27
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің
шешімдері жұмыс беруші және жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады.
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес
жұмыс беруші мен жұмыскерлердің жұмыс орындарында кәсіби тәуекелді
бағалау бойынша бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ еңбекті
қорғау бойынша техникалық еңбек инспекторларының жұмыс орындарындағы
еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексеру жүргізуін ұйымдастырады.
5. Кәсіби тәуекелді бағалау еңбек жағдайлары өндірістік объектілерді
еңбек жағдайларына аттестаттау нәтижелері бойынша зиянды және (немесе)
қауіптіге жатқызылған жұмыс орындарына қатысты жүргізіледі.
Кәсіби тәуекелді бағалау тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
орган бекітеді.
6.
Еңбекті
қорғау
жөніндегі
техникалық
инспекторлардың
кандидатураларын кәсіптік одақ, ал ол болмаған кезде – жұмыскерлердің
жалпы жиналысына кемінде үштен екісі қатысқан кезде көпшілік дауыспен
ұйымның жұмыскерлері арасынан жұмыскерлердің жалпы жиналысы ұсынады.
Тех.инспекторлар бойынша.
Еңбекті
қорғау
жөніндегі
техникалық
инспекторлардың
кандидатураларын кәсiптiк одақтар, олардың бiрлестiктер, ал олар болмаған
кезде
жұмыскерлердiң
жалпы
жиналысында
(конференциясында)
жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан
кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк
берілген сайланбалы өкiлдері ұсынады;
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен бекітіледі.
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың мәртебесі,
құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың бақылауды жүзеге асыру тәртібі
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен
айқындалады.
7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес
еңбекті қорғау саласындағы өздері іске асыратын іс-шаралардың нәтижелерін
қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы
ақпаратты жыл сайын дайындауды және жұмыс беруші мен жұмыскерлердің
назарына жеткізуді қамтамасыз етеді.».
2. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі
Қазақстан
Республикасының
кодексіне
(Қазақстан
Республикасы
Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; №
23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; №
7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; №
11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I,
101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-
құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III,
137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-
28
құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-
құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-
құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49,
50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68,
70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124,
126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12,
34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-
құжат):
1) 41-баптағы:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) біліктіліктен айыру.»;
2) 42-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын
тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның
жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, біліктіліктен айыру,
сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан
Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол
сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн.»;
3) мынадай мазмұндағы 51-1 баппен толықтырылсын:
«51-1 бап. Біліктіліктен айыру
1. Біліктіліктен айыру жеке тұлғаны азаматтық қызмет лауазымын атқару,
заңды тұлғаны басқару атқарушы органында қызмет атқару, директорлар
кеңесіне (байқау кеңесіне) кіру, заңды тұлғаны басқару бойынша кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру құқығынан айыру болып табылады. Біліктіліктен айыру
түріндегі әкімшілік жазаны төреші тағайындайды.
2. Біліктіліктен айыру алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
3.
Біліктіліктен айыру ұйымдастыру-өкімдік немесе әкімшілік-
шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылуы мүмкін.
Ескертпе.
Осы бапта ұйымдық-өкімдік функциялар деп адамдардың заңдарда және
ұйымның
атқарушы
органының
құрылтай
құжаттарында
көзделген
өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі.
Бұл функцияларға ұжымды жалпы басқару, кадрларды орналастыру және
іріктеу, бағынысты қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру және бақылау,
көтермелеу шараларын қолдану және тәртіптік жаза қолдану арқылы көрінетін
тәртіпті қолдау жатады.
Осы бапта әкімшілік-шаруашылық функциялар деп толық материалдық
жауапкершілік жүктелген тұлғалардың мүлікті, оның ішінде ұйымның
балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билік ету
жөніндегі берілген өкілеттіктер шеңберінде қызметті жүзеге асыруы
түсініледі.»;
4) мынадай мазмұндағы 86-1 баппен толықтырылсын:
29
86-1 Біліктіліктен айырылған тұлғаның заңды тұлғаны басқару бойынша
қызметті жүзеге асыру
1. Біліктіліктен айырылған тұлғаның заңды тұлғаны басқару жөніндегі
қызметті біліктіліктен айыру мерзімі ішінде жүзеге асыруы - жиырма айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңды тұлғаны басқаруға еңбек шартын біліктіліктен айырылған
тұлғамен жасасу онымен еңбек шартын тоқтату бойынша шараны қолданбауға
тең - лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір
жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 87-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер алты айдан
үш жылға дейінгі мерзімге біліктіліктен айыруға әкеп соғады.»;
6) 90-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Еңбек саласында қызметкердің бірдей еңбегі үшін бірдей ақы алу,
шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысы,
нәсілі, ұлты, тілі, дінге қатысы, сенімдері, тұрғылықты жері, жасы немесе жеке
кемшіліктер, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығы бойынша еңбек
құқықтарын іске асыру кезінде әр түрлі жағдайларды құру.»;
7) 684-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк
соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды
қоспағанда, осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 74, 75 (бірінші, екiншi, бесінші және
алтыншы
бөлiктерiнде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртiншi
бөлiгiнде), 81 (екiншi
бөлiгiнде), 82(екiншi бөлiгiнде), 82-1, 85, 86 (төртiншi бөлiгiнде), 87 (екiншi
бөлiгiнде).»;
8) 693-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс
берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 86 (бiрiншi, екiншi және
үшiншi бөлiктерiнде), 87 (бiрiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерiнде), 88, 89,
90, 93 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші
бөліктерінде), 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушiлер жасаған құқық
бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 519 (бiрiншi, екiншi, үшінші,
бесінші және алтыншы бөлiктерiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.»;
9) 804-баптың 1-тармағының 48) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
«48) мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдарының (86 (төртінші бөлігі),
87 (екінші бөлігі), 416 (химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын
бұзушылықтар бойынша), 462-баптар).»;
10) мынадай мазмұндағы 918-2 баппен толықтырылсын:
30
«918-2-бап. Біліктіліктен айыру туралы қаулыны атқару
1. Біліктіліктен айыру түріндегі әкімшілік жаза қолдану қаулысы оны
орындауға уәкілетті адамдарға қаулы заңды күшіне енгеннен кейін дереу
жіберіледі.
2. Біліктіліктен айыру түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны
атқару біліктіліктен айыру кезеңіне біліктіліктен айырылған тұлғамен еңбек
шартын тоқтату арқылы жүргізіледі.
Еңбек шартын жасасу кезінде еңбек шартын жасасуға уәкілеттік берген
тұлға Біліктіліктен айырылған тұлғалар тізілімін жүргізетін органда жеке
тұлғаның біліктіліктен айыруы болуы туралы ақпарат сұрауға міндетті.
3. Оларға қатысты Біліктіліктен айыру туралы заңды күшіне енген
қаулысы бар адамдарды есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында Біліктіліктен
айырылған адамдардың тізілімі қалыптастырылады. Біліктіліктен айырылған
адамдардың тізілімін жүргізуді құқықтық статистика және арнайы есепке алу
саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Біліктіліктен айырылған адамдардың тізілімінде мынадай мәліметтер
қамтылады: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және жері; әкімшілік құқық
бұзушылық жасалған кезде сараланған адам жұмыс істеген ұйымның толық
атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі, осы ұйымда біліктіліктен айырылған
адам жұмыс істеген лауазымы; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы
жасаған органның атауы; біліктіліктен айыру туралы қаулы шығарған судьяның
тегі, аты, әкесінің аты; біліктіліктен айыру мерзімі; біліктіліктен айыру
мерзімінің басталу және аяқталу күні; біліктіліктен айыру туралы қаулыны
қайта қарау туралы мәліметтер.
Адам біліктіліктен айыру мерзімі өткеннен кейін немесе Біліктіліктен
айыру туралы қаулының күшін жою туралы күшіне енген сот актісі болған
кезде Біліктіліктен айырылған адамдардың тізілімінен шығарылды деп
есептеледі.
Біліктіліктен айырылған адамдардың тізіліміне мәліметтерді енгізуді
құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган, ол
күшіне енген біліктіліктен айыру туралы қаулының не біліктіліктен айыру
туралы қаулыны қайта қарау туралы сот актісінің көшірмесін алған күннен
бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Біліктіліктен айырылған тұлғалар тізіліміндегі мәліметтер жалпы
жұрттың танысуы үшін ашық болып табылады.
4. Біліктіліктен айыру туралы күшіне енген қаулының көшірмесін оны
шығарған сот тізілімді жүргізуге уәкілетті құқықтық статистика және арнайы
есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді.».
3. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012
жылғы 16 ақпандағы № 561-IV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы:
1) 27-бапта:
7-тармақ алып тасталсын.
31
4. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV
Қазақстан Республикасының Заңы:
1) 134-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, мәдениет
және спорт.»;
2) 3-тармақтың 4-тармақшасы алып тасталсын.
5.
«
Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V
ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы:
1) 1-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – еңбек делдалдығын
көрсететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен
тiркелген жеке немесе заңды тұлға, оның ішінде шетел заңды тұлғаның
филиалы.»;
2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы
заңнамасы заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының азаматтарына,
оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерге, азаматтығы
жоқ адамдарға қолданылады.»;
3) 31-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
«2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және еңбек
делдалдығы бойынша қызметтер көрсетуге, оның ішінде өз жұмыскерлерін
қабылдаушы тарапқа уақытша жіберу арқылы.»;
4) 31-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
«11) персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт
бойынша оларды уақытша жіберу үшін Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасына сәйкес жұмыскерлерді жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру.»;
4) 31-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен
толықтырылсын:
«7) жұмысқа қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жұмыскерлермен еңбек
шарттарын жасасу».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Достарыңызбен бөлісу: |