204
ІІ-тип – əке негізінен отбасылық табысқа көп көңіл
бөледі. Күйеуі əйеліне баланы тəрбиелеу мəселелеріне толықтай
мүмкіндік береді. Жұмысбасты болғандықтан, ол өзін тəрбие
мəселесі бойынша əйелінен артық еместігін сезінеді. Уақыты бос
болған күнде де балалармен айналысуды жөн көрмейді.
Сондықтан уақыт өте балалардың одан өзін алшақ ұстауы ғажап
емес. Осы жағдайда əйелі кішкентай қулыққа баруға мəжбүр
болады, ол балаларды əкесінің қарауына тастап, өзі төркініне
бірнеше күнге кетіп қалады.
III-тип – заманауи. Бұл типтегі əкелерге қарым-қатынас,
балаларға қамқорлық жасау тəн жəне қалыпты. Бос уақытының
аздығына қарамастан кешкі уақытын əдетте балаларымен
өткізеді. Ол балаларды сүйеді, оны оларға көрсетуден ұялмайды,
тек қана үлкен балаларымен ойнап қана қоймай, сонымен қатар,
кішкене балаларына қамқорлық жасауды да ұмытпайды.
Балалары оны жақсы көреді.Олар өзінің ең құпия тілектерімен
əкесімен де, шешесімен де бөліседі.
33
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ –
адамның өз-өзін, өз қабі-
леттерін, дене сипатта-
маларын, əрекеттерінің
руханилығын саналы түр-
де бағалау
жыныстық өсіп-жетілумен жəне əлеуметтік – ересектер əлеміне
енумен байланысты болады.
Бұл сəттердің біріншісі дененің өзгеруіне, сондай-ақ
эмоционалдық-əсерлік өзгерістерге соқтыратын ішкі гормондық
жəне физиологиялық өзгерістермен байланысты болады.
Екінші сəт – балалықтың аяқталуы жəне ересектер əлеміне
енуі жасөспірімнің санасында сыни ойлау қабілетінің жетілуімен
байланысты болады.
Жасөспірімдік кезеңнің шекарасы шамамен балалардың
орта мектептің 5-8 сыныптарында оқыған кездеріне тұспа-тұс
келеді жəне 10-11 жас пен 14 жасқа дейінгі уақытты қамтиды.
Бала дамуының жасөспірімдік кезеңінің ерекше жағдайы оның
«өтпелі», «дағдарыстық», «қиын», «күрделі» деген атауларында
көрініс тапқан.
Жасөспірімдік агрессияның себебі мен механизмдерін
түсіну үшін жасөспірімдік кезеңнің негізгі сипаттарымен танысу
керек.
Бұл жас кезеңінің бірінші ерекшелігі бала ересектер
əлеміндегі екіжүзділік, жалғандыққа қарсыласа отырып жан
жылуына мұқтаж болады, өзін басқалардың түсінгенін қалайды,
ересектердің мақұлдап, қолдағанын күтеді.
Жасөспірімнің
екінші
ерекшелігі – өзінің ішкі əлемін
ашып, өзін тани бастауы. Оларда
өзіндік сана жəне өзіндік анық-
талуға деген қажеттілік оянады.
Жасөспірім өзін, өз қабілеттерін,
мүмкіндіктерін білгісі келеді.
Өзінің ішкі əлемін ашады, түрлі
қобалжулар мен драмалық сезім-
дерге толы күйді кеше бастайды, қарым-қатынасқа деген қажет-
тілігі оянады жəне де қарым-қатынастағы таңдау, жекешелену
сəттері байқала бастайды.
Жасөспірім өзінің сыртқы келбетін бағалай бастайды,
əдемілік эталоны өте жоғары болып жəне шындыққа сай келмеуі
мүмкін. Бұл баланың өзіндік бағалауына əсер етеді. Бұл кезеңде
өзінің дене параметрлерін бағалау өзіндік бағалауда жоғарғы
орын алады. Қарама-қарсы жыныс өкіліне қатысты алғашқы
34
сезімдер пайда болған кезде жасөспірімнің өзінің дене түр-
келбетіне деген назары ұлғая түседі.
Жасөспірімнің агрессивті мінез-құлық түрлері
Жасөспірімнің агрессивті мінез-құлық түрлері оның дара-
лық ерекшеліктеріне жəне отбасындағы жағдайларға байла-
нысты əр түрлі болуы мүмкін.
Жасөспірімнің агрессивті мінез-құлықтары негізінен қандай
түрлерде кездеседі?
Жасөспірім басқаларға
қарсы денелік күш жұмсауы
мүмкін (дене агрессиясы) не-
месе сөз, айқай, қорқыту
арқылы өз сезімдерін білдіруі
мүмкін (вербальды агрессия).
Жасөспірім нақты бір
адамға араналған агрессия-
сын жанама жолмен ол тура-
лы өсек-аяң тарату арқылы
да көрсетуі мүмкін.
Жасөспірімдерде көбінесе пассивті-агрессивті
мінез-құлық
– жасырын агрессия кездеседі, олар айтқан істі орындамауы
немесе баяу орындап, берілген тапсырманы ұмытып уақыт
созып жүруі мүмкін.
Қазақстандық психологтардың айтуынша, мұндай физи-
калық жəне вербальды агрессияның көп кездесетін кезеңі
14-15 жас аралығына сай келеді.
«Бұл сондай стандарт – 7-9 сыныптар. Жасөспірімдік
кезең. 10-11 сыныпқа келгенде олар тəрбиелі болып шыға келеді,
ол кезде ұрысуға да уақыт таппайды, өздерінің оқу үшін
келгендерін түсіне бастайды».
Бұл жасөспірімдік кезең – 8-9 сыныптар, себебі бұл кезде
олардың ағзаларында гормондық толқыныс болып жатады,
оларға сондықтан өз эмоцияларын сыртқа шығару керек. Өскен
сайын сабырлылық пайда болады».
Дəл қай жас кезеңінде агрессия болады, мұндай кезең жоқ
деп ойлаймын. Кейде агрессияті балалар бастауыш сынып-
203
14. Əкесіне отбасымен бірге еңбек демалысын өткізген
пайдалы.
15. Ұл бала жастайынан қызға қарағанда ерекше
тəрбиеленуі керек.
16. Кейбір балалар өз бос уақытында анасына қарағанда
əкесімен болғанды ұнатады.
17. Əйелі үшін баласы маңыздырақ сияқты болып күйеуіне
көрінеді.
18. Барлық сұрақтар бойынша күйеуі əйелінің орнын баса
алады.
19. Бала анасына қарағанда əкесін көбірек сыйлауы керек.
20. Əкесі баласын тəрбиелеген кезде əйелі үнемі килігеді.
21. Егерде күйеуінің қалауы болса, ол жаңа туылған
нəрестені əйелінен жаман күтім жасамайды.
22. Əке қыздарына қарағанда ұлдары үшін маңыздырақ
23. Əйелі күйеуін салмақты тəрбиелеуші ретінде қабыл-
дамайды.
24. Отбасында əжесі болса, баланы тəрбиелеу жеңіл бола-
ды.
Жауап топтарындағы балл қосындысын шығарыңдар. Əке
типі максималды балл санымен сəйкес келеді.
1 топ: сұрақтары 1, 4, 5, 12, 13, 15, 19, 22.
2 топ: сұрақтары 2, 6, 8, 9, 11, 17, 20, 23.
3 топ: сұрақтары 3, 7, 10, 14, 16, 18, 21, 24.
І-тип – дəстүрлі. Күйеуі отбасының басшысы, қоршаған
ортамен қарым-қатынасты өзі құрады. Балаларды тəрбиелеу
мəселесінде ол шешім қабылдаушы. Ол кей кездері шектен
шыққан қатал: тəртіп мəселесіне аса мəн береді, балалардан өз
міндетін атқаруын талап етеді. Көп балалы отбасыларда бала
тəрбиелеу мəселесіне, əсіресе ұл балаларға аса мəн беріледі.
Бірақ əке мен балалар арасында өзара сенімділік байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |