Жоба орындаушысы



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет2/53
Дата25.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#17301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53


 
КІРІСПЕ 
 
Деструктивті  мінез-құлық  саласындағы  көптеген  ғылыми 
зерттеулер  бойынша  агрессивтілік  адамның  табиғатына 
негізделген  жəне  агрессия – бұл  технологиялық  жағынан 
дамыған қазіргі қоғамның нəтижесі емес делінеді. 
Көптеген  шетелдік  жəне  отандық  ғалым-зерттеушілер 
агрессия мəселесімен айналысқан, бірақ бір ортақ ойға келмеген, 
себебі бұл өте күрделі жəне көп қырлы мəселе. Бұл əдістемелік 
құралда  агрессияның  табиғаты  туралы  негізгі  теориялық 
көзқарастарға  қысқаша  талдау  жасалып,  бала  агрессивтілігінің 
қалыптасуының негізгі себептері берілді. 
Психология  саласындағы  көптеген  зерттеулер  көрсеткен-
дей,  агрессивтілік  көбіне-көп  балалық  жəне  жасөспірімдік 
кезеңдерде  қалыптасады,  сондықтан  бұл  жаста  жүргізілген 
алдын алу жəне түзету жұмыстары үлкен нəтиже береді. 
Əдістемелік  құралда  психологиялық  диагностикалаудың 
негізгі  əдістері  баяндалып,  сондай-ақ  ынталандыру  материал-
дары  берілген.  Құралда  берілген  психодиагностикалау  əдістері 
балалардың агрессивтілік деңгейін анықтауда сенімді нəтижелер 
алуға мүмкіндік береді. 
Əдістемелік  құралда  Қазақстандық  мектеп  жасындағы 
балалардың  агрессивтілігі  мəселесі  бойынша  социологиялық 
зерттеулердің нəтижелері берілген. 
Бұл  кітап  кімге  арналған?  Ең  алдымен,  мектеп  психолог-
тарына, педагогтарына, əлеуметтік қызметкерлерге; өзінің кəсіби 
қызметінде  бала  жəне  жасөспірімдердің  агрессивтілігі  мəселе-
сіне тап болатындарға; адам агрессиясының табиғатын түсінгісі 
келетіндер  мен  баланың  агрессивті  мінез-құлығын  түзету  жəне 
алдын  алу  əдістерімен  танысқысы  келетіндерге  арналған. 
Сонымен  қатар,  бұл  кітап  өз  балаларының  агрессивті  мінез-
құлығын  түсінгісі  келетін  жəне  өз  əрекеттерінің,  тəрбиелеу 
əдістерінің қаншалықты дұрыстығын білгісі келетін ата-аналарға 
да маңызды.  
Авторлар  осы  əдістемелік  құралды  даярлауға  ұйымдас-
тырушылық  жəне  қаржылық  қолдау  көрсеткен  Қазақстан 
Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігі  Балалардың 
құқықтарын қорғау комитетіне өз алғысын білдіреді.  
233 
 
2-ҚОСЫМША  
 
 
М. Люшер «Түстік таңдау тесті»  
əдістемесінің карточкалары 
 
5
1
0
3
 


232 
 
құқық бұзушылық жасаған адамға əкімшілік жаза қолданылумен қатар 
жəне  əкімшілік  құқық  бұзушылық  жасаған  адамды  əкімшілік 
жауаптылықтан  босатқан  кезде  оның  орнына  да  қолданылатын  құқық 
бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген.  
Жоғарыда  көрсетілген  Заңның 28-бабында  профилактикалық 
есепке  алу  жəне  бақылауға  жатқызылатын  адамдардың  санаты 
белгіленген, оған сəйкес профилактикалық есепке, оған қатысты: 
1)  қорғау нұсқамасы шығарылған; 
2)  оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген; 
3)  жазасын  өтеуден  шартты  түрде  мерзімінен  бұрын  босату 
туралы шешім қабылданған; 
4)  əкімшілік қадағалау белгіленген; 
5)  қоғамнан  оқшаулаумен  байланысты  емес,  сондай-ақ  шартты 
түрде немесе жазасын өтеу кейінге қалдырылған жаза белгіленген адам 
қойылады.
 

 
ОТБАСЫЛЫҚ  ЗОРЛЫҚ-
ЗОМБЫЛЫҚ  –  отбасы 
мүшесінің  еркіндігін  жəне 
заңды  құқығын  бұзатын, 
оны  дене  немесе  психика-
лық  күйзеліске  əкелетін 
жəне моральдық зиян кел-
тіретін  немесе  дене  не 
тұлғалық  дамуына  қауіп 
тигізетін  отбасының  кез 
келген  мүшесінің  отбасы-
ның  басқа  мүшесіне  қа-
тысты  кез  келген  қасақа-
на əрекеті. 
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  
ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ  
(социологиялық сауалнама мəліметтері) 
 
Қазақстан  Республикасы  соттары 2009-2010 жыл  жəне  
2001  жылдың 6 айы  мерзімі  ішінде  Қазақстан  Республикасы 
Қылмыстық  кодексінің 125, 126, 128, 133, 270, 271 баптары 
бойынша 531 қылмыстық  іс  қаралған.  ҚР  Бас  прокуратурасы 
мəліметтері  бойынша  тек 2012 жылдың 10 айы  ішінде 
кəмелеттік  жасқа  толмағандарға  қарсы 7419 қылмыс  жасалған 
(2011 ж. – 6810), жыныстық сипаттағы əрекеттен 495 кəмелетке 
толмаған  балалар  жапа  шекті, 33 – пайдақорлық  мақсатта 
ұрланып, заңсыз түрде қамауда ұсталған.  
Отбасылық  күш  көрсету 
жағдайларында  өскен  балалар-
дың  көп  жағдайда  өздерінің 
отбасында  осыны  қайталау  қаупі 
жоғары.  Зорлық-зомбылық  отба-
сылық  дəстүрге  айналып,  ұрпақ-
тан  ұрпаққа  берілетін  кесел 
болып  бара  жатқан  соң  қоғам 
дабыл  соғуда.  Сондай-ақ, «Мені 
бала кезімде ұрған, ештеңе емес, 
адам  болдым!»  деген  таптаурын 
ұрпақтан ұрпаққа беріліп жатыр.  
Қазақстандағы  күш  көрсету 
мен  қаталдық  əрекеттері  мен  ба-
лалардың  агрессивтілігі  мəселесі 
туралы  халықтың  пікірін  зерттеу 
мақсатында  біз  оқушылардың  ата-аналары,  ұстаздары,  сынып 
жетекшілері мен мектеп психологтары қатысқан социологиялық 
зерттеу жүргіздік.  
Социологиялық зерттеу Қазақстанның Алматы жəне Астана 
қалаларында,  Қарағанды,  Қостанай,  Ақтөбе,  Батыс  Қазақстан, 
Жамбыл  жəне  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында,  барлығы  
8 аймағында жүргізілді. 
Бала  агрессивтілігі  мəселесін  зерттеу  бойынша  сауалнама 
жүргізуге 259 мектеп  жасындағы  балалардың  ата-аналары 
қатысты (1-кесте). 



 
1-кесте.  
Аймақтар бойынша респонденттер іріктемесі 
Аймақ  
Жиілігі  
Пайызы  
Қарағанды облысы 30 
11,6 
Қостанай облысы  
30 
11,6 
Батыс Қазақстан облысы 32 
12,4 
Астана қаласы 40 
15,4 
Ақтөбе облысы  
33 
12,7 
Алматы қаласы 30 
11,6 
Жамбыл облысы 31 
12,0 
Оңтүстік Қазақстан облысы 33 
12,7 
Барлығы 259 
100,0 
 
Респонденттердің  жартысы (50,6%) – облыс  орталықта-
рының  тұрғындары.  Кішігірім  қалалардан 6,6% респондент  сұ-
ралды, ауылдардан – 15,9%. Астана жəне Алматы қалаларының 
респонденттері 27,0% құрады (2-кесте). 
 
2-кесте.  
Тұрғылықты жері бойынша респонденттер іріктемесі 
Тұрғылықты жері 
Жиілігі  
Пайызы  
Облыс орталығы  
131 
50,6 
Орта/шағын қала 17 
6,6 
Ауылдық аудан орталығы  
21 
8,2 
Ауыл 20 
7,7 
Республикалық деңгейдегі қала  
70 
27,0 
Барлығы 259 
100,0 
 
Балалардың  агрессивтілігі  деңгейі  мен  зорлық-зомбылық 
жəне  қаталдық  əрекеттері  көріністерін  анықтау  бойынша 
эксперттік сауалнамаға Қазақстанның 8 аймағынан 233 сарапшы 
қатысты.  Сарапшы  ретінде  сынып  жетекшілері  мен  пəн 
оқытушылары қатысты. Ең көп сарапшы саны Астана қаласында 
болды – 49 адам  жəне  Ақтөбе  облысында – 51 сарапшы.  Басқа 
аймақтарда – 20-дан 25-ке дейін сарапшылар болды (3-кесте) 
 
231 
 
панасыз 
қалудың 
профилактикасы 
саласындағы 
мемлекеттік 
органдардың  негізгі  міндеттері  жəне  кəмелетке  толмағандар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз 
қалудың профилактикасының жүйесі белгіленген.  
Бұдан  басқа,  Заңның 2-тарауында  Кəмелетке  толмағандар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз 
қалудың  профилактикасы  саласындағы  мемлекеттік  органдар  мен 
мекемелердің 
функциялары 
жəне 
өкілеттіктері 
(Қазақстан 
Республикасының  Үкіметі,  жергiлiктi  өкiлдi  жəне  атқарушы 
органдары,  кəмелетке  толмағандардың  iсi  жəне  олардың  құқықтарын 
қорғау  жөнiндегі  комиссиялар,  ішкі  істер  органдары,  кəмелетке 
толмағандарды бейiмдеу орталықтары жəне т.б.) жазылған.  
«Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың 
профилактикасы  мен  балалардың  қадағалаусыз  жəне  панасыз 
қалуының  алдын  алу  туралы»  Қазақстан  Республикасының 2004 
жылғы 9 шілдедегі  № 591 Заңының 19 - 19-5-баптарында  жеке 
профилактикасы 
шараларының 
тізімі 
көрсетілген, 
оларға: 
профилактикалық əңгімелесу; құқық бұзушылық жасауға итермелейтін 
себептер  мен  жағдайларды  жою  туралы  ұсыныс;  профилактикалық 
есепке алу жəне бақылау.  
Осы  заңның  тағы  бір  жақсы  жағы  Ұлттық  алдын  алу  тетігін 
(Заңның 26-бабы) бекіту болып табылады, ол Ұлттық алдын алу тетiгi 
ұлттық  алдын  алу  тетiгi  қатысушыларының  қызметі  арқылы  жұмыс 
істейтін, азаптаудың жəне басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын 
немесе  ар-намысты  қорлайтын  iс-əрекеттер  мен  жазалау  түрлерiнiң 
алдын  алу  жүйесі  түрінде  қолданылады.  Ұлттық  алдын  алу  тетiгiнің 
қатысушылары  өз  қызметі  шеңберінде  кəмелетке  толмағандарды 
ұстауға  арналған  арнаулы  мекемелер  мен  ұйымдарда  (кəмелетке 
толмағандарды  бейімдеу  орталықтарында,  арнаулы  білім  беру 
ұйымдарында,  ерекше  режимде  ұстайтын  білім  беру  ұйымдарында) 
жəне  осы  қатысушылардың  болуы  (бұдан  əрі – алдын  ала  болу)  үшін 
Қазақстан  Республикасының  заңдарында  айқындалған  өзге  де 
ұйымдарда  болады.  Адам  құқықтары  жөнiндегi  уəкiл,  сондай-ақ 
Үйлестіру  кеңесі  іріктейтін,  азаматтардың  құқықтарын,  заңды 
мүдделерін  қорғау  жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыратын  қоғамдық 
байқаушы  комиссиялардың  жəне  қоғамдық  бiрлестiктердiң  мүшелерi, 
заңгерлер,  əлеуметтік  қызметкерлер,  дəрігерлер  ұлттық  алдын  алу 
тетiгiнің қатысушылары болып табылады. 
Бұдан  басқа  Қазақстанда  қолданыста  «Құқық  бұзушылық 
профилактикасы  туралы»  Қазақстан  Республикасының 2010 жылғы  
29 сəуірдегі № 271-IV Заңы бар, ол адамдардың кең шеңберіне қатысты 
жалпы  қағиданы  бекітеді.  Осы  Заңның 27-бабында  олар  əкімшілік-
құқықтық  ықпал  ету  шарасы  болып  табылатын  жəне  ол  əкімшілік 


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау