Жоба фармакологиялық және дәрілік



жүктеу 2,02 Mb.
бет10/23
Дата29.01.2020
өлшемі2,02 Mb.
#27725
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Өтініш беруші сандық анықтау нәтижелері мен еру туралы деректерді ескере отырып, биоэквиваленттілікті зерттеу үшін референтті дәрілік препаратты іріктеуді негіздеуге міндетті. Зерттелетін препарат ретінде пайдаланылатын сериядағы сандық құрамы (аналитикалық әдіс арқылы белгіленген, зерттелетін препарат сапасын стандартты сынау үшін ұсынылған) референтті дәрілік препарат сериясынан 5% көп айырмашылығы болмауы тиіс (тиісті негіздемелер болмағанда). Өтініш беруші ТСКР сынау және сандық анықтау арқылы биоэквиваленттілікті зерттеуде пайдалануға жоспарланып отырған референтті дәрілік препарат сериясын іріктеуді негіздеуі тиіс. Биоэквиваленттілікті зерттеу үшін референтті дәрілік препарат сериясын іріктеуде референтті дәрілік препараттың бірнеше сериясын зерттеу ұсынылады.


Зерттелетін препарат
Биоэквиваленттілікті зерттеуде қолданылған зерттелетін препарат фармацевтикалық нарыққа түсетін препараттан ерекшеленбеуі тиіс, оны өтініш беруші қарап және негіздеуі тиіс.

Мысалы, жүйелік әрекет ету үшін ішке қабылдау, қатты дәрілік нысандар үшін

:


    1. Тиісті негіздемелер болмағанда жағдайда зерттелетін препарат 1/10 аз мөлшерде өнеркәсіптік немесе көлемінің көптігіне байланысты дәрілік нысандардың 100 000 бірлігінен тұратын сериядан іріктеліп алынуы тиіс.

    2. Пайдаланылған серияларды өндіру препарат және үдеріс өнеркәсіптік масштабта өндірілетініне жоғары сенімділік дәрежесінде қамтамасыз етуі тиіс.

    3. 100 000 бірліктен аз биоэквиваленттілікті растауға арналған сериялар көлемі осы ұсынылып отырған көлем сериялық өндіріс және бұдан кейін өндірістік серияларды масштабтау ұсынылмайтын жағдайда мүмкін болады.

    4. Еріту сияқты дәрілік препарат сапасының критикалық көрсеткіштеріне құрылымын сипаттау және спецификасын жасауда зерттелген серияларды, яғни оларға қатысты биоэквиваленттілігі расталған клиникалық зерттеулерге арналған серияларды пайдалана отырып жүзеге асырған жөн.

    5. Тіркеуге ұсынылған қосымша тәжірибелі және (немесе) өндірістік сериялардан алынған препарат үлгілерін биоэквиваленттілікті зерттеуде пайдаланылған сериялармен салыстыру қажет; оларда ерітудің салыстымалы кинетика тесті жағдайына сәйкес келетін in vitro ерітудің салыстырмалы бейіні болуы тиіс (Осы қағидаларға 1-қосымша).

Қазақстан Республикасының нарығына шыққанға дейін әрбір үш өндірістік сериялардың біріншісіне қатысты биоэквиваленттілік зерттеу жүргізу кезінде пайдаланылған сериялармен ерітудің салыстырмалы кинетикасы тестінде еріту профилінің салыстырмалы сынауын жүргізу қажет. Жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда референтті ретінде бұдан бұрынғы серия пайдалануы мүмкін.

Өтініш беруші Қазақстан Республикасы мемлекеттік сараптама ұйымының сұранысы бойынша алғашқы үш өнеркәсіптік сериялардың ТСКР нәтижелерін ұсынуы тиіс. Еріту профиліне сәйкес келмеген жағдайда Өтініш беруші уәкілетті органның сұранысынсыз ТСКР нәтижелерін ұсынуы және туындаған жағдайдан шығу үшін қабылданған нақты шараларды көрсетуі тиіс.



Жүйелік әрекеттен жедел шығарылатын өзге де дәрілік нысандар үшін серияларды зерттеуге қатысты өнеркәсіптік сериялар сапасына эквиваленттіліктің осыған ұқсас растауын ұсынуы қажет.
Салыстырылатын препараттар қаптамасы
Зерттелетін препарат пен референтті препаратты зерттеу орталығына жіберер алдында немесе сол зерттеу орталығында әрбір субъекті және зерттеу кезеңі үшін жеке қаптау қажет. Қаптаманы (таңбалауды қоса) Қазақстан Республикасының өндірістік практикасына тиісті Қағидалардың 13-Қосымшасына сәйкес (GMP РК) жүзеге асырған жөн.

Әрбір зерттеу кезеңіндегі әрбір субъектіге белгіленетін дәрілік препараттардың түпнұсқасын нақты белгілеу мүмкіндігін қарастыру қажет. Осыған байланысты қаптаманы, таңбалауды және препараттарды субъектілерге енгізуді толық құжаттау қажет. Мұндай құжаттама дозалауда қателікке жол бермеу және қателік жібермеу үшін қабылданған барлық шаралардың сипаттамасынан тұруы тиіс. Жыртылмалы түбіршекті заттаңбаны пайдалану ұсынылады.




      1. Субъектілер, субъектілер саны

Зерттеуге енгізілген субъектілер саны іріктеу мөлшерінің тиісті есебінде негізделуі тиіс. Биоэквиваленттілікті зерттеу субъектілері талдауына енгізілген саны 12-ден кем болмауы тиіс.

Субъектілерді таңдау

Биоэквиваленттілік зерттеу жүргізуге арналған субъектілер тобы дәрілік препараттар арасындағы айырмашылықты табу мүмкін болатындай етіп алынуы тиіс. Препараттар арасындағы айырмашылығы негізделмеген нәтижелер вариациясын төмендету мақсатында зерттеуді препараттар денсаулыққа анық қауіп тудыратын жағдайлардан басқа дені сау еріктілерге жүргізу қажет және мұндай зерттеулер жүргізу этикаға жатпайды. Көптеген жағдайларда Салыстырылатын препараттар арасындағы айырмашылықты белгілеу үшін дені сау еріктілер арасында in vivo зерттеу жүргізу қолайлы болып саналады және референтті препаратты қолдану мақұлданған адамдарға зерттеу нәтижелерін экстраполиряциялауға мүмкіндік береді (егде жастағы адамдар, балалар, бүйрек немесе бауыр жетіспеушілігі және т.б.).

Зерттеу хаттамасында енгізу/енгізбеу критерийлерін нақты жазу қажет. Субъектілер жасы 18 жастан кем емес, мүмкіндігінше дене массасы индексі 8,5-30 кг/м2болуы тиіс.

Іріктеу жағдайына субъектілердің сәйкес келуін зертханалық зерттеулермен, анамнезбен және медициналық қарап-тексерумен растау қажет. Фармакотерапиялық топ және дәрілік препараттың қауіпсіздік бейініне байланысты зерттеу жүргізілгенге дейін, зерттеу жүргізілген уақытта, және зерттеуден кейін арнайы зерттеулер жүргізу және тиісті сақтық шараларын қабылдау қажет. Субъектілердің жынысы маңызды емес, алайда бала туатын жастағы әйелдерге келетін қауіпті ескерген жөн.

Субъектілер мүмкіндігінше темекі шекпеуі тиіс; алкоголизм мен нашақорлық (соның ішінде анамнезде) енгізілмейтін критерийлер болып табылады. Кейбір жағдайларда қауіпсіздік ниетінде немесе фармакокинетикалық ерекшеліктер күшінде субъектілерді

фенотиптеу және (немесе) генотиптеуді ескеру қажет.

Параллельді зерттеу дизайны кезінде салыстырылатын топтар әсер етуші заттардың фармакокинетикасына әсер етуі мүмкін барлық маңызды өзгерістер бойынша салыстырылуы тиіс (жасын, дене массасын, жынысын, этникалық тиістілігін, темекі шегу, «жылдам» немесе «баяу» метаболизаторларға тиістілігін қоса). Бұл осындай зерттеу нәтижелерінің шынайылығын растауға арналған алдын ала жағдай.

Егер де зерттелетін әсер ететін зат дені сау еріктілер үшін қолайсыз қауіп тудыратын қажетсіз реакция және (немесе) фармакологиялық әсер тудырса, қажетті сақтық шараларын қолданып, тиісті бақылаулар жүргізіп, пациенттерді зерттеуге енгізуге болады.


      1. Зерттеу жүргізу, стандарттау

Салыстырылатын препараттардың шартталған қасиетінен басқа барлық тартылған факторлар вариациясын минимумға түсір үшін зерттеу жүргізу жағдайларын стандарттау қажет, осыған байланысты рацион, сұйықтық ішу және физикалық жүктеме стандарттауға жатады.



Дәрілік препаратты қабылдау уақытын алдын ала белгілеу қажет. Негіздеме болмаған жағдайда субъектілер препарат қабылдағанға дейін ең аз дегенде 8 сағатқа дейін тамақ ішпеуі тиіс. Себебі сұйықтық ішу ішке қабылданған препараттың асқазан арқылы өтуіне әсер етеді, зерттелетін препарат пен референтті препаратты стандартты сұйықтық көлемінде ішу қажет (150-250 мл). Осыған дейін 1 сағат бойы және осыдан кейін 2 сағат бойы мұндай сұйықтықты ішуге болмайды, қалған жағдайда еркін су ішу режимі белгіленеді; препаратты қабылдағаннан кейін тамақ ішу төрт сағатқа шектеледі. Препаратты қабылдағаннан кейін рацион мен тамақ ішу уақытын жеткілікті уақыт ішінде стандарттау қажет (мысалы, 12 сағат).

Егер де зерттеу тамақтан кейін жүргізілуі тиіс болса, препаратты қабылдау және тамақ ішу референтті дәрілік препараттың ОХЛП-ға сәйкес жүзеге асырылады. Егер де референтті дәрілік препараттың ОХЛП мұндай мәліметтер болмаса, онда субъектілер тамақ ішуді препаратты қабылдағанға дейін 30 минут ішінде ішуі тиіс (тамақ ішу ұзақтығы – 30 минут).

Дәрілік нысанның әсер ететін заттары молекуласын белсенді бөлігі биожетімділігі асқазан-ішек жолдары мен белсенді аумақтық қанағымы арқылы ұзақ өтуіне байланысты субъект денесінің қалпы мен физикалық белсенділігін стандарттау талап етіледі.

Жекелеген кезең ішінде зерттеуге дейін және зерттеу кезінде субъектілер жүрек-қантамырына немесе ас қорыту жүйесіне, бауыр және (немесе) бүйрек қызметіне әсер етін тамақ пен сусындар ішуден өзін-өзі тежеуі тиіс (мысалы, алкогольді сусындар немесе грейпфрут шырындары сияқты кейбір шырындар). Субъектілерге тиісті кезең ішінде зерттеу жүргізгенге дейін және зерттеу уақытында қандай да бір ілеспелі дәрілік препараттарды қабылдамау ұсынылады (өсімдіктерден жасалған дәрілік препараттарды қоса). Алайда контрацептивтерді қабылдауға рұқсат етіледі. Егер ілеспелі дәрілік препараттарды қабылдамау мүмкін болмаған жағдайда және олар субъектіге жағымсыз құбылыстарды тоқтату үшін тағайындалған болса (мысалы бас ауруы), онда ілеспелі құжаттарда оларды қабылдау (дозасы мен қабылдау уақыты) және зерттеу қорытындысына мүмкін болатын әсері туралы мәліметтер көрсетілуі қажет. Сирек жағдайларда қауіпсіздік немесе көтере алушылық ниетінде немесе субъектілерге ілеспелі препараттар тағайындалады (мысалы, опиоидты рецепторлар антагонистері, құсуға қарсы дәрілер). Бұл жағдайларда дәрілік өзара әрекет немесе зерттеу қорытындысына әсер етуі мүмкін биоаналитикалық әдістемесіне әсер ету мүмкіндігін ескерген жөн. Референтті дәрілік препараттың ОХЛП сәйкес дәрілік препараттар тек басқа препараттмен біріктірілімде қабылдануы тиіс (мысалы, АИТВ протеазасының кейбір ингибиторлары тек қана ритонавир біріктірілімінде қабылданады), жеке және ұсынылатын препаратпен біріктірілімде қабылдауға рұқсат етіледі.

Эндогенді қосылыстардың биоэквиваленттілігін зерттеу кезінде олардың салалық құрамына әсер етін факторларды бақылау қажет (мысалы, ішетін тамақты қатаң бақылау).


Үлгілерді іріктеу уақыты
«Концентрацияуақыт» профилін дәл сипаттау үшін үлгілердің жеткілікті санын іріктеу қажет. Максималды экспозицияның нақты бағасын алу мақсатында болжанатын tmax жақын үлгілерді жиі іріктеуді қарастыру қажет. Негізінен үлгілерді іріктеу сызбасы «концентрацияуақыт» қиғашында Cmax алғашқы нүктелері болмайтындай етіп жасалуы тиіс. Іріктелген үлгілер саны экспозиция ұзақтығын сенімді бағалауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс. Бұл AUC(0–t) AUC(0–)-дан 80%-дан кем жапқан кезде қол жетікізіледі.

Терминалды элиминацияның константты жылдамдығының сенімді бағасын алу мақсатында (AUC(0) нақты бағалау үшін қажет) терминалды фаза ішінде 34 үлгіден кем емес үлгіні іріктеген жөн. Егер де жедел босатылатын ішке қабылдауға арналған дәрілік препараттың абсорбция фазасы 72 сағаттан аспайтын болса, онда AUC(0–t) альтернативасы ретінде экспозиция ұзақтығын салыстыру үшін 72 сағатқа дейін қысқартылған (AUC(0–72 ч)) AUC пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан белсенді заттардың t½ жедел шығарылуы бар кез-келген дәрілік препараттар үшін 72 сағаттан астам уақыт ішінде үлгілерді іріктеу талап етілмейді.

AUC(0–) дәл анықтау үшін дәрілік препаратты көп рет қабылдайтын зерттеулерде «доза алдындағы» үлгіні тікелеу препаратты қабылдау алдында (5 минут ішінде), ал соңғы үлгі дозалаудың берілген интервалы соңында - 10 минут ішінде алу қажет.

Егер белсенді заттың құрамы анықталатын биологиялық материал ретінде несеп алынса, онда үштен кем емес t½ жинау қажет. Алайда плазма үлгілерін іріктеу бойынша ұсынымдарға сәйкес 72 сағаттан астам уақытта несеп жинау талап етілмейді. Экскреция жылдамдығын анықтау үшін абсорбция фазасында үлгілерді іріктеу арасындағы интервалдар мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. ( 5.1.5 бөлімді қараңыз).

Эндогенді қосылыстар үшін үлгілерді іріктеу сызбасы әрбір кезеңде субъекті үшін олардың салалық құрамын сипаттауға мүмкіндік беруі тиіс. Әдетте мұндай анықтау препарат қабылдағанға дейін 23 үлгіні іріктеу арқылы мүмкін болады. Кей жағдайда эндогенді қосылыстардың салалық құрамы циркадты ауытқуын ескеру үшін препаратты қабылдағанға дейін 1-2 күн ішінде оның концентрациясын ұдайы анықтау талап етіледі ( 5.1.5 бөлімді қараңыз).

Әдеттегідей жағдайда іріктелетін әсер ететін заттардың концентрациясын биологиялық сұйықтықпен өлшеу үшін қан алынуы тиіс. Көптеген жағдайларда әсер ететін заттардың құрамы немесе оның метаболиттері сарысуда немесе плазмада өлшенеді. Егер де әсер ететін заттардың құрамын плазмада өлшеу мүмкіндігі болмаса, ал әсер ететін заттардың өзгеріссіз түрде несеппен сыртқа шығарылып, қан мен несепте әсер ететін заттардың концентрациясы арасында пропорционалды өзара байланыс пайда болса, биологиялық материал ретінде несеп пайдаланылуы мүмкін. Әрбір үлгі көлемін мүмкіндігінше алғаннан кейін кешіктірмей зерттеу, нәтижелерін есепке енгізген жөн. Үлгілер саны фармакокинетикалық параметрлер есебін жүргізу үшін жеткілікті болуы тиіс. Сонымен қатар, көптеген жағдайларда әсер ететін заттардың несеппен шығарылуы туралы деректерді ғана пайдаланудан аулақ болған жөн, себебі бұл tmax және жүйелі айналымдағы заттардың максималды концентрациясын есептеуге мүмкіндік бермейді.

Биосұйықтық үлгілерін өңдеп және анықталған компоненттердің бұдан бұрын бұзылуы анықталмаған жағдайда сақтау қажет (көптеген жағдайда -20°С аспайтын температура қолайлы болып табылады). Бұл жағдайлар валидация бойынша есепке енгізілуі тиіс («Ұсынылған деректер» 5.1.8. бөлімді қараңыз).


жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау