190
Жаңа білім мекемесіне ауыспас бұрын, сіз мектеп
басшысымен өз балаңыздың жеке ерешелігі туралы сөйлесіңіз.
Баланы тəрбиелеуде сіз қандай стильді қолданатыныңызды
айтып, ақпарат бергеніңіз жөн. Содан кейін директордан
осындай стильді қолданатын ұстазды ұсынғанын сұраңыз.
Сіз өз балаңызбен мектеп ауыстырған кезінде, басқа
балалардан қысым көрмеу үшін, өзара сөйлесуіңіз керек:
Сіз балаңызға, өзіне деген сенімділік өзін-өзі ұстаудан
басталатынын түсіндіріңіз: түзу тұру, ренжіткен адамның көзіне
тік қарау, сондай-ақ дауыс ырғағына мəн беру: нақты жəне
эмоцияға берілмей сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Баланы өзін ретжіткен адамға немқұрайдылықпен қарап, өз
күйзелісін көрсетпеуге үйрету керек.
Балаға мұндай сəттерде келесідей сөздерді айтуға үйрету
керек:
«Тоқтат», «Саған қарауға уақытым жоқ», «Доғар».
Баламен бірге осы сөздерді қандай сəттерде қолдану керек
екенін айтып жаттығыңыз.
Балаға «Мен қалаймын» деген сөзді қолдана отырып, сөзді
жалғастыруды ұсыныңыз. Мысалы, «Мен сенің осыны тоқтатқа-
ныңды қалаймын», «Мен сенің менімен бұлай сөйлескеніңді
қаламаймын».
Баланың психикалық неме-
се дене денсаулығына қауіп тө-
ніп тұрса, сіз бұл туралы мектеп
əкімшілігіне немесе білім беру
басқармасының
басшысына
жазбаша немесе ауызша хабар-
лауға құқылысыз.
Кейбір жағдайларда бала
немесе жасөспірімде агрессия
көрініс алса, үлкендердің тарапынан осы жағдайға байланысты,
баланың жүріс-тұрысындағы агрессия шиеленіске, жанжалға
əкелмес үшін араласқаны жөн.
«Біздің қызымыз бізбен, отбасымен бірге уақыт өткізуге
қарсы. Бос уақытын тек достарының арасында өткізгенді
қалайды».
47
40. Менің қателіктерімді кешіргенін қалаймын.
41. Егер мені біреу ұрса да, кейде мен жауап бермеймін.
42. Мен қалағандай болмаса, мен ренжімеймін.
43. Кейбір адамдар мені тек қатысуымен ашуландырады.
44. Мен шын мəнінде қатты жек көретін адамдар жоқ.
45. Менің ұстанымым: «Бөтендерге ешқашан сенбе».
46. Егер мені біреу ашуландырса мен ол туралы не ойлай-
тынымды айтамын.
47. Мен соңынан өкінетін нəрселерді көп жасаймын.
48. Егер мен ашулансам, мен біреуді ұрып жіберуім мүмкін.
49. Он жасымнан бастап мен ашу-ызамды көрсеткен емеспін.
50. Мен өзімді жарылуға дайын тұрған жарылғыш бөшке
ретінде жиі сезінемін.
51. Егер менің қандай екенімді барлығы білсе менімен тату
тұру қиын деп ойлайтын еді.
52. Басқалардың маған жақсы жағдайлар жасауына не себеп
болғаны туралы көп ойлаймын.
53. Егер маған айқайласа, менде оған айқайлай бастаймын.
54. Сəтсіздіктер мені қынжылтады.
55. Мен басқаларға қарағанда көп те емес, аз да емес
төбелесемін.
56. Мен қатты ашуланған кезде, қолыма түскен кез келген
заттарды қолыма алып сындырған кездерімді еске түсіре
аламын.
57. Мен кейде төбелесті бірінші бастауым мүмкін.
58. Менің тағдырым кейде маған əділетсіз екендігін сезінемін.
59. Бұрын мен адамдардың көпшілігі өтірік айтады деп
ойлайтынмын, бірақ қазір бұған сенбеймін.
60. Мен ашуланғандықтан ұрысамын.
61. Мен қателік жасаған кезде мені ар-ұятым мазалайды.
48
62. Мен өз құқығымды қорғау үшін денелік күш қолдану керек
болса қолданамын.
63. Мен кейде өз ашуымды шығару үшін үстелді жұдырықпен
ұрамын.
64. Маған ұнамайтын адамдармен мен дөрекілеу боламын.
65. Маған зияндық жасайтын дұшпандарым жоқ.
66. Мен адамды орнына қоя алмаймын, егер ол кінəлі болса да.
67. Мен дұрыс өмір сүрмегенім туралы көп ойланамын.
68. Мені төбелесуге мəжбүрлейтін адамдарды білемін.
69. Мен болмашы нəрсеге бола ашуланбаймын.
70. Маған адамдар мені ашуландырғысы немесе келемеждегісі
келеді деген ойлар аз келеді.
71. Мен кейде адамдарды жəй ғана қорқытамын, бірақ өз
қорқытуларымды орындамаймын.
72. Мен кейінгі кезде мазасыз болып кеттім.
73. Бəсекелесуде мен дауысымды жиі көтеремін.
74. Əдетте мен адамдарға деген жаман қатынасымды
жасырамын.
75. Мен айтысқаннан гөрі келіскенді қалаймын.
Басс-Дарки сауалнамасы бойынша өңдеу агрессивті жəне
өшпенділік реакцияларының əртүрлі формаларының индексі
арқылы есептеледі. Ал индекстер алынған жауаптарды қосу
арқылы алынады.
1. Физикалық агрессия:
«иə» – № 1, 25, 33, 48, 55, 62, 68
«жоқ» – № 9, 17, 41
2. Жанама агрессия:
«иə» – № 2, 18, 34, 42, 56, 63
«жоқ» № 10, 26, 49
189
жасөспірімдерге керек кезінде сөйлесуге дайын екендігімізді
көрсетуіміз керек.
Бала сөйлескісі келген кезде, ата-анасы меселін жиі
қайтарғандықтан, бала ата-анасынан екінші мəрте көмек
сұрағысы келмейді. Ата-ана ретінде, біз баламызға не айтып, не
айтпау керек екендігіне мұқият болуымыз керек. Жасөспірім
үйіне көңілі түсіп келеді. Ол өз жағдайын айта бастағанда, ата-
ана осы жолы сен нені бүлдірдің? дейді. Əңгіме осымен бітеді,
жасөспірім өзін түсінбегенін сезінеді. Кей кездері ата-аналар
келесідей жауап береді: «Түк етпейді, келесі аптада мұның бəрі
ұмытылады». Кей кездері біз бос кеңес беруге ұмтыламыз:
«Қайғыға іспен көмектесе алмайсың. Одан да барып неге жүгіріп
қайтпасқа?» Мұндай жауаптарда оған келетін түк пайда жоқ.
Кейбір жасөспірімдер ата-аналарымен ойларын бөліспейді,
өйткені олар алдын ала не деп жауап беретіндігін біледі.
Ата-аналар жасөспірімнің көңіл күйіне мұқият назар
аударып, қарым-қатынас жасау үшін жағдай туғызу қажет.
«Сенде бүгін ауыр күн болған сияқты. Сен бұл туралы бөліскің
келмейді ме?» деген ұсыныстарыңызды жасөспірімдердің көбі
қабылдайды. «Сен бүгін қобалжулы сияқтысың. Не болды?»
деген сылтаумен жасөспірім қызбен сөйлесуге болады. Баланың
сөзіне мұқият болсаңыз, сөзіңіздің астарында зіл болмаса,
жасөспірімге сізбен сөйлесуге оңай түседі.
Есіңізде болсын, жасөспірім өзінің сезімдері мен ойларын
айтпауға да болады. Осындай сəтте, оны сөйлетем деп
ойласаңыз, сіз оның дербестігін жəне тəуелсіздігін жоққа
шығарған боласыз. Жасөспірім сіз баламен ол даяр болған кезде
сөйлесуге дайын екендігіңізді білдіруіңіз керек.
Кейде жасөспірімдер ата-анасы қалаған кезде емес, өздері
сөйлескісі келетін уақытта сыр бөлісуге дайын. Кей кездері
жасөспірімге қолайлы уақытта сөйлесу керек. Бұл ылғи кешке,
бəрі ұйықтап қалған кезде болуы мүмкін. Тиянақты ата-ана
мұндай сəтті жіберіп алмауға тырысады.
«5-сыныптың екінші тоқсанында маған баламды бір
мектептен басқа мектепке ауыстыруыма тура келді. Мен
мұғалімнен, басқа балалардың менің балама қысым болмауын
қадағалауын сұрадым. Бірақ ол маған, оның жұмысы бала-
лардың мəселесін шешу емес, оқыту болып табылады деді».
Достарыңызбен бөлісу: |