov.kz орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


_________________________
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша


Аудан (қала) әкімі қаулысына қосымшадан үзінді көшірме


елді мекен № ____________ 20__ жылғы «___» ________

Қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы


«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 120 және 121-баптарына сәйкес (Т.А.Ә.) _____________________ өтінішінің және облыстардың, Астана, Алматы ққ. білім басқармалары, аудандардың, қалалардың білім бөлімдері құжаттарының негізінде _________ ауданының (қаласының) әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгіленсін



Р/с



Қамқоршы (қорғаншы)


Қамқорлыққа алынатын бала


Қамқоршылықты және қорғаншылықты ресімдеу негізі




Т.А.Ә.

Қамқоршының (қорғаншының) Т.А.Ә., туған жылы




2. Иелігіндегі тұрғын үйі _______________________________ бекітілсін.

Әкім _____________ (Т.А.Ә.)

қолы


М.О.

________________________________________

«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Аудандық (қалалық) білім бөлімі

____________________________________

____________________________________

мекенжайы бойынша тұратын, телефоны

азамат (ша) __________________________

(Т.А.Ә. толық, қысқартусыз, жеке басын куәландыратын құжат бойынша)




Өтініш
Сізден жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеуді сұраймын:

1.________________________________________________________________

(баланың Т.А.Ә. туған жылын, туу туралы куәлігінің № көрсету)

2._________________________________________________________________

3._________________________________________________________________

мекенжай бойынша тұрады:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________


20__ ж. «___ » ____________ азаматтың

(азаматшаның) қолы
____________________________________

«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

Жолдама

Қамқоршының (бала асырап алушының) денсаулық жағдайы туралы қорытынды

Т.А.Ә._____________________________________________________________

Туған жылы________________________________________________________

Үйінің мекенжайы___________________________________________________

Психиатр__________________________________________________________

Нарколог_________________________________________________________

Дерматовенеролог__________________________________________________

Кеуде клеткасының

рентгеноскопиясы __________________________________________________

Терапевт__________________________________________________________



Қорытынды________________________________________________________
____________________________
жүктеу 132,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау