Жоба қазақстан республикасының заңЫ



жүктеу 398,23 Kb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата13.01.2020
өлшемі398,23 Kb.
#26528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

11 

 

жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға 



құқылы.»; 

30) 69-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

«3.  Бірінші  және  екінші  топтардағы  мүгедек  жұмыскерлерге  аптасына              

36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.»; 

31) 70-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

«3. Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар 

ата-ананың  біреуінің  (бала  асырап  алушының),  сондай-ақ  медициналық 

қорытындыға  сәйкес  отбасының  науқас  мүшесіне  қарауды  жүзеге  асыратын 

жұмыскердің  жазбаша  өтініші  бойынша  толық  емес  жұмыс  уақыты  режимін 

ұсынуға міндетті.»; 

32) 79-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

«3. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібі жұмыс 

берушінің актісінде айқындалады.»; 

33) 82-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

 «1.  Жұмыстың  жекелеген  түрлерінде  жұмыскерлерге  өндіріс  пен  еңбек 

технологиясына  және  оларды  ұйымдастыруға  байланысты,  жұмыс  уақытына 

қосылатын  ауысымішілік  үзілістер  беріледі.  Бұл  жұмыс  түрлері,  мұндай 

үзілістердің  ұзақтығы  мен  оларды  берудің  тәртібі  ұжымдық  шартта  немесе 

жұмыс  берушінің  актілерінде,  сондай-ақ  ҚР  заңнамасымен  белгіленген 

жағдайларда айқындалады.»; 

34) 92-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

«3.  Жыл  сайынғы  ақы  төленетін  еңбек  демалысы  жұмыскер  мен  жұмыс 

берушінің  арасындағы  келісім бойынша  бөліктерге бөлінуі  мүмкін.  Бұл  ретте, 

жыл  сайынғы  ақы  төленетін  еңбек  демалысының  бір  бөлігі  күнтізбелік  екі 

аптасынан кем болмауға тиіс.»; 

35) 95-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

 «4.  Он  сегіз  жасқа  толмаған  жұмыскерді,  жүктілік  туралы  анықтаманы 

жұмыс  берушіге  ұсынған  жүкті  әйелдерді  және  ауыр  жұмыстарда,  еңбек 

жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді 

жыл  сайынғы  ақы  төленетін  еңбек  демалысынан  кері  шақыртып  алуға  жол 

берілмейді.»; 

36) 96-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 

 «Жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысының  (жыл  сайынғы  еңбек 

демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жұмыскердің 

орташа жалақысы есебінен есептеледі.»; 

37) 97-бапта: 

3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

«3) жақын туыстары, жұбайы (жұбайлар) қайтыс болғанда.»; 

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: 

«4.  Жұмыс  беруші  жұмыскердің  хабарламасы  негізінде  мерзімді  әскери 

қызмет өткеру кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.»; 

38) 99-бапта: 




12 

 

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 



 «99-бап.  Жүктілікке  және  бала  (балаларды)  тууға,  үш  жасқа  дейін 

жастағы баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар»; 

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

 «2.  Жүкті  әйел  жүктілікке  және  босануға  байланысты  демалысқа  құқық 

беретін  еңбекке  уақытша  қабілетсіздік  туралы  парағында  көрсетілген  күннен 

бастап  демалысты  оның  аталған  түріне  құқықты  растайтын  еңбекке  уақытша 

қабілетсіздік  туралы  парағын  ұсыну  арқылы  ресімдейді.  Жүктілікке  және 

босануға  байланысты  демалыс  ұзақтығы:  босануға  дейін  күнтізбелік  жетпіс 

күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиын босанған немесе екі 

және  одан  көп  бала  туған  кезде  –  жетпіс)  күнге  беріледі,  егер  Қазақстан 

Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе.»; 

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«4.  Егер  келісім,  еңбек  және  (немесе)  ұжымдық  шарт  талаптарында, 

жұмыс  берушінің  актісінде  көзделсе,  жұмыс  беруші  орташа  жалақыны  сақтай 

отырып,  Қазақстан  Республикасының  міндетті  әлеуметтік  сақтандыру  туралы 

заңнамасына  сәйкес  жүзеге  асырылған,  жүктілікке  және  босануға,  үш  жасқа 

дейін  жастағы  баланы  (балаларды)  асырап  алуға  байланысты  табысынан 

айырылған  жағдайда  төленетін  әлеуметтік  төлем  сомасын  шегеріп,  жүктілікке 

және  босануға  байланысты  демалысқа,  үш  жасқа  дейін  жастағы  баланы 

(балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.»; 

39) 100-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

«4.  Бала  үш  жасқа  толғанға  дейін  оның  күтіміне  байланысты  жалақы 

сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер 

жұмыс  берушіге  өзінің  ниеті  туралы  жұмыс  басталғанға  дейін  бір  ай  бұрын 

хабарлауға міндетті.»; 

40) 111-бапты мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: 

«4.  Басқа  тарапты  үш  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  жазбаша  нысанда 

хабарлай отырып жұмыскердің қосымша жұмысты атқарудан мерзімінен бұрын 

бас тартуына, ал жұмыс берушінің оны орындау туралы тапсырмасының күшін 

мерзімінен бұрын жоюына құқығы бар.»; 

41) 113-бапта: 

1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 

«1.  Жалақы  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  валютасында  ақшалай 

нысанда  белгіленеді  және  айына  бір  реттен  сиретпей,  келесі  айдың  бірінші 

онкүндігінен  кешіктірілмей  төленеді.  Жалақы  төленетін  күн  еңбек,  ұжымдық 

шартында  көзделеді.  Жалақы  төленетін  күн демалыс немесе  мереке  күндеріне 

тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.»; 

 «3.  Жұмыс  беруші  жалақыны  толық  көлемде  және  еңбек  шартында 

белгіленген  мерзімдерде  төлемеген  кезде  жұмыс  беруші  Қазақстан 

Республикасының  заңдарына  сәйкес  жауаптылықта  болады.  Жұмыс  беруші 

төлем  кідіртілген  кезең  үшін  жұмыскерге  берешек  пен  өсімпұл  төлейді. 

Өсімпұл  мөлшері  жалақы  төлеу  жөніндегі  міндеттемелерді  орындау  күніне 




жүктеу 398,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау