Жоба қазақстан республикасының заңЫ



жүктеу 398,23 Kb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата13.01.2020
өлшемі398,23 Kb.
#26528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

4) егер осындай заңды тұлғаның акциялары (қатысу үлестері) мен жұмыс 



беруші  заңды  тұлғаның  акциялары  (қатысу  үлестері)  сол  бір  үшінші  тұлғаға 

тікелей  немесе  жанама  түрде  тиесілі  болса,  заңды  тұлғаға  (оның  филиалына 

және/немесе өкілдігіне) іссапарға жіберуге жол беріледі. 

2. Іссапарға жіберу талаптары, тәртібі, мерзімі және іссапарға жіберілген 

жұмыскерлер  лауазымдарының  тізбесі  және  саны  іссапарға  жіберу 

мақсаттарына  қарай  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңнамасына 

сәйкес заңды тұлғалар арасында келісіммен белгіленеді және айқындалады. 

Жұмыскерлер  іссапарға  жіберілетін  заңды  тұлғаның  орташа  тізімдік 

санының  он  пайызынан  артық  жұмыскерлер  бір  мезгілде  іссапарға  жіберілген 

жағдайда, қабылдаушы тараптың жұмыскерлерінің өкілдерімен келісілуі қажет. 

3. Іссапарға жіберілген жұмыскердің іссапарға жіберуді жүзеге асыратын 

жұмыс берушідегі жұмыс орны (лауазымы) сақталады. 

4.  Іссапарға  жіберу  кезеңіне  жұмысты  орындау  орнының  өзгергені 

көрсетіле  отырып,  еңбек  шартына  қосымша  келісімге  қол  қою  арқылы  еңбек 

шарты  тараптарының  жазбаша  келісімімен  ғана  іссапарға  жіберуге  жол 

беріледі.  Іссапарға  жіберу  мерзімі  аяқталған  соң,  еңбек  шартының  қолданысы 

жалғасқан  жағдайда,  жұмыс  беруші  іссапарға  жіберілгенге  дейін  жұмыскер 

болған жұмыс орнын (лауазымын) жұмыскерге ұсынуға міндеттенеді. 

5.  Іссапарға  жіберу  кезеңіне  жұмыскерге,  жыл  сайынғы  ақы  төленетін 

еңбек  демалысының  ұзақтығы  мен  оны  беру  тәртібін  қоспағанда,  ол 

қабылдаушы  тараптың  жұмыс  уақыты  мен  тынығу  уақыты  режимі 

қолданылады. 

6.  Іссапарға  жіберілген  жұмыскер  еңбек  тәртібін  бұзған  жағдайда,  ол 

қабылдаушы тарап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оны 

тәртіптік  жауаптылыққа  тарту  туралы  шешім  қабылдау  үшін  растайтын 

құжаттарды  ұсына  отырып,  іссапарға  жіберілген  жұмыскердің  жұмыс 

берушісін аталған факт табылған күннен үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді. 

7.  Іссапарға  жіберілген  жұмыскер  ұшыраған  жазатайым  оқиға  кезінде 

еңбек 

қызметіне 



байланысты 

жазатайым 

оқиғаны 

тергеп-тексеруді 

ұйымдастыру  жұмыс  беруші  өкілінің  қатысуымен  қабылдаушы  тарапқа 

жүктеледі. 

8. Іссапарға жіберу мына мақсатта жол берілмейді.: 

1)  заңнамада  белгіленген  тәртіппен  ереуіл  өткізілген  жағдайда, 

қабылдаушы тараптың жұмыскерлерінің ереуілге қатысушыларын ауыстыру;  

2) еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жұмысты 

орындаудан бас тартқан қабылдаушы тараптың жұмыскерлерін ауыстыру; 

3)  жұмыс  тоқтап  тұрған  (қабылдаушы  тарап  жұмыстарды  уақытша 

тоқтата  тұрған),  қабылдаушы  тараптың  банкроттық  рәсімін  жүзеге  асырған, 

қабылдаушы  тараптың  жұмыскерлерді  жұмыстан  шығару  қаупі  төнген  кезде 

жұмыс  орындарын  сақтау  мақсатында  толық  емес  жұмыс  уақыты  режимін 

енгізген жағдайда жұмысты орындау. 

18) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын: 



 

 «43-бап.  Денсаулық  жағдайына  байланысты  басқа  жұмысқа  уақытша 



ауыстыру 

1.  Жұмыскердің  еңбек  міндеттерін  орындауға  байланысты  өндірістік 

жарақаттануына,  кәсіптік  ауруға  шалдығуына  немесе  денсаулығына  өзге  де 

зақым келуіне немесе денсаулығына өндіріспен байланысты емес өзге де зақым 

келуіне байланысты жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде еңбекке 

қабілеттілігі  қалпына  келгенге  немесе  мүгедектік  белгіленгенге  не  кәсіби 

еңбекке қабілеттілігінен айырылуы белгіленгенге дейін жұмыскерді денсаулық 

жағдайы  бойынша  қайшы  келмейтін  басқа  жұмысқа  уақытша  ауыстыруға  не 

еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актісінде жазылған жағдайларда 

оны жұмыстан босатуға міндетті. 

2.  Жұмыскер  денсаулық  жағдайы  бойынша  қайшы  келмейтін  басқа 

жұмысқа  уақытша  ауысудан  жазбаша  түрде  бас  тартқан  жағдайда, 

жұмыскермен  еңбек  шарты  осы  Кодекстің  58-бабы  1-тармағының  3) 

тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.»; 

19) 45-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

«1.  Жұмыскерді  еңбек  шартында  келісілген  лауазым,  мамандық,  кәсіп, 

біліктілік  шегінде  және  еңбекақы  мөлшері  мен  жағдайларын  сақтаумен  басқа 

жұмыс  орнына  не  сол  жердегі  басқа  құрылымдық  бөлімшеге  ауыстыруға  не 

оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді тапсыруға жұмыскердің 

келісімі талап етілмейді.»; 

20) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын: 

«46-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруі 

1.  Қайта  ұйымдастыруға  немесе  экономикалық,  технологиялық 

жағдайлардың,  еңбекті  ұйымдастыру  жағдайларының  өзгеруіне  және  (немесе) 

жұмыс  берушінің  жұмыс  көлемінің  қысқаруына  байланысты  өндірісті 

ұйымдастырудағы  өзгерістерге  орай,  жұмыскер  өз  лауазымына,  мамандығына 

немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек 

жағдайларын өзгертуге жол беріледі.  

2.  Егер  еңбек,  ұжымдық  шарттарда  хабардар  етудің  неғұрлым  ұзақ 

мерзімі  көзделмесе,  жұмыс  беруші  жұмыскерді  еңбек  жағдайларының  осы 

баптың                     1-тармағында көрсетілген себептер бойынша орын алған 

өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар 

етуге міндетті. 

3.  Еңбек  жағдайларының  өзгеруіне  байланысты  жұмыскер  жұмысты 

жалғастырудан  жазбаша  түрде  бас  тартқан  жағдайда  немесе  еңбек 

жағдайларының  өзгеруіне  байланысты  жұмыскер  жұмысты  жалғастырудан 

жазбаша бас  тартуды ұсынудан бас  тартуды  куәландыратын  акті болған кезде 

жұмыскермен 

еңбек 

шарты 


осы 

Кодекстің 

58-бабы 1-тармағының                                      

2) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.»; 

21) 48-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 



жүктеу 398,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау