Жоба фармакологиялық және дәрілік



жүктеу 2,02 Mb.
бет9/23
Дата29.01.2020
өлшемі2,02 Mb.
#27725
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

2. Қолданылу аясы

Жүйелік әрекеттер жедел босатылатын дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігін зерттеу бойынша ұсынымдарға көп көңіл бөлінеді. Оларда биожетімділік зерттеу талап етілмейтін критерийлер белгіленеді (қосымша дозалар үшін (5.1.6-бөлім, жекелеген дәрілік нысандар үшін 2-қосымша немесе биовейвер, БКС-ке негізделген – осы Қағидаға 3-қосымша).



Модификациялық босатылатын дәрілік препараттардың, трансдермальды және пероралды ингаляциялық препараттардың, сондай-ақ жергілікті қолданылатын препараттардың, липосомальдық дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігін зерттеу бойынша арнайы ұсынымдар Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құжаттарында көрсетілген. Қолдану аясы химиялық қосылыстармен шектелген. Биологиялық дәрілік препараттарды референтті дәрілік препараттармен салыстыру жөніндегі қағида Қазақстан Республикасының биологиялық дәрілік заттарын зерттеу Қағидаларында белгіленеді.

Осы Қағида дәрілік препараттарды тіркеуге өтініш берген кезде пайдаланылады.

Биоэквиваленттілік зерттеуде пайдаланылатын зерттелетін препараттар Қазақстан Республикасының өндірістік тәжірибесіне жататын Қағидалар талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жүргізілген биоэквиваленттілік зерттеу осы Қағидаларға қайшы келмейтін жағдайда жүргізілуі тиіс.

Осы Қағидаларда қарастырылмаған ерекше мәселелер бойынша өтініш берушілер консультация алу үшін Қазақстан Республикасының Сараптама комитетіне жүгінуге құқығы бар.


3. Терминдер мен анықтамалар

Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) биовейвер (biowaiver): in vivo зерттеу жүргізбей-ақ өндірілген дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігін бағалау рәсімі.

2) биологиялық жетімділік немесе биожетімділік (Bioavailability): әрекет етуші зат немесе дозаланған дәрілік нысаннан алынған оның белсенді компоненттерінің жылдамдығы мен дәрежесі сіңіріледі және әрекет ету орнында қолжетімді болады.



Осы дәрілік нысанның абсолюттік биожетімділігі оны тамырішілік енгізу кезінде осы дәрілік препараттың биожетімділігімен салыстыру арқылы анықталады (100%) (мысалы, ішке қабылдауға арналған ерітінді тамырішілік енгізу ерітіндісімен салыстырғанда).

Осы дәрілік нысанның салыстырмалы биожетімділігі осы және басқа да жолдар арқылы (бірақ көктамырішілік емес), (мысалы, таблеткалар, ішке қабылдауға арналған ерітінділермен салыстырғанда) басқа дәрілік нысандардың биожетімділігімен салыстыру арқылы анықталады.

Өндірілген дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігі мен биожетімділігін зерттеу негізі салыстырмалы биожетімділікті анықтау болып табылады.

3) биологиялық эквиваленттілік немесе биоэквиваленттілік (bioequivalence): Екі дәрілік препарат, егер де олар фармацевтикалық эквивалентті болса және олардың салыстырмалы биожетімділігі сіңіру жылдамдығы мен дәрежесі бойынша бірдей молярлық дозада қабылдағаннан кейін алдын ала белгіленген жол берілген шекте қойылатын болса олар биологиялық эквивалентті болады. Бұл шектер in vivo биофармацевтикалық құрылымын салыстыруды қамтамасыз ету үшін, яғни тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша салыстыру үшін белгіленген.

4) классификацияның биофармацевтикалық жүйесі (КБЖ) biopharmaceutics classification system, BCS): Олардың суда еру және ішектің өткізгіштік дәрежесі негізінде дәрілік препараттардың әсер етуші заттарын бөлуге мүмкіндік беретін ғылыми тәсіл.



Дәрілік заттарға арналған еріту кинетика тестімен бірге КСЖ ішке қабылдауға арналған жедел шығарылудың дәрілік нысандарынан алынған әсер етуші заттардың сіңіру жылдамдығы мен дәрежесіне әсер ететін үш негізгі факторды ескереді: еру, ерігіштік және ішектің өткізгіштігі.

5) өндірілген дәрілік препарат (генерик): әсер етуші заттардың дәл сондай сандық және сапалық құрамы және референтті препарат сияқты дәл сондай дәрілік нысаны бар және референтті дәрілік препаратқа биоэквиваленттілік тиісті биожетімділік зерттеулермен расталатын дәрілік препарат.

6) әр түрлі тұздар, эфирлер, изомерлер, изомер қоспалары, комплекстер немесе туынды әсер етуші заттар егер олардың қауіпсіздігі және (немесе) тиімділігі айтарлықтай ерекшеленбесе онда тек сол әсер етуші заттар болып танылады. Жедел шығарылатын ішке қабылдауға арналған әр түрлі дәрілік нысандар бірдей дәрілік нысандардың биожетімділігін зерттеу шеңберінде танылады.



7) гибридті дәрілік препарат: 4.5-тармаққа сәйкес өндірілген дәрілік препаратты анықтауға түспейтін немесе, егер де, биожетімділікті зерттеу арқылы оның биоэквиваленттілігін растау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ егер де осы препаратта әсер етуші заттардың (заттар) қолдану, дозалау, дәрілік нысандары немесе референтті препараттармен салыстырғанда енгізу жолдары бойынша көрсеткіштердің өзгерісі болған жағдайдағы дәрілік препарат.

8) дәрілік препараттың дозасы (dose): Бұл бір рет қолданылатын дәрілік препараттың әсер етуші заттарының саны (бір рет немесе бірнеше рет қолдану).

9) дәрілік препаратты дозалау (strength): Дәрілік нысанға сәйкес дозалау, көлемі мен массасы бірлігінде әсер ететін заттардың айқын саны.

10) Сапасын бақылауға арналған «Еріту» сынағы (quality control dissolution test): Жедел босатылатын препараттарға және үш және одан да көп бақылау уақыты кезеңдерінде модификациялық босатылған препараттарға арналған сынамаларды іріктеу үшін бір бақылау уақыты кезеңінде ерітуді сынау түріндегі дәрілік препараттар сериясы сапасын күнделікті бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының Фармакопеясы анықтаған «Еріту» сынағы рәсімі.



11) омбицияланған дәрілік препарат (КЛП, fixed-dose combination finished pharmaceutical product, FDC-FPP): Екі және одан да көп фармацевтикалық ингредиенттерден тұратын дайын дәрілік препарат.

12) дәрілік нысан (dosage form): Тиісті тәсілмен оны енгізу және қолдану және қажетті әсерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін дәрілік препараттың жай-күйі.

13) бірегей дәрілік препарат (innovator pharmaceutical product): Толықтай клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеу нәтижелерінен тұратын, оның сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын дерекнама негізінде әлемдік фармацевтикалық нарықта бірінші болып тіркелген және орналастырылған жаңа әсер ететін заттары бар дәрілік препарат.



14) референтті препарат немесе салыстыру препараты немесе компаратор (comparator product): Салыстырмалы биожетімділік зерттеулерде салыстыру препараты ретінде пайдаланылатын дәрлілік препарат.

15) in vitro СКР) (in vitro equivalence dissolution test) еріту кинетикасының салыстыру тесті: Өндірілген дәрілік препараттың еріту профильдерін салыстыруды қоса және салыстыру әдетте үш ортада - pH 1,2; 4,5 және 6,8 буферлік ерітіндегі препаратты зерттеу.

16) фармацевтикалық эквиваленттілік (pharmaceutical equivalence): Дәрілік препараттар тек сол дәрілік нысанда тура сол әсер етуші заттардың (немесе заттар) бірдей санынан тұрса фармацевтикалық эквивалентті болып табылады, тек сол сапа стандарттарына сәйкес келеді және бірдей тәсілмен қолданылады.

17) фармацевтикалық альтернативті дәрілік препараттар (pharmaceutical alternatives): Дәрілік препараттар әсер ететін заттардың тек бір белсенді молекула бөлігінен тұрса фармацевтикалық альтернативті болып табылады, бірақ химиялық нысаны (мысалы, әр түрлі тұздар, әр түрлі эфирлер, изомерлер немесе олардың қоспалары), дәрілік нысаны (мысалы, таблеткалар мен капсулалар) немесе дозасы бойынша ерекшеленеді.

18) Дозалардың белгіленген комбинациясы (ДБК) (fixed-dose combination, (FDC)): Дозалардың белгіленген ара-қатынасы бар екі және одан да көп әсер ететін заттардың комбинациясы. ДБК дәрілік препараттың құрамы мен тауарлық белгісінен тыс әсер ететін заттардың нақты комбинациясын белгілеу үшін пайдаланылады. Әсер ететін заттардың комбинациясы бір уақытта, сондай-ақ дайын көпкомпонентті дәрілік препарат түрінде қолданылатын монокомпонентті дәрілік препараттардың жиынтығы ретінде пайдаланылуы мүмкін.


5. Негізгі талаптар

    1. Дизайн, биоэквиваленттілік зерттеулер жүргізу және бағалау.

Зерттеулер көлемі мен дизайнын әсер ететін заттардың физикалық-химиялық және фармакокинетикалық құрылымдарына және дәрілік препараттың пропорциялығымен негіздеу қажет. Әдетте фармакокинетиканың сызықтығын, тамақ ішуге байланысты зерттеу, энантиомер талдауын жүргізу қажеттілігін және қосымша дозалауға зерттеу жүргізудің мақсатқа сай екендігін ескерген жөн. (5.1.4, 5.1.5 және 5.1.6 бөлімдерді қараңыз).

Жалпы техникалық құжат форматындағы тіркеу дерекнамсының 2.7.1 модулінде препаратпен жүргізілген барлық маңызды зерттеулер (олардың нәтижелеріне байланысты емес) тізбесін ұсыну қажет, мысалы референтті дәрілік препаратпен дәрілік препаратты тіркеуге (яғни сондай құрамы мен өндіріс үдерісі бар) өтініш берушіні салыстыру мақсатында биоэквиваленттілікті зерттеу (5.1.2 бөлімді қараңыз). Барлық жүргізілген зерттеулерге қатысты егер де жүргізілген болса пилоттық зерттеулерден басқа зерттеулердің толық есебін ұсыну қажет, қысқаша синопсистерді әкелсе жеткілікті (Қазақстан Республикасының тиісті клиникалық практика ережелерінің (GCP) 1-қосымшасына сәйкес). Пилоттық зерттеулер туралы толық есеп Қазақстан Республикасының мемлекеттік сараптама ұйымдарының талаптары бойынша ұсынылады. Дәрілік препаратты әзірлеу сатысында жүргізілген биоэквиваленттілік және салыстырмалы биожетімділік зерттеулер туралы синопсистер тіркеу дерекнамасының 2.7 Модуліне енгізіледі.





      1. Зерттеу дизайны

Зерттеу дизайнын дәрілік преапараттың фармакокинетикалық параметрлеріне әсерін басқа факторлардың әсерінен айыратындай етіп жоспарлау қажет.



Стандартты дизайн. Екі дәрілік препаратты салыстыру кезінде рандомизацияланған, екі кезеңді, екі жақты бір реттік дозаны қабылдай отырып екі жүйелікте жүргізу ұсынылады. Зерттеудің екінші кезеңі басында барлық субъектілерде төмен биоаналитикалық анықтау шегінің әсер ететін заттары концентрациясын азайту жеткілікті болатын кезеңдер жуу кезеңдеріне бөлінуі тиіс. Әдетте бұл үшін бес жартылай шығарылу кезеңінен кем емес кезең жеткілікті.

Альтернативті дизайн. Кейбір жағдайларда зерттеу дизайны мен статистикалық талдау ғылыми негізделген жағдайда альтернативті жалпы қабылданған дизайндерді қарастыруға болады: параллельді ұзақ заттарға арналған t½; қайталама (репликативті, replicate design) жоғары түрленгіш фармакокинетикалық параметрлері бар заттарға арналған ( 5.1.10 бөлімді қараңыз).



Егер дені сау еріктілердің бір реттік дозаны қабылдауды көтере алмаушылығы салдарынан жол берілмесе, ал пациенттерде бір реттік дозаны зерттеу мүмкін болмаса, дәрілік препаратты көп рет қабылдайтын пациенттерге зерттеу жүргізуге рұқсат етіледі.

Сирек жағдайларда аналитикалық әдістің жеткіліксіз сезімталдығы бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін биосұйықтықтағы концентрацияны нақты анықтауға кедергі келтірсе, ал нақты мәнін алу үшін тепе-тең концентрация едәуір жоғары болса, бір реттік дозаны қабылдай отырып, альтернативті зерттеу ретінде дәрілік препаратты көп рет қолдана отырып, зерттеу жүргізуге жол беріледі. Алайда, Сmax айырмашылықтарды анықтау үшін көп рет қабылдай отырып, зерттеу жүргізу аса сезімтал емес, оларды жүргізу тек қана өтініш беруші аналитикалық әдістің сезімталдығын нақты дәлелдесе және дәрілік препараттың бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін бастапқы қосылыстың концентрациясын өлшеу мүмкін еместігін, бұл ретте тиісті негіздемелерді ұсына отырып, биоэквиваленттілік зерттеуге жол берілетінін назарға ала отырып, терапиялықтан асып түсетін дозаларды қолдану (5.1.6 бөлімді қараңыз). Дәрілік препаратты бір рет қолдану орнына көп рет қолдануға зерттеу жүргізу аналитикалық әдістің жеткіліксіз сезімталдығы күшінде тек ерекше жағдайларда ғана жол беріледі.

Тепе-тең концентрацияны зерттеуде алдыңғы препаратты қабылдағаннан кейін жуу кезеңі концентрацияның өсуін екінші кезеңде тоқтата алады (мұндай өсу едәуір ұзақ және бестен кем емес t½ тұрса).

1.1.3.Референтті препарат және зерттелетін препарат
Референтті препарат
Референтті препаратты іріктеу тәртібі:


  1. сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігі Қазақстан Республикасында тіркеу кезінде белгіленген бірегей дәрілік препарат («Қазақстан Республикасында бекітілген бірегей препарат»);

  1. фармацевтикалық нарықта жақсы реттелетін, мемлекетте мақұлданған бірегей дәрілік препарат (мысалы, Еуропалық одақ, АҚШ) 1-тармақты орындау мүмкін болмағанда);

Өндірілген дәрілік препаратты зерттеу немесе дәрілік препараттың тіркеу дерекнамасының әсер ететін заттар, дозасы, дәрілік нысандар және енгізу жолдары бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде зерттелетін препарат тиісті дәрілік нысанмен және референтті дәрілік препарат дозасымен салыстырылады.

Егер бірегей дәрілік препарат нарықта бірнеше дәрілік нысанда ұсынылса, олардың ішінде алғашқы тіркелгенін және оның тиімділігі мен қауіпсіздігін растау үшін клиникалық зерттеулерде пайдаланылғанын референтті препарат ретінде пайдалану ұсынылады.


жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау