Жоба қазақстан республикасының заңЫ



жүктеу 398,23 Kb.
Pdf просмотр
бет4/12
Дата13.01.2020
өлшемі398,23 Kb.
#26528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

«6.  Жұмыс  беруші  жұмыскерді  жұмыстан  заңсыз  шеттеткен  жағдайда 



жұмыскердің  жалақысы  және  еңбекке  уақытша  қабілетсіздігі  бойынша 

жәрдемақы сақталады.»; 

22) 49-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

«4) жұмыскердің басқа заңды тұлғаға ауысуына байланысты.»; 

23) 52-баптың 1-тармағының: 

13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

 «13)  ақшалай  немесе  тауарлық  құндылықтарға  қызмет  көрсететін 

жұмыскер, сондай-ақ өзінің қызметтік жағдайын өз мүддесінде немесе үшінші 

тұлғаның  мүддесінде  өзі немесе басқа адамдар үшін  материалдық  немесе  өзге 

де  пайда  алудың  орнына  жұмыс  берушінің  мүдделеріне  қарамастан 

пайдаланатын  коммерциялық  ұйымның  жұмыскері  кінәлі  әрекеттер  жасаған 

немесе  әрекетсіздігі,  егер  бұл  әрекеттер  немесе  әрекетсіздік  жұмыс  берушінің 

тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса.»; 

23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: 

«23)  заңды  тұлға  мүлкінің  меншік  иесінің  не  меншік  иесі  уәкілеттік 

берген  тұлғаның  (органның)  немесе  заңды  тұлғаның  уәкілетті  органының 

шешімімен  атқарушы  орган  басшысының,  заңды  тұлғаның  алқалы  атқарушы 

органы  мүшелерінің  немесе  заңды  тұлғаның  атқарушы  органының  жеке 

мүшесінің  өкілеттігінің,  сондай-ақ  «Акционерлік  қоғамдар  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  Заңына  сәйкес  ішкі  аудит  қызметі  жұмыскерлерінің  және 

корпоративтік хатшының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған; 

24)  «Қазақстан  Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  Заңы  11-бабының  1-тармағында  белгіленген 

зейнеткерлік жасқа толған.»; 

24) 53-бапта: 

6, 7, 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: 

«6. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 

16) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу 

осы  Кодекстің  65-бабында  көзделген  тәртіптік  жаза  қолдану  тәртібі  және  осы 

Кодекстің 66-бабының талаптары сақтала отырып жүргізіледі; 

7.  Осы  Кодекстің  52-бабы  1-тармағының  9)  және  10)  тармақшаларында 

көзделген  негіз  бойынша  еңбек  шартын  бұзу  медициналық  қорытындымен 

расталуға тиіс. 

Жұмыскер  медициналық  куәландырудан  өтуден  бас  тартқан  жағдайда 

тиісті акт жасалады; 

8.  Осы  Кодекстің  52-бабы  1-тармағының  20)  тармақшасында көзделген 

негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздік 

туралы парағын ұсынғаннан кейін жол беріледі; 

9.  Осы  Кодекстің  52-бабы  1-тармағының  24)  тармақшасында көзделген 

негіз  бойынша  еңбек  шартын  бұзуға  жұмыскер  "Қазақстан  Республикасында 

зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы"  Қазақстан  Республикасының  Заңы                

11-бабының  1-тармағында белгіленген  зейнеткерлік  жасқа  толғанда  жұмыскер 




10 

 

зейнеткерлік  жасқа  толғаннан  кейін  еңбек  шартын  бұзу  күніне  дейін  кемінде 



бір  ай  бұрын  оны  хабардар  ете  отырып,  еңбек,  ұжымдық  шарттарда  және 

(немесе)  жұмыс  берушінің  актісінде  айқындалатын  мөлшерде  өтемақы  төлене 

отырып жол беріледі. 

«Қазақстан  Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Заңы  11-бабының 1-тармағына  сәйкес  зейнеткерлік 

жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты 

оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып, еңбек шартының мерзімі өзгерусіз 

жалғасуы  немесе  30-баптың  1-тармағы  2)  тармақшасының  төртінші  бөлігінде 

көзделген шектеусіз ұзартылуы мүмкін.»; 

25) 54-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

«1.  Осы  Кодекстің  52-бабы  1-тармағының  1),  20)  және  23) 

тармақшаларында  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  жұмыскердің  еңбекке 

уақытша  қабілетсіздігі  және  демалыста  жүрген  кезеңінде  жұмыс  берушінің 

бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.»; 

26) 55-бап мынадай мазмұндағы 1-1 тармағымен толықтырылсын: 

«1-1. Азаматтық қызметшімен еңбек шарты осы Кодекстің 139-бабының 

8-тармағына  сәйкес  тиісті  органдардың  басшылары  арасындағы  келісім 

бойынша  басқа  мемлекеттік  мекемеге,  қазыналық  кәсіпорынға  жұмысқа 

ауыстырылады.»; 

27) 57-баптағы: 

1-тармақта: 

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 

«4)  сот  жұмыскерді  не  жұмыс  берушіні  –  жеке  тұлғаны  әрекетке 

қабілетсіз  немесе  әрекет  қабілеті  шектеулі  деп  таныған,  соның  салдарынан 

жұмыскердің  не  жұмыс  берушінің  еңбек  қатынастарын  жалғастыруға 

мүмкіндігі болмайтын жағдайда.»; 

6) тармақша алып тасталсын; 

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«2. Сот үкімінің немесе шешімінің заңды күшіне енген күні, жұмыскердің 

немесе  жұмыс  беруші  жеке  тұлғаның  қайтыс  болған  күні  осы  баптың 1-

тармағының 2),  3)  және  4)  тармақшаларында  көрсетілген  негіздер  бойынша 

еңбек шарты тоқтатылған күн болып табылады.»; 

28) 58-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

 «2.  Жұмыскер  еңбек  қатынастарын  жалғастырудан  жазбаша  түрде  бас 

тартқан  кезде  не  еңбек  қатынастарын  жалғастырудан  жазбаша  түрде  бас 

тартуды ұсынудан бас тартуын куәландыратын акт болған кезде еңбек шартын 

тоқтатуға жол беріледі.»; 

29)  64-баптың  1-тармағының  4)  тармақшасы  мынадай  редакцияда 

жазылсын: 

 «4) осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 

16)  және  18)  тармақшаларында  көзделген  негіздер  бойынша,  еңбек  шартын 



жүктеу 398,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау