206
Екіншіден, бастауыш жəне орта сыныптарындағы оқушылар
агрессияның көріну актілеріне шағым жасайды. Мұның себебі
осы жастағы оқушылар ересектер көмегіне жиі сүйенеді, ол
сынып жетекшісі немесе мектеп психологы болуы мүмкін.
Үшіншіден, Қазақстандағы ауылдық жəне қалалық
мектептерінде балалар арасында агрессивтіліктің көріністерінде
айырмашылықтар бар: ауыл мектебіндегі балаларда агрессив-
тілік көрінісі төмен.
Төртіншіден, жасөспірімдік шақтағы агрессивтілік пен кіші
мектеп жасындағы балалардың агрессивтілігі арасында айырма-
шылық бар. Бұл тек қана биологиялық ерекшеліктермен ғана
байланысты емес, сонымен қатар, əлеуметтік, мəдени жəне
психологиялық себептерге байланысты. Жасөспірімдік шаққа
қарай дене агрессивтілігі бəсеңдейді да, вербальды агрессивтілік
орын алады.
Қорытындылай келе, оқушылардың агрессивті мінез-
құлқына жүргізілген талдау нəтижесі бойынша, оқушылардың
агрессивті мінез-құлқын түзету жəне алдын алу мақсатында
жүйелі жұмыс атқарылуы қажет, оқушылармен ғана жұмыс
жасаумен шектелмей, оның қоршаған ортасымен: отбасымен,
педагогтармен, құрдастарымен жұмыс жасау қамтылуы керек.
Оқушылардың агрессивті көріністерін түзету қоршаған ортамен
конструктивті өзара əрекеттесу тəсілін, мінез-құлықтағы өзіндік
реттеу дағдысын қалыптастыру, ызаны басқаруды жəне
бақылауды үйрету, баладағы эмпатияны дамыту бойынша
жұмыс жасау.
Сонымен қатар педагогтармен оқушылардың агрессивтік
көріністерінің алдын алу жəне түзету жұмысы жүргізілуі керек,
оның ішінде диагностика жолдарын білу, бала агрессивтілігінің
алдын алу жəне түзету амалдарын білу, агрессивті оқушылармен
қарым-қатынасқа түсу дағдысын дамыту, теріс эмоционалдық
жағдайларды өзіндік шешу техникасына үйрету қажет.
31
«Егер менің жақындары-
мның бірі қолымды кесіп
алдым не қысып алдым
десе, мен оны əдеттегідей
аяудың орнына не үшін
олай істедің? - деп сұрай-
мын»
З. Фрейд
- оларда өздерінің құрбандарына деген аяушылық сезімі
болмайды;
- олар əдетте дене тұрпаты жағынан жақсы дамыған.
Буллингтің құрбандары кімдер? Олардың ерекшеліктері
былай көрсетілген:
- оларда қорқақтық, ұяңдық пен ұялшақтық басым;
- олардың қобалжу деңгейі жоғары;
- олар өздеріне сенімсіз жəне өзіндік бағалаулары төмен;
- оларда депрессия байқалады, суицидқа бейім болады;
- олардың құрдастарының арасында жақын достары жоқ;
- олар дене тұрпаты жағынан əлсіз.
Мұғалімдер балаларды:
- сыртқы түрі,
мінез-құлығы
жəне мектептегі үлгерімі
бойынша кемсітетін болса;
- оларға жаман ескертулер жасап, рухани түрде кемсітетін
болса буллингтің дамуына өздері ықпал етіп отырады.
Мектептегі буллингтің түрлері өте көп, оған: мазақтау,
келемеждеу, ақша талап ету, түрлі дене немесе психикалық
кемсіту арқылы қорлау, «бойкот» жариялау, заттарын бүлдіру
т.б. жатады. Қазіргі уақыттағы кең тараған буллинг түрі – ақша
талап ету. Ал заттарын, киімін, оқулықтарын бүлдіру азырақ
кездеседі.
Кибербуллинг –
ұялы
телефон, Интернет арқылы қорқыту
түрі етек алып келе жатыр.
Аутоагрессия – агрессивтіліктің түрі ретінде
Аутоагрессия – өзіне зиян
келтіруге бағытталған мінез-
құлық түрі. Оның түрлері – өзін
айыптау, өзін төмендету, түрлі
дене жарақаттарын жасау, тіпті
өзін-өзі өлтіруге дейін барады.
Психоаналитикалық бағыт
бойынша аутоагрессия психоло-
гиялық
қорғанысқа
жатады,
өзіндік қорғануға ықпал етеді. Психоанализдің негізін қалаушы
З.Фрейдтің айтуынша адамның өзіне зиян келтіруі кездейсоқ
емес, оның негізінде бейсаналық агрессиялық туа біткен болмыс
бар, осылайша адам өзіне қол жұмсау арқылы өзін жазалап қана
32
ТРИХОТИЛЛОМАНИЯ –
бастағы не дененің басқа
мүшесіндегі
шаштарды
жұлу. Стресс кезінде не-
месе психикасы ұстамсыз
адамдарда кездеседі
қоймай, осы ширыққан жағдайға алып келген адамды да
жазалайды.
Аутоагрессия ішімдіктер мен темекі өнімдерін ерте бастан
қабылдау түрінде де кездеседі, кейде өзіне денелік қол жұмсау,
мысалы, трихотилломания түрінде, аса қауіпті жағдай – суицид
түрінде кездесуі мүмкін.
Аутоагрессия, өзінің дұрыс емес, жаман жүріс-тұрысын
сезіну əдеті ретінде адамда туа бітпейді. Бірінші жылы бала өз
қателіктерін ойлап ақталмайды, бұл сезім біртіндеп пайда
болады.
Даму барысында балада
рефлексия – өзі туралы ойлау,
талқылау пайда болады. Өз
мінез-құлқын
бағалап, ненің
жақсы, ненің жаман екенін біле
бастайды. Өзінің дұрыс емес
мінез-құлқын
жоюға тырысады,
ол үшін өзін кең тараған, ата-анасының мысалынан көріп жүрген
– жазалау арқылы тəрбиелеуге көшеді. Бала өзіне ұрысып,
жаман қылықтары мен қателіктері үшін өзін жазалай бастайды.
Біртіндеп мұндай өзін-өзі тəрбиелеу тəсілі əдетке айнала
бастайды.
Өзіне басқаларға ашулануға, өз сезімін көрсетуге рұқсат
бермеген адам, аутоагрессиямен ауыратын адамдар тобына
жатады. Бас кезінде ол өте күрделі бола қоймағанымен
(кездейсоқ жарақаттар), біртіндеп ол созылмалы бас ауруларына,
басқа да психосоматикалық көрініс табатын, өзін-өзі
талқандауға дейін баратын мінез-құлық түрлеріне дейін ұлғаяды.
Басқаларға көрсетілмеген ашу адамның өзіне бағытталған
ызасына айналады
2.3. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ
АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҒЫ
Жасөспірімдік жас – бұл балалық пен ересек өмірдің
арасындағы шекара. Жасөспірімдік жасты өтпелі кезең деп
атайды. Жасөспірімдік жастың психологиялық жай-күйі бұл
жастың екі «дағдарыстық» сəтімен: психофизиологиялық –
205
5. ҚОРЫТЫНДЫ
Ғасырлар бойы адам агрессивтілігінің табиғатын түсіну
көптеген ой елегінен өткен, агрессия əр түрлі позициядан –
пəлсапа, поэзия, діни көзқарастан қарастырылған.
Агрессивтілік болжап болмайтындығымен жəне өзгеше-
лігімен ерекшеленеді, сондықтан ол өз заңдылығына бағынады.
Бұл заңдылықтар əрбір адамның мінез-құлқына əсер етеді.
Агрессия жайлы мəліметтердің көптігі соншалықты біздің
оқу құралымызда оның бəрін қамту мүмкін емес.
Бала агрессивтілігі мəселесін оның ішінде тұлғалық
ерекшеліктері жəне қатынас көріністерін талдау барысында
балалардың жəне жасөспірімдердің агрессивтілігінің себептерін
түсінуде əр түрлі теориялық бағыттарды көрсетті, осы себептен
бала агрессивтілігін алдын алу жəне түзетудегі əдістерді құрау
үшін əр түрлі бағыттардың барлығын көрсетті.
Тиімді бағыт ретінде, агрессивтілік көріністердің орын алуы
тұлғалық ерекшеліктер мен балалардың мінез-құлқындағы
əлеуметтік-психологиялық себеп байланысы қарастырылған.
Жасөспірімнің өз бетінше жұмыс жасауға ұмтылуы, оның жаңа
əлеуметтік рөлін мойындауында ересек адамдардың қарсы келуі
психологиялық кедергіге əкеледі, осы себептен жасөспірімдер
мінез-құлықтың агрессивтілік формасын қолданады.
Біздің əлеуметтік зерттеу материалдарымыз бойынша,
жасөспірімнің агрессивтілік деңгейі жəне ерекшеліктеріне айқын
əсер ететін оның əлеуметтік ортасы, соның ішінде отбасындағы,
өзара қатынасындағы басымдылық көрініс алады.
Біздің зерттеуіміздің көрсеткен нəтижесі бойынша,
Қазақстан мектептерінде оқытушылар тарапынан балаларға ба-
ғытталған қаталдық жəне зорлық-зомбылық əрекеттері көрінісі
байқалмады.
Балалардың агрессивті мінез-құлқына талдау жасау
нəтижесінде, біріншіден, Қазақстан мектептерінде вербальды
агрессивтілік жиі көрініс алады. Вербальды агрессивтіліктің
жоғары деңгейінің себептері ол қазіргі заман бұқаралық
ақпараттағы цензураның жоқтығы. Осы себептен, балалардың
сөйлеу мəнерінде санасыз түрде көптеген былапыт сөздерді
қолдануы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |